Биологиялық қару

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 21:31, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Биология"

Работа содержит 1 файл

биологиялык кару.ppt

— 2.51 Мб (Скачать)

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ 

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ  РККАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ

МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

 

Биологиялық қару

 

Дайындаған: Усманов Ж

Факультет: фармация

Курс: 3

Қабылдаған: Байтилесова Д

ЖОСПАР.

 

I.Кіріспе.

Биологиялық қару ұғымы

II. Негізгі бөлім.

  • Биологиялық қару түрлері
  • Биологиялық қару түрлерінің қасиеттері
  • Арал – биологиялық қару ошағы

III. Қорытынды.

Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару.

Биологиялық қарудың әскери  жағынан жоғары тиімділігі індет  тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен  аумаққа жасырын түрде қолдануға  болатындығы, мөлшерін айқындау  мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің  таңдамалылығы (тек адамға, белгілі  бір жан-жануар түрлеріне әсер  етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық  қорғаудың және қолданғаннан  кейінгі оның зиянды әсерін  жою жөніндегі жұмыстар көлемінің  ауқымдылығы әрі күрделілігі  арқылы анықталады.

Патогенді микробтарды зақымдау  өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы  Мексика мен Перудегі басқыншылық  науқанға қатысушы 27 мың ағылшын  солдатының 20 мыңы сары безгектен  өлді. 1802 жылы көтерілісті басу  үшін Гайти аралына Напалеон  жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай  армиясы түгелге жуық қырылып  қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға  дейінгі соғыстарда 8 миллиондай  адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн адам шейіт болса, 6,5 млн  адам жұқпалы аурулардан өлген.

 

Тарихи анықтама

Барлық құрлықтағы елдер экономикасына  ауылшаруашылық малдары (эпизоотияда) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір  шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951жылдары  Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында  эпизоотиядан 100мыңнан астам бас  қой мен ірі мүйізді қара  шығын болып, адамдар арасында  ірі көлемді індет тараған, ал  әр түрлі дәнді–дақылдар мен  картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан  АҚШ-тың өзінде 20 млн адамды асырауға  жететін астық өнімі шығын  болады.1925 жылдың 17 маусымында Женевада  «Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және  сол сияқты басқа газдар мен  бактериялогиялық заттарды қолдануға  тыйым салу хаттамасына» қол  қойылды.1940-1944 жылдары жапон армиясы  қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға  қарсы БҚ-дың әр түрін 11 рет  қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары  мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана  оба қоздырғышын қолданудан қаза  болды.

 

Тарихи анықтама

  • Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды.
  • БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұзақ уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.

БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден  көрінбейді, ол ағзаға түскен  микробтар мен токсиндердің түрі  мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2—5 күнге созылады (1 күн не одан аз уақытқа  созылуы өте сирек кездеседі). Осы кезең бойында жеке құрам  ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей жағдайда залалданғанын  байқамай да қалады. Залалдану  нәтижесінде туған, аурулардың көбі  контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін залалданған  адамдардан айналасындағы сау  адамдарға ауа, қан сорғыш насекомдар  арқылы және басқа жолдармен  берілуі мүмкін. Контагиозды емес  деп аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға  жұқпайды. БҚ-дың адамға тигізетін  күшті психологиялық әсерін ерекше  атап өту керек.

Биологиялық қарудың зақымдаушы  әрекетінің негізін биологиялық  кұралдар (БҚ) құрайды—ұрыста қолдану  үшін арнайы реттелген биологиялык  агенттер, олар адамдар немесе  жануарлар (өсімдіктер) организміне  еніп кеткен жағдайда ауыр  жұқпалы ауруларды (улануды) шақыруға  қабілетті. Оларға жататындар: ауру қылатын микробтар мен вирустардың жеке түрлері—мейлінше қауіпті жұқпалы ауруларды қоздырушылар, сондай-ақ олардың тіршілік әрекетінің уытты өнімдері; генетикалық материал—микробтардан (вирустардан) шығарылып алынған жұқпалы нуклеидті қышқылдар молекуласы. Дәнді, техникалык жөне басқа ауыл шаруашылық дақылдар егісін кұрту үшін мәдени өсімдіктер ауруларын қоздырушы-микробтарды ғана пайдаланбай, басқа да мейлінше ауылшаруашылық дақылдарға зиянды құрт-құмырсқаларды жоюға қолданылуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын  зақымдау үшін бидай-

дың сызықтық сабақ таты,күріштің  пирикуляриозасы,картоп-

тың фитофторозасы және басқа  мәдени өсімдіктер,бактерия

-лық,вирустық және саңырауқұлақ  ауруларын қоздырушы-

лар қолданылады

.

 

      картоптың

фитофторозасы

 

күріштің 

пирикуляриозасы 

Патогендік микроорганизмдер — жұқпалы ауруларды қоздырушы—көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класына бөлінеді.

Бактериялар — формалары мен мөлшерлері әр тұрлі дара шаршылы микроорганизмдер (118-сурет). Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шырарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекщіялау заттары және жоғары температура і+бО^С биік) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және -25°С дейін мұздауды еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабіпетті.

Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы  ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа  және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада  өз дамуына қолайлы жағдайда  болса, адамдар (жануарлар) организміне  қарсы аса жоғары улылыққа  ие болатын және ауыр, жиі өлімге  әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын  белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін  жасайды. Бұл улағыш өнімдердің  өміршеңдігі микробты токсиндер  атауына ие болды. Шетел мамандардың  назары ботулиникалық токсин  мен стафилококк энтертоксинге  аударылады.

Бактерия түрдегі микроорганизмдердің  өзгеше тобы риккетсиялар болып  табылады. Бұл көлемі үлкен емес 0,4-тен 1 мкм-ға дейінгі таяқшы  клеткалар, олар тек тірі тіндер  клеткаларыньщ ипінде ғана көлденең  бинарды бөліктермен тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура (+56оС-дейін) әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның  мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және басқа ауруларының  себебі болып табылады.

 

бөртпе сүзек 

Саңырауқұлақтар — дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді. Саңырауқұлақтардың ұрығы кебуге, күн сәулесі мен дезинфекциялау заттар әсеріне өте тұрақты. Цатогендік саңырауқұлақтардан жұққан аурулар адамдар ішкі органдарының зақымдалуымен сипатталады және ауыр я болмаса ұзақ болып келеді. Олардың ішінде мынадай ауыр жұқпалы аурулар бар: кокцидиондомикоз, гистоплазмоз және басқа терең микоздар.

Вирустар — биологиялық агенттердің ең үлкен тобы, биосинтетикалық аппаратты қолданып, олардың тұқым беруге және дамуға қабілетті клеткалы құрылымы жоқ. Клеткадан тыс формадағы вирустардың көлемі 0,02-ден 0,4 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Олардың көбі сыртқы ортадағы түрлі факторларға: құрғаққа, күн сәулесіне (әсіресе ультракүлгін сәулелерге), сондай-ақ +60°С астам температура мен дезинфекциялау құралдарының (формалин, хлорамин және басқалар) әсеріне тұрақсыз. Патогендік вирустар көптеген ауыр және қауіпті аурулардың себебі болып табылады, атап айтқанда: натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар.

БҚ тобына жататын жоспарланған  агент түрлерімен адамдарды зақымдау  үшін келесі ауыр жұқпалы аурулардың  қолайлы қоздырушы болып есептеледі: вирустардан—натуралды шешек, сары  безгек, энцефалиттің көп түрлерінің  қоздырушылары; бактерия класынан—  түйнеме, туляремия, чума, бруцеллез, маңқа, мелиондоза және басқалар қоздырушысы; риккетсиядан — қу безгегі, бөртпе  сүзек, Цуцугамуши безгегінің қоздырушысы; саңылауқұлақ қласынан—кокцидиондомикоза, гиспоплазмоза және басқа терең  микоза қоздырушысы; бактериялық  токсин ортасында — ботулин  токсины мен стафилококк энтеротоксины.

  • Көбінде биологиялық құралдар оларды сақтау және ұрыста қолдану кезінде сыртқы орта факторлары әсеріне жеткілікті тұрактылыққа ие бола алмайды. Сондықтан оларды "таза түрде" емес, арнайы дайындалған биологиялық рецептура құрамында пайдалану қажет.
  • Биологиялық рецептура дегеніміз — биологиялық агент пен түрлі препараттар қоспасы. Бұл қоспа биологиялық агентті сақтау және үрыста қолдану процесінде оның өмірлік және зақымдау қабілетін сақтау үшін мейлінше қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілген.
  • Биологиялық рецептураларда бір немесе бірнеше БҚ түрлері болуы мүмкін және олар сұйық немесе құрғақ (ұнтақ тәрізді) болады. Шетелдік басылымдардын хабарлары бойынша, БҚ тобына жататын кейбір агенттер негізінде АҚШ-та түрлі стандартты биологиялық рецептуралар (туляремия, қубезгек және басқалар) жасалды, олар полигон жағдайында өз еркімен келіскен адамдар арқылы жан-жақты тексерістен өтті.

Биологиялық (бактериологиялық) жағдай — қарсыластың биологиялық қаруды қолдануы салдарынан пайда болатын жағдайлардың жиынтығы. Биологиялық жағдайдың сипаты мыналарға байланысты: қарсыластың биологиялық қаруды қолдану уақыты, тәсілі, құралы; колданылған рецептураның түрі мен концентрациясы; зақым келтіретін концентрациялы биологиялықаэрозоль жайылуының бағыты мен терендігі; зақымдалған аудандардың шекарасы мен көлемі; сыртқы айналадағы рецептурамен қоздырғыштардын тұрақтылығы; әскерлердің биологиялық қарудан сақтану дайындығының дәрежесі; қорғану құралдары мен басқа факторлардың болуы және тиімділігі.

ҚР аумағында 1945 жылдан бастап  Арал өңірінде бактериологиялық  қаруларды жасырын сынайтын полигоны  болғаны белгілі болып отыр. Онда  сарып, оба, шешек, тырысқақ және  безгек ауруларының қоздырғыш  бактериялары сыналған. Осы өңірде  тіршілікке, адам өміріне қауіп  туғызатын неше түрлі белгілі-белгісіз  аурулар пайда болған.

1992 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз  Қазақстан елінің Жоғарғы Кеңесі  «Арал аймағы тұрғындарының тұрмыстық  жағдайларын түбегейлі жақсартудың  бірінші кезектегі шаралары туралы»  жарлық шығарса, сол жылдың  11 сәуірінде Ресей Федерациясының  президенті Б. Ельцин «Биологиялық  қару жөніндегі халықаралық келісімді  орындауды қамтамасыз ету туралы»  № 390-жарлыққа қол қойды. Ажал  аралына айналған Возрождение  әскери сынақ нысаны осыдан  кейін барып қана жабылған  еді. Бірақ, әскери нысанды  жапқанмен, басты қауіп әлі  алда болатын: ол - аралдың  мүлде қараусыз қалып, ондағы  бактериялар мен вирустардың  ауа арқылы жан-жаққа таралу  қатерінің зор екендігі байқалатын. 

Өзбекстан жағы американдық  мамандарды шақырып, 1995 жылы олар  Возрождение аралына жасырын  келіп, әлгі жерасты моласындағы  антракс ұнтағын алып, соған тәжірибе  жасаған. Сөйтсе, антракс споралары  жер астында 10 жыл көміліп жатқанына  қарамастан, өз күшін әлі жоймаған  болып шығыпты. АҚШ бактериологтары  сол өзбек жағының шақыруымен  аралға тағы да екі рет (1997, 1999 жылдары) келіп, әлгі антракс спораларына  американ вакциналары төтеп бере  ала ма, жоқ па, соны тексеріп, тәжірибе оң нәтиже бергеннен  кейін ғана барып кемелденсе  керек».

Осындай ашық ауада жүргізілген  сынақ кезінде жұқпалы бактериялардың  полигон сыртына шығып кетпегеніне  қазір ешкім кепілдік бере  алмайды. Сонымен бірге бұл полигонда  тәжірибе жүргізілетін жан-жануарлар  болған екен. Олардың ішінде тышқан, қоян, қой, жылқы, тіпті маймылдар  да болған және бұлардың барлығы  да сынақ кезінде азаптан өлтірілген  көрінеді.

Жануарларды қойып, бұл жерде  адамға да сынақ жасалған деген  қауесеттер аз емес. Балық аулауға  теңізге шыққан балықшыларды  ұстап алып, қайығын теңізге батырып  жіберіп, өздерін сынақ жасайтын  жерге әкеліп, ешкімге көрсетпей  сынақ жасаған деседі. Соңғы демі  бітер кезде, оны басқа жаққа  апарып, терең шұңқыр қазып, өлі  денені өртеп жіберіп отырған. Бірлі жарым өртенген адамның  бас сүйектері табылып отыр. «Возрождение»  аралында биологиялық қарулардың  қалдықтары да темір табытқа  салынып жерленген көрінеді. Қазір  ол темір табыттары жер астында 1,5-2 метр тереңдікте жатыр. Мамандардың  айтуына қарағанда, бұл жер әледегі  ең бір қауіпті орын болып  саналады. «Возрождение» сынақ аралы, аралдың Өзбекстанға қарайтын  жағы Мойнақ қаласына өте жақын. Бүгінгі күні бұл арал қараусыз  жатыр. Бұл өңірде соңғы жылдары  оба, т.б. да бұрын сирек тараған  транслеасивтік ауру түрлерінің  табиғи ошағы жанданғанын көрсететін  нақты факті аз емес.

Информация о работе Биологиялық қару