Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 21:45, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

1 Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері
1.1. Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары...................................5-8
1.2. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттіктері........................9-14
1.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттігінің міндеттері...15-19

2 Қазақстандағы қаржы нарығы мен ұйымдарды басқару мен бақылау негіздері
2.1.Қаржы нарығы мен ұйымдарды бақылау агенттерінің қызметтері..20-22
2.2. Қаржы нарығын ұйымдастырушылар мен оларыдың жай күйі.........23-24
2.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудегі негізгі жұмыс процестері.....................................................................................................25-27

3 Қазақстан Республикасында қаржы нарығын жетілдіру жолдары
3.1. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеу мен бақылауды дамыту ерекшеліктері................................................................................................28-30

Қорытынды.................................................................................................31-32

Қолданылған әдебиеттер................................................................................33

Қосымша

Работа содержит 1 файл

каржы нарыгы.doc

— 218.50 Кб (Скачать)

Мәлімет көзі: Қзақстанның  Ұлттық банк мәліметі негізінде

 

 

Қаржы институтары бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сатып алу және қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және  халықытң уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа да рыноктармен етене байланысты болып табылады.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы институттары қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалыстарын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы институттары экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілері арасында ақшаны қайта бөлудің барлық әртүрлі нысандарында реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын білдіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.

Қаржы нарығының институттары негізінен, ұзақ мерзімді сипаттағы  міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады, олар қаражатты ұзақ мерзімге немесе мерзімсіз жұмсалғанын немесе берілгенін яғни негізгі қорлар қозғалысына қызмет ететінін айғақтайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді. Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы-кәсіпорындардың, банкілердің мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.

Нарықтардың барлық тұрпаттарының  өзара байланысты қаржы институттары болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:

  1. реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтердің кез-келген түрлері мен айналымы бойынша сұранымы мен ұсынысының тепе-теңдігі;
  2. Ұлттық банкі тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол ғана емес, сондай-ақ қолма-қолсыз айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
  3. Несие нарығын жандандыру толық оны коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру, несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банкі проценттің есептік ставкасын коммерциялық банкілердің, міндетті резерв нормасын белгілеу, ашық ақша нарығында операциялар жүргізу арқылы реттеледі.

Мыналар қаржы институттарының қызметінің алғышарттары болып табылады:

  1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлектетік сектордың материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
  2. Қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің ролін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту; кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
  3. Шаруашылық субьектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі;
  4. бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ссуда қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қаржы нарығын ұйымдастырушылар мен олардың жай күйі

 

Қаржы институттарының-бюджеттен  тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалыстарын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.

Мемлекеттік әлеуметттік  сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдістерімен жасалды.

Жасалу көздері:

  1. кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары
  2. мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;
  3. санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;
  4. басқадай көздер;

Қордың қаражаттары  мынаған жұмсалды:

  1. жәрдемақылар төлеуге.
  2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетулерді қаржыландыруға;
  3. Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге;

Мемлекеттің жинақтаушы зейнетақы қоры.

а) зейнеткерлер мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен  бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;

ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды  қаржыландыруға қатысу;

Бұл қордың қаражаттары  мынандай көздерден жасалынды:

  1. Міндетті зейнетақы жарналары
  2. меншік нысандарына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салқтар
  3. жоғарғы органдардың қаражаттары;
  4. ерікті зейнетақы жарналары және т.б.

Зейнетақы қорының жұмсалу  бағыттары:

  1. заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;
  2. балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу;
  3. материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;
  4. зейнетақыларды инекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар.

Қазақстанның ТМД-да және Орталық Азияда қаржы секторында аймақтық көшбасшы болуына қол жеткізу  үшін 2007-2011 жылдар аралығында негізгі  күш-жігер Қазақстанның қаржы секторын нығайтуға, оның тұрақтылығын арттыруға, кәсіпорындарды және халықты қаржы секторының қызмет көрсетуімен қамтуға оның жекелеген сегменттерін одан әрі дамытуға бағытталады, мұның өзі қазақстандық қаржы ұйымдарының ішкі нарықтағы позицияларын күшейтіп, аймақта оның қаржы тарту және ауқымды аймақтық экспансия орталығы болып қалыптасуына негіз болады.

Бұл ретте негізгі  міндеттердің бірі қаржы секторының бәсекелестік қабілетін  арттыру болып табылады, бұл Қазақстанның алда болатын Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруі жағдайында аса маңызды. Жалпы алғанда, біздің қаржы секторымыз шетелдік компаниялардың келуіне дайын. Алайда, тәжірибе тіпті айтарлықтай дамыған және ірі қаржы секторы бар елдердің де тура БСҰ-ға кіргеннен кейін шетелдік ойыншылардың тарапынан болған бәсекелестіктің күрт өсуі салдарынан өз дамуында проблемаларға кездескенін көрсетеді. Сондықтан қаржы секторының төлем қабілетін күшейту үшін күш-жігерді оны капиталдандыруға жұмылдыру қажет, бұл тек қаржы институттары қызметінің айқындығын арттырған жағдайда ғана мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Қаржы нарығы мен ұйымдарды реттеудегі негізгі жұмыс процестері

 

Қорландыруға байланысты қиындықтарының әсер етуімен банктер  кредиттеуді шектеді және қыркүйектен  бастап кредиттің өсуі тоқтады. ЖІӨ-нің  нақты көрсетілген өсуі соңғы  екі тоқсанда күрт бәсеңдеді, жылжымайтын мүліктің бағалары төмендеді және  қызмет көрсетілмейтін кредиттер өсуде. Миссия 2009 жылы 6 пайыздан сәл жоғары қалыпты деңгейде көтерілгенше, ЖІӨ-нің нақты көрсетілген өсуі 2007 жылғы 8,5 пайыздан 5 пайызға дейін төмендейді деп болжайды. Біз осы перспектива үшін тәуекелдер күтіліп отырған деңгейге қол жеткізбеуден тұрады, әсіресе әлемдік экономика одан әрі әлсіреген немесе ішкі банктік сектордағы шиеленіс сақталған кезде.

        1. Кредит нарығындағы болып отырған өтімділік деңгейі банктердің тәуекелдерді басқару және заемшылардың төлем жасауға қабілетінің құлдырауына байланысты шығындарды төмендету мақсатында өздерінің кредиттік ресурстарын неғұрлым қысқа мерзімдерге беруге бейімділігін айқындайды. Бұл ретте қорландырудың ішкі көздерінің, сондай-ақ халықаралық қаржылық институттардың қаржыландыру бағдарламалары бойынша кредиттерінің кредит ресурстарына қысқа мерзімді сұраныстарды қанағаттандыру үшін қазіргі уақытта неғұрлым жоғары мәні бар.
        2. Сұраныстың төмендеуіне кредиттеу талаптарының, атап айтқанда пайыздық ставкалардың өсуі және  кепілдік талаптардың қатаңдатылуы неғұрлым үлкен дәрежеде әсер етті. Осы қатаңдатулар ірі банктер бестігінің қызметінде айқын көрсетілді, бұл олардың несие портфелінің сапасына және корпоративтік кредиттеудегі шоғырландыру тәуекелінің төмендеуі жөніндегі шараларға  алаңдаушылығынан туындап отыр. Осының салдары ретінде, барлық банктердің өтімділікке байланысты проблемаларды бастан кешірмеуіне қарамастан, нарықта негізгі ойыншылардың арасында экономиканың нақты секторының субъектілерін кредиттеудің неғұрлым қатаң әдісі байқалады.

2008 жылғы бірінші жартыжылдықта  қаржылық емес ұйымдарға қатысты  кредит саясатын қатаңдатуға  әсер еткен негізгі факторлар:

  1. кепілмен қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекелі;
  2. жылжымайтын мүлік нарығының даму перспективалары;
  3. заемшылардың төлем жасауға қабілетінің жалпы деңгейі;
  4. жалпы экономикалық күтулер;

5) жоғары тәуекелді  заемдардың несие портфеліндегі  үлесінің өзгеруі болып табылды.

Сонымен қатар бәсекелестік және қорландыру мен капитал ресурстарының  факторлары осы зерттеліп отырған кезеңде аз әсер етті. Ірі банктердің бестігі ерекшелік жасады, ол үшін сыртқы және ішкі капитал нарықтарындағы қорландыруға қол жеткізу мен құнының соңғы жылдары бастапқы дәрежедегі мәні болды және жоғарыда аталған факторлармен кредит саясатының қатаңдатылуына бірдей дәрежеде әсер етті.

Кредит нарығы өзінің пайда болуының жүйелік сипатын  көрсете отырып, экономиканың нақты  секторына қалыпты түрде ауысқан  өтімділіктің жалғасып отырған дағдарысы  жағдайында жұмыс істеуде. Нарықтардың  өзара байланысы және нақты сектордың қаржы секторына тәуелділігі банктердің қызметіне әсер етпей қоймады. Банктердегі кепілмен қамтамасыз етуді құнсыздану тәуекелі, сондай-ақ құрылыс секторындағы жағдайдың нашарлауы банктердің заемшылармен жұмыс істеу тәсіліндегі өзгерістерге әсер етті. Басымдық кепілмен қамтамасыз ету құнынан заемшылардың қаржылық жағдайының мониторингі жағына қарай ауысты.

Мемлекет капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысы бәсеңдеген және халықаралық капитал рыноктарына жол ашылған жағдайда “ Самұрық – Қазына ” қоры нарық қағидаттары бойынша акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмауы керек. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.“Самұрық – Қазына ” қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайту тиіс. Егер сыртқы борыштарды қайта құрылымдау жөніндегі жұмыстың тиісінше тиімділігі болмаса және банктердің тәуекелдерге бейімділігі олардың депозиторларының мүдделеріне қауіп төндіретін болса Қаржы қадағалау агенттігі ең соңғы шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес консервациялау рәсімдері шеңберінде банктердің активтері мен міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдауды жүргізуі мүмкін.

     Екіншіден,  Стресті активтер қоры құрылды.  Оның қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын активтер, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар баруі осындай активтер ретінде қарастырылады.

     Банктерден  мұндай қарыздарды сатып алу  банктердің балансын өтімділігі  аз активтерден тазартуға және банктерді өз шығындарын мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуеклдерді бөлудің басқа нысанын баланстық құны бойынша жүзеге асырылатын болады.

     2008 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан  Республикасында қаржы нарығын жетілдіру жолдары

3.1. Қаржы нарығы  мен ұйымдарды реттеу мен бақылауды  дамыту 

ерекшеліктері

 

Қазақстан қаржы нарығының  жеткілікті дамуы үшін қаржы құралдарының әртүрлілігіндегі инвесторлық сұранымды  қанағаттандыру қажет. Бұл үшін:

  • қаржы құралдары мен сауда-саттықты және қаржы нарығының жағдайы туралы Интернетті, Рейтер желісін және басқа арналарға қоса ақпаратты ұйымдастыру жөніндегі сапалы және технологиялық алдыңғы қатарлы қызметтерді жеткізуші ретінде Қазақстанның қор биржасын дамыту;
  • сауданы валюталық және пайыздық тәуекелділіктерді, басқа мақсаттарды хеджерлеуге арналған әртүрлі биржалық қаржы құралдарын ұйымдастыру және қолдау;
  • бағалы қағаздардың орталық депозитарийі мен қазақстандық банк арқылы есеп айырысудың үздіксіз қызмет етуін, оның ішінде оларды бағдарламалық-техникалық және технологиясының баламалы күй-жағдайын қолдау арқылы қамтамасыз ету, олардың бағдарламалық-техникалық кешендерінің сенімділігі мен ақпараттық қауіпсіздігін жасау;
  • қолма-қол ақшасыз төлем құралдарын жетілдіру және олардың қолдану саласын кеңейту;
  • рейтингілер, қор индекстері, қаржы нарығының мониторгинтері сияқты өнімдерді ұйымдастыру мен жетілдіруге мүмкіндік жасау;
  • айналымға бағалы қағаздардың жаңа түрлерін және басқа да қаржы құралдарын енгізу;
  • Қазақстанның қаржы нарығында айналымға көрші мемлекеттерден басқа да қаржы құралдарын, қолайлы инвестициялық сапа шарттары кезінде оларға жіберудің қарапайым сипатын белгілей отырып тарту;
  • қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін Ұлттық банк пен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан, оларға нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, қаржы нарығының субъектілерімен тікелей өзара іс-қимыл мен жеке құрамның жоғары біліктілігін қамтамасыз ете отырып, қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығын арттыру маңызды.

Информация о работе Қаржы нарығы мен ұйымдардың реттеудің теориялық негіздері