Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 00:03, реферат
Саяси билік – саясат туралы ғылымның алтын өзегі, темір қазығы, басты категориясы, түбегейлі түсінігі. Саяси биліктің мәнін, оның механизмдері мен басты принциптерін, әлеуметтік рөлін білу арқылы ғана қоғамдағы санқилы әлеуметтік, экономикалық, рухани және саяси процестердің өзара байланысын, қызмет атқаруын және дамуын жан-жақты түсінуге, олардың ішкі қатпарларына зер салып үңілуге болады. Сондықтан бұл тақырыпқа қатысты мәселелерді қарастыруды мына сұрақтар төңірегіне топтастырған ыңғайлы сияқты.
Кіріспе 2
Негізгі бөлім
Биліктің қызметтері мен жіктелуі 2
Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі 7
Пайдаланған әдебиеттер 1
Қолдағы билікті атқара да білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті ең қиыны десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті қолдану барысында жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзінде рұқсат етілген әлеуметтік іс-әрекеттер жатады. Оның да өзіндік принциптері бар. Оларға жататындар: іштей еріксізді (әміршінің өз билігі өзіңде бола бермейді), сақтық (саяси іс-әрекетті алдын ала парасатты түрде дәлме-дәл есептеп алған дұрыс), қызметтестік (биліктің мықтылығы бірлесіп іс басқара білуде), шыдамдылық (әмірші төзімді, тілектес, мейірбанды болуға тиіс), ымыраға келушілік (биліктің қисыны жағдайға байланысты болуы мүмкін; сондықтан өкім жүргізушіге келісімге, ымыраға келуге, бірлестіктерге, блоктарға енуге немесе олардан іргені аулақ салуға тура келеді), жауапкершілік (әмірші шексіз билікке қызықпай, жауапкершілігін сезінгені абзал), ұлылық (билік жүргізуші езінін ішкі маңыздылығымен, ұлылығымен, айбындылығымен бағаланады), мәдениеттілік, табандылық, тұрақтылық, өзара сындылық және т. с. с. Билік — дәйектілігімен, іс-әрекетінің қисындылығымен қадірлі. Керек кезінде соңғы қорытынды сөзді айта білгеннің де маңызы зор.
Қоғамдық
өмірді билік арқылы реттеп жөнге келтірудің
бірнеше түрі бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес
өкіметі кезінде билік түгелдей топтастырылған
болатын. Әлеуметтік бастамалар шығару,
шешімдер қабылдау және т. б. бәрі қатал
орталықтанған еді. Бұл билік қоғамның
прогресті дамуына жол бермейді Ал кейбіреулер
биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып,
анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да
болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы
дамыған елдер биліктің орталықтануы
мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып,
барлық адамдардың өкімет шешімдерін
қабылдауға, билікке қатысуын қалайды.
Содан да болар қоғамның қарқындап дамуына
жағдай жасап, халықтың тыныс-тіршілігіне
жайлы саналатын қазіргі өркениетті елдер
деп аталып жүрген мемлекеттердегі демократиялық
республика, конституциялық монархия
және т. б. сияқты биліктердің түрлері
дұрыс деп саналуда.
1. Қуандық
Есенғазы Слямғазыұлы,
2. Болат – Канал, Демократ – ақиқат, 1995
3. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері, Алматы 1998
4. Әбсаттаров
Р. Билікпен бедел, Қазақ
5. Ұлықпан
Сыдықов, Саясаттану. Алматы
1996