Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 14:55, реферат
Бейнелеу өнері (ағылш. fіguratіve art, франц. art fіguratіf, нем. bіldendr Kunst) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды.
Бейнелеу өнері (ағылш. fіguratіve art, франц. art fіguratіf, нем. bіldendr Kunst) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ. Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған.
Қазақ бейнелеу өнері – көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби 'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған графикалық долбар суреттері қайта өрлеу дәуірі өкілдері (Леонардо Да Винчи, Рафаэль Санти) шығармаларымен сабақтасып жатыр (“Аға сұлтан портреті”, “Бақсы”, “Қазақ музыканттары”, “Шығыс ұйғырларының киімі”, т.б.). Шоқан Қазақ Бейнелеу Өнерінің графикалық саласында ғана емес, сонымен қоса, кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”). Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов және мүсінші А.С. Пономарев сабақ берді.
20 ғасырдың 20 –
30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері
шеберлері алғашқы қадамдарын
жасады. Жас суретшілер кескіндеме
мен графиканың кәсіптік
Қазақ бейнелеу өнері.
1933 жылы республика
Суретшілер одағының
2-дүниежүзілік
соғыстан кейінгі жылдарда
М.Аманжолов, К.Муллашев,
Е.Төлепбаев, т.б. шығармаларынан романтикалық-символдық
және сезімдік бастаулар көрініс
тапты. Бұл суретшілердің шығармалары
айқын да күрделі түсімен, шиыршық
атқан бояуымен, белсенді кеңістік
ортасымен, бейнелердің әсемдігімен
және сырлылығымен ерекше көзге түседі.
М.Қисамединов еңбектері
Б.Өтеп атындағы
дарынды балаларға арналған “Өнер”
мектеп-интернаты
Тақырыбы:
Қазақтың бейнелеу өнері