Байқоңыр» ғарыш алаңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 21:43, реферат

Описание работы

Байқоңыр» ғарыш алаңы Қазақстан Республикасының Қызылорда облысы аумағында орналасқан.
1950-ші жылдары ғарыш алаңын құру алғашқы кеңестік құрлықаралық Р-7 баллистикалық ракетасын жасап шығару қажеттілігімен белгіленген болатын. Оның ұшу қашықтығы 8000 км асып кетті, соған байланысты Кеңес Одағының тұтастай азия бөлігі арқылы шығыс бағытында өтетін жаңа трассаны жабдықтау қажеттігі туындады. Қалдық сатылардың түуі үшін жаңа аумақтар мен жаңа өлшеу пуктілері қажеттігі туындады. Осы ракеталады ұшыру үшін жаңа полигон қажет болды. Осы мәселелерді шешу мақсатында 1950-ші жылдардың басында комиссия құрылды, жаңа полигонға қойылатын талаптар әзірленді және оны құруға елдегі қолайлы аудандар аталды, оның ішінде Калмыкия мен Дагестан да болды.

Работа содержит 1 файл

Байконыр.doc

— 52.50 Кб (Скачать)

БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЛАҢЫ

«Байқоңыр» ғарыш алаңы  Қазақстан Республикасының Қызылорда  облысы аумағында орналасқан.  
1950-ші жылдары ғарыш алаңын құру алғашқы кеңестік құрлықаралық Р-7 баллистикалық ракетасын жасап шығару қажеттілігімен белгіленген болатын. Оның ұшу қашықтығы 8000 км асып кетті, соған байланысты Кеңес Одағының тұтастай азия бөлігі арқылы шығыс бағытында өтетін жаңа трассаны жабдықтау қажеттігі туындады. Қалдық сатылардың түуі үшін жаңа аумақтар мен жаңа өлшеу пуктілері қажеттігі туындады. Осы ракеталады ұшыру үшін жаңа полигон қажет болды. Осы мәселелерді шешу мақсатында 1950-ші жылдардың басында комиссия құрылды, жаңа полигонға қойылатын талаптар әзірленді және оны құруға елдегі қолайлы аудандар аталды, оның ішінде Калмыкия мен Дагестан да болды.

Нәтижесінде жаңа полигонды Қазақстанда, Арал теңізіне жақын, Қазақ КСР Қызылорда  облысының Төре-Там теміржол бекеті аумағына орналастыру нұсқасы таңдалды. 1955 ж. 12, ақпанда полигон салу туралы КСРО Министрлер Кеңесінің № 292–181 қаулысы қабылданды.  
Ғарыш алаңы ауданы 6717 км² және солтүстіктен оңтүстікке дейін ұзындығы — 75 км, батыстан шығысқа дейін — 90 км аумақты алып жатыр.

Ракета-тасушыларды ұшыру азимутының ауқымы 35–92 құрайды.  
Негізгі құрылыс нысандары құрлықаралық баллистикалық ракеталар (ҚБР) ұшыру алаңдары және полигонның техникалық құрылыстары болды. 1956 жылдың қарашасына қарай ҚБР ұшыру сынағын бастауға дайындығын қамтамасыз ететін көптеген нысандар мен құрылыстарда құрылыстық-монтаждау жұмыстары аяқталды. Салынған нысандар: ұшыру кешені, ұшыруды басқару пункті, монтаждық-сынақ корпусы, өлшеуіш пунктілер бөлігі, есептеу орталығы ғимараты, су тасу, су сорғысы станциясы және электр станциясы іске қосылды. Автомобиль және теміржол станциялары салынды.

Құрлықаралық екісатылы баллистикалық  ракета 8К71 № 5Л -Р-7 типіндегі ракеталар тобының прототипі «Союз» алғашқы ұшыру 1957 ж. 15 мамырында жүзеге асырылды.

8К71 № 6 ракетасын алғашқы сәтті  ұшыру 1957 ж. 21 тамызында жүзеге  асырылды, ал сол жылдың 4 қазанында  ғарыш алаңынан Жердің алғашқы  жасанды серігі «ПС-1» алып шыққан 8К71 ПС ракета-тасушысы ұшырылды, 1961 жылдың 12 сәуірінде планетамыздың бірінші ғарышкері Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.

Одан кейінгі жылдары полигонда  жеңіл («Циклон-М»), орташа («Союз», «Молния», «Зенит»), ауыр («Протон») және ең ауыр («Энергия») класты ракета-тасушыларды қолданумен ҒА дайындау және ұшыру үшін ұшыру және техникалық кешендер құрылды, сондай-ақ полигонды қамтамасыз ететін инфрақұрылым дами бастады.

«Союз» РТ бірінші ұшыру құрылғысы 1957 жылы пайдалануға берілді. Екіншісі, оған ұқсас құрылғы — 1961 жылы берілді. «Циклон-М» РТ екі ұшыру құрылғысы 1967 жылы пайдалануға берілді. «Протон» РТ алғашқы ұшыру құрылғысы 1965 жылы, екіншісі — 1966 жылы және тағы екеуі — 1979 жылы пайдалануға енгізілді.

Байқоңырда «Энергия-Буран» кешенін құрумен қатар бір уақытта жерге таяу тірек орбитасына салмағы 15 т пайдалы жүк алып шығуға қабілетті жаңа буынның орташа кластағы «Зенит» ракета-тасушыларына арналған жер үсті кешені салынды. «Зенит» кешенінің ерекшелігі РТ ұшыруға дайындық процесстерін барынша автоматтандыру болып табылады. «Зенит» РТ ұшыру кешенін бас конструктор В. П. Собольевтің жетекшілік етуімен Көліктік машинажасау конструкторлық бюросы жасап шығарды.

ҒА шығару үшін «Рокот» және «Днепр»  РТ қайта жабдықталған шахталық ұшыру қондырғылары пайдаланылады. «Рокот» РТ бірінші ұшырылуы 1994 жылы, ал «Днепр» РТ — 2000 жылы жүзеге асырылды.

«Байқоңыр» ғарыш алаңынан ұшқышпен басқарылатын барлық кемелер мен  барлық ғарыштық аппараттарды (ҒА) геостационарлық  орбитаға (байланыс, телехабарлар тарату, ГЛОНАСС ғарыштық навигациялық жүйесі) ұшыру жүзеге асырылады. Бұл ғарыш алаңы сондай-ақ ҒА төмен және орташа орбиталарға (Метеор метеорологиялық жүйесі, Жердің табиғи ресурстарын зерттеу және т.б.) ұшыру үшін, сондай-ақ автоматты планетааралық станцияларын және ҒА коммерциялық ұшырулар үшін қолданылады.

«Байқоңыр» ғарыш алаңының ғарышты  игеруге қосқан салмақты үлесі Айға, Шолпанға, Марсқа планетааралық станциялармен  және «Салют» және «Мир» ұзақмерзімді орбиталық станцияларымен «Протон» ракета-тасушыларын ұшыру болды.

«Байқоңыр» ғарыш алаңы мынадай  ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды  жүзеге асыру үшін пайдаланылды: «Восток», «Восход», «Салют», «МИР», «Марс», «Венера», «Луна» және «Энергия-Буран».

«Байқоңыр» ғарыш алаңы «МИР»  жобасын жүзеге асыруда айтарлықтай рөл атқарды. «МИР» жобасына шамамен 220 ұйым және 80 ғылыми-зерттеу мекемелері қатысты. «Мир» станциясында 104 адам болып қайтты, оның ішінде — 62 шетелдік азамат болды; медицина, биология, техника және астрофизика салаларында 31000 астам тәжірибе жүргізілді, «Прогресс» ғарыштық жүк кемелерімен 64 түйісу, 31 — «Союз» кемелерімен жанасу, ал МИР НАСА 9 бағдарламасы шеңберінде американдық «Шатлдармен» жанасу орындалды. Станцияға 170 тонна түрлі жүктер жеткізілді және Жерге тәжірибе нәтижелерімен 4700 кг астам жүк қайтып оралды.

«Энергия-Буран» бағдарламасы бойынша ғарыш алаңында «Энергия»  РТ ұшыру үшін ұшыру кешендері  құрылды. Бұл 1987 ж. 15 мамырында ғарыш  алаңынан «Энергия» жаңа аса қуатты ракета-тасушысын сәтті сынақтық ұшыруға мүмкіндік берді, ал 1988 ж. 15 қарашасында бұл ракета-тасушы ұшқышсыз басқарылатын 30-тонналық көп рет қолданылатын «Буран» орбиталық кемесін жерге таяу орбитаға алып шығу үшін пайдаланылған болатын.

Бұл керемет тәжірибе осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін ғарыш алаңындағы жер үстін зерттеу базасының арқасында жүзеге асырылды. «Энергия-Буран» бағдарламасынан бұрын 1964 жылы КСРО-да бекітілген Н-1 тамаша ай бағдарламасы болған. 1969–1972 жж. аралығында 4 Н-1 ракета-тасушысын ұшыру сәтсіз аяқталды. 1976 жылы Н-1 бойынша жұмыстар толығымен тоқтатылды.

Осы бағдарлама аясында  құрылған бірегей жер үсті кешені тоқтатылған болатын, ал 70-ші жылдардың  аяғында оны қайта жаңғырту бойынша  және «Энергия-Буран» кешені аясында  жаңа жер үсті нысандарын құру бойынша жұмыстар басталды. Нәтижесінде ұшыру кешені мен әмбебап кешенді стенд-старт құрылды. Байқоңырда орбиталық кеменің қонуын қамтамасыз ету үшін арнайы қондыру кешені құрылды.

90шы жылдардың басында  ғарыш алаңында «Энергия-Буран»  бағдарламасы бойынша жұмыстар тоқтатылды, нысандар жабылды және олардың кейбіреуі кейін басқа бағдарламалар аясында қолданылды.

«Байқоңыр» ғарыш алаңының ұлттық ғарыштық бағдарламаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі әрбір бағдарлама бойынша ұшырылған ҒА санымен  бағаланады. Атап айтқанда, ғарыштан бақылау және Жерді қашықтықтан барлап тексеру бағдарламалары бойынша шамамен 95% -ҒА ұшырылады, координаталық-уақытты қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша — 70% астам, байланыс және телехабар тарату бағдарламасы бойынша — 25%, метеорологиялық қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша — 40% астам, ғылыми зерттеулер бағдарламасы бойынша — 30% астам, ұшқышпен басқару бағдарламасы бойынша — 100% ҒА ұшыру жүзеге асырылады.

«Байқоңыр» ғарыш алаңы  Ресей қатысатын мемлекеттік  бағдарламаларда пайдаланылады. Халықаралық ғарыш станциясын құру және пайдалану бойынша Әлемдік қауымдастықпен ынтымақтасу жоспарлары осы «Байқоңыр» ғарыш алаңына арналып жасалған.

КСРО ыдырағаннан кейін  «Байқоңыр» ғарыш алаңы қазақстан  Республикасының меншігіне өтті және оны Ресей Федерациясы жалға алды. 1990 жылы «Байқоңыр» полигоны атауы «Байқоңыр» ғарыш алаңы болып өзгертілді. Полигонның дамуымен бірге 1955 жылы мамырда іргесі қаланған, әр жылдарда бірнеше атауларға өзгертілген тқрғын үй кешені 1995 жылы Байқоңыр қаласы болып өзгертілді. Байқоңыр қаласының инфрақұрылымына 300 астам тұрғын үй, 6 қалалық қонақүй, госпиталь, қалалық аурухана және т.б. жатады. Қалада бірқатар білім мекемелері бар: 10 астам жалпы білім беретін мектеп, ХЗА филиалы, байланыс техникумы, медучилище және басқа әлеуметтік-тұрмыстық нысандар.

Ғарыш кеңістігін зерттеу  және пайдалану мақсатында 1957 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  әлемде 4000 астам ракета-тасушыларды (РТ) ұшырылғаны белгілі. Олардың ішінде 2500 астам ұшыру Ресей ғарыш  алаңдарында өткізілді. Дегенмен жүк, ағындары бойынша бірінші орында «Байқоңыр» ғарыш алаңы тұр. Жыл сайын ғарышқа Ресейдің барлық ғарыш алаңдарын пайдаланумен шығарылатын пайдалы жүктердің жалпы санының 80% жуығы осы ғарыш алаңынан жүзеге асырылған. 1995 жылдан бастап РТ ұшырулар саны бойынша Ресей ғарыш алаңдарының ішінде «Байқоңыр» ғарыш алаңы алдыңғы қатарда болып отыр. Осы кезеңде оның ұшыру кешендерінен Ресейде жүргізілген жалпы ұшырулар санынан 60% астам РҒТ ұшыру жүзеге асырылған.

Қазіргі уақытта «Байқоңыр» ғарыш алаңының жалға алынған нысандарының басым көпшілігі Федералды ғарыш агенттігінің иелігіне берілді переданы («Союз» ҰК ракета-тасушыларының 2 ұшыру кешені, «Зенит» ҰК, «Циклон-М» ҰК, «Энергия» ҰК және ССӘК, «Протон» ракета-тасушысының екі ұшыру кешені, техникалық кешендері, технологиялық жабдықтары мен өмір сүруін қамтамасы ету жүйелері бар барлық монтаждық-сынақ корпустары, барлық ЗНС, оттегі-азот зауыты, КРТ сақтау орны, газотурбиналық электр станциясы және т.б.).

2004 жылы Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.  Назарбаев пен Ресей Президенті В. В. Путин «Байқоңыр» ғарыш алаңында «Бәйтерек» ғарыштық ракеталық кешен құру жобасын жүзеге асыруды бастауға тапсырма берді. Ғарыш алаңының пайдаланудан шығарылған ұшыру алаңының орнында бір ұшыру қондырғысынан барлық «Ангара» ракета-тасушылар тобын ұшыруға мүмкіндік беретін әмбебап ұшыру үстелі бар жаңа ұшыру кешені салынып жатыр.

Қазіргі таңда Казкосмосом  Роскосмоспен бірлесе отырып, «Байқоңыр» ғарыш алаңының 250, 250А (ССӘК) алаңдары базасында «БӘЙТЕРЕК» ҒРК құру туралы бірлескен Шешімге келісім беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұл Ресей Федерациясының жалға алған «Байқоңыр» ғарыш  алаңының нысандары (ССӘК) құрамынан  аталған алаңдарды Қазақстан  Республикасының Үкіметі мен  Ресей Федерациясының Үкіметі арасында 1994 жылғы 10 желтоқсанда жасалған «Байқоңыр» кешенін жалға алу шартына сәйкес шығару туралы мәселенің көтерілуіне әкеп соқтырады. Тұтастай алғанда, ұлттық ғарыштық бағдарлама шеңберінде Қазақстанның ғарыш тың қызметін белсендіруіне қарай, «Байқоңыр» ғарыш алаңын екі жақты мүддеде пайдалану саласындағы екі достастық мемлекеттің өзара қарым-қатынасы да кеңейіп келеді.


Информация о работе Байқоңыр» ғарыш алаңы