Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 20:28, реферат
Әлем тарихында заң қабылдаушы ұйым ретінде «төрт жүздік үкімет» (ертедегі гректердің басқарушысы Солонның заңы бойынша) және «бес жүздік үкімет» болғандағы белгілі. Парламенттің тарихы осы заңдардан бастау алады. Тарихтан белгілі болғандай, 1265 жылы Англияда арнайы мемлекеттік ұйым, испандық кортестер, француздардың штаты және басқа да заң шығарушы ұйымдар ортақ атауға ие болып - парламент деп аталған заң шығарушы органдар пайда болды. «pariamehtum» латын сөзі сол кезеңде «монахтардың түстен кейінгі әңгімесі» деген мағынаны білдірді.
Парламентаризмнің қалыптасып, нығайып, орнығу деңгейі, оның демократиялық режимдердегі өзінің бастапқы, тума табиғатына сай болуы әр елдің тарихи-ұлттық, рухани, саяси-демократиялық дәстүрлеріне, саяси-құқықтың мәдениеті деңгейіне байланысты болады.
Парламентаризм дамуындағы қазіргі сатысында біздің еліміздегі өзекті мәселе - қолда бар өкілеттіктер мен құзіреттерді толық, орынды және өз уақытында және ел мүддесі үшін тиімді пайдалана білуде жатыр. Көптеген саясаткерлер, ғалымдар, парламентшілер Парламент өкілеттігін кеңейту мәселесін орынды көтеріп жүр.
Кезінде Қазақстан Парламентінің депутаты, профессор А.Айталы «... парламент белгілі бір өкілеттіктерге ие болуға тиіс, онсыз парламентаризм болмайды.... бізде парламентаризм әлі бекіген жоқ» деп түйіп, оған ең алдымен бақылау функциясының қажеттігін ерекше атап көрсетті. [11, 19б]. Академик С. Зимановтың: «президенттік билік тиімді жұмыс істейтін парламентсіз ешуақытта да әлеуетті де беделді бола алмайды. ... Парламент өз орнында болуы үшін ... оның мәртебесін, депутаттардың мәртебесін көтеру керек. Ал, әзірше, атқарушы билік Парламентке, депутаттарға шектен тыс үстемдік көрсетуде» [12,16-17б.] деген пікірі елімізде парламентаризмді нығайту үшін өз қызметін атқарды деп айтуға болады.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы ел тарихында мемлекеттің жоғарғы өкілетті органын белгілеу үшін «парламент» ұғымын алғаш рет қолданып, маңызды сипатына орай аталмыш органды әлемдік практикада қалыптасқан парламенттік модельге сәйкестендірді. Негізгі заңның 5 тарауының ережесіне сәйкес мемлекеттік органдар жүйесіндегі ерекше орын Республика Парламентіне берілген болатын. Себебі бүкіл мемлекеттік механизмнің ұйымдастырылуы мен қызметін негіздейтін заңдарды талқылау тапсырылғанды. Біртұтас мемлекеттік биліктің бөлінісі жүйесіндегі Парламенттің мұндай айрықша орны осылайша елдің қолданыстағы құқық желісіндегі және мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасындағы заңдарды орындайтын функциялармен де байланысты болып келеді. Қазақстан Республикасы Парламентінің негізгі функциялары заң шығарушы және өкілетті болып табылады. Негізгі емес болғанымен де маңызды функцияларына бақылау және мемлекеттің жоғарғы органдарының кадрларын қалыптастыру функциясы жатқызылады. Парламенттің негізгі емес функциялары оның конституциялық потенциялын жүзеге асыруда маңызды мәнге ие.