Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 20:18, реферат
Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпсті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау саласындағы жұмысшылар құқының кепілдері
Еңбек
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпсті және (немесе) зиянды өндірістік факторларды шектейтін кешенді шаралармен қамтамасыз ететін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы.
Еңбек келісім-шартын жасаудағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғау құқына кепілдеме:
Еңбек келісім-шартында қауіпті және (немесе) зиянды өндіріс факторларымен бірге, еңбек жағдайларының жалпы сипаты, кепілдіктері, жеңілдіктер мен өтемақылық төлемдер көрсетілуі тиіс.
Ауыр, қауіпті (аса қауіпті) және зиянды жұмыс, сонымен бірге жерасты жұмыстарына жұмылдырылатын жұмысшылармен еңбек келісім-шартын жасау кезінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік өкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарына сәйкес, азаматтың алдын ала медициналық тексеруден өтіп, денсаулығының қарсы жақтары жоқтығы анықталуы талап етілуі тиіс.
Еңбек қызметі үдерісіндегі еңбек қауіпсіздігі мен қорғауда жұмысшы құқының кепілдемесі:
Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша мемлекеттік стандарт талаптары, ережесіне сәйкес болуы тиіс.
Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптарын бұзуы салдарынан жұмыс уақытша тоқтайтын болса, жұмысшының қызмет орны мен орташа айлық жалақысы сақталады.
Жұмысшының өз өміріне қауіп және (немесе) зиян келу жағдайына қарай жұмыстан бас тартуы оның тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тартылмайды.
Жұмысшылар жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, жұмысшы қызметін тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші сол себепке жұмысшының орташа жалақысын төлеуі тиіс.
Қызметтік міндеттерін атқаруда жұмысшының өмірі мен денсаулығына зиян келсе, оған келген зиян Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен азаматтық заңнамасында қарастылырған шарттар мен тәртіппен өндіріледі.
Жұмысшыларды міндетті медициналық тексеру:
Жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен ауыр, қауіпті (аса қауіпті) және (немесе) зиянды жұмыстарға жұмылдырылған жұмысшыларды Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамалық тәртібі бойынша мерзімді медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастыруға міндетті.
Қауіптілігі жоғары машина және механизмге байланысты жұмыстағы жұмысшылар ауысымалды медициналдық тексеруден өтуі тиіс. Ауысымалды медициналық тексеруді талап ететін мамандық тізімі денсаулықсақтау саласындағы мемлекеттік өкілетті органмен анықталады.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша жұмысшыларды оқыту, нұсқау және білімін тексеру:
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша жұмысшыларды оқыту, нұсқау және білімін тексеру жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен өткізіледі.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша жұмысшыларды оқыту, нұсқау және білімін тексеру өткізу мерзімі мен тәртібі қызмет аясына сәйкес мемлекеттік өкілетті органмен келістіре отырып, еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органмен анықталады.
Жұмысқа қабылданған тұлғалар жұмыс берушінің ұйымдастыруымен еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша алдын ала білімін тексеруден өткізеді. Алдын ала тексеруден, нұқсаудан және білімі тексеруден өтпеген жұмысшылар жұмысқа қабылданбайды.
Өндірістік ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды қамтамасыз ететін басқарушы жұмысшылар мен тұлғалар, мерзімді түрде, үш жылда бір рет сәйкес білім ұйымында біліктілігін арттыу курстарында еңбек қауіпсіздігі мен қорғау мәселесі бойынша оқып, білімін тексеруі тиіс