Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 17:18, реферат
Асқазан көлемді қапты түзіліс түрінде құрсақ қуысының сол жақ жоғарғы бөлігінде көкет және бауыр астында,асқазанға кіреберіс 10-11 кеуде омыртқалары деңгейінде,ал қақпалық шығаберіс тесігі 12-кеуде немесе 1-бел омыртқасы деңгейінде жататындай болып орналасады.Асқазанда бірнеше бөліктерді бөледі:кіреберіс бөлігі немесе жүректік бөлік,түбі,денесі және шығаберіс бөлім,немесе қақпалық бөлік.Соңғысы өз кезегінде кең бөлігі – қақпалық үңгір және айтарлықтай қақпалық өзегіне бөлінеді,одан кейін он екі елі ішек жалғасады.Азқазанның иілген жоғарғы жиегі кіші иіні деп,ал төменгі жиегі –үлкен иіні деп аталады.Оған қоса,асқазанда алдына және жоғарғы бағытталған алдыңғы қабырғасын және артқа және төменге қараған артқы қабырғасын бөледі.
Кіріспе :Асқазан аурулары
Негізгі бөлім
Гастрит және оның сыртқы немесе ішкі себептерден туындауы
Гастриттің әр түрлілігі
а) катаральды,флегмоналы гастрит
б) геморрагиялық ,некрозды гастрит
в) фибринді,созылмалы гастрит
с) аутоимундық,реактивті рефлюкс-гастрит
3) Жедел және созылмалы жаралар
4) Жараның асқыну түрлері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Жоспар
Кіріспе :Асқазан аурулары
Негізгі бөлім
а) катаральды,флегмоналы гастрит
б) геморрагиялық ,некрозды гастрит
в) фибринді,созылмалы гастрит
с) аутоимундық,реактивті рефлюкс-гастрит
3) Жедел және созылмалы жаралар
4) Жараның асқыну түрлері
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер
Кіріспе
Асқазан көлемді қапты түзіліс түрінде құрсақ қуысының сол жақ жоғарғы бөлігінде көкет және бауыр астында,асқазанға кіреберіс 10-11 кеуде омыртқалары деңгейінде,ал қақпалық шығаберіс тесігі 12-кеуде немесе 1-бел омыртқасы деңгейінде жататындай болып орналасады.Асқазанда бірнеше бөліктерді бөледі:кіреберіс бөлігі немесе жүректік бөлік,түбі,денесі және шығаберіс бөлім,немесе қақпалық бөлік.Соңғысы өз кезегінде кең бөлігі – қақпалық үңгір және айтарлықтай қақпалық өзегіне бөлінеді,одан кейін он екі елі ішек жалғасады.Азқазанның иілген жоғарғы жиегі кіші иіні деп,ал төменгі жиегі –үлкен иіні деп аталады.Оған қоса,асқазанда алдына және жоғарғы бағытталған алдыңғы қабырғасын және артқа және төменге қараған артқы қабырғасын бөледі.
Асқазан түбі көкеттің сол жақ күмбезі астында орналасады.Алдыңғы қабырғасы кардиалды бөлік,түбі мен денесі аймағында көкетпен беттеседі,ал кіші иіні аймағында бауырдың сол бөлігінің висцералді бетімен беттеседі,қабырғасының аздаған бөлігі париеталді ішастарына жанасады.Артқы қабырғасы көлденең жиек ішекке және оның шажырқайына,көк бауырға жанасады.Асқазан денесінің артында ішастар,артында бүйрекүстілік және сол жақ бүйректің жоғары полюсі,сонымен қатар ұйқы безі орналасқан.
Асқазан қабырғасы ішкі,
Сірлі
қабық асқазанды барлық
Негізгі бөлім
Гастрит деп асқазанның қабынуын айтады.Ол жедел немесе созылмалы түрде өтеді.
Жедел гастритті этиологиясына қарап сыртқы немесе эндогенді себептерге байланысты дамитын деп екі топқа бөледі.
1)Сыртқы әсерден дамитын гастриттер
көптеген химиялық,физикалық,
2)Ішкі себептерден туындайтын гастриттерге әр түрлі инфекцияларда ,уремияда,аллергияда немесе қан айналымының бұзылуына байланысты дамитын түрлері жатады.
Патологиялық
анатомиясы.Морфологиясы бойынша жедел
гастриттер-катаральды,
Геморрагиялық гастрит обада,шешекте,күйдіргіде және дизентерияда кездеседі.Бұл кезде асқазанда көптеген майда,бір-біріне қосылып жатқан қан құйылу ошақтары көрінеді.Асқазан ішіндегі заттар эритроциттердің гемолизіне байланысты кофе түстес қоңыр қара іреңге кіреді.
Катаральды гастрит асқазанның шырышты қабатының ісініп,қалыңдауымен сол жерді шырышты заттардан тұратын перденің жауып тұруымен сипатталады.Шырышты қабықтың стромасына серозды экссудат жиналып,оның астында нейтрофилдерден тұратын сіңбелер пайда болады.Без эпителий дистрофияға,некробиозға ұшырап көшіп түсе бастайды.
Фибринді гастрит
шырышты қабаттың үстінде негізінен фибриннен
және оларға араласқан эритроцит,лейкоциттерден,
Іріңді немесе флегмоналы
гастритте асқазанның қабырғасы қалыңдап,оның
шырышты қабығы қып-қызыл болып көрінеді.Шырышты
қабықтың қатпарлары ісініп,оны қолмен
басқанда іріңді экссудат бөліп тұрады,кейде
сол жерге қан құйылады.Микроскоппен тексергенде
негізгі өзгерістер шырышты қабықтың
астындағы қабатта екені анықталады.Негізінен
лейкоциттерден тұратын экссудат бұлшықет
қабатына ,одан сыртқы қабатқа тарап,флегмоналы
гастрит асқынып,перигастрит,
Некрозды гастриттің дамуы асқазанның шырышты қабығының күшті қышқыл,сілтілердің тікелей әсерінен күйіп қалуына байланысты.Мысалы:өлу мақсатында адам сірке қышқылын ішіп қойған жағдайда,ол жерлер қошқыл қоңыр түсте көрінеді.Микроскопта некроз ошақтары,эрозия немесе жедел жаралар табылады,кейде асқазан қабырғасы тесіліп кетеді.
Созылмалы гастрит ересек адамдардың арасында ең көп тараған сырқат.Созылмалы гастриттер асқазан шырышты қабығының созылмалы қабынуымен,оның физиологиялық регенерациясының бұзылуына байланысты дамитын атрофиясымен,секреторлық және моторлық қызметтерінің өзгеруімен сипатталады.
Аутоиммундық гастрит
үшін асқазан түбіндегі бездердің атрофиялық
өзгерістері тән.Бұл аутоиммундық механизм
негізінде дамып,асқазанның париеталдық
жасушаларына және ішкі факторға қарсы
аутоантиденелер түзілуімен сипатталады.Асқазанда
қабынудан көрі сему үрдісі басым болады.Шырышты
қабықтың семуі толық жетілген жасушалардың
иммунологиялық механизмдер әсерінде
жойылуы есебінен дамиды.Сондықтан гастриттің
бұл түрін созылмалы атрофиялық гастрит
деп атауға болады.Инфекцияға байланысты
дамитын гастритті хеликобактерлік
гастрит деп атауға болады,бұл созылмалы
гастриттің ең жиі дамитын түрі болып,ә
дегенмен клиникада гастрит белгілерімен
көрініп,асқазанның кіреберіс бөлігінің
қабынуымен сипатталады.Сондықтан оны
антралық гастрит деп атайды.Атрофиялық
гастриттің негізгі этиологиялық факторына
аутоиммундық үрдіс жатады.Микроскоппен
қарағанда асқазанға тән негізгі,қосымша,париеталды
жасушалар жойылып,олар шығаберіс бөлігінің
бездеріне тән,текшелі цитоплазмалы көпіршіктенген
жасушалармен алмасады.
Реактивті рефлюкс –гастрит.
Нағыз реактивті рефлюкс-
Созылмалы гастриттердің маңызы-олардың асқазанның басқа ауруларына өтіп кету мүмкіншілігінде.Атрофиялық гастриттер рекалды сырқаттарға жатса,қабынуға байланысты дамитын гастрит асқазанда жара пайда болуының бір себебі ретінде қаралады.
Асқазан жарасы –Қазақстанда ең көп тараған сырқаттардың бірі,еркектер әйелдерге қарағанда 2 есе жиі ауырады.Жара асқазанда немесе ұлтабарда орналасады.Жара деп осы ағзалардың шырышты қабатының ойылуын түсінеміз.Жаралардың өзі жедел және созылмалы деп екіге бөлінеді.
Жедел жаралар эрозиядан өзінің үлкендігі және тереңдігімен ерекшеленеді.Ол домалақ немесе сопақ пішінді,жиектері жұмсақ,мөр басқандай тегіс болады.Жараның түбі ет қабатына дейін бойлайды,кейбір жағдайларда ол сірі қабатқа жетіп одан әрі өткенде асқазан қабырғасы тесіледі.
Созылмалы
жаралар асқазанның кіші иілімінде
жайғасқан жедел жаралар,осы аймақтық,құрылымдық-қызметтік
ерекшеліктеріне байланысты созылмалы
жараға жиі өтеді.
Қолданылған әдебиеттер:
Ж.Ахметов «Потологиялық анатомия»
А.Б. Аубакиров,М.К. Жаналиева «Адам анатомиясы»
Л.З.Тель,Ран Н.А. Агаджаняна «Физиология человека»
Л.З Тель, И.А. Серебровской «Физиология человека и общие механизмы болезней»