Азия тынық мұхиты

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 16:42, реферат

Описание работы

Азия-тынық мұхиты аймағының мемлекетаралық қатынастардың саяси біртұтас жүйесі ретінде қалыптасуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 60-шы жылдарға дейін жалғасты. Әрине бұл процесс тарихи дамудың алғышарттарымен айқындалған болатын. Мәселен бұл алғышарттарға АҚШ, Англия, Франция және басқа империалистік державалардың Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитта 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басындағы саясатының белсенділігі, Патшалық Ресейдің кейіннен Кеңес Одағының тынық мұхит державасы ретінде қалыптасуы, Қытай мен Жапонияның мемлекетаралық қатынастардың жалпы жүйесіне араласуы жатады .

Работа содержит 1 файл

Азия.docx

— 19.58 Кб (Скачать)

        Азия-тынық  мұхиты  аймағының   мемлекетаралық  қатынастардың   саяси біртұтас    жүйесі  ретінде  қалыптасуы  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін   басталып,  60-шы жылдарға  дейін   жалғасты. Әрине бұл процесс тарихи  дамудың алғышарттарымен айқындалған болатын.  Мәселен бұл алғышарттарға АҚШ,  Англия,  Франция және  басқа империалистік державалардың Қиыр  Шығыс пен Тынық мұхитта 19-шы  ғасырдың  аяғы  мен 20-шы   ғасырдың  басындағы саясатының белсенділігі,  Патшалық Ресейдің  кейіннен Кеңес Одағының  тынық мұхит державасы ретінде қалыптасуы,  Қытай мен Жапонияның  мемлекетаралық қатынастардың жалпы жүйесіне  араласуы  жатады .

        Екінші   дүниежүзілік  соғыстың  басты  нәтижесі  екі  қарама - қарсы қоғамдық  жүйенің  қарсыласуы  мен  күресі,  оның  мемлекетаралық  қатынастардың  бүкіл  құрылымының   өзгеруіне  алып келді.  Екі   әлемдік державаның  социализм   мен  капитализм  әлемінің  өкілдері – Кеңес Одағы мен  АҚШ-тың  қарым-қатынасы,  мемлекетаралық  қатынастардың жаһандық   жүйесінің   негізіне  айналды. Қалған  мемлекеттер   осы  екі мемлекеттің  біреуінің   жағына  топтаса  бастады. Бұл   жүйе  биполярлық сипатқа   ие  болды.  Күштердің  осылайша  орналасуы  Азия - Тынық  мұхиты  аймағындағы қарым-қатынастарды  да анықтады.

60-шы  жылдардың  аяғы  70   жылдардың   басына  таман  тынық мұхиттық  державалар - КСРО, АҚШ, ҚХР, Жапония  арасында  қарым-қатынастар  аймақтағы   халықаралық  дамудың  басты   қозғаушы  күшіне айналды. Осы   уақыттан  бастап,  яғни аймақтық  деңгейдегі  орталық  күштік  қатынастардың  құрылуынан  бастап,  Азия-тынық  мұхиты  аймағындағы  күрделі  қарым-қатынас  комплексін  біркелкі  және  мемлекетаралық   қатынастардың   едәуір  өзіндік   подсистемасы   ретінде  қарастыруға   болады.  Сөйтіп,  60-70 жж  «Азия-тынық  мұхиты ауданы»  деген  атау  қолданыла бастады, оған  дейін   «Қиыр Шығыс және Оңтүстік-Шығыс  Азия», « Шығыс және Оңтүстік-Шығыс  Азия » , «Тынық мұхиттың батыс  бөлігі және Австралия» және  т.б  деп  аталатын. БҰҰ-ның  Азия  және  Қиыр Шығыс мәселелері  бойынша  экономикалық  коммиссиясы  БҰҰ-ның Азия және  Тынық   мұхиты  мәселелері  бойынша   экономикалық  және  әлеуметтік   комиссиясы  болып  жаңадан   құрылды,  АҚШ-тың  Қиыр Шығыс   және  Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің  мәселелері  бойынша  мемлекеттік  департаментінің  бөлімі Азия  және  Тынық  мұхиты мәселелері  бойынша  бөлімі деп  атала   бастады.  Осының  барлығы  АТА   мемлекетаралық  қатынастардың   өзіндік  подсистемасы  ретінде   қарастырыла  бастағанының  дәлелі  бола  алады. 

Қазіргі  әлемде АТА алдыңғы орынды  алады.  Планетаның  бұл  үлкен  бөлігінде  жер  шары  халқының  1/3 бөлігі  тұрады ,  шамамен 50  мемлекет  орналасқан.  Солардың  ішінде  бәсекелестік  рейтингі  жоғары  Жапония, АҚШ, Канада, Гонконг, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея  сияқты  елдер  орналасқан. Қытай  қалыпты  финанстық – экномикалық  орынды  иеленеді. Индия, Индонезия, Тайвань, Малайзия, Шри-Ланка және т.б  елдер халықаралық авторитетімен, үлкен  экономикалық  потенциалымен, үлкен  адам  ресурстарымен, көне  және  ерекше  мәдениетімен  ерекшеленеді.

   АТА-дағы  мемлекеттердің дамуының  әлеуметтік-экономикалық  ерекшеліктерін  айтатын  болсақ,  бұл  мемлекеттерге  бүкіл  дүниежүзінің ІЖӨ-нің  және  сауда  айналымының  60 %  келеді. Тек АҚШ  өзінің  экспортының  40 %, Жапония  мен   Корея  40 %  осы ауданға  шығарады. Бұл аймақта  автомашиналардың,  теңіз  кемелерінің, телевизор  және  синтетикалық  талшықтардың 70 %, алюминийдің 50 %, пластмассаның  60 % шығарылады.1

    АТА-н келесі субрегиондарға  бөледі :  Солтүстік – Шығыс  Азия, Оңтүстік – Шығыс Азия, Орта  Азия, Оңтүстік Азия, Тынық  мұхиттың  Оңтүстік  бөлігі.  Бұлардың  барлығы   өзінің  ұлттық мәдени  ерекшеліктеріне,  халықаралық аренадағы  саяси   «салмағына», саяси  және  экономикалық  интеграцияланғандығы   мен   интеграциялық  процестердің  даму  мүмкіншіліктеріне, қауіпсіздік   деңгейіне  байланысты  әртүрлі   болып келеді.

1950-53 жылғы  Корей соғысынан бергі концепцияға  сәйкес Солтүстік-Шығыс Азияға  Жапония, Солтүстік және Оңтүстік  Корея, Монғолия, Қытайдың Солтүстік-Шығыс  бөлігі мен Ресейдің Қиыр Шығысы  кіреді. Оған кейде Тайвань мен  Гонконгты да қосады. Географиялық  жағынан негізгі елдерге жақын  орналасқандықтан АҚШ саяси тұрғыдан  алып қарағанда Солтүстік-Шығыс  Азияға кіріп, онда белсенділік  көрсетеді.

               Солтүстік-Шығыс Азияның «суық  соғыстан» кейінгі саяси дамуын  алып қарастырайық. Солтүстік-Шығыс  Азияның аймақтық ойыншылары (региональные  игроки) АТА-ның ең ірі әскери  державалары – АҚШ, Ресей, және  Қытай болып табылады. Жапонияны  болса жартылай әскери держава  ретінде сипаттауға болады. Аталып  өткен төрт ел де «суық соғыстан»  кейінгі орнаған жаңа дүниежүзілік  тәртіпке қарамастан, ірі державалар  болып қалды.

              Солтүстік-Шығыс Азияны АТА-дағы  ерекше субаймақ деп атауға  болады, ол тек құрамына ең  ірі әскери державалардың кіруіне  ғана байланысты емес, сондай-ақ  болашақтағы аймақтық интеграцияның  шарттары тұрғысынан алып қарағанда  да Азияның басқа субаймақтарынан  ерекшеленеді.

              Солтүстік-Шығыс Азиядағы қарым-қатынасты  тереңдету мен болашақта интеграцияны  жүзеге асыру үшін аймақта  саяси тұрақтылықты орнату қажет. 

              Қазіргі кезде «суық соғыс»  кезіндегі сияқты американ-кеңес  қарсылығы болмаса да, одан кейінгі  период жаңа Америка мен Қытай  арасындағы   жағдайдың шиеленісуімен  сипатталады. Солтүстік-Шығыс Азияда  әлі де дүниежүзілік соғыс  пен  «суық соғыстың» қалдықтары  сақталған: Корей түбегінің бөлінуі,  Тайвань мәселесі, жапон-ресей территориялық  келіспеушіліктері.

            Солтүстік-Шығыс Азияны кейде   Оңтүстік-Шығыс Азиямен шатастырады,  оның Вьетнамдағы соғыстан кейін  және аймақтық ұйымдардың (АСЕАН)  белсенді әрекеттеріне байланысты  әлемге аты шыққан еді. Оңтүстік-Шығыс  Азиядағы аймақтық және көпжақты  қатынастардың дамуының сәтті  нәтижелеріне қарап, оның моделі  Солтүстік-Шығыс Азияға қолдануға  келе ме деген сұрақ туындайды.             

     Оңтүстік-Шығыс  Азияның модельдеріне келетін болсақ, Солтүстік-Шығыс Азия  елдері өздерінің  табиғатына қарай неғұрлым «реалистер»  болып келеді, ал Оңтүстік-Шығыс  Азия  елдерін «бірлесіп істеуге  неғұрлым икемді» деп сипаттауға болады. Ең негізгі бөгет аймақтағы  саяси және әскери қайшылықтар болып  табылады.

     Солтүстік-Шығыс  Азия  субаймағы геосаяси тұрғыдан алып қарағанда АТА-дағы тұрақтылық үшін ең маңызды болып табылады. Экономикалық жағынан АТА-дағы ең дамыған  ел – Жапония. Болашақтағы аймақтағы  мүмкін маңызды мәселелердің бірі болып, Жапонияның Азияда басымдылық көсетуі  болады деген болжаулар да айтылады, әсіресе Американың Солтүстік-Шығыс  Азиядан әскери және саяси жағынан  кету туралы шешім қабылдаған жағдайда. Қалған үшеуі ядролық қаруы бар  әскери державалар.

     Қытайдың  ойы бойынша, Кеңес Одағының құлауы мен АТА-дан стратегиялық тұрғыдан кетуіне байланысты АҚШ аймақтағы  жалғыз сверхдержава болып қалды. Қытай  АҚШ-ты аймақтағы басымдық танытып  отырған жалғыз держава деп, оның аймақ елдеріне өзінің демократиялық  құндылықтары мен экономикалық тәртібін орнату талпыныстарына қарсы келетін  басқа мемлекеттің  жоғына алаңдайды. Қытайдан басқалары АҚШ-тың аймақта  қалуын қалайды.

     Жапония белсенді түрде күшін ұлғайтып жатқан Қытайдың пайда болған  аталмыш  «күштер вакуумын» толтыруға  тырысып, тағы бір аймақтық гегемонға  айналатынынан қауіптенеді. Пекин  өз алдына Жапонияның милитаризациялануынан, АҚШ көмегінсіз ядролық державаға  айналуынан қауіптенеді.             

«Суық соғыс» периодына қарағанда АТА-дағы қазіргі кездегі жағдай анықсыз, әрі болжауға келмейтін болып  отыр. Солтүстік-Шығыс Азиядағы  «Суық соғыс»  әлі аяқталған  жоқ және корей, жапон-ресей, қытай-тайвань  мәселелері шешілмей аяқталмайды деуге  болады.

Қытайдың  Азия-тынық  мұхиты  аймағындағы ерекше орны

Оңтүстік-Шығыс  Азия  елдерінің аймақтық интеграциясы аймақтағы барлық елдердің интеграцияланбауынсыз  жүзеге аса алмайды. Аймақтағы бірінші  экономикалық және саяси держава  болуға тырысатын Қытай, ортақ аймақтық дамудың шарттары мен ережелерін жасауға қатысудан тыс қала алмайды. Сондықтан 90 жж аймақтық структураларға жақындасып, біртіндеп интеграциялануды бетке алып, сол арқылы өкімет 21 ғасырда  Қытайды аймақтық лидерға және әлемдік  державаға айналдыру керек деген  «қытайлық реформалардың аталарының»  нақылдарын жүзеге асыруға шарт жасауда.

              АТА елдерінің де Қытайға деген  өз қызығушылықтары бар, бұның  екі себебін атап кетуге болады : біріншіден - Қытайдың геосаяси  орны, екіншіден үлкен экономикалық потенциалы бар елмен бірлесуде әкелетін экономикалық пайда.

  Аймақтағы интеграциялық процесстерді алып қарасақ, Қытайдың аймақтық структураларға интеграциялануы бірнеше топ факторлардың ықпалына байланысты. Оларды екі үлкен топқа бөлуге болады.

 Бірінші  топ геосаяси  характерге ие.

   Жаһанды түрде аймақта лидер болуға талпынатын Қытай аймақтағы елдермен көптеген салаларда - саудадан бастап аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда, ол ортақ кеңістік орнатуға тырысады. Бұл АПЭК, АТЭС сияқты аймақтық ұйымдарға араласуынсыз мүмкін емес. Халықаралық ұйымдардан басқа аймақтық  структураларға интеграциялану арқылы Қытай аймақтық деңгейде өзінің пайдасын шығарып, белгілі бір ықпал ету баспақтарына ие болады. Осыған жақындағы АТА ғылым дамыту Комитетінің қарамағында өткен ортақ жарлықты жасау барысында көпжақты комиссияның отырысы кезіндегі оқиға дәлел бола алады. Жапон делегациясы отырыс барысында ортақ жарлық жобасына   корейлердің ұлттық мінезі жөнінде бір абзац өзгерту енгізеді. Қытай делегациясының өкілі бұны корей ұлтын кемсіту деп қатты сынап, оны алып тастау қажеттігін айтады. Талқылай келе, жапон делегациясының позициясына қарамастан Қытай өкілерінің ұсынысы қабылданады.

   Қытайға Оңтүстік-Қытай теңізіндегі даулы территориялар мен акваториялары бар елдер қатысатын ұйымдармен достық қатынаста болу керек. Өйткені Қытай оңтүстік теңіздердегі дос елдерсіз «ұлы теңіз державасы » болу концепциясын жүзеге асыра алмайды.  АТА елдерінің бірқатары болса, мысалы Филлипин Қытайды «мүмкін жау» деп те қарастырады, сондықтан Қытай үшін аймақтың елдерімен барлық сферада тығыз қатынаста болу және сыртқы саяси позицияларда, аймақтық мәселелерде ортақ пікірде болу өте маңызды. 

           Екінші топ экономикалық характерге  ие.

           Ортақ жүйеге интеграциялану  қытай өндірісшілері үшін жаңа  рыноктар ашады, өз тауарларын  Еуропа, араб әлемі, американ континентіне, Африкаға өткізетін жаңа каналдар  ашады.

            Аймақтағы елдермен ортақ тауар  рыногының болуы Қытай үшін  аймақтық рыноктың инвестициялық  капиталына, сыртқы рынокқа шығуға  мүмкідік береді. Бұнымен қоса,  аймақтағы елдердің қаржы сферасы  мен инвестициялық сектордағы  еуропалық стандарттарды енгізу  тәжірибесін үйренуге мүмкіндік  береді.

             Қытайдың өзінің ұлттық валютасын  еркін конвертирленетін немесе  жартылай  конвертирленетін аймақтық  деңгейдегі валютаға айналдырғысы  келетінін есепке алсақ, ортақ  тауар рыногының болуы оған  үлкен мүмкіндік береді.

              АТА-ның структураларына интеграциялану  Қытайға тасымалдау тарифтері  аумағында тиімді келісімдерді  жасауға мүмкіндік береді. Таяу-Шығыс,  Африка елдері мен Америка  континентінің Тынық Мұхит жағалауының арасындағы үндіқытай транзиттік-транспорттық маршрутты салудың жоспары осыған  негізделіп отыр. Бұл жоспар 90жж басында жасалған келісім бойынша Үлкен Меконг субрегионын (ҮМС) дамыту бағдарламасының аумағында жартылай жүзеге асырылып жатыр. 2003 жылдың жазында Қытай жоба бойынша міндеттерін орындайтынын тағы да айта отырып, Лаос Республикасының территориясы арқылы өтетін Куньмин (Қытай) – Бангкок (Тайланд) жолының бір бөлігін салуға 5 млрд. АҚШ долларын инвестициялауға ұсыныс жасады. Бұл проектіні жүзеге асыру Қытайға сөзсіз көп пайда әкелетіні мәлім.

           

Информация о работе Азия тынық мұхиты