Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 18:45, доклад
Преамбула (кіріспе) Қазақстан халқын Конституция қабылдаған айрықша субъекті ретінде атап көрсетеді; Конституцияны қабылдау себептерін (мотивтерін) ашып көрсетеді.
«Жалпы ережелер» мемлекет құрылысының негіздерін айқындаушы қағидаларға арналған.
1-бап. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады.
2-бап. Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып саналады.
« Конституциялық құқық » пәні бойынша глоссарий:
Преамбула (кіріспе) Қазақстан
«Жалпы ережелер» мемлекет
1-бап. Қазақстан Республикасы
2-бап. Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып саналады.
3-бап. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық; мемлекеттік биліктің заң щығарушы, атқарушы және сот үш билік тармағына бөліну қағидалары бекітілген.
4-бап. Қазақстан
5-бап. Идеологиялық және саяси әралуандылық қағидалары танылады, қоғамдық бірлестіктер қызметінің тәртібі реттеледі.
6-бап. Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
7-8-баптар. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі және Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың қағидалары негізінде басқа мемлекеттермен ынтымақтастық және тату көршілік қарым-қатынас саясатын жүргізеді.
. «Қорытынды және өтпелі ережелер» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық белгілеулерді жүзеге асыру процедураларын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының ерекшеліктері:
1) қабылдау және өзгерту тәсілдері бойынша қатаң болып
саналады;
2) заңдық формасы бойынша – жазылған;
3) қолдану уақыты бойынша – тұрақты.
3) Конституция өмірлік маңызды қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді.
4) Конституцияның ықпалы
қоғамның шаруашылық және
Конституцияны жүзеге асыру механизмі өзіне конституцияның қызметін, оның нормаларын жүзеге асырудың субъектілері мен объектілерін, формалары мен тәсілдерін енгізетін жүйені қарайды.
Конституцияның қызметтері (қоғамдық қатынастарды дамытуға әсер ету бағыттары).
1. Құрылтайшылық (Мемлекеттік билікті саяси және мемлекеттік-құқықтық институттар арқылы жүзеге асырады); құқықтың бүкіл салалары үшін нормативтік қағидаларды белгілейді.
2. Саяси (Конституция азаматтардың еркі мен мүдделерін білдіреді, қоғамдық құрылыстың негіздерін бекітеді, мемлекеттік билік органдарының жүйесін белгілейді, жеке адам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас сипатын анықтайды).
3. Идеологиялық (Конституция халықтың саяси және құқықтық санасын көрсетеді және бекітеді; ұлттық, діни және отбасылық өмір саласындағы белгілі бір жүйені қорғайды).
4. Заңдық (Қоғам мен мемлекеттің негізгі бастауларын бекітеді; экономикалық, саяси және рухани өмірдің даму қағидаларын айқындайды; адамдар және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының заңды қорғалуын қамтамасыз етеді).
5. Басқарушылық. (Мемлекеттік органдар жүйесі мен қызметін және оны ұйымдастыруды айқындайды).
Конституцияны жүзеге асыру субъектілері: халық, мемлекет, аумақтық мемлекеттік құрылым, ұлттар, этникалық және ұлттық топтар; қоғамдық-саяси ұйымдар; азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар.
Конституцияны жүзеге асыру объектілері: қоғам, оның әлеуметтік, экономикалық, саяси құрылымдары; мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік өмірдің басқа қатысушылары.
Конституцияны жүзеге асыру формалары.
1. Орындау – Конституцияда қаралған әрекеттерді тыйым салынған әрекеттерден қалыс қалу үшін міндетті түрде іске асыру.
2. Қолдану – нақты құқықтық
іс субъектілеріне уәкілдікті
Конституцияны жүзеге асыру тәсілдері.
1. Міндеттеушілік – құқықтық нормаларды міндетті орындаудың қажеттілігі.
2. Рұқсат етушілік (дозволение) – құқықтық норма нұсқауларын орындау мүмкіндігінің берілуі.
3. Тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан қалыс қалу мүмкіндігі.
Конституциялық құқық
Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.
Конституциялық
құкық маңызды мынадай
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.
Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
міндеттеу әдісі;
тыйым салу әдісі;
ерік беру әдісі;
мойындау әдісі.
Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).
[өңдеу]Конституциялық
Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні — оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
Конституция;
конституциялық заңдар;
әдеттегі заңдар (жай заңдар);
президенттің нормативті жарлықтары;
үкімет қаулылары;
қоғамның негізгі
құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының
ұйымдастырылуын реттейтін
Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.
Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. Бұл құқықтың басқа барлық кайнар көздері Конституция негізінде жасалатындығын және оған кайшы келмеуі қажет дегенді білдіреді. Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.
Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.
Конституция тек конституциялық құқықтың ғана қайнар көзі емес, сонымен қатар басқа құқық салаларының да кайнар көзі болып табылады.
Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі бекітілген.
Конституция халықтың тікелей дауыс беруі арқылы референдумда қабылданады, заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының келесі қайнар көзі — конституциялық заңдар болып табылады. Олар Конституцияда бекітілген нормаларды нақтылайды және тек Конститудияда көрсетілген мәселелерді ғана реттеуде колданылады. Конституциялық заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (ту, елтаңба, әнұран) сипаттамасы және оны ресми қолдану тәртібі; республикада сайлау өткізу мен ұйымдастыру тәртібі; республикалық референдум өткізу тәртібі; республиканын сот жүйесі бекітіледі; президенттің құқықтық мәртебесі; парламентті құру және кызметін ұйымдастыру, оның депутаттарының құқықтық мәртебесі; үкіметті құру және оның кызметін ұйымдастыру құзыры айкындалады; Конституциялық кеңестің кызметі және оны ұйымдастыру тәртібі реттеледі. Жай заңдар — қоғамның, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барлық жақтарын реттейді. Елімізде көптеген жай заңдар әрекет етеді. Солардың қатарына кодекстерді жаткызуға болады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлықтары — мемлекет пен қоғам өмірінің әр түрлі мәселелеріне қатысты президент кабылдайтын акті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары — үкіметтің өз кызметі шеңберінде қабылданған, конституциялық-құқықтық мазмұндағы актісі. Халықаралық келісімшарт нормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.[1]
Еңбекті қорғау –бұл ілеуметтік-технткалық ғылым, өндірістік қауіпті жағдайларды және кәсіптік зияндарды зерттейді, оларды болдырмау шараларын жасайды немесе оқыс жағдайлардың, кәсіптік аурулардың алдын алу тәсілдерін қарастырады. Толық қаіупсіз не зиянсыз кәсіпорындар мүлдем жоқ.. Еңбекті қорғаудың мақсаты – жұмыс істеушінің қауіпсіздігіне және ауырмауы үшін қолайлы жағдай жасап, еңбек өнімділігін барынша жоғары көрсете алатындай жағдайлармен қамтамасыз ету. Еңбек өнімділігі адамның денсаулығы мен жұмыс істек қабілетін сақтау, адам еңбегін жұмыс мезгілін үнемдеу,оның белсенді жұмыс істеу периодын ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту апаттар санын азайту және тағы басқалары арқылы артады.
Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігі өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады..
Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды.
Азаматтардың еңбек
Енбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық, медициналық, техникалық және экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
Мысалы, еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз. Немесе егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтерде тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстаған, газданған болса не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас бөлігінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылған, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген.
Информация о работе « Конституциялық құқық » пәні бойынша глоссарий