Арбитраж түсінігі, мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 07:50, доклад

Описание работы

Аралық сот институты өзінің тарихи түп тамырымен «жәй құқыққа» қатысты ежелгі сот әділдігінің нысаны болып табылады, себебі адам табиғатына жақын даулы істерді әділетті шешу үшін тәуелсіз үшінші тұлғаны тарту әлемнің барлық заңнамалық жүйелерінде жарияланған табиғи құқық болып табылады. Аралық сот өндірісінің белгілері әртүрлі халықтың көптеген ежелгі жазбаларында, Рим құқығының нормаларында, «Еркін халықтың Цех құқықтарында», Канондық құқықтарда және көптеген басқа да ежелгі және орта ғасырлық құқық дерек көздерінде сипатталады.

Работа содержит 1 файл

Iskalieva.doc

— 44.50 Кб (Скачать)

     Арбитраж  түсінігі, мәні

     Искалиева А.Б.

     Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар  және инжиниринг    

     университеті

     volna91@list.ru

     Аралық  сот институты өзінің тарихи түп  тамырымен «жәй құқыққа» қатысты  ежелгі сот әділдігінің нысаны болып табылады, себебі адам табиғатына жақын даулы істерді әділетті шешу үшін тәуелсіз үшінші тұлғаны тарту әлемнің барлық заңнамалық жүйелерінде жарияланған табиғи құқық болып табылады. Аралық сот өндірісінің белгілері әртүрлі халықтың көптеген ежелгі жазбаларында, Рим құқығының нормаларында, «Еркін халықтың Цех құқықтарында», Канондық құқықтарда және көптеген басқа да ежелгі және орта ғасырлық құқық дерек көздерінде сипатталады. Бұл аралық сот институтының өркениетті сот жүйесінің туындауына, дамуына және көтерілуіне орасан зор әсер еткендігін білдіреді. Тарих бүкіл халықтың және мемлекеттің тағдыры аралық соттың қолында болғандығын біледі, мысалы, Гуго Гроций (1583 – 1645жж. голландиялық заңгер және халықаралық құқық негізін салушы) Фукидидаға (афиналық тарихшы, б.д.д. 460 – 400 жж.) сілтеме жасап, лакедемонян және аргосшылар шартында: "Егер одақ мемлекеттердің бірі одақтас мемлекетпен дауласатын болса, онда даулар делдал болып саналатын мемлекеттің құзырында қаралсын» деп келісілгендігін жазды. Сонымен қатар Гуго Гроций «соғысты болдырмау мақсатында даулы мәселелерді шешу үшін аралық делдарды сайлау – бұл әділдік пен бейбітшілікті жақтаушылардың өтетін қасиетті жол. Осылайша, бұрынғы ұлы корольдер мен халықтар осы жолмен жүрген» деп жазды [1].

     Аралық  соттың шешімі негізделген тәуелсіздік  пен әділдік қағидаттары дауларды шешу барысында жоғары объективтілікке  қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондықтан ғасырлар бойы аралық сот  мемлекеттік әділетпен қатар  дауларды шешудің заңды тәсілі болып саналған.

     Қазақстандық  халықаралық арбитраж үнемі әрекет етуші арбитраж институты болып  табыладын онда тек қана Қазақстан  Республикасының заңнамасы негізінде  дауларды шешпейді, сонымен қатар  іс жүргізу жақтарымен белгіленген  құқық нормалары арқылы шешеді.

     «Кез  келген  шарттан немес контрактіден туындайтын даулар әрекет етуші Регламентке  сәйкес Қазақстандық Халықаралық Арбитражда қорытындылай реттелуге жатады» [2].

  • Процестің жылдамдығы және әсерлігі;
  • Тараптармен Қазақстандық халықаралық арбитраж құрамынан тыс және жалпы арбитор кандидатурасын  таңдау мүмкіндігі;
  • Регламентпен көзделген жағдайларда арбитраж шығындарын азайту;
  • Заңды және негізделген шешім қабылдау;
  • Қазақстандық халықаралық арбитраж шешімдерінің шын мәнінде орындалуы және т.б.

     Қазіргі заман практикасы  арбитраж соттарының коммерциялық істерді қарауда мемлекеттік соттардың алдында бірқатар басымдылықтарға ие. Олардың қатарына арбитрді тандауды обьективті камтамасыз етуді жатқызамыз. Жалпы юрисдикциялық сотқа талап қойған жағдайда судьяны таңдау мүмкіндігі берілмейді. Ал төрелік сотта керсінше тарптардың арбитрді таңдау еркінде екенімен ерекшеленеді. Үнемі әрекет етуші аралық соттарды құрамына тек қана мамандандырылған заңгерлер емес, сонымен қатар экономика, қаржы, сақтандыру, өндірістік технологиялар және өзге де саладағы мамандар кіреді, бұл мемлекеттік соттарға қарағандағы  шаруашылық дауларды шешудегң тағы бір ерекшеліктері деп санауға болады.

     Тағы  бір айтып кететін жағдай, бұл  арқалық сот  жиналымдардың жеңілдетілген  төлемдер қабылдау жүйесі. Оның құны айтарлықтай орынды болып, сол құнына Қазақстан Республикасының Аралық соттары тараптарға аралық сотта іс қарауында әкімшіліктендіру процесінің сапалы ұйымдастырылуын және сот отырысын жүргізу барысындағы  жоғары деңгейлі жайлылықты  қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде тараптардың өз мүдделерін  қорғауына толық көңіл бөлулеріне әсер етеді.

     Осындай соттардың бірі ретінде Қазақстанда  көбіне «IUS»2 Заңгерлік орталығының Халықаралық аралық соты шығады. Бұл сот 1993 жылдан бері 100-ден астам шаруашылық дауларды оның  ішінде Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Корея, Канада, Британдық Виргиндік аралдар, Панама және тағы басқа елдердің ұйымдары мен мекемелерінің арасындағы дауларды шешкен. «IUS»2 аралық сотының құрамына кіретін 21 арбитр Қазақстанның, Ресейдің, Чехияның арбитраж соттарымен  әріптестік қатынастары орнатылған.

     Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі ең қарқынды дамушы елдердің бірі болып табылады. Ал мұның бірден бірі  себебі экономикалық өсумен және әлемдік экономикалық жүйеге белсенді кіруімен, сонымен қатар, бұл құбылыстың бірден бір себебі – аралық сот  институттарының дамуы мен бизнестегі қазіргі заманғы қатынастары болып саналады.

     Бүгінгі күні, XXI ғасырдың дамыған елдерінде 70-тен 90 %-ға дейін экономикалық және халықаралық құқықтық даулар аралық сот өндірісінің режимінде қаралады. Қазіргі уақытта аралық сот еліндегі даму азаматтық қоғамның даму көрсеткіші ретінде қаралады және аралық сот өндірісінің заңды қол жетімділігін бекіткен елдің инвестициялық рейтингін анықтауда ескеріледі.

     Соңғы кездері бүкіл әлемде дауларды шешуде медиаторлық қарау дегендей механизм кең орын алып тұр. Бұл жерде медиатор екі тарапқа да тиімді дауды шешу жолын белгілеп, ұсынады, соның барысында тараптарға міндетті болып  келетін шешім шығармайды [3].

     Қазақстан Республикасының  Аралық соттарында мамандандырылған  судьялар коллегиясы қалыптастырылған: заңгерлік, қаржы-экономикалық, өндірістік-техникалық және өзінің құрамында  әртүрлі саладағы беделі жоғары ғалымдар мен мамандары бар әлеуметтік салалары бойынша. Енді тараптарға өздерінің мүдделері мен туындаған дауларының пәніне байланысты судьяларды таңдауына мүмкіндік туады. Қазақстандық Аралық соттардың тағы бір ерекшелігі, бұл аралық судьяларды тағайындауда орның ешкімнен тәуелсіздігі, оған ешкімнің қысым жасай алмайтындығы деп санаймын...

     Тағы  бір мәселе. Аралық сот өндірісі бітімгершілік келісімге келудің жоғары  деңгейін және сот шешімдерін өз еріктерімен орындау мүмкіндіктерін ұсынады.

     Ал  айтылған және өзге де мәселелерден айырылу үшін қазақстандық және шет елдік  әріптестермен келісім шартқа тұрғанда Қазақстандық Халықаралық Арбитраждың арбитраждық түсініктерін енгізген жөн болар еді. Оның ішіне аралық сот шешімдерінің орындалуларының кепілдіктері сияқты түсініктерін енгізу керек. Аралық сот шешімдері міндеттілік сипатта болады, ол тек қана аралық сот тараптарына ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдарға да міндеттілігі болып табылады.осылайша аралық сот шешімдерінің орындалуларының кепілдіктері  Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциядағы соттарының шешңмдерінің орындалулары секілді кепілдіктері бар.

     Аралық  соттарға жүгіну үшін тараптардың жазбаша  нысандағы  келісімдері немесе шартта  шарттан туындаған дауларды немесе шартты бұзу не жарамсыздығы салдарынан  туындаған дауларды Регламентте белгіленген  мекен-жай бойынша аралық сотқа жүгінуі туралы  арнайы көрсетілуі қажет.

     ҚР  «Шетелдік инвестициялар туралы»  заңы  туындаған инвестициялық  дауларды инвестордың жазбаша келісімі бойынша  келесі арбитраж органдарында қаралуы мүмкін:

     а) ИКСИД конвенциясы негізінде  құрылған инвестициялық дауларды шешудегі халықаралық орталық;

     б) егер мемлекет-инвестор ИКСИД Конвенциясының құрамына кірмейтін болған жағдайдағы орталықтың қосымша органы;

     в) Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясының Арбитраж регламенті негізінде бекітілетін арбитраж органы;

     г) Стокгольмдегі Сауда палатасының  Арбитраж Институты;

     д) Қазақстан Республикасындағы Сауда-өндірістік палатасының  Арбитраж комиссиясына[4].

     Жоғарыда  атап өткендей «аралық сот» түсінігі қымбат естілгенімен, шын мәнінде ол бір тұрғыдан қарағанда жалпы юрисдикциядағы соттарға қарағанда әлде қайда арзан, тиімді болып келеді.

     Сондай-ақ, аралық соттардағы жалпы сот қорғауының тиімділігі, құқыққолданушылық қызметінде, көбіне іс жүргізудің соңғы сатысы болып табылады. Яғни сот шешімдерін орындау болып табылады.

     Осы жоғарыда жазылғандармен  айтпағым, Қазақстандағы  аралық соттар күндердің  бір күні  Қазақстаннің құқықтық, сот практикасында жалпы юрисдикциялық  соттар секілді еліміздің құқықтық жүйесінің қарапайым элементі болады деген сеніммен қарау керек. 

     Пайдаланылған әдебиеттер

     1) История возникновения и развития Арбитражных судов// www.tatarstan.arbitr.ru

     2)Аралық соттар туралы. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22 Заңы.

     3) Сулейменов М.К. Медиация в Казахстане: современное состояние, перспектива, развитие. Юрист. 2009. С. 12-19; Сулейменов М.К., Куанышев Б.Г. Альтернативные процедуры разрешения споров. Международный коммерческий арбитраж. Сб. статей и документов (рус.и англ. яз). Отв. ред. И.П. Грешников. Алматы: Юрид. центр IUS, 2002. С. 140-152;

     4) О Казахстанском Международном Арбитраже// М.К. Сулейменов, Председатель Казахстанского Международного Арбитража, Академик НАН РК,  доктор юридических наук, профессор// www.arbitrage.kz

Информация о работе Арбитраж түсінігі, мәні