Балалардың тамақтану әдебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 19:30, доклад

Описание работы

«Ауру - астан» демекші, кез келген тағамды тұтыну біздің организміміз үшін қауіпті болуы мүмкін. Дененің толысуына әкеліп соған көмірқышқыл газы, калориясы көп тамақтар ағзамызға зиянды. Ересек біздің ас ішуімізден артымыздағы ұрпақ та үлгі алады.

Работа содержит 1 файл

Балалардың тамақтану әдебі.docx

— 21.85 Кб (Скачать)

Балалардың  тамақтану әдебі.

       «Ауру - астан»  демекші, кез келген тағамды тұтыну біздің организміміз үшін қауіпті болуы мүмкін. Дененің толысуына әкеліп соған көмірқышқыл газы, калориясы көп тамақтар ағзамызға зиянды. Ересек біздің ас ішуімізден артымыздағы ұрпақ та үлгі алады. Сондықтан өз ағзамызды құрдымға жіберсек те, өзгені сәбиіңді ойлағаның дұрыс. Себебі, ол сенің ұрпағың. Сәбидің дұрыс тамақтануы жөнінде не білеміз? Бала қалай тамақтануы керек осы сауалдарға жауап іздеп көрелік…

 

      Ата-ананың көз қуанышы – оның баласы. Баласын ержеткізіп, сапалы білім мен өнегелі тәрбие беру – әрбір ана мен әкенің мақсаты. Осы мақсаттарды іске асыруда бала денсаулығының жағдайы аса үлкен рөл атқарады. Өйткені дені сау бала – елдің ертеңі. Алайда көбіміз балалардың тамақтануына жіті көңіл бөле бермейміз. Өзіміз жейтін тамақты балаларға береміз, дүкендерде өнімнің сапасына қарап жатпаймыз, тамақтану рационын білмейміз. Осының бәрі баланың денсаулығына, оның болашағына әсер етеді.

 

      Қазақстандағы балалардың жартысынан астамы суық тию мен созылмалы аурулармен ауырады. Аурулардың арасында бірінші орында – жұқпалы аурулар: жөтел, тұмау. Кейінгі орындарда – ішек-асқазан мен көз аурулары. Мамандардың айтуынша, бұған себеп – қазіргі экологиялық ортада өскен өнімдердің сапасыздығы мен ата-аналар қадағалауының жоқтығынан. Әсіресе, тамақтану жүйесінің болмауы.

 

       Ресей сарапшыларының айтуынша, баланың тамақтану  тәртібі кішкентай кезінен бастап-ақ бұзылады екен. Бізде әрбір үшінші баланың денсаулығы нашар. Оған себеп – дұрыс тамақтанбау. Уақыттың тығыздылығын сылтау ететін көптеген ата-ана осыған мән бермейді. Бұл – үлкен қателік. Баланың тамақтануына аса мұқияттылықпен қарау керек. Мәселен, сәби туылған сәттен бастап, ананың табиғи сүтімен қоректенгені дұрыс. Бірақ  кей жағдайларда ананың сүті құнарсыз болып, тіпті шықпауы мүмкін. Осы кездерде «табиғи тектес» деп аталып жүрген, құрғақ сүттер пайдалануда, бірақ оларды көп пайдалануды азайтқан жөн. Себебі онда ана сүтінде болатын дәрумендер аз, сондай-ақ құрғақ сүт бәрібір табиғи сүттің орнын толтыра алмайды. Оларды таңдағанда да аса мұқиятпен көру қажет. Қазіргі нарықта отандық өндірушілердің құрғақ сүттері сапалы болып саналады. Кішкентайынан (2-3 айлығынан) қанты бар тәттілермен еркелету  болашақта қант диатезін тудыруы мүмкін. Сондықтан одан аулақ болған абзал.

 

      Баланың тұрақты тамақтану режимі қандай болу керек?

       Жасы өскен сайын баланың энергетикалық қажеттілігі көбейеді, ағзаның қалыптасу кезеңдері басталады. Ересек  баланың тұрақты асы – ботқа болуы керек. Дәл осы кеңесті біздің педиатрлармен қатар, Ресей және Еуропаның дәрігерлері айтуда. Бүгінде таңертеңгі асты көптеген балалар ішпейді. Тәбеті жоқ деп ата-аналар да көңіл бөлмейді. Бұл да дұрыс емес. Бұл организмнің тепе-теңдігін сақтамайды. Сонымен қатар физикалық күшті әлсіретіп, ойлау қабілетіне кері әсер етеді. Ата-аналардың өздері таңертеңгісін ештеңе ішпей шықса, онда бала да тамақ ішу керектігіне сенбейді. Сондықтан жеке үлгінің өзі балалар үшін аса маңызды. Жанұямен бірге толық түрде ластанудың өзі бір өнеге. Ал күнделікті жеңіл-желпі тамақтану, бутербродтар, тәттілер мен лимонад сусыны соншалықты тойымды, пайдалы емес, керісінше, тәбетті құртады.

 

     Күріш, бидай, тары, т.б. даярланатын ботқалар әрдайым құнарлы әрі өсу мен жетілуде аса үлкен орын алады. Онымен қоса, жұмыртқа, сүт өнімдерін де беруге болады. Таңертеңгі ас сүтпен, шай немесе какаомен ішіледі. Кейде таңертең тамақ немесе шай ішпесек, басымыз ауырып, әлсізденеміз. Сондықтан таңертеңгі астың да өз орны бар. Ол күнімізді сенімді, көңілді бастауымызға әмір етеді.

 

      Ал түскі аста бірнеше тағам болғаны абзал: көже, сорпа, ет, балық секілді. Балық пен еттің гарниріне көкөністер, макарон салуға болады. Ал біздің түскі астарымыз көбінесе макарон өнімдері болып жүр. Одан да бас тарту керек. Себебі үнемі ұн тағамдарын пайдалану ағзадағы калорияны әрі холестерин мөлшерін көбейтеді. Түскі ас барлық тамақтанудың ішінде ең маңыздысы. Түскі ас тойымдылығымен және пайдалылығымен ерекшеленеді.

 

      Түстікке (16:00 шамасында) печенье, құймақ, тоқаштар, зефир, мармелад ұсынуға болады. Кисель, айран, сусын ретінде беруге болады. Түстік түскі ас пен кешкі ас арасында жалғау болып табылады.

 

      Кешкі ас – ең соңғы тамақтану кезі саналады. Одан кейін ештеңе жеуге болмайды. Өйткені одан кейін тамақ ішілсе, асқазан жүйесі бұзылады. Кешкі ас ыстық тағам болуы тиіс. Назар аударылуы керек тағы бір мәселе – тоя жемеу. Дәрігерлердің айтуынша, егер  тамаққа 60-70%-ға  тойдым дегенде, ауқаттануды аяқтау керек. Еуропада бұл шектеу аса кең таралған. Кешкі астан соң азын-аулақ бір нәрсе жей салу да жаман әдет. Ол асты асқазан қорыта алмауы мүмкін. Сөйтіп, қорытылмаған ас қалдықтары тасқа айналып, бауыр, өт, бүйректің жұмысын нашарлатады. Қарапайым рацион, тамақтану жүйесі осындай болу керек.

 

       Оқушы тәуліктің 7-8 сағатын мектепте өткізеді. Барлық мектепте асхана болмайтындықтан, балаға тамақты арнайы ыдысқа салып беріп жібергеннен басқа амал жоқ. Бутерброд, фаст-фуд түрлерімен шектелмеуі керек. Салаттар мен омлеттерді қосу қажет. Есте сақтайтын нәрсе, бала күніне 5 уақыт тамақтануы керек! Оның үшеуі – ыстық тамақ. Осы айтқандарды қатаң сақтау арқылы баланың денін сау етуге болады. Үлкендерге қарағанда, балалардың энергетикалық қажеттіліктері басқа. Организмнің құрылыс материалы болып табылатын ақуыз етте, жұмыртқада, балықта және ірімшікте көп. Және де мұның бәрінің майлылығы төмен болуы тиіс. Ал тұздалған, қуырылған, жартылай пісірілген, қақталған тағамдарды көп бермеген абзал. Себебі олар асқазан мен ішектің қызметін бұзады. Сондай-ақ көп жағдайда аса пайдалы емес. Әр күн сайын бала үнемі сүт және сүт өнімдерін – айран, ірімшік, йогуртты ішіп отыруы қажет. Жоғарыда айтылғандар – әрбір ата-анаға баланы тамақтандыру жаднамасы. Қарапайым тәсілдермен баланың денсаулығын реттеуге болады.

 

Баланың дұрыс тамақтанбауының белгілері:

 

-         Көп салмақ тастау;

 

-         Аменорея (қалыпты етеккірдің болмауы);

 

-         Шаштың түсуі;

 

-         Психологиялық күйзелістер;

 

-         Әлсіздік, шаршаудың жоғары болуы;

 

-         Жиі жүрек қағу;

 

-         Терінің құрғақ болуы;

 

-         Іштің кебуі;

 

-         Тіс аурулары;

 

-         Ас қорытудың бұзылуы;

 

-         Тек бір тамақ түрін ғана пайдалану (мысалы, тәтті тағамдар).

 

       Мұнымен қоса, көкөністер мен жемістерден даярланған шырын түрлері үнемі рационда табылуы керек. Себебі жаңа жемістер – ең негізгі дәрумен көздері. Ата-аналар балаларының тәбеті жоқтығына шағым айтады. Балаларыңыз жақсы тамақ ішуі үшін тамақ «ләззат» сыйлауы тиіс. Қырыққабат пен ботқаны көргендегі көңіл күй, тәтті тоқашты немесе тәтті әрі сырты көркем асты көргендегі көңіл күйге қарағанда басқаша болатыны анық. Балалар жақсы көркемделген және алуан түрлі тамақты ұнатады. Бастысы – тамақтану режимінің сақталуы. Егер бала асты жиі ішпей, тамақтану аралығы үлкен болса, онда оның ой мен дене қабілеттерінің тепе-теңдігі бұзылады. Ал тоя тамақ ішу жаман әдет болып қалыптасып, сөйтіп, тәбет нашарлап, ішектің созылуына апарады.

 

       Балалар тағамын көбінде дүкендерден, т.б. азық-түлік орындарынан аламыз. Алайда  оның сапасына, шығарылу мерзіміне аса назар аудармаймыз. Содан болар, балалар уланып жатады, ауруларға ұшырап жатады. Көптеген ата-аналар дүкенде жаңа өнімдерді алудың орнына чипсы, кириешки сынды пайдасыз өнімдерді алады. Ол өнімдер сапалық стандартқа сай келмейтіндіктен, даярлану технологиясы бұзылғандықтан, денсаулыққа қиянат жасаудың қажеттілігі жоқ. Дүкендерден әрдайым сатып алынатын ұн тағамдары әр уақытта пайдалы емес. Олар көбінесе маргаринде дайындалады, сол себепті, организмге артық майлар жиналады. Сондықтан қолдан пісірілетін печеньеге немесе бөлішкеге ештеңе жетпейді. Сауда орындарында алуан түрлі рулеттер, кәмпит жинақтары, тәтті тоқаштар көп-ақ. Бірақ біз оны тәтті деп ала салғанымызбен, оның денсаулыққа кері әсерін білмейміз. Бұл тәттілердің құрамында қант пен ароматизаторлардың көлемі белгіленген нормадан асқан. Мысалы, дәрігерлер рулеттерді көп жеуге тыйым салды. Онда қант пен жасанды дәмдеуіштердің мөлшері көп.

 

        Балаларды тәтті тағамдармен көп еркелетудің соңы қант ауруына әкелетінін ұмытпау қажет. Оның орнына витамині көп йогурт, жеміс-жидекті сатып алған дұрыс. Ескеретін тағы бір жайт, Қазақстан балаларының 80%-дан астамы тіс ауруларына шалдыққан. Бұған себеп – бір жағынан, тісті дұрыс тазаламау болса, екінші жағынан, баланың қоректенетін тамағынан. Тым тәтті, тым ащы әрі тұзды тағамдар ауыз қуысына жағымсыз әсер береді, кальцийді, тіске, сүйектерге қажет D дәруменін азайтады. Бұл стоматологиялық сырқатқа әкеледі. Осы себепті, барлық уақытта сақ, абай болған жөн.

 

    Әр сәбидің өмірі – ата-анасы үшін қымбат. Сондықтан да, пайдасы жоқ тағамдардан гөрі сапалы, ағзаның қалыпты жағдайын тұрақты сақтауға әсер ететін азық-түліктерді қолданғаныңыз абзал.


Информация о работе Балалардың тамақтану әдебі