Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:50, реферат
Әйелдер кеңес орындарының негізгі мақсаттарының бірі — жатырдағы нәрестенің денсаулығын түрлі аурулардың әсерінен қорғай отырып, перинаталдық өлім көрсеткіштерін кеміту. Жатырдағы нәрестенің дұрыс өсіп жетілуіне анасының денсаулығы, жүктіліктің асқынулары, нәрестенің туа болатын, тұқым қуалайтын аурулары, қоршаған ортаның тазалығы үлкен әсер етеді. Сондықтан кеңес орнында жүрек-қан тамыр, екпе, бүйрек т. б. аруларымен ауыратын жүктілііктері асқынған, жасы отыздан асқан әйелдерді ерекше қауіп-қатер тобына бөліп, диспансерлік бақылауға алады.