Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 18:41, реферат
Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті.
1. Биосфера туралы түсінік.
2. Табиғатты қорғау.
3. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.
Жоспар:
1. Биосфера туралы түсінік.
2. Табиғатты қорғау.
3. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.
1. Адам – биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғанда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықта кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтары пайдаға аса бастады. Әсіресе минералды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларының дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің өмір сүруіне қолайлы ірі өзендер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер арқылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны өз мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам қуатты геологиялық күшке айналды. Техникалық дамыту және энергияның жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын өркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ықпал етуіне жол ашты.
Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары – бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т.б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.
Адамның осындай қуатты ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мұндай ең жоғарғы деңгейін ноосфера деп атады. Ноосфера грекше саналы қабықша деген ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.
Ноосфера – биосфераның жаңа жағдайда көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі
Фактор болып есептелінеді. В. И. Вернадский ноосфера ұғымына толық түсінік берді. Оның ілімі бойынша адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы биосфераны жасампаздықпен өзгерте отырып көркейту, яғни адамзаттың өзі және келешек ұрпағы үшін сақтап қалу, әрі тіршілік атаулыға барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Жер бетіндегі халықтарды толғандырып отырған мәселе – биосфераның тепе-теңдігін сақтай отырып, оны көркейту болып отыр.
Ол үшін бүкіл адамзат бірлесе отырып ынтымақтастықпен жұмыс істеуі шарт. Сонымен бірге, тығыз байланыс жасай отырып, өзара үнемі пікір алысып, биосферадағы тіршілікке зиянды әсері жоқ энергия көздерін тауып пайдалану қажет. Бұл арада күн, жел және теңіздердің қайтуы мен тасуы кезіндегі, энергияларды пайдалану тиімді.
Қазіргі кезде көп мемлекеттерде Күн энергиясын пайдалвну арқылы теңіз суын тұщыландыру, ауруларды емдеу және басқа да шаруашылық салаларында пайдалану жұмыстары қолға алынған. Ғалымдардың деректері бойынша қазіргі кездегі қоры белгілі дүние жүзіндегі жылу және электр энергиясымен 80 жылға және әлі ашылмаған жер қойнауындағы қорларды есептегенде 140 – 160 жыл мөлшерінде қамтамасыз етуге ғана жетеді екен. Олай болса келешекте әрі арзан, әрі табиғатты ластамайтын энергия көздерін пайдаға асыру мәселесі тұр. Мұндай табиғи энергия қорлары Қазақстанда да кездеседі. Тек қана Алматы мен Талдықорған облыстарында техника жағынан игеруге ыңғайлы, әрі арзан табиғи энергия көздері баршылық.
Бұл арада Іле және Жоңғар Алатауынан Басталатын үлкенді-кішілі жүздеген өзендерді атауға болады. Олардың жыл сайын 8 млрд. Киловатт-сағат энергия беретіні есептеліп шығарылған. Сондай-ақ бұл өңірде жел энергиясын да игеруге мүмкіншіліктер бар екені анықталды. Оған Алакөл ауданындағы Жоңғар қақпасын, Шелек аңғарын атауға болады.
Қазіргі кезде адамзат тек Жерді ғана игеріп қойған жоқ, сондай-ақ ғарыш кеңістігін, Айды, Шолпанды және басқа ғаламшарларды игеруге қадам жасап отыр.
2. Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы, оның алдына көптеген күрделі мәселелер қойып отыр. Олардың негізгілері дүние жүзілік деңгейде биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін және табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану болып отыр. Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты.
Қазақстанда табиғат байлықтарын қорғауға байланысты арнайы заңдар қабылданған. 1991 жылы 18 маусымда “Қазақстан Республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы” заңы, ал 1992 жылы қаңтардың 18-інде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің “Арал өңірі халқының
Тіршілік жағдайларын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы” арнайы қаулысы қабылданды.
Ірі өнеркәсіп орындарда қалдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйық жүйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.
Өндіріс орындарында табиғатты ластауға жол бермейтін құрылыс материалдарын ойлап шығару, оларды пайдаланудың мерзімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде. Бұл салада Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесі мол.
Қазақстандық өнертапқыш ғалым Ғ. Наурызалин ауа, су өткізбейтін құрылыс материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын “Бетон-20”-дан 100 – 1000 есе сапалы болып шықты. Ал Қазақстандық орман шаруашылығы саласындағы ғалымдар терек ағашының әрі өсімтал, әрі құрғақшылыққа төзімді іріктемесін шығарып, оны Арал теңізінің суы тартылған сортаңды жерлерін бекіту үшін өсіруді ұсынып отыр. Сонымен бірге, “Қазақстан орманы” деген бағдарлама бойынша да 2010 жылға дейін республикадағы жасыл желекті алқапты 4,6 процентке жеткізу көзделуде, ал қазіргі кездегі орман алқабы республика жерінің 3,7 процентіне ғана тең. 1992 жылдан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына толық мүше болып кірді. Оған мүше 175 мемлекеттің ішінде жер ауқымы жөнінен Қазақстан 9-орында, халқының саны жөнінен 41-орында, ал ядролық қару-жараққа ие әлемдегі 8 елдің бірі болып отыр. Тіпті Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту БҰҰ-ның жанындағы айналадағы ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасына да енгізілді.
Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарып қалу жолында Орталық Азия, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында халықаралық қор құрылып, игілікті істерді қолға алып отыр.
Халықаралық деңгейде жүргізіліп отырған БҰҰ-ның басшылығымен жүргізілетін “Адам және биосфера” бағдарламасының жұмыстарына да Қазақстан ғалымдары белсене атсалысуда. Қазақстандағы Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын қорықтарының ғылыми қызметкерлері де бұл салада өз үлестерін қосуда. Қазақстанда қорғалатын территориялар жүйесін дамыту
ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 1991 жылы Талдықорған облысында табиғаты өте ерекше “Алтынемел” ұлттық-мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды.
1993 жылы Көкшетау облысында әйгілі Бурабай ұлттық тынымбағы, ал сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысында атақты “Ордабасы” тарихи, әрі табиғи қорығы да ұйымдастырылды. Алдағы уақыттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиасының ұсынысы бойынша 2000-жылға дейін Қазақстанда 21 мемлекеттік қорықтар ұйымдастыру көзделіп отыр. Оның әрқайсысы Қазақстанның әр түрлі табиғи жағдайларының ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылады. 1994 жылы Қаратау және Торғай қорықтарын ұйымдастыру жұмыстарын аяқтау көзделіп, алдағы уақытта Алакөл қорығын ұйымдастыру жоспарда тұр.
3. Биосферадағы биомасса мөлшерін арттыру үшін, оның құрамды бөліктерінің тіршілігіне, оларда жүретін қоректік тізбекке қолдан қолайлы жағдай жасап отыру керек. Адамның тікелей іс-әрекеті арқылы жасалған биоценоздар агроценоз деп аталады. Оған егістік алқаптар, қолдан жасалған жайылымдықтар мен шабындықтар жатады. Егістік алқаптардың маңына қорғаныштық мәні бар жасыл желекті бұталар ағаштар отырғызу агроценоздың түсімділігінің артуына септігін тигізетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр. Сондай-ақ эрозияға ұшыраған алқаптарда агротехникалық шараларды жүзеге асыруға ерекше мән берілуде. Бұл салада Ақмола облысындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының еңбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол институтты дүниежүзіне белгілі ғалым Мехлис Сүлейменов игілікті істерімен басқарып келеді.
Агроценоздардың түсімділігін арттыру жолында ауыспалы егіс жүйесін ғылыми негізде жүргізе білудің де маңызы зор. Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жүргізгенде биологиялық әдістерге ерекше мән беру қажет. Әсіресе саңырауқұлақтардан, вирустардан басқа да ұсақ ағзалардан дайындалған биологиялық препараттарды және тікелей пайдалы жәндіктерді пайдаланған тиімді болады. Бунақденелілерге жататын жарғақ қанаттылар отрядының өкілі трихограмма деген жәндік өз жұмыртқасын 16 түрлі зиянкес жәндіктердің денесіне салып, оларды жойып жібереді, оны орамжапырақ, мақта көбелектеріне де қарсы пайдалануға болады.
Ғалымдардың зерттеулері бойынша жыртқыш құстар мен аңдардың табиғаттағы қоректік тізбекте елеулі орын алатындығы, табиғатты тазартушы екендігі анықталып, қазіргі кезде оларды ретсіз атуға тиым салынды. Кейбір жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруіне де жол бермеу жағына басты
назар аударылады.
Табиғат қорғау шараларын нәтижелі жүргізіп және биосферадағы заңдылықтарды бұзбау үшін биология ғылымдарын жан-жақты әрі мұқият түрде дамытуға жол ашу қажет. Қорыта айтқанда, ноосфера ғылыми ой-сананың және әлеуметтік қатынастардың бір мақсатқа негізделген қорытындысын көрсетуі тиіс. Ол адамдардың бойындағы шығармашылық күш-қуатын және бар қабілетін барынша аша түсуіне жағдай жасау болып табылады. Ноосфераның негізгі мақсаты, халықтың әл-ауқатын көтеру, жер бетіндегі барлық адамның теңдігіне жол ашу, соғыс атаулыны болдырмау, барлық адамдардың шығармашылық еңбегінің жемісті болуына жағдай жасау болып табылады.
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған.
Қазақстанда орман қора 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері – адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.
Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.
Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.
Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.
Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.
Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі – сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.
Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық- геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен «Жас орманшылар», «Жасыл патрульшілер», «Жас экологтар», «Жас натуралистер» атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар – еліміздің орман шаруашылығының белді көмекшілері.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Срндықтан болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде.