Қалқанша бездің құрылысы мен қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 22:31, реферат

Описание работы

КОму нужно...

Работа содержит 1 файл

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі.docx

— 19.64 Кб (Скачать)

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі 

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі.  Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден ( фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі. 

Қалқанша бездің құрылысы  

Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г. 

Қызметі:

1) тироксин гормоны  барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;

3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады. 

Аурудың белгілері:

1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;

2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;

3) дене температурасы  төмендейді;

4) жүрек соғысы баяулайды;

5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді. 

Ауруды  тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспары:

  1. Жалпы сипаттама
  2. Қалқанша бездің құрылысы
  3. Қалқанша бездің қызметі
  4. Аурыдың белгілері
  5. Алдын алуы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№119 мектеп –  лицей 
 
 
 
 
 
 

 

                                                                                                                               Орындаған: Молдабаева Т.

Тексерген: Дүйсенбекова Ә. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы 2011 жыл

Информация о работе Қалқанша бездің құрылысы мен қызмет