Қазақстан республикасы мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 09:57, лекция

Описание работы

Мемлeкеттік демографиялық саясаттың тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) елдің демографиялық дамуының негізгі қағидаттарын, басымдықтарын және міндеттерін білдіреді. Аталған Түжырьімдамада демографиялық даму ретінде халық санының өсуін ынталандыруға бағытталған, ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктерге жауап беретін саяси, әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық шаралардың кешені ұғылады.

Работа содержит 1 файл

dera.doc

— 69.50 Кб (Скачать)


№ 1272 қаулысымен мақұлданған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Мемлeкеттік демографиялық саясаттың тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) елдің демографиялық дамуының негізгі қағидаттарын, басымдықтарын және міндеттерін білдіреді. Аталған Түжырьімдамада демографиялық даму ретінде халық санының өсуін ынталандыруға бағытталған, ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктерге жауап беретін саяси, әкімшілік, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық шаралардың кешені ұғылады.

Демографиялық даму экономиканың өсуіне, елдің қорғаныс кабілеті мен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді.

Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Ел Президентінің "Қазакстан-2030" жолдауында күшті демографиялық саясат елдің үлттық қауіпсіздігінің жетекші басымдықтары қатарына шығарылды.

Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мемлекеттік демографиялық саясаттың субьектілері болып табылады. Мемлекеттік құрылымдардың демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі әріптестері халықаралық, үкіметтік емес қоғамдық және басқа да ұйымдар болуға тиіс.

Тұжырымдама адамның негізге алынатын қүқықтарын сақтаудың негізінде жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, мемлекеттік демографиялық саясаттың негізін айқындайды.

Түжырымдама әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру мен елдің тұрақты экономикалық дамуға көшуінің қазіргі заманғы кезеңіне және ұзақ мерзімдік перспективасына есептелген.

Елдің қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы белгілі бір жәрежеде таяу болашақта демографиялық ламуды реттеу жүйесінің шектеушісі болып табылады.

Мемлекеттқ демографиялық саясат халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қагидаттары мен нормаларына жоне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Зандарына, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген.

Түжырымдама демографиялық дамуды реттеудің дүние жүзілік тәжірибесін ескереді.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ

Қазақстандағы демографиялық ахуал соңғы жылдары республика үшін туудың едәуір томендеуіне, өлімнің көбеюіие (1996 жылдан бастап оның азаю тенденциясы байқалды) және халықтың көші-қондық кетуінің артуына орай қолайсыз ретінде бағаланып отыр.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінін алдын ала деректері бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2000 жылдың 1 қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. Республикада 16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3 пайызға кеміді.

1999 жылы туудың XX ғасырдың соңғы онжылдыгындағы ең төменгі коэффициенті байқалды, туу 1000 адамға 14,0-ден келді, бұл республикада туудың ең биік шыңы белгіленген 1987 жылғы деңгейдің 54,5 пайызын құрайтын болды.

1999 жылы халықтың табиғи өсуінің коэффициенті төмендсді және 1000 адамға 4,3 болып ең төменгі шегіне жетті.
1999 жылы, өлімнің азаюына қарамастан, оның деңгейі жоғары күйінде қалды. Өлім коэффициенті 1990 жылғы деңгейден 22,8 пайызға жоғары, 1000 адамға 9,7 болды.

Халық өмірінің орташа үзақтығы қысқарып барады. Оның деңгейі 1998 жылы 64,4 жасты, ал ер адамдарда небары 59 жасты қүрады.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықтың табиғи азаюы басталды. Мұндай тенденцияның сақталуы жағдайында таяудағы болашақта ел бойынша тұтас алғанда халықтың құлдырап азаюы күтілуде.

Республикада тұратын қазақтардың саны 1999 жылғы халық, санағының деректері бойынша 7985,0 мың адамды немесе республика халқының жалпы санының 53,4 пайызын құрайды Республикадағы орыстар - 4479,6 мың адам немесе 30,0 пайыз.

Мұның алдындағы (1989 жыл) санақпен салыстырғанда қазақтардың, уйғырлардың, дуңгендердің, өзбектердің саны ості. Немістердің саны күрт, жалпы алғанда 3 есеге азайды. Орыстардың, украйндардың, татарлардың және басқа ұлттардың саны да азайды.

Халықтың этникалық қүрылымындағы өзгерістерге репатриантардың (оралмандардың) қоныс аударуы жоне басқа ұлттардың өздерінің тарихи отанына көшіп кетуі себеп болды.

Тұтас алғанда халық санының төмендеуі табиғи осімнің төмендеуінен және халық көші-конының теріс сальдосынан болып отыр.

2. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАТТАРЫ

Демографиялық саясаттың мақсаты - дсмографиялық процестердегі жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың сандық және сапалық өсуін қамтамасыз ету.

Демографиялық саясатты іскс асыру кезінде мемлекепік өкімет органдарының алдында мынадай міндетгер тұр:

        осіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;

        олімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің үзақтығын ұлғайту;

        тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрнақтарды толық алмастыруды және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін деңгейге дейін арттыру;

        отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын нығайту;

        көші-қон процестерін реттеу;

        коғам және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін жауапкершіпікті арттыру;

        экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.

Мемлекеттік демографиялық саясат мына қағидаттарға негізделеді:

        нәсіліне, ұлттына, дініне қарамастан елдін барлык, азаматтарының тендігі;

        осіп-өнуді және өтбасын жоспарлауауды еркін таңдау;

        аса маңызды әлеуметтік функция ретінде аналықты, БҰҰ-ның "Баланың құрықтары туралы" және "Әйелдеріс катысты кемеітушіліктердің барлық нысындарын жою туралы" Халықаралық Конвенцияларына сәйкес басының нелері ретінде балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;

        тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы меи демографиялық және коші-қондык процестердегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, коші-қонға ықпал етудің түрлі шараларын қамтитын кешенді көзқарас;

        демографиялық саясатты іске асыруда бірыңғай негізін қалайтын нормалардың негізінде орталық жәме аймақтық органдардың тиімді өзара іс-қимыльн қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;

        халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әралуандықты сақтау және табиғатты үтымды пайдалануды ұйымдастыру.

3. МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Демографиялық ахуалдың қазіргі колайсыз жағдайына және оның даму перспективаларына талдау жасау, біріншіден, демографиялық дамудағы басымдықтарды, екіншіден, негізгі багыттарды, өтпелі кезеңде оларды шешудің тетіктерін айқындауға және ұзақ мерзімдік перспективаға - әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және елдің тұрақты дамуы кезеңіне арналған іс-қимылдардың стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде халық санының азаю қарқынын бәсендету жөнінде шара қолдану және оны тұрақтандыруға қол жеткізу қажет.

Бұл:

        туудың қулдырауын бәсендету және оны тұрақтандырудың;

        өлімді азайтудың және өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту;

        көшіп кетуді азайтудың және репатрианттардың (оралмандардың) қайтып оралуына қолайлы жағдай жасаудың есебінен шешілетін болады.

Екінші кезенде:

        тууды материалдық және моральдық ынталандырудың;

        көші-қонның оң сальдосына қол жеткізудің есебінен сан жағынан да, сапа жағынан да халықтың жалпы өсімі қамтамасыз етілуі тиіс.

Мемлекеттік демографиялық саясаттың халықтың дамуын реттеудегі негізгі бағыттары қазіргі заманғы ахуалды және әлеуметтік-экономикалық дамудың алғы шарттарын қатаң есепке алуға негізделген неғұрлым өзекті проблемалық бағыттар бойынша бағдарламалық-мақсатты іс-шараларды әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік демографиялық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары:

экономика мен әлеуметтік саланың барлық секторларының тепе-теңестірілген дамуын камтамасыз студің есебінен халықтың тұрмыс деңгейін көтеру, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, шағын және орта көсіпкерлікті дамытуды;

санның ұлғаю серпінімен салыстырғанда елдің озыңқы экономикалық өсуі негізінде адамдардың тыныс-тірішілігі жағдайын сдәуір жақсартуды қамтамасыз ету;

салауатты өмір салтын насихаттаудың, адамның тыныс-тірішілігінің барлық элементтері профилактикасының, еңбек пен демалыстың, спорт ғимараттары мен спорт кешендерін пайдаланудың қол жетімділігі жөнінде шаралар қабылдаудың негізінде еліміз халқының денсаулық деңгейін көтеру;

халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту және оның санитариялық-гигиеналық сауаттылығын көтеру жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды, бірінші кезекте, экологиялық қолайсыз аймақтарда, іске асыру;

халықтың, бірінші кезекте, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың еңбек жағдайының нашарлауына, нашақорлық пен алкоголизмнің таралуына байланысты жазатайым жағдайлардан, өдірісте улану мен жарақаттанудан өлімін азайту;

туберкулезбен, диабетпен және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен науқастануды азайту;

өмірдің орташа ұзақтығын ұлғайту, денсаулық сақтаудың дамуы деңгейін арттыру есебінен әйелдермен салыстыргавда еркектер өмірінің ұзақтығы арасындағы айырмашылықты қысқарту, зейнеткерлерге арналған әлеуметтік көмек және емдеу-сауықтыру мекемелері желілерін кеңейту. Жасы келген азаматтар үшін күндізгі стационарларды дамыту;

туудың құлдырауын бәсендету және оны турақтандыру, бала туылған кездегі, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар үшін материалдық жәрдемнің тізбесі мен көлемін ұлғайту жолымен тууды материалдық ынталандыру жүйесін құру;

өсіп-өну үшін денсаулықты сақтау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, өсіп-өну қам-қарекеті, ана болудың қауіпсіздігі, адамгершілік-жыныстық және мәдени-этникалық тәрбие, отбасылық өмірге даярлау мәселелері бойынша ақпарат жүйе құру, халықтың контрацепцияның қазіргі заманғы құралдары мен әдістеріне деген қажеттігін қамтамасыз ету, оқу орындарының бағдарламасына валеология оқу пәнін енгізу;

ана мен баланың денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау саласынлағы басымдықты багыт деп тану. Бұл бағыттың негізгімақсатты тапсырмасы: сәбилер олімінің коэффициентін томендету және құрылымын дамыған елдерге жақындату жағына өзгерту;

туу кезінде ана өлімін, жүктілік пен туғаннан кейінгі кезендегі асқынуды қысқарту;

адамның иммундық тапшылық вирусымен және СПИД-пен, және жыныстық жолмен жұғатын аурулармен зақымдануының алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

әйел бедеулігінің алдын алу және оны емдеу, аборттың алдын алу және аборттың зардаптарын жою;

отбасы-неке қатынастарын нығайту жөніндегі заңнаманы жетілдіру және насихаттау, отбасы мәртебесін көтеру;
еркекетің отбасы-неке қатынастарын нығайтудағы рөлі меп жауапкершілігін арттыру, жалғыз бастыларды таныстырудың түрлі клубтары желілерін дамыту;

эмиграцияны реттеу және ескертулік шараларды жузеге асыру жолымен көші-қондық азаюды бәсендету. Иммиграцияны реттеу, республиканың нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, этникалық, қазақтардың елге оралуы жөніндегі жыл сайынғы экономикалық негізделген квотаны белгілеу;

өз отанына оралған отандастарымызды қабылдау және жайластыру үшін қолайлы жағдай жасау, олардың әлеуметтік ортаға тезірек кірігуі үшін жағдайды қамтамасыз ету. Шет елдердегі қазақ диаспорасының қабілетті және дарынды балаларын, жасөспірімдері мен жастарын Қазақстан Республикасы азаматтарының балаларымен бірдей оқу орындарына қабылдау. Шет елдердегі қазақ диаспорасымен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту;

этникалық қазақтар шығатын елдермен азаматтықтан шығудың оңайлатылған тәртібі туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қою;

иммиграциялық бақылауды енгізу және жүзеге асыру жолымен иммиграциялық процестің бақылануын қамтамасыз ету;

әр азаматтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру, халықтың өзін салауатты өмір салтын қалыптастыру процесіне тарту;

мемлекеттік мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарын қалпына келтіру және олардың тұрақты жұмыс істеуі жөнінде шара қабылдау, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер мен демалыс үйлерінде оқушыларды сауықтыруды қамтамасыз ету;

мемлекеттік білім беру ұйымдарына психологиялық қызметтерді құру, мектептерде, интернаттарда және мектеп жасына дейінгі ұйымдарда психолог және әлеуметтік педагог қызметін енгізу;

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жоніндегі шараларды жүзеге асыру;

арнаулы түзету мекемелерінің, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің және мектеп-интернаттардың материалдық - техникалық базасын нығайту, балалық шақты әлеуметтік қорғаудың ғылыми-әдістемелік базасын құру, комелетке толмағандардың әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін кеңейту, корғаншылыққа мұқтаж балалардың мүліктік және басқа мүдделерін қорғау;

кәмелетке толмағандардың қылмыс, құқық бүзушылық жасауының және қадағалаусыздығының алдын алу жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеу. Түзеу мекемелеріндегі өндірістің мүдделерін, сотталғандарды бостандыққа шыққаннан кейін еңбекке орналастырудың мүмкіндігін ескере отырып, оларды оқыту жүйесін құру.

4. МЕМЛЕКЕТТІК ДЕМОГ РАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясаты тендестірілген идеологиялық және негізделген каржы-экономикалық саясаттың есебінен жүзеге асырылады. Демографиялық саясаттың негізгі әдістері ретінде ықпал студің экономикалық, әкімшілік-құқықтық және әлеуметтік-психологиялық шаралары пайдаланылады.

Демографиялық саясатты іске асырудың басты нысаны бағдарламалық мақсатты әдіс - мемлекеттік демографиялық бағдарламаны, демографиялық проблемаларды шешуге бағытталған өзге де республикалық мақсатты бағдарламаларды, аумақтық органдардың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру болып табылады.

Информация о работе Қазақстан республикасы мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы