Жүйенің жалпы сипаттамасы және оны реформалау бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:13, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы стандарттау.doc

— 122.50 Кб (Скачать)

Жүйенің жалпы сипаттамасы және оны реформалау бағыттары


Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.

  1. кезең - алғашқы (2005 ж.) - мемлекеттік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап атал- ған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.
  2. кезең - өтпелі (2005-2012 жж.) - жүйе жұмыс ының құқықтың статусын мемлекеттіктен еріктілікке өзгер- ту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін үлттың стан- дарттау жүйесі етіп қайта құру.
  3. кезең - ңорытынды, яғни стандарттаудың үлттық жүйесін қалыптастыруды аяңтау. Бұл жүйені мемле- кеттік емес үйымдар басқаруға тиісті жене жүйе ерікті қолданылатын үлттық стандарттарға негізделеді.

Алғашқы кезеңде Қазақстанның мемлекеттік  стандарттау жүйесінің негізін  осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы актілер және нормативтік құжаттар құрды. Өтпелі кезеңде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтікқұқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс. Қорытынды кезең. 2013 жылға дейін ұлттың жүйе біржолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті. Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер қоры қалыптасқандықтан, ұлттың стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар қарастырылады. Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлдем қатыспайды дегенді білдірмейді. Үкіметтің реттеудегі жұмысы стандарттау саласының мақсаты мен принциптерін, Қазаңстанның стандарттау саласындағы үлттың орган- ның жұмыс ын, үлттың стандарттарды әзірлеу және іске асыру ережелерін регламенттеу болып табылады. Стандарттардың екі категориясының болуы - « ұлттың стандарттық» және «ұйым стандарттарының» - әрекет өрісіне байланысты екі жүйенің болатынын айқындайды, яғни, бүкіл Қазақстан аумағында іс-әрекет жасайтын ұлттық жүйе және іс-әрекеті жекелеген ұйым шеңберінен аспайтын жергілікті жүйе. Стандарттаудың ұлттық жүйесіне мыналар кіреді:

  • ұлттық стандарттар;
  • стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен ұсыныстар;
  • техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіші.

Стандарттаудың  жергілікті жүйесі ұйым стандарттарына негізделген. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында келтірілген мекеме қоғамдардың және қоғамдық бірлестіктердің стандарттарын алмастырады.

[өңдеу]Қазақстан Республикасының стандарттау


Стандарттау саласындағы органдар мен қызмет атқаратын мекемелернегізгі іс-әрекеттерді  стандарттау саласындағы жұмыстарды немесе белгіленген функцияларды атқаратын  мекемелер, бірлестіктер және олардың бөлімшелері. Стандарттау саласындағы органдардың негізгі функциясыстандарттау жұмыс тарын басқару. Қазақстанда стандарттау саласындағы ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы«Техникалық реттеу және метрологиякомитеті». Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:

  1. Мемлекеттік стандарттарды және техникалықэкономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.
  2. Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.
  3. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау жәнеаккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.
  4. Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды.
  5. Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу төртібін белгілейді.
  6. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Техникалық реттеу және метрологиялық комитеті өзінің функциясын тікелей және өзі құрған органдар арңылы атқарады. Стандарттау саласында қызмет атқаратын мекемелербелгіленген басқару деңгейінде стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған мекемелер мен бөлімшелер. Олардың қатарына ғылыми-зерттеу институттары және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер жатады.
  7. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.
  8. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне мыналар кіреді:
  • бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды дайындау;
  • Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді өзірлеуге, оларға сараптама жасауға белгіленген тәртіппен қатысу;
  • Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.

[өңдеу]Стандарттардың әр түрлі санаттарының жалпы сипаттамалары


Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде нормалар мен нормативтік құжаттарға мыналар жатады:

  1. Халықаралық стандарттар.
  2. Өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар.
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері.
  4. Ұйымдар стандарттары.
  5. Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары.
  6. Шет мемлекеттердің үлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар төмендегілерге сәйкес әзірленеді және бекітіледі (қабылданады). Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты ҚРСТ.1.2 бойынша.

ТЭЭА  мемлекеттік сыныптауыштары - ҚР СТ. 5.0, ҚР СТ. 5.1. ҚР СТ.5.2 бойынша мемлекетаралық стандарттар мен сыныптауыштар MEM СТ.1.2. Стандарттау жәнесертификаттау салаларындағы шетелдік нормативтік құжаттар - ҚР СТ. 1.9. Стандарттау саласындағы ережелер мен ұсыныстар ЕР 50.1.20 бойынша техникалық шарттар - ҚР СТ. 1.3 бойынша. Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт. Өңірлікстандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт. Мемлекеттік стандарт - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың халық көпшілігіне қолжетімді стандарт. Ұйым стандарты - ұйым бекіткен стандарт. Үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт. Ұлттық стандарт - шет мемлекеттің стандарттау жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардыңкөпшілігі қол жеткізе алатын стандарт.

[өңдеу]Стандарттардың түрлері


Стандарттау объектісінің ерекшелігіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына  байланысты стандарттардың мына түрлері әзірленді:

  • негізге алынатын стандарттар;
  • өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар;
  • процеске стандарттар;
  • бақылау әдістеріне (сынау, өлшеу, рөсімдеу) стандарттар.

Негізге алынатын стандарттар - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің  белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады. Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер(көрсетілетін қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді. Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызмет) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынандай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстағы стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары. Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау, сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үдерістерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдер, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді. Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыс тарында авто- матты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стан- дарттардың атңаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл ма- шиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жоба- лауға жүмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан. Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атңарады. Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар - құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр. Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді. Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:

  • сынау құралдары және басқа да керек- жарақтар;
  • сынауды өткізуге дайындалу тәртібі;
  • сынауды өткізу тәртібі;
  • сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері;
  • сынау нәтижелерін дайындау ережелері;
  • сынау қателігінің мүмкін деңгейі.

[өңдеу]Стандарттарды әзірлеу және бекіту тәртібі


Ұлттық  стандарттар

  1. Стандарттау жөніндегі ұлттық орган стандарттарды шығару бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. Стандартты өзірлеуші ұлттық стандарттың жасалып жатқаны туралы хабарлама береді. Хабарламаға жобаның сәйкес халықаралық стандарттың өзгешелігін көрсететін ақпарат болуы керек. Стандартты өзірлеуші мүдделітұлғалардың жобасымен танысуын қамтамасыз етеді.
  2. Стандартты дайындаушы мүдделі тұлғалардың пікірлерін ескере отырып стандарт жобасын жетілдіреді, жобаны көпшіліктің талқысына салады. Талқылау мерзімі екі айдан кем болмауы керек.
  3. Ұлттық стандарттың жобасы мүдделі тұлғалардан жазбаша түрде алынған пікірлермен қоса стандарттау жөніндегі техникалық комитетке жіберіледі, комитет жобаны сараптамадан өткізеді. Техникалық комитет сараптау нәтижесі бойынша жобаны бекіту немесе қабыл алмау жөнінде дәлелді ұсыныс жасайды. Техникалық; комитет ұсынысты ұлттық стандарттау органына жібереді, орган комитет жіберген құжаттар негізінде шешім қабылдайды.

Үлттық  стандарттың бекітілуі туралы хабар органның баспасөз беттерінде және электронды сандық жалпы қолданыстағы ақпарат жүйесінде жарияланады. Жариялану мерзімі стандарт бекітілгеннен кейін бір айдан аспауы керек.

  1. Ұлттық стандарттау органы техникалық регламенттер мен еркінді негізде үйлестіруге болатын ұлттық стандарттардың тізімін бекітіп, баспасөз бетінде жәнеақпараттық жүйеде жариялайды.

Ұйым  стандарттары Ұйым стандартын, соның ішінде коммерциялық, қоғамдық, ғылыми мекемелердің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің стандарттарын қажет болғанда олар өз бетімен әзірлеп, бекіте алады. Қажеттілік мына жағдайларға байланысты болуы мүмкін:

  • өндірісті жетілдіруге және өнім сапасын жақсартуға;
  • қызмет көрсетуге;
  • зерттеулердің (сынақтардың), өлшеулердің және басқа да жаңалықтардың нәтижелерін таратуға және пайдалануға.

Информация о работе Жүйенің жалпы сипаттамасы және оны реформалау бағыттары