Антибиотик қасиеттеріне жалпы сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2012 в 22:41, реферат

Описание работы

Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.

Содержание

1.Антибиотик қасиеттеріне жалпы сипаттама
1.1 Пенициллин
1.2 Стрептомицин
1.3 Грамицидин
1.4 Биомицин
2. Антибиотиктер атауы
3.Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Антибиотиктер.docx

— 21.49 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білiм және ғылым министрлiгi

М. Қозыбаев атындағы солтүстік қазақстан мемлекеттік  университеті

Жаратылыстану-Жағрафия факультеті

Жалпы биология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

     Реферат

 

Тақырыбы: Антибиотиктер

 

                   Тексерген: Каракучукова А. Б.

                                                                             Орындаған: А-11қ тобының

                                                                       студенті Ақмағамбет Ш.

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл қ., 2012 ж

 

Жоспар:

1.Антибиотик қасиеттеріне  жалпы сипаттама

        1.1 Пенициллин 

        1.2 Стрептомицин

        1.3 Грамицидин

        1.4 Биомицин

2. Антибиотиктер атауы

3.Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

1. Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.

          Антибиотиктер микробтар мен  кейбір қатерлі ісікке әсер  етіп, олардың дамуын тежейді  немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің  пайда болуы микробтар дүниесінде  кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық  әрекетіне негізделген. Антибиотиктер  туралы ғылымның негізін қалап,  алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан  пенициллин алған (1929) ағылшын  ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің  бірнеше жүздеген түрі бар,  бірақ олардың бәрі бірдей  медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим.  құрамы, микробтарға әсер ету  механизмі т.б. қасиеттері бойынша  жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз  қолданудың әр түрлі салдары  болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе  шығып, қышыма пайда болады, кейде  естен тануға әкеп соғады. Сондықтан  оларды тек қана дәрігердің  айтуы бойынша қолдану қажет.  Антибиотиктер медицинадан басқа  а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және  микробиологиялық өндірісте пайдаланылады.

        Антибиотиктерді  көптеген актиномицеттер, бактериялар  және саңырауқүлактар да бөледі. Антибиотиктердің микробтардың  тіршілігін тежейтін әрекеті  бар. Бұл жағдайда олар бактериостатикалық  әсер етеді, кейде антибиотиктер  микробтарды қырып жібереді. Оны  бактерицидтік әсер деп атайды.

       1871 жылы  орыс оқымыстысы В.А. Манассеин  зең саңырау-құлақтарының бактерияларды  жойып жіберетін қабілетін ашты. Бұдан бір жылдан соң А. Г.  Полотебнев оны іріңдеген жараға  салып, жақсы нәтижеге ие болды.  Осыдан бастап микробиология  ғылымында антибиотиктерді іздестіру  жөнінде көптеген зерттеулер  жүргізілді. Соның нәтижесінде қазір  қолданылып жүрген көптеген антибиотиктер  белгілі болды. Олардың ішінде  маңыздылары:

1.1 Пенициллин — пенициллум зең саңырауқүлағынан алынған. Ол көптеген стрептококкаларға, стафилаккоккаларға күшті әсер етеді. Таяқша тәрізді микробтар мүның әсеріне төзімді келеді. Оны қазір медицинада, ветеринарияда кеңінен қолданады.

1.2 Стрептомицин — актиномицеттен алынады. Ол туберкулез таяк-шасының тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек ауруларын емдеуге қолданылады.

1.3 Грамицидин — топырақта кездесетін бациллус бревис деп аталатын таяқша бактериядан бөлінген. Жануарлардың бірқатар ауруларына қарсы қолданылады.

1.4 Биомицин — актиномицеттің бір түрінен алынған. Бүл да жану-арлар мен адамдар ауруын емдеуге қолданылады. Соңғы жылда-ры мал мен адам ауруларына қарсы қолданылатын басқа да біраз антибиотиктер табылды және олар жан-жақты зерттелуде.

       Практикада  кең қолданысқа ие антибиотиктер  актиномицеттердің метаболиттері  болып саналады. Актиномицетті шығу  тегіне ие ең бірінші антибиотиктердің  бірі – мицетин, ол 1939 жылы  совет ғалымдары Красильников  және Коренякомен ашылды 1940 жылы  актиномицетин (Вельш, 1937) және мицетин,  сонымен қатар, пенициллин деген  антибиотикалық заттар анықталды.

       Антибиотиктерді  тек микроорганизмдер ғана емес  өсімдіктер де бөліп шығара  алады. Өсімдіктер антибиотиктерін  бірінші болып совет оқымыстысы  Б. П. Т о к и н 1928 жылы  ашқан болатын. Бұл заттарды  ол фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер  көптеген өсімдіктерде бар екені  анықталды. Олар микроорганизмдердің,  әсіресе вегетативтік клеткаларына  күшті әсер етеді. Сарымсақ, жуа,  шомыр, қыша, мойыл, терек, емен  жапырақтарында қарағай, шырша  және май қарағай кылқандарында  фитонцидтік қасиет күшті. Қарағайлы  және самырсынды ормандар микрооргаыизмдерге  кедей болатыны да мінесондықтан.Фитонцидтік  қасиет басқа заттарда да, мәселен  эфир майларында, альдегидтерде,  алкалоидтарда және фенолда байқалады.  Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер  өскен топырақтар да микроорганизмдерге  кедейлеу келеді. Жалпы антибиотиктерді  адам мен жануарлар организмі  де бөлетіні белгілі.

      Экмолинді  балықтан алады. Одан жасалған  препарат дифтерия, ішсүзегі таяқшаларына, стафилакокктар мен стрептококкаларға,  ішек таяқшасына және оба вибриондарына,  сонымен бірге тұмау вирусына  да жойқын әсер етеді. Экмолинді  пеницилиннің күшін арттыру мақсатында  қосып қолданады. Осындай комплексті  препаратты жас балалар дизентериямен  ауырғанда қолданады.

Антибиотиктер атауы:

Продуцент

Адриамицин 

Бицикломицин 

Валидомицин 

Виргиниамицин 

Лазалоцид 

Ливидомицин

Макарбимицин 

Мидекамицин 

Рибостамицин 

Солиномицин 

Тетранактин 

Эндурацидин 

Стрептомицин 

Канамицин

Тетрацикл

Қолданылған әдебиеттер:

  1. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D1%82%D0%B8%D1%81%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D1%80
  2. http://referaty-v.kz/%D0%B1%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D1%84%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D1%80%D0%BE%D0%BE%D1%80%D0%B3%D0↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  3. ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
  4. А.А.Сүлейменов, М.Исамбаев. «Медициналық анықтама». «Қазақстан» баспасы. Алматы, 1968. −295 б.

 

 

 


Информация о работе Антибиотик қасиеттеріне жалпы сипаттама