Андронов мәдениеті кезеңіндегі қала Аркаим

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 11:56, творческая работа

Описание работы

Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік СібірдегіАчинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінАндронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязновосындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты.

Работа содержит 1 файл

Андронов мәдениеті Сапақ А.ppt

— 1.72 Мб (Скачать)

Сапақ Айдана Мақсатқызы

Андроновтар мәдениеті

Андронов мәдениеті кезеңіндегі қала Аркаим

    Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік СібірдегіАчинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінАндронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязновосындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтықтұртындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларга тікелей ықпал жасап отырды. Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың басым көпшілігі отырықшылык өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патриархаттық отбасылардың үйлері үлкен жер төбелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын қашалар салынды. Бұл қоныс-мекендерге мал бағу кәсібі едәуір басым малшылық-егіншілік шаруашылығының кешенді сипаты тән болды.

Ескерткіштері және оның  зерттеушілері

Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола — б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. К.В. Сальников Орал сыртының Андронов мәдениетіне хронологиялык топтама жасады; оны бірінің орнын бірі басқан үш кезеңге бөліп, оларга шартты түрде мынадай аттар берді: Федоров кезеңі - б. з. б. XVIII — XVI ғасырлар, Алакөл кезеңі — б. з. б. XV — XII гасырлар, замараев кезеңі — б. з. б. XII — VIII гасырлар7. Андронов мәдениетін К.В. Сальниковтың кезендерге бөлуі тарих ғылымында дұрыс деп танылды және далалық қола дәуірінің ескерткіштерін зерттегенде осы мәдениеттің тараған аудандарының бәрінде қолданылды. Қазақстанның Андронов мәдениетің кезендерге бөлу мәселесін Ә. X. Марғұлан, К.А. Ақышев, А.Г. Максимова, С.С. Черников, A.M. Оразбаевтар айналысты. Қазіргі кезде К.В. Сальниковтың кезендерге бөлуі қайта қаралып, Э.А. Федорова-Давыдованың, B.C. Стоколостың, Г.Б. Зданович пен баска да зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті. Зерттеушілердің көпшілігі Андронов мәдениеті неолит пен энеолит дәуір- леріндегі Қазакстан даласының солтүстік айматының және Орал сырты мен Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жатынан, әрі, шыққан тегі жатынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде кұрылған деп есептейді..

Халық, қоғам, әдет-ғұрып

Олар үлкен үйде отбасылық  қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар  шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар  қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті  болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті  адамдар өлгенде олар ерекше  құлпытас орнатылған мазарларға  жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар  тәрізді әлеуметтік жік болған.

Тастағы суреттер

 

Қола дәуірінің жартастар бетіне  салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен  жабылып қалған суреттерінің  өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер — жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері  туралы тасқа салынған суреттер  олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер  Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатаймен Бөкентауда табылды

Діні мен өнері

 

Өліктер қабырда бастары  батысқа немесе оңтүстік-батысқа  қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен  байланыс жасайтын құдайға қарату  деген мағынаны білдірді. Мәйіт  бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті  өртеп жіберу де болды. Ол отқа  табынудан шықса керек. Үй құрылысы  да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа  не бағлан шалынған. Тіпті балаларды  да құрбандыққа шалған, оны үй  едені астына көмген. Үйдің ошағы  отбасының ең қасиетті жері  болды

 

 

 

 


Информация о работе Андронов мәдениеті кезеңіндегі қала Аркаим