Кітап деген мұхит бар

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:03, реферат

Описание работы

Кітап – қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта үндемей көмектеседі. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді, ақы сұрамайды, бірақ сен де кітапқа қайырымды бол. Оны сүй! Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет! Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.

Работа содержит 1 файл

Кітап деген мұхит бар.doc

— 34.00 Кб (Скачать)

«Кітап деген мұхит бар» атты тәрбие сағаты 

Тақырыбы: «Кітап деген мұхит бар»

Сабақтың мақсаты: Кітап –сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнң кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылы-ғын арттыру.Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.                                                                                 Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.                                                                                                                   Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: слайд, кітап  туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:                                                                                  1.Ұйымдастыру кезеңі.

Кітап та алма ағашы,                                                                                                             Жемісін біздер теретін, 
Тәтті алмаға балашы,                                                                                          Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі,рихани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз.

ІІ. Жаңа сабақ                                                                                                                             «Кітап – адамның досы» Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. 

 Кітап-  рухани байлығымыз. Кітап-адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Ол-адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді.

Оқулықты  мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

 

 

 

Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.

Кітап- адал пейіл, асыл дос.

Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?

Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.

 

Кітап туралы жазылған ұлы адамдардың пікіріне назар аударайық.

  1. «Білім – біздің шамшырағымыз, кітап – біздің ұстазымыз»
  2. «Кітап –ақылды қуаттандыратын құрал»
  3. «Өмірде ең жақсы кеңесші-кітап»
  4. «Кітапсыз үй-жансыз дене»

 

III. Пантомима ойыны.

Балалар қазір ойын ойнаймыз, ойынның аты пантомима.

 

Айналадағы  өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.

  Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен.

 

ІҮ. Кітап  ұстау ережесі

1Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдырк керек. Кітап оқуға күніне 3-4 сағат уақыт бөлк керек.

2. Кітапты қалай болса  солай оқымай, оларды белгілі  мақсатпен жоспар бойынша оқуға  дағдылан.

3. Кітапты төсекте жатып,  ас ішіп отырып оқыма.

4.Кітапты көп оқысаң, сөз байлығың молайып, ойлау қабілетің терең болады.

5.Кітапты оқығанда ойға  сақтауға, керектерін жатқа айта  білуге, керекті сөздерді жазып  алып, өмірде пайдалануға әдеттен.

 

V. Кітап – қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта үндемей көмектеседі. Әрдайым айтқаныңа көнеді, айдауыңа жүреді, ақы сұрамайды, бірақ сен де кітапқа қайырымды бол. Оны сүй! Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет! Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.

 

 


Информация о работе Кітап деген мұхит бар