Шаруашылық объектілеріндегі
азаматтық қорғаныс
Қазақстан
Республикасының Азаматтық қорғанысы
халықты, экономиканы, республика
аумағын осы заманғы зақымдау
құрал-дарының зақымдағыш факторларынан,
сондай-ақ зілзаладан, ірі авария
мен апаттан қорғау мақсатындағы
жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас
бөлігі болып табылады.
Азаматтық
қорғаныстың рөлі мен орнын
елдің геосаяси жағдайы, шектес
мемлекеттермен және алып державалармен
саяси қарым-қатынасының жәй-күйі,
экономикасының даму деңгейі,
әскери доктрина мен әскери іс саласындағы
мемлекет саясаты анықтайды.
Азаматтық
қорғанысқа төтенше жағдайда
халықтың тіршілігін ұйымдастыру
үшін бірінші кезектегі міндет
жүктеледі.
Азаматтық
қорғаныстың төтенше жағдайда
халықтың тіршілігін қамтамасыз
етудегі негізгі міндеттері Азаматтық
қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының
Заңында анықталған.
Азаматтық
қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік
органдар, қоғамдық үйымдар, кәсіпорындар,
мекемелер, мөншіктің барлық нысанындағы
объектілер орындауға міндетті.
Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар
мен студенттер белсене қатысады.
Жоғары оқу
орындарының Азаматтық корғанысын
үйымдастыру ЖОО Азаматтық қорғанысының
бастығы - ректор, ол Азаматтық
қорғаныстың үйымдастырылуы мен
жәй - күйіне, оның күштері мен
құралдарының құтқару және өзге шұғыл
жұмыстарды жүргізуге түрақты даярлығына,
сондай-ақ профессор-оқытушы қүрамының,
студенттер мен қызметкерлердің тосын
жағдайлардағы іс-әрекетке икемділігі
үшін жеке жауап береді.
ЖОО Азаматтық
қорғанысының бастығының бүйрығымен
АҚ штабы және АҚ мен ТЖ
қажетті қызметтері қүрылады. АҚ
мен ТЖ қызметтері қызметтеріне
басшылықты ЖОО ректоры басшы
қүрам қатарынан тағайындаған
бастықтар жүргізеді. Олар өз
міндеттерін негізгі міндеттерімен
қоса атқарады. Көшіру комиссиясының төрағасы
болып проректорлардың бірі тағайындалады.
АҚ мен
ТЖ міндеттерін оқу орнының
мүддесіне орай шешу үшін АҚ
қүрамалары қүрылады. ЖОО-да түрақты
қүрам мен студент-терден құтқару
командасы (тобы), санитарлық жасақтар
мен тіректер, радиациялық-химиялық бақылау
нүктелері, қоғамдық тәртіп сақтау командасы,
панаханалар мен жасырынатын орындарды
күтіп -үстайтын топ қүрылуы мүмкін.
Шаруашылық
объектісі Азаматтық корғанысының
үйымдық қүрылымы Азаматтық корғанысты
үйымдастыруда жүйеде негізгі буын болып
табылатын шаруашылық объектілері маңызды
орын алады. Шаруашылық объектілерінде
АҚ барлық шараларының негізі қаланады,
мүнда соғыс уақытында жүмысшылар мен
қызметшілерді қорғау, объектілер жүмысының
түрақтылығын қамсыздандыру, құтқару
жәнө өзгеде шүғыл жүмыстарды жүргізуге
күштерді даярлау жө-ніндегі негізгі кешенді
шаралар жүргізіледі.
Шаруашылық
объектілерінде Азаматтық корғанысты
ұйымдастырудың принципті схемасы
суретте көрсетілген.
Негізгі қамтамасыз
етуші құрамалар көрсетілген.