Махаббат татти сезим

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 21:51, реферат

Описание работы

Қазақ халқының рухани бастауларының бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстететикалық-көркемдік, этикалық-ғибраттық зор маңызға ие болды.

Содержание

Махаббат асыл сезім
Негізгі бөлім
1. Махаббатың христиан дініндегі алатын орны
2 Ағартушылардың махаббат жайлы көзқарастары.
3. Хақты сүю махаббаты
4. Философияның бір категориясы ретінде
5. Ер мен әйел арасындағы махаббат
Қорытынды бөлім

Работа содержит 1 файл

Реферат.docx

— 28.39 Кб (Скачать)

                                  Жоспар:

Кіріспе 

              Махаббат асыл сезім 

Негізгі бөлім 

     1. Махаббатың христиан дініндегі алатын орны

     2 Ағартушылардың махаббат жайлы көзқарастары.

     3. Хақты сүю махаббаты

     4. Философияның бір категориясы ретінде

     5. Ер мен әйел арасындағы махаббат 

Қорытынды бөлім 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Махаббатың  христиан дініндегі  алатын орны 

Христиан  діні махаббатты Христос Құдайдың негізгі сипаты деп санады. Соның нәтижесінде Құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылды. Ортағасырлық христиан этикасында, сезімдік және рухани махаббат бір-біріне қарама-қарсы қойылды. Табиғаттан тыс тұрған күш — христиандық махаббат (“адамды сүю”) ілімі жасалды. Бұл ерекше махаббат (“агапэ”) “жақыныңды сүй”, “жауыңды сүй” сияқты қағидалар негізінде таралды 
 

Ағартушылардың  махаббат жайлы көзқарастары 

Ағартушылар махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі деп есептеді. Батыстық философия тарихында Эмпедокл өзінің космолизм ілімінде махаббат бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді. Платон оны сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды: сезімдік махаббат — сұлулыққа сұқтанатын махаббаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп қарады. Махаббат адам бойындағы табиғи сезімдер көрінісінің бірі Мәселен, Шефтсбери махаббатты ынтымақ сезімі және қоғамдық тәртіптер мен сұлулықтың ұйтқысы деп көрсетті. Гельвецийдің түсінігінше, махаббат — адамзат өміріндегі тәрбие құралы және адам дамуының қайнар бұлағы. Сөйтіп, ағартушылар этикасы махаббат мәселесін әлеуметтік өмірмен байланыста қарастырды. Марксизм ілімі махаббатты өзінің әр алуан формаларында жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғам өмірінің мәнді жақтарын тікелей әрі тереңнен қамтып, рухани берілгендік пен қаһармандықтың қайнар бұлағы болып табылатын әлеуметтік-таптық және жалпы адамзаттық ынтымақты бейнелейді деп көрсетті.

Қазақ халқының рухани бастауларының  бірі-шығыс мұсылман әдебиетінде махаббат жайлы жырлар ғасырлар бойы жалпы жұртшылыққа жол тауып, эстететикалық-көркемдік, этикалық-ғибраттық зор маңызға ие болды. 

Хақты сүю махаббаты 

Хақиқатты сүю — адамды иманының, Отанының, отбасының  қадір-қасиетін жете түсінуге баулитын, оларды да қатар сүюге  қайшы келмейтін  махаббат. Мұндай хақты  сүю махаббаты  жайлы өз махабаттарының нысаны етіп жаратушы Алланы қалаған, дәстүрлі қазақ қоғамында  әулие ретінде  құрметтелген, хақ сүйіспеншілігіне жеткен ғұламалар өз хикметтерінде жырлаған. Сондықтан махаббат ұғымын ғалам жаралуының сыры, адамның рухани кемелденуінің жебеушісі ретінде қарастырған Иасауи, Абай, Шәкерім сияқты ғұламалар жырларына жүгініп, махаббат сырын түсінуге болады. Мұсылман діни танымында рухани кемелденудің шыңы болып табылар — “дидар талапқа” жеткізер басты күш-қуат осы махаббат. Сондықтан ислам ғұламалары махаббатты құдайдың “Халық” есіміне сай жаратушылық сипатының телеология қағидасы ретінде қарастырды. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) хадисінде: “Хазірет Хақ субхана уа тағала: мен кеңістіктің бір бұрышында жасырынулы тұрған кен-қазына едім. Менің Тәңірі екендігімді ешкім білмейтін, өз құдіретімді білдіруге махаббатым ауып барша, ғаламды жараттым”, — деді. Осы хадистен Тәңірінің адамға арналған махаббаты барша ғалам жаралуының мақсатты себебі екендігі, яғни телеолологиялық қағида туындайды. “Махаббатпен жаратқан адамзатты” деген қағида Абай, Шәкерім секілді ислам ілімінен сусындаған қазақ ойшылдары шығармаларының негізгі мәні мен маңызы болғандығы мәлім. Мұсылмандық шығыста махаббат тақырыбында жырланған субъект — объектілік қарым-қатынас айқын, ол — ғашық пен мағшұқтың өзіндік орындарымен, қолданылар теңеулерімен анықталады. Мәселен, субъект — ғашықты көбелекке, объект — мағшұқты отқа балап Иасауи былай жырлайды: “Көбелек боп отқа түстім, шоқ боп ұштым, мінеки”.Ал Шәкерім “Сорлы бұлбұл жазға асық боп, нұрлы гүлге айтты зар, Көбелек те отты алам деп, Шамға түсті боп құмар”, — деген өлең Шығыс дәстүрінде қалыптасып, махаббаттың объект — субъектілік ішкі қарым-қатынасының мәнін ашатын от пен көбелек, раушангүл мен бұлбұл, т.б. теңеулерге жиі барады. “Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы” — деген Иасауи, “ариф” — хақты танушы ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану арқылы, өз тереңіне үңілу арқылы жетеді деп біледі.

  Ғұлама шығармаларында  ғашықтық күйдің  бейнеленуі мен  адамның даму, жетілу, ақиқатқа жақындау  сатысындағы халдері  көрініс тапқан, онда  ғашық халі ақиқатқа  ұмтылушының танымдық  сатыларына сай  келеді. Осыдан махаббаттың  гносеологиялық мәселелердің  шешіміне қатысы  аңғарылады. Ақиқатқа  талпынудағы түпкі  мақсат — хаққа  жету. Махаббат иесінің  істеген ісінен, көркем  мінез-құлқынан, ғалам,  дүние сұлулығына  ғажаптанып, одан  ләззаттануынан, дидар  талап етуінен  эстетикалық ізденістің  басты шарты махаббат  екені байқалады.  Ал ғашықтың иман  және қорқыныш (хауф-рижа) пен үміт жайлы  түсініктері мен  ойларынан махаббат  аксиологиялық құндылықтарды  түзуші ретінде  бағамдалады. Ғашықтық  отының нәпсіні  жалынымен тазартар  күшін жырлауынан  махабаттың моральдық-этикалық  категория ретіндегі  мәні ашылады.  Ал мағшұқтың ғашық  ынтызарлығын бейтарап  жауапсыз қалдырмайтыны,  жандүниесінің қалтарыс  сырына дейін білетін  достығы мен іліміне  қарап, сол махаббаьтың  бастау көзі жаратушы  ие деп білетіні  көрінеді. Сопылық  ілім онтологиялық  тұрғыда ғалам  жаралысының сырын  махаббаттан іздейді.

  Абсолютті ақиқат  өзінің құдіретін  паш ету үшін  бұл дүниені пернелеп  жаратуының үш  негізгі себебін  атайды:

1)Құдай  — абсолютті, кемел,  ол өзінің махаббатының  нысаны-адамды жаратты.  Алланың самадтығы  (мұқтажсыздығы) шексіз, ол әуел бастан  махаббат бастауы  болғандықтан да  сүйіспеншіліктің, мейірім-шапағаттың  таусылмас кені. Алланың  адам сүйіспеншілігін  қалауы шындығында  мұқтаждық емес  — жомарттық, себебі  хақтың достығына  жеткен адамды  шексіз рахым-шапағатқа  бөлейді.

2)Құдай  — абсолютті ғажайып,  ол өзінің ғажайыбын  паш еткісі келді.  Сондықтан да ғаламды  ол өзінің сипаттары  сәулеленетін аса  көркем “айна”  етіп жаратты.  Айнадағы бейне  кейпіндегі жаратылыс  дүниеге ғажаптану  арқылы сол бейнеден  Жаратушыны, Ақиқат  бастау түп иені  танысын деп адамды  жаратты. Адамзат  бүкіл жаратылыстың  ішіндегі жауһары,  ең сүйіктісі. Ең сүйіктісі болғандықтан да ол — аса көркем жаратылыс, оны “Алла тағала өз бейнесінде жаратқан” және ол өзінің ең сүйікті досын адамзат қауымы ішінде жаратты. Бүкіл ғаламды, жанды-жансыз дүниені осы екі дүниенің шамшырағы, екі ғаламның тәжі, Алланың сүйікті досы — Мұхаммедтің (ғ.с.) құрметіне, соған деген махаббатының себебінен жаратты. Бүкіл жанды-жансыз, ірілі-кішілі, рухани және материалды заттар мен дүниені “Нұри Мухаммедтің” яғни, хазірет пайғамбардың нұрынан жаратты.

3) Құдай абсолютті  даналық — өзінің  ұлы есімді даналық  сипаты сәулеленетіндей  нысан — адамзатты  жаратуды қалады, Өз ақиқатын, ғылым  құдіретін паш  еткісі келді.

Ал  адам өзінің таным  көзін жоғары ақиқатқа бағыттап, жаратушысын  тани алатындай мүмкіндікпен ақылдың иесі етіп жаратылды. Адамның  өзге жан иелерінен  айырмашылығы да оның ақылында. Махаббаттың  түп иесі осылайша адамды жоғары ақиқатты танитындай нұрлы  ақыл иесі етіп жаратуының өзінде үлкен махаббат бар. Ғұлама Абай өзінің 38-қара сөзінде “…ықыласпен  оқып ұғып алыңыздар, оның үшін махаббат төлеуі махаббат. Әуелі  адамның адамдығы, ақыл ғылым деген  нәрселерменен... Талап, ұғым махаббаттан  шығады, ғылым-білімге  махаббаттандырмақ  әлгі айтылған үшеуінен болады... Қашан бір  бала ғылым-білімді  махаббатпен көксерлік  болса, сонда ғана оның аты адам болады”  дейді. Яғни адамның  ең асыл қасиеті —  ақыл, ең асқақ мұраты — танымға құмарлық. “Махаббатсыз, дүние  дос, хайуанға оны  қосыңдар” деген  Абай атамыз “ғылым-білімді  махабатпен көксерлік  болғанда”, жүрегін  дүние достығынан босатып, хаққа арнағанда  ғана адам атына лайық  боларын айтады.

Адам  жаратылысының осы  негізгі үш себептерін:

сүйіспеншілік үшін,

сұлулыққа ғажаптану үшін,

ақиқатты  тану үшін деп ажыратқанмен де, осы талпыныстың  бәрі махаббаттан  бастау алады.

  Пәктікті сүюге,  сұлулықты түйсінуге,  кемелдікті тануға  талаптанудың барлығы  махаббаттан шығады. “Не қылсаң да  ға-шық қылғын  пәруәрдігер” деген  Иасауидің ғашықтық  дертін махаббат. бастауының өзінен  тілеуі сондықтан  да түсінікті.   “Махаббатпен жаратқан  адамзатты, 

  Сен де сүй сол  Алланы жаннан  тәтті. 

  Адамзаттың бәрін  сүй «бауырым»  деп, 

  Және хақ «жолы  осы» деп әділетті

Осы үш сүю болады иманигүл,

Иманның асылы үш деп сен  тахқиқ біл”- деген  Абай да махаббатты иманның негізі деп  таниды.

  Имандылық жаршысы  болған осы ғұламалардың  махаббат жайлы  пікірлері бір  арнада тоғысады. Олар махаббат  бастауы — Алла  деп біледі. “Кәпір  болса да берме  азар” дейтін  Иасауи де бүкіл  адам баласын сүюге,  татулыққа, бауырмалдыққа  үндейді. Ал Хақ  жолы — әділдікті  сүю — ізгілікті  сүю, яғни ғаламның, табиғаттың үйлесімділігінен, заңдылығынан ғибрат  алып, соған сай  өмір сүру, сондай-ақ  адамзат қауымындағы,  адамның жаны мен  тәніндегі бүкіл  заңдылықтар мен  құбылыстарды ретке  келтіретін ақиқат  ілімге сай өмір  сүру. Абай “Бәлки  ғадаләт барша  ізгіліктің анасы  дүр”, “Ынсап ұят  бұл ғадаләттен  шығады” дейді.  Иасауидің адамзатқа  деген махаббатта  үлгі тұтар адамы  Мұхаммед пайғамбар  (ғ.с.), оның үмбеттерін  сүюі мен ғаріп,  жетімдер үшін  қиыншылық тартуын  “Диуани хикметте”  жүйелі жырлайды.

  Махаббат — қозғалыс  бастауы, өмір  бұлағы, хауф пен  рижаның яки, қорқыныш  пен үміттің диалектик.  бірлігінен қанаттанған  құс іспетті. Себебі  “Диуани хикметте”  әулиелер сұлтанының  Хақ алдында өзін  күнәһар сезіну  қорқынышы бар.  Сонымен қатар,  Алла рақымынан-  фазылынан (кешірімшілдігінен)  үміт етуі жарыса  келіп махаббат  өрілімін түзеді. Алланың әділі  (сынағы) бар, сондай-ақ  фазылы бар дейді  иман келтірушілер. Әділі яки, сынағы  тұрғысынан алсақ  — шексіз пәктік  иесі сұбхан Алланың  сынағына төтеп  берер, оның рахымына  лайық, күнәдән  пәк, Алламен достыққа, оған қауышуға лайықты адам баласы жоқ. Фазылы, яки кешірімділігі тұрғысынан алсақ — Құдай адамның таудай күнәларын оның тәубасына сай таудан да үлкен фазылымен қарсылап, кешіре алады. Сондықтан бұл махаббаттың қос қанаты қауіп пен үміт (рижаның) адамды тәубе мен тақуалыққа бастап, ынсаптылыққа тәрбиелейді. Махаббат ақыл үлесі емес, жүрек несібесі, ал ақылдың жаяулар жазықтығы мен ділдің самғар кеңістігі тең емес. Ділдің шексіздігі ақыл аясына сыймайды. “Хақ алдында ақылы кәміл түк қыла алмас, ұашық өрті лапылдаса бір дем қоймас. Көбелектей отқа түсіп өзін білмес, Бұл сырлармен дүниеден тойдым мен” (Иасауи). Адам хақты тану үшін жаратылды деген қағида тұрғысынан оның жаратылыс сырының танымдық қыры айқындалады. Сонымен қатар адамның Хақты тану құралы ретінде ақыл мен жүректі атасақ, Махаббат осы жүрек танымының азығы, күш-қуаты, жебеушісі. “Ақыл мен хауас барлығын білмейдүр, Жүрек сезедүр. — Мүтакалимин мантикин бекер босқа езедүр” деген Абай өлеңі осыны нақты мәлімдейді. Осы тұрғыдан махаббат сопылық ілімдегі хақты танудың басты гносеологиялық категориясы ретінде көрінеді. Сопылық ілім бойынша, бұл дүниеде махабаттың көп түрі бар. Адам жүрегінен жүз мыңдаған талап орын алуы мүмкін, бірақ осы көп талаптың барлығын қосқанда да дидар талабына сай келмейді. Нағыз ғашық құштарлық пен құмарлықтың барлығын жеңеді. Құштарлық пен құмарлықты жеңу жан қинар арпалыспен жетер аса ауыр азап. Басқа талаптардан жүректі босатып, таухид талапты орналастыру — асыл мұрат.  

Философияның  бір категориясы ретінде 

Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның эзотер., тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша махаббат — ғаламның, адамзат жаралуының телеологиясы, себебі, оның рухани жетілуінің, эстететикалық ләззаттануының, этикалық ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше.

Мысалы, адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы махаббат —имандылықтың, ер мен әйел махаббаты — отбасының, Отанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт махаббаты — білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махабаттар — елдіктің, т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы.

  Сонымен қатар адамның Отанына, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілік сезімі де махаббаттың бір көрінісі. Ер-азаматтың қорғауға міндетті басты үш намысы —

иман,

Отан,

Отбасы,- махаббатқа негіз болар құндылықтар.

  Махаббатты осылайша жіктеуге махаббат иесі сезімінің нысанын, көздеген мақсатын белгілеуі негіз болады. Махаббаттың сезімдік әсер тұрғысынан күйініш пен сүйініш, қорқыныш пен үміт өзара ұласа жүріп, адам бойында күйіп-жанған ынтық сезім, қанат бітірер ұшқыр қиял, риясыз пейіл, мейірім-шапағат түрінде көрініс беруі махаббаттың бар түріне тән жалпы сипаты болып табылады. Яғни махаббаттың қай түрі болсын адамды ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелейді. 

  Ер мен әйел арасындағы махаббат 

Адамдардың  басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та ер мен әйел арасындағы махаббат. Алғашқыда күйіп-жанған ынтық сезіммен басталған махаббат жұбайлық жұп құру кезінен бастап жаңа сатыға өтеді. Некедегі ер мен әйелдің отбасындағы өзара адалдығы, бір-біріне қамқорлығы, ортақ жауапкершілігі, ізгі мақсат, ортақ мүддеге жұмылуы алдыңғы орынға шығуымен махаббат жаңа сапалық өзгерісте дамып, тәрбиелік мәні артады. Демек, ер мен әйел арасындағы махаббат пен осындай басқа да махаббаттардың барлығы — олардың ешқайсысын жоққа шығармайтын, бірақ бүтіндей қамтып, әрқайсысының мәнін арттыратын адамның хақиқатты мақсат еткен Аллаға деген махаббатының алғашқы сатыларының бірі. 

Информация о работе Махаббат татти сезим