Ашық тұқымды өсімдіктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:24, реферат

Описание работы

Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған. Батаның түрлері:Той-думан,Салт дәстүр, ,мерекелерге, дастарханға т.б баталардың түрлері бар.

Работа содержит 1 файл

Баталар туралы реферат.doc

— 34.50 Кб (Скачать)

Баталар туралы реферат

Бата дегеніміз не?

Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен  жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған. Батаның түрлері:Той-думан,Салт дәстүр, ,мерекелерге, дастарханға т.б баталардың түрлері бар.Соның бірі дастархан батасы:

Асың, асың, асыңа. 

 

Береке берсін басыңа!

 

Бөденедей жорғалап,

 

Қырғауылдай қорғалап,

 

Қыдыр келсін қасыңа!

 

Сенен байлық өтпесін,

 

Тәңірі берген берекең

 

Тепкілесе кетпесін.

 

Желіңнің екі шетіне,

 

Тай шаптырса жетпесін!

              

 

**********                                                                                                                                                                          Берейін бата асыңа,

 

Амандық берсін басыңа.

 

Бөденедей жорғалап,

 

Қыдыр келсін қасыңа,

 

Бар екем деп тасыма,

 

Жоқ екем деп жасыма.

 

Еңбек етсең ерінбей,

 

Дәулет келер қасыңа.

 

Көре алмаған дұшпанның,

 

Жуа бітсін жолына.

 

Бақытың жетсін төтелеп,

 

Дүние малды  жетелеп,

 

Аузыма  түскен батаның

 

Жатырмын  бәрін түгендеп!

 

Көтердік  міне білекті,

 

Ақтардым түгел тілекті,       ӘРКЕЗ ӘР ЖЕРДЕ АЙТЫЛАТЫН БАТАЛАР

 

Әмин десең  маған,

Бата бердім саған,

Қабыл болсын тобаң,

Қолтығыңнан демесін,

Қыдыр бабам.

Уа, дәм  ішкендер терлесін, 

Маңыңа  дұшпандар келмесін, 

Тәңірім берген несібең, 

Күннен күнге өрлесін.

Талабыңды жүргізіп,           

Тәңірім өзі оңдасын.

Гүл-гүл жайнат,

Тайдай ойнат.                                                                                                                                                                 Қорытындылай келетін болсақ бата халық аузынан қалған. біз оны жалғастыра білуіміз керек. Батаны тойда,ас ішкенде үлкен қариялар немесе отбасы үлкені айтады. Қазақ халқының әдет-ғұрпында ақ тілек ізгі ниет білдіру есте жоқ ескі заманнан бері бар үрдіс. Ол өлең, көркем қара сөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. Бата өмірдің пайдалы да тәрбиелік жақтарын алға тартып, күнделікті тіршілікте жаңсақ қадам, жаман әрекеттен сақтандыра отырып, адамдық іс қара-кет, асыл мінез-құлықта сәт-сапар, оң жол тілейтін өсиет сөз іспетті. Бүгінгі батаның тәрбиелік маңызы зор - от басына амандық,, ұзақ өмір, бақыт, т.б. тілек түрінде айтылады. Жақсылыққа жол ашады, ырыс-ынтымаққа шақырады.Сонымен ар адам батаны  жаттау керек.   


Информация о работе Ашық тұқымды өсімдіктер