Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 08:08, доклад
Қан айналым жуйесінің филогенезіне сипаттама
Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда -тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты.
Жүректің систолалық және минуттық сыйымдылығы
Жүрек еттері жиырылған кезде қолқа мен өкпе артериясына белгілі мөлшерде қан қуылады. Қарыншадан систола кезінде шығатын қанның мөлшерін систолалық сиымдылық деп атайды. Ол қарышпа қуысының көлеміне, жүрекке оралған қан мөлшеріне, қарынша етінің жиырылу күшіне, жүрек жұмысының жиілігіне, мал түлігінің түріне қарай өзгереді. Адамда систолалық сиымдылық 65-70 мл, қой-ешкі-де — 70 мл, жылқы мен ірі қарада — 500-600 мл.
Жүректен бір минутга өтетін қан мөлшерін жүректің минуттық сыйымдылыгы дейді. Оның мөлшері жасқа, организмнің шынығу деңгейіне, жүрек жұмысының жиілігіне, түлік түріне т.б. қарай өзгереді. Жүрекгің минуттық сиымдылығын оның систолалық сиымдылық мөлшерін жүректің бір минуттағы соғу жылдамдығына көбейту арқылы анықтайды. Адамда орта есеппен оның мөлшері 4,5-5 л, жылқыда — 20-30 л, ірі қарада — 40-50 л.
Дене жұмысы кезінде жүректің минуттық сиымдылығы көбейеді. Жаттықпаған, шынықпаған организмде ол жүрек соғуының жиілеуі, ал жаттыққан организмде — систолалық сиымдылықтың көбеюі арқылы өседі. Жүректің соғу жиілігішң белгілі шегі болады, ол шексіз өсе алмайды, сондықтан бұл механизм онша сенімді, тиімді механизм емес. Ал жақсы шыныққан организмде жұмыс үстінде жүректің систолалық сиымдылығы өседі де, соңынан организм мүқтаждығына қарай оның соғу жиілілігі артады.
Жүрек-тамыр жүйесінің қызметін реттеу механизмдері
Жүректің өз қызметін әр түрлі сыртқы әсер ықпалынсыз өзгерііп, басқару қабілетін өзіндік (ағзалық) реттеу деп атайды. Қазіргі кезде жүректің өзіндік реттеу механизмін үш түрге бөледі.
Гидродинамикалық аутореттеу (өзіндік реттеу) механизмі. Бұл механизм «гидродинамикалық кері байланыс» арқылы жүректің оң және сол бөліктерінің жұмысын үйлестіріп отырады. Мысалы, өр түрлі ырғақта жұмыс істеп түрған «оқшауланған» екі жүректі тізбектеп, бірінен қуылған қан екіншісіне, ал екіншісінен қуылған қан қайтадан бірінші жүрекке оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір ырғақта жұмыс істей бастайды. Оған бұл екі жүректің ара-сында «гидродинамикалық кері байланыстың» қалыптасуы себепші болады. Демек, жүрек жұмысының ырғағы мен жүрек етінің жиырылу күші жүрек қуыстарындағы қысымға сәйкес өзгеріп отырады.
Гетерометриялық аутореттеу механизмі. Бұл механизм жүрек етінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу дәрежесіне қарай өзгертіп отырады. Жүрек еті неғүрлым көбірек созылса, соғүрлым ол күштірек жиырылады. Осы механизм «Стар-линг Заңын» түсіндіруге негіз болады.
Гомеометриялық аутореттеу механизмі. Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы үзын-дығына (жүректің толу, керілу дәрежесіне) ғана сәйкес өзгермей, жүрек етіндегі иондар концентрациясьша байланысты да өзгеріп отырады. Жүректің жиырылу кезеңі ұзарса, жүрек еті талшықтарындағы кальций иондарынын концентрациясы көбейеді. Жүректің соғу ырғағы жиілесе де оның жиырылу күші артады. Оның себебі бұл жағдайда диастола қысқарып, систола кезінде ет талшықтарына енген кальций иондары кері шығып үлгермейді де, оның жасушалардағы концентрациясы жоғарылайды. Дәл осы феномен «Боудич баспалдағының» негізінде жатады. Осыдан жүрек жұмысы жүрекке оралған қанның құрамына байланысты да өзгеріп отырады.
Гемодинамика (қанқозғалым), оның негізгі зандылығы
Гемодинамика деп қан тамырларымен қанның ағуының себептерін, заңдылықтарын және механизмін зерттейтін ілімді айтады.
Гемодинамика зандылықтарына сәйкес тамырдан ағып өтетін қанның мөлшері мен жылдамдығы тамырдың басы мен соңыңдағы қысым айырмасына және гидродинамикалық кедергі деңгейіне байланысты. Ал гидродинамикалық кедергі қан тамырлары арнасының мелшеріне, қанның тұтқырлығына және ағу сипатына қарай өзгеріп отырады. Демек, денеде қанның тамырлармен ағуын қамтамсыз ететін негізгі фактор — әр түрлі қан тамырларындағы қысым айырмасы. Қарынша еттері жиырылған кезде қан белгілі бір күшпен қолқа мен өкпе артериясына қуылады. Ал қанның одан әрі тамырлармен жылжуы ірі артериялар мен веналардағы қысым айырмасына байланысты: қан қысым жоғары тамырлардан қысым төмен тамырларға қарай ағады.
Қан қысымы, оған әсер ететін факторлар
Жүрек жұмысына байланысты қанның сығылу дәрежесінің артериялар қабырғасына керілу әсерін артериялық қысым деп атайды. Қан тамырларында кысым оң мағыналы болады. Оған себеп, қан тамырларындағы қанның мөлшері тамырлардың қалыпты сыйымдылығынан артығырақ, көбірек. Соңдықтан қан қысымы жүректен куылған қан кернеуіне тамырлар қабырғасының керілуге қарсы серпімділігінің, қанның ағуына көрсетілетін жалпы шеткі (сыртқы) кедергінің, қанның тұтқырлығының әсерлерінен пайда болады.
Артериялардағы қысым жүрек айналымының сатыларына қарай өзгеріп отырады. Систола кезінде қысым жоғарылайды, оны максимальды, немесе систолалық қысым, деп атайды. Диастола кезінде қысым төмендейді, оны минималъды, немесе диастолалық қысым, дейді. Систолалық және диастолалық қысым айырмасын пульстық қысым деп атайды. Систолалық қысым сол жақ қарынша етінің физиологиялық жағдайын сипаттаса, диастолалық қысым — артериялар қабырғасы тонусының деңгейін көрсетеді.
Артериялардағы қысым деңгейі жасқа, организмнің физиологиялық күйіне, жүрек жұмысына, денедегі қанның жалпы мөлшеріне, мал түлігінің түріне т.б. байланысты өзгереді.
Тамырдың соғуының туындауы және оны зерттеудің маңызы
Тамыр қабырғасының жүрек жұмысымен байланысты толқын тәрізді тербелістерін тамыр соғу (пулъс) деп атайды. Сол жақ қарыншадан систола кезінде қуылған қан қолқаны тербелте керіп, одан әрі бұл толқын артерияларға таралады да, артериолалар мен капиллярларда басылады. Сонымен, жүрек жұмысына байланысты артерия қабырғасының ырғақты толып-солып отыруын артерия пульсі дейді. Ол тамыр бойымен секундына 8-12 м жылдамдықпен тарайды.
Артерия пульсін арнаулы
қүрал – сфигмографпен
Пульсті зерттеу арқылы жүректің жұмысы, жиырылу күші, ырғағы, жүрек қақпақшаларының жағдайы, тамыр тонусы т.б. жайлы құнды деректер алуға болады.
Лимфа, оның құрамы мен қызметі
Лимфа — организмде қан
плазмасының ұлпа аралық кеңістікке
сүзіліп, одан өрі лимфа жүйесіне
жиналуы нәтижесінде пайда
Лимфа — мөлдір, сарғыш түсті сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, ферменттер, дәрмеңдәрілер және антиденелер кездеседі. Құрамы жағынан лимфа белоктары плазма белоктарына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өте аз (1-2 пайыз). Белоктар мөлшершің аз болуымен байланысты лимфаның тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда төменірек. Лимфа құрамында хлоридтер мен бикарбонаттар мөлшері көбірек. Оның әрекетшіл ортасы сілтілік, сутектік көрсеткіші қан плазмасы көрсеткішінен жоғары. Лимфада эритроциттер мен тромбоциттер болмайды, лимфоциттер кездеседі. Фибриногеннің болуымен байланысты лимфаға құю қасиеті тән. Дегенмен, әр түрлі мүшелерден ағып шыққан лимфа құрамы олардың физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады.
Лимфа айналымы
Лимфа тамырлары веналармен қатарласа орналасып, бүкіл денеге тармақталады да, ұлпалардан қанға судың, онда еріген кристаллоидтардың, коллоидты ерітіңділердің оралуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе лимфа капиллярлары торынан, ағзалық майда тамырлар шумағынан, арнаулы қақпақшалармен жабдықталған ұсақ лимфа тамырларынан, жеке мүшелерден лимфаны негізгі лимфа бағандарына құятын ірі лимфа тамырларынан, лимфа түйіңдерінен жөне дененің басты лимфа өзектерінен құрылған.
Лимфа капиллярлары құрылысы
жағынан қан капиллярларына ұқсас.
Олардың эндотелий
Лимфа оны капиллярлардан ұлпа аралық кеңістікке қуған қысым мен етгердің жиырылуының әсерінен ағады. Майда лимфа тамырларында қысым су бағанасымен 8-10 мм деңгейінде болады. Көкірек өзегінің венамен қосылған жеріндегі қысым сынап бағанасымен 4-0 мм шамасында, демек ірі веналардағы қысыммен бірдей. Тыныштық жағдайда тек ас қорыту ағзаларының тамырларында ғана лимфа тоқтаусыз ағады. Басқа мүшелерден тынынттық кезінде лимфа ақпай-ды. Лимфа ағысын бұлшық еттің жиырылуы жылдамдатады. Тыныс алу қимылдары да лимфаның көкірек қуысына қарай жылжып ағуын қамтамасыз етеді.
Лимфа өте баяу жылжиды. Мысалы, жылқының мойныңдағы лимфа тамырларында ол минутына 260-300 мм жылдамдықпен ағады. Вена тамырларында бұл аралықты қан бір секунд ішінде өтеді.
Ұлпа аралық қуыстардан шыққан
сұйық лимфа тамырларына
Лимфа тамырлары денеде дренаждык,
жүйе құрып, мүшелерден жасуша аралық
сұйықтың артық мөлшерін алып шығады.
Лимфа капиллярларының