Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 18:12, реферат
Қазіргі таңда ең басты мәселелердің бірегейі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу. Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне үйрету.
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Ақыл – парасат пайымы.
Қазіргі таңда
ең басты мәселелердің бірегейі қазақ
тілінің мемлекеттік мәртебесін
көтеру, барлық қаракөз бауырларымыздың
өз ана тілінде сөйлеуіне қол жеткізу.
Тек тіл үйренуде ұмыт болып бара жатқан
шаруа бала бақша, үй, мектеп, жоғары оқу
орындарында ұл-қыздарымызды тілдік қоры
бай қазақ тілінде сөйлеу мәдениетіне
үйрету. Содан, үйде де, көшеде де, қоғамдық
орындарда да бірқатар жастарымыздың
бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында,
әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні,
қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні
байқалады. Олай болса, біздің бүгінгі
әңгімеміз тіл, сөйлеу мәдениеті, ауызша,
жазбаша сөйлеу хақында.
Сөйлеу, тілдік
амалдар, тіл мәдениеті
Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы
пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп
атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық
мүшелері қатысады, алайда ол адамның
психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне
тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған
тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың
пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты.
Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау
ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті
категориялар. Соның нәтижесінде тіл –
жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас
құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік
жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады.
Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің
нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен
қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің
тілдің басқа салаларынан айырмашылығы
оның күнделікті өмірде тілдің қолдану,
жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста
болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік
норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика,
сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы).
2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының
ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу
қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға
негізделген.
Ойдың және сөйлеудің
дамуы
Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға
айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз
таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба
алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз
болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің
дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің
сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары
ақыл мәдениетіне жете алмайды.
Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді.
Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай
екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық
сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе
бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық
сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме,
баяндама, лекция және басқа да түрлері
кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы
– көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу:
ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық
сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.
Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі
бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің,
жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді.
Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп,
іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің
бұл сипаты – оның мәнерлілігі.
Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда
мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды
ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып
шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі
интонациямен, мимикамен, ишаралармен
білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай
мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға
жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып,
оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі
түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу -
өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере
білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай,
нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп,
тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.
Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын
тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар
оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық
және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен
жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің
арасында психологиялық айырмалар да
баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі
ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше,
бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып
жеткізуге шорқақ.
Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология»
кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953
жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы
былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде
қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі:
әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге
сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір
айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті
қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа
айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады...
Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу
деп атауға болады.
Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден
жеңіл болады. Онай болатын себебі – сөйлеушілер
бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан,
қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан,
бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді
айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне
қояды...
Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен
толықтырылады. Қорыта айтқанда, диалог
сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу
жақтарына онша көп талап қойылмайды.
Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда
барлығы ақырына дейін толық баяндалуы
керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты
түрде құрылуы қажет».
Сөйлеу мәдениетіндегі
шешендік өнер
Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену,
оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда
негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан
табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік
талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс
пайдалана білген адам ғана эстетикалық
әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік
өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге
болады ма, әлде оған жазып дайындалған
дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй
Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем
сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан
үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге
ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің
жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын,
көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы
– шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу
болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап
тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да
көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу
үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері
болғаны абзал.
... Егер өнердің басқа саласындағы аты
мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан
нашар орындап қалған болса, оны ол өзі
әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты
сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен
сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық
деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды.
Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға
байланысты ақымақ болмайды».
Сөзді тыңдай
білмеу
Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар:
басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне
айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін,
өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің
шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған
адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып
та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы
кемшіліктер мен күресе білсе, біздің
сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами
түсер еді.
Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің
талаптарын орындай бермейді. Содан көп
сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап,
тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың
ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы
пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп
айта беретіндері де кездеседі. Бұл да
сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік.
Қаратпа сөз хақында
Ағылшын тілінде қазір «сен» деп сөйлесу
іс жүзінде жоқ. Оларда мұндай есімдіктің
өзі де ұмытылған. Ол ХҮІ ғасырдың өзінде
қолданыстан қала бастап, ХҮІІІ ғасырдың
басында оны сыпайы «сіз» деген есімдік
алмастырған-ды. Тіл мамандарының түсіндіруінше,
көне замандағы «сен» сөзі тек шіркеу
тілінде, көтеріңкі, лепті поэзияда ғана
сақталған көрінеді. Сол себепті, оны «Уа,
сен!» деп аударған дұрыс дейді.
Кейінгі кезде орыс тіліндегі «товарищ»
деген қаратпа сөз де ерсі естіліп, қоғамдық
орындарда «мужчина», «женщина» деген
қаратпа сөздер күштеп орныға бастады.
Алайда оны қазақ тіліне аударып: «Еркек!»,
«Әйел!» деп айқайлар болсақ, ол өте ұятты.
Сол себепті сөз мәдениетін түсінетін
біздің бауырларымыз қоғамдық орындарда:
«Апай», «Ағай», «Қарындас», «Інім» деген
қаратпа сөздерді қолданып, ол транспортта,
сауда орындарында, театрда өзара қарым-қатынас
тіліне сіңісіп кетті.
Шіркін, сөз қадірін түсініп, сөйлеу мәдениетін
сақтай білсе, біздің қазақ тілінің мазмұны
өте бай, сөздері өте сұлу, мейірім, имандылыққа
толы ғой.
Тіл туралы халық
даналығы
* Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
* Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.
* Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
* Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.
* Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит
артық.
* Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ.
Сөз білетін адамның,
Әр сөзіне бір тұсақ.
Ұлылардан ұлағат
Ой көрігінен сомдалып
шыққан сөздің шынайысы
да, жалғаны да болады.
Әл-Фараби.
...Әр сөздің айтылуына
қарай мың мағынасы
бар.
А.П.Чехов.
Тіл – ішкі сырды сыртқа
шығаратын құрал.
Ж.Аймауытов.
Ойың дұрыс болса,
сөзің дұрыс, олай болса,
ісіңнің иесі де дұрыс.
Д.И.Писарев.
* Құнды сөз – құнарлы
ойдан туады.
* Сөз көмескілігі –
ой, пікір көмескілігінің
айнымас белгісі.
Л.Н.Толстой.
Сөйлеу мәдениеті
өспейінше, жоғары ақыл
мәдениетіне жетуге
болмайды.
Б.М.Теплов.
Тіл қаруы – сөз, сөз
қаруы-ой. Ақылды ой,
алғыр сөз адамның ең
жоғарғы қасиеті.
Ғ.Мұстафин.
Тіріні көрге салар
да – сөз,
Өліні тірілте алар
да – сөз.
Әлішер Науай.
Сөз мәдениеті, тіл мәдениеті
Материалы по теме: Қазақ тілі
Адамдардың
бір-бірімен қарым-қатынас Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып екіге бөлінеді. Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы бнлгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары бар тілдің түрі. Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады. Сөз дұрыстығы қәзіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі түтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады. Тіл анық болмас,
ой анық емес деген сөз. Тіл –
ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық
– адамның жалпы |
Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті
Қазіргі мәдениетті, жан-жақты білімді жастардың ақыл-ой көрінісі-әр сөзді өз орнынан жұмсап, мағыналы сөйлеу білуі-заман талабы. Сондықтан да сөйлеу мәденеиетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да, қатты қастерлеген.
Бүгінгі қоғам талабы – егеменді еліміздің әрбір азаматын тек дипломды маман ғана емес, іскер де сауатты, өз пікірін ашық та айқын жеткізе алатын тұлға етіп тәрбиелеу. Тіл-халықтың болмысын ашып көрсететін, бар салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын болмысын айқындайтын белгі. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісі ал» демекші, адам болар кісі сөзінен танылады. Тіл мәденеитін дұрыс негіздеу үшін тек сөздерді байланыстары білу жеткіліксіз. Сөз мағынасын толық түсініп, жеке ұғым қалыптастыру, асыл сөздің қыры мен сырына терең үңілу қажет.
Сыпайы, келісті сөз сөйлеушінің
Жұрттың бәрінің сөйлеу дағдысы, тіл пайдалану тәсілін бір өлшеммен өлшеуге, бір үлгімен пішуге болмайды. Әр сөйлеуші адамның ақыл-ой, парасаты, білімі, мәдениеті, білімге қанықтығы, іс-әрекеті біркелкі емес. Әр түрлі әлеуметтік ортада өз орымен сөйлеу-үлкен мәдениеттілік. Үлкен жиындарда сөз ресми түрде болса, күнделікті қарым—қатынаста басқаша сөйленеді. Қанша ділмар шешен болса да, әр жастағы адамдармен өзінше қарым-қатынас тәртібін сақтау абзал.
Тілдік қатынас – адамдар қарым-
Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын өзіне аудара білу-көптің алдына шыққан адамның бірінші міндеті. Тыңдаушыға сөз анық, дәл, айқын естілуі қажет. Дауыс булыға шықса, жігерсіз әрі бірқалыпты әуенмен айтылса, сөз қанша қызықты болғанмен, тез жалықтырады. Тыңдаушы көңілін басқаға аударып кетеді. Көп алдына шыққан адамның сөзінен табандылық, сенім сезіліп тұрса, оны жұр ұйып тыңдайды. Құр шаңқылдап айғайлап кету, болмаса мұрнының астынан міңгірлеп, күңкілдеп сөйлеген адам да тыңдаушысын жалықтырып, зейіні басқаға ауып кетеді.
Тілсіз қарым-қатынасқа деген
Көп алдына шыққан адам өз тыңдаушысын баурап алуда сөздің мағынасына, сөйлемңің мазмұнына сәйкес әр түрлі қол қимылдарын – қолды сермеу, қол бұлғау, бас шұлғу, бас изеу, бет-жүзді құбылту сияқты қосалқы құралдардың да пайдасы зор. Ол қимылдар айтар ойыңа сәйкес жұмсалса, сөзіңді жандандыра түседі. Айдаладағы бір нүктеге қадалмай, алдыңда отырған жеке адамға не бірнеше адамға көз жүгіртіп, ретті жерінде сөзіңді қостайтындай қимыл жасау дұрыс. Мысалы, санамалап жеткізуде қолдың саусақтарын бүгу не ашу арқылы сөзіңдегі негізгі мәселеге баса назар аудартуға болады. Қасын керу, көзін бақырайту, қабағын түю сияқты қимылдар арқылы да тыңдаушыңды үйіре аласың. Көп алдына шығып алып, әрі-бері теңселіп жүрудің керегі жоқ. Қолды оңды-солды сермеу де дұрыс емес.
Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары: бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары-тілдік қарым-қатынасты толықтырып, оларға коммуникативтік актіні жалғастыру қызметін атқаратын қарым-қатынастың бір түрі болып табылады.
Жұртты ұйытып,
көңілдегі ойыңды дөп басып, әсерлі сөйлеген
адамды тыңдай бергің келеді. Әсерлі сөйлеудің тілге тікелей
қатысты шарты-сөзді сазына келтіріп айту
немесе дауыс мәнерінің жағымдылығы.
Сөз сазы дегенміз - сөйлеу актісінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, үйлесімді айтылуы.
Қазақ әдеби тілінің барша
Тағы бір тілдік норманы бұзу – екпінді және сөйлемдегі сөздердің жігін ажырата алмаудан сөйлеушінің сөзі кедір-бұдыр шығады. Осылайша тыңдаушыны жалықтырып алуы мүмкін.
Әдемі күлкі, әдемі жымию –іскерлік әлеміндегі ең қажетті қасиеттердің бірі. Адамдармен тіл табысудың тағы бір кілті – жылы қабақ таныту, жымия білу.
Үлкен жиындарда көп адамға дауысты көтере сөйлеу қажет болса, тар бөлмедегі 5-6 адамға айғайлап сөйлеу - әбестік. Сөйлеушінің даусы құбылмалы, әрі жайдары болса, тыңдаушы бар ынтасымен тыңдауы сөзсіз.
Сөз мазмұнды, әсерлі бол үшін жалпылама сөйлеуден қашу керек. Сөздің нақты, дәлеледі болуын көздеу керек, бос сөз ешкімге білім бермейді, қайта тыңдаушыны жалықтырады.
Сөз мазмұнды болу үшін шешен білуі тиіс нәрсе:
Осы мәселелер ескерілсе, сіздің сөзіңіз табысқа ие болары сөзсіз.