Саяси әлеуметтену

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:58, реферат

Описание работы

Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі — өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді.

Содержание

1. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні ……………………………… 2
2. Саяси әлеуметтенудің институттары, кезеңдері мен қызметтері….3
3. Саяси әлеуметтенудің типтері ………………………………………… 4
4. Даралықтың саяси социализациясы процесі мен механизмі ……..7
5. Жеке адамның саяси құрылымы ……………………………………….8
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………10

Работа содержит 1 файл

Саяси әлеуметтену.docx

— 31.58 Кб (Скачать)

ЖОСПАР:

1. Саяси әлеуметтенудің түсінігі мен мәні ……………………………… 2

2. Саяси әлеуметтенудің  институттары, кезеңдері мен қызметтері….3

3. Саяси әлеуметтенудің типтері ………………………………………… 4

4. Даралықтың саяси социализациясы  процесі мен механизмі ……..7

5. Жеке адамның саяси  құрылымы ……………………………………….8

6. Қолданылған әдебиеттер  тізімі …………………………………………10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саяси әлеуметтену

Адамдар туғанынан саяси  сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін  кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің  үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге  мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ  алдыңғы ұрпақтың үлгі — өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым  тілінде саяси әлеуметтену дейді.

«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХ ғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы  Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы  және психологі Г.Тар ғылыми айналымға  енгізді. Олар әлеуметтану деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары  және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымда ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл  ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл  ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы  саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелердіөз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды.

Ресей саясаттанушысы Е.Б.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдерді қабылдау және орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады.

Саяси әлеуеметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси  жүйесінің дәстүрлі институттарының  дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік  адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм ( саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Батыс елдерін негрлер, соғысқа қарсы, экологиялық, феминистік қозғалыстар дүр сілікіндірді. Бұрынғы дәстүрлі материалдық құндылықтарға қарсы шыққан субмәдениет пайда болды. Мысалға, ХХғ. 60 жылдары дамыған хиппилер қозғалысын алайық. Оған ірі саясаткерлердің, бизнесмен, заңгерлер сияқты ауқатты отбасыларының балалары  қатысты. Олар жеке адамның өзін-өзі толық көрсетуіне жағдай жасалмағандығы, адамдар арасында теңсіздіктің, алалаушылықтар бар екендігіне сол кездегі қоғамдық тәртіпті кінәлады. Сондықтан қоғамдағы  әлеуметтік тәртіпке қарсы шықты. Мысалы, дәстүрлі мәдениетте адам өзін-өзі ұстауы, шектеуі керек, бүтін, таза киінуі, сақал – шашын алуы, мәдениетті сөйлеуі, нашақорлықпен айналыспауы керек болса, олар, керісінше, шаштарын жалбыратып өсіріп жіберді, жыртық-тесік киім киді, өз диалектерінде сөйледі, нашақорлықпен айналысты және т.б. қоғамда үстемдік еткен адамгершілік қалыптарына қарсы шықты. Мұның бәрі америка қоғамын қатты толғантты. Ғалымдар бұл құбылыстың себептері мен сырын ашу үшін зерттеулер жүргізді. Сөйтіп, саяси әлеуметтену мәселесі бұл кезде күн тәртібіне қатты қойылды.

Саяси әлеуметтену процесі  үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:  

  • Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;
  • Қоғам  мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
  • Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай  оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп  отырады.Сонымен саяси әлеуметтену  деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі  дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси  іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.

Саяси  әлеуметтену саяси тәжірибені ашық және қосалқы түрінде жүргізуі мүмкін. Ашық түріне мәліметтердеі, сезімді, құндылықтарды тікелей беру жатады. Мысалы, қоғамдық пәндерді  оқыту арқылы жастарды оқытып үйрету. Қосалқы түрінде саяси емес ережелерді саяси қатынастарға телу жатады. Мысалы, балалардың саяси билікке қатынасы жас кезінен қалыптасуы мүмкін.

Саяси әлеуметтену институттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі, ақпарат құралдары, мемлкет, партия, діни ұйымдар және жеке саяси оқиғалар.

Саяси әлеуметтену ең алғаш  отбасынан басталады. Америка ғалымдары  Д.Истон мен Дж.Деннис 12 мың Америка  балаларын сұрақ-жауап арқылы зерттеген. Соның нәтижесінде олардың саяси  әлеуметтенуінің 4 кезеңінен көрсетеді:

  1. саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы;
  2. жекелеу. Мұнда бала  саяси билікті президент, полицеский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі;
  3. дәріптеу, яғни саяси қайраткелерге тек жақсы қасиеттерді таңу;
  4. институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институттар арқылы (партия, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.

Сонымен, адам жас кезінен  әлеуметтене бастайды. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде ол әкесі немесе шешесі, бала бақшада тәрбиеші, мектепте мұғалім арқылы әлеуметтенеді. Ол дау-жанжалдың  қалай шешілетінін байқайды, бағыну немесе жадында бағынбауға үйренеді.

Қазақтар «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп тегін  айтпаған, үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына жадында қалады.

Саяси әлеуметтенуді келесі сатысы –мектеп. Бұл кезде жалпыға  бірдей негізгі саяси қазыналар  мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Жастар ұйымдарына қатыса бастайды. Д.Истон мен Дж.Деннис зерттеген 12000 оқушының 95 пайызы «Америка — әлемдегі ең таңдаулы ел», «Америка жалауы – дүниедегі ең жақсы жалау» деген тұжырымдаманы мақұлдаған. Өйткені мұғалімдердің 99 пайызы оқушыларға күнде америка жалауын көрсетсе, 91 пайызы ол туға берілгендігін дәлелдеуді талап етіпті, 60 пайызы «Тамаша Америка» деген отан сүйгіш әнді орындатып отырған.

Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 16-40 жастар аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына түсіп, терең  саяси білім алады. Саяси партияларға  мүше болулары да мүмкін. Жастардың  әлеуметтік мәртебесі өзгереді.

Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жастардағы аралық. Бұл –  адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әркетіне  өмір тәжірибесі, балалары мен немерелері, тұрақты көзқарастары әсер етеді.

Ең соңына зейнеткерлердің  саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси  мәселелермен белсенді айналыса бастайды. Қайсыбірі қоғамдық өмірге аз да болса  қатысқанына риза болады, көңіліне медет табады.

Саяси әлеуметтенуге ақпарат  құралдары көп ықпал жасайды. Баспасөз, радио, теледидар, кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси  құндылықтарға деген  қатынасын қалыптастарады, бір идеалды негіздеп, қорғап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастарған қазыналары, алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін соңғы ұрпаққа жеткізіп, саяси тұлғаны тәрбиелейді.

Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді. Сондықтан ғалымдар саяси әлеуметтенуді  мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау-жанжалдық.

Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында адам сияқты қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлкетке, өзінің азаматтық міндеттеріне  құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында сыйластық туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ,Ұлыбритания елдерін жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әеуметтік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақиырмайды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалыптасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға болады.

Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрінде адам басқа азаматтардың, олардың құқығы мен еркіндігін, тедігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.

Саяси әлеуметтенудің дау-жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғаныстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау-жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде. Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының азаматтарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Оның басын ашып айту әзір қиын. Өйткені біз өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси әлеуметтенудің түрінен бас тарттық. Ал дәстүрлі либералдық құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар бойымызға сіңген доқ. Оған көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси әлеуметтендіру тұрсын, жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. Бұрыңғы жастар ұйымы өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын басарлық ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты бар да, заты шамалы.  Сайлау кезінде  болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. Нарықтық экономика кезінде ақпарат құралдары қаржының тапшылығынан жарнамаларды жариялауға көбірек көңіл бөлуде.

Сайып келгенд, қазіргі әлеуметтену  поцесінде 2 түрлі үрдісті байқаймыз. Біріншіден, қоғамның демократиялануы, халықтың саяси іске араласуына мүмкіндіктің молаюы. Екінші жағынан көпшілік халықтың тұрмысы төмендеп, жұмыссыздық көбейіп, саясатқа селқос қараушылықтың өрістеуі.

Саясаттағы «мәңгілік» мәселенің  бірі – жеке адам жайы. Бұл ерте заманнан бері қарай философ, тарихшы, саясатшылардың көп көңіл бөлген мәселесі. Соңғы  жылдары осы мәселе қоғамның қалың  бұқарасының, біздің елеміздің де, шетелдік саясаттанушылардың да назарын аударуда. Оқырман қауым да әруақытта дәуірдің   даму барысына өзгеріс енгізген саясатшылардың өмірбаянын, еңбегін білгілері келеді.

Саяси ойда жеке адамның саясаттағы ролін түсіндірудің екі дәстүрі  қалыптасқан. Біріншісі, өткен ғасырлардан  бері қарай келе жатқан элитаризм  теориясының бүгінгі дамуы. Бұл  көзқарас саяси процестердің барысын  көсемнің, басшының, беделдің қызметімен байланыстырады. Осы дәстүрдің бағытында  жеке адамның саясаттағы ролі жөніндегі  классикалық ережелер шықты. Басшылардың  ролі, оның жанындағылардың белгілі  бір жеке адамды көсемдікке ұсынуы, сайлауы, адамның жеке қасиеттерімен  түсіндіріледі: саяси таланты, қабілеті, білімі, беделі т.т., бұл жерде көсемнің таптық жағына көңіл бөлінбейді. Екінші дәстүрі- керісінше жеке адамның  саясаттағы ролінкемітеді. Бұл көзқарас жағындағылардың өз ішінде жікшілдік  бар. Мысалы, функционалистік саяси психологтар, жеке адамда саяси жүйенің, ұйымдардың көп элементтерінің бірі, ол саясатқа ешқандай әсер ете алмайды,- дейді. Осы ағымның шеңберінде технократтық саяси ойлау қалыптасты.

Осыған өте ұқсас позицияны  авторитаризм жағындағылар ұсынады. Олар жеке адамда саяси жобаларды жүзеге асырудағы материал, тарихтың аяғының  астындағы «адам шаңы» деп  қараған. Мұндай позиция гуманизм принциптерін жариялағанымен жалпы сталинизмге  тән болды. Осы көзқарасқа авторитарлық бағыттағы солшыл радикал, анархистік саяси ойшылдар концепциясы  бірігеді,олар тек көсемнің билігін  жоққа шығарып қоймай, кез келген ұйымдасқан саяси қызметті, жалпы саясаттағы ақыл-ойды, жеке адамның маңызын мойындамайды. Демек, олардың пікіріне сай, революциялық процестің қозғаушысы инстинкт болады.

Марксистік әдебиетте  саясаттағы жеке адам проблемасы диалектика принциптерінің  негізінде қарастырылады. Марксизм классиктері саясаттағы жеке адамның ролін асыра бағалаушылықты қолдамайды, оған табынуға, жеке басқа табынушылыққа үзілді- кесілді қарсы шыға отырып, «солшылдықтың балалық ауруын» қатаң сынға алған, бірақ саяси процестердегі жеке адамдардың ролін мүлдем жоққа шығаруымен де келіспеген. Осы көп түрлі көзқарастарда, әсіресе ерте кезеңнің қоғамдық- саяси ойында жеке адамның саясаттағы басшы , көсем, жетекші төңірегінде болған. Саяси басшы мәселесі қазір де өзінің өзектілігін жоймағанымен, бүгінгі күні бұқараны құраушы қарапайым адам, оның саяси санасы, тәртібі туралы мәселелер алдыңғы қатарға шықты. Әр түрлі бағыттардағы, әр түрлі мақсаттарды көздеуші саяси күштердің алдындағы басты міндет – қатардағы адамды саясатқа тарту, саяси күресінде өз жағына шығару болып отыр.

Саясаттағы жеке адамның  ролі мен қарекетін дұрыс бағалау  үшін оның саясатқа қатынасуына мүмкіндік  дсаушы психологиялық механизмдерін  білу керек. Бұд процесс ғылымда  саяси социализация деп аталады. Жеке адамның саясатқа қатысуы, саяси  жүйенің өз шеңберіне жеке адамды татуынан басталады, өз жағындағыларды саяси іске жұмылдырады, қарапайым  саяси функцияларды атқаруға үйретеді, әрбір азаматтың нені біліп, не істеу  керек екендігі жөнінде арнаулы  мәлімет жинақтайды. Осы саясат пен  жеке адам арасындағы өзара байланыс нақты тарихи сипатта болады. Әрбір саяси жүйе жеке адамды саясатқа тартудың өзіндік механизмдерін, яғни саяси социализация  механизмін қалыптастырады. Алғашқы қауымдық құрылыста, қоғам әлі тапқа  бөлінбей тұрған кезде социализацияның алғашқы бастамасы ғана болды, мұнда тек даралықтың әлеуметтік жатақхана формаларына үйренуі жүрді. Дамыған саяси социализация таптық қоғамның қалыптасуымен мүмкін болды. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда саяси қызметпен тек еркін адамдар айналысса, ал феодалдық қоғамда арнаулы сословие ғана айналысты.

Буржуазиялық қоғамда  саяси социализация сословиялардан басқа әлеуметтік таптыққа байланысты механизмдер арқылы да жүреді. Әсіресе, бұл фактор ерте буржуазиялық мемлекеттер кезеңінде маңыздырақ болып, таптық жағдайлар саяси рольдерді, мүдделерді, жеке адам құндылықтарын анықтайды.

Информация о работе Саяси әлеуметтену