Тірек

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 12:51, лекция

Описание работы

Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік. Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы ортамен карым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, коңіл-күйі, үйқы, түс көру, гипноз т. с. с. ми сыңарлары мен олардың қыртысының негізгі қызметі болып есептеледі.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 28.06 Кб (Скачать)

Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік. Жоғары жүйке әрекетіне  ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті  адам организмінің сыртқы ортамен карым-қатынасының  тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, коңіл-күйі, үйқы, түс көру, гипноз т. с. с. ми сыңарлары мен олардың  қыртысының негізгі қызметі болып  есептеледі. 
Мұғалімдер жоғары жүйке әрекетін жете түсіну арқылы балалардың мінез-құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жұмыстарын жөнге келтіріп, жан-жақты білімді, дұрыс дамыған жастарды тәрбиелей алады. 
Жоғары жүйке әрекеті туралы ілімнің негізі болып шартты және шарттсыз рефлекстер болып табылады. И. П. Павлов барлық рефлекстерді екі топқа шартты және шартсыз рефлекстер деп болгені айтылған. Шартсыз рефлекстер алғашқы кезде организмнің тірлігін сақтау үшін қажет. Балалардың шартсыз рефлекстерін туысыменен тексеру арқылы олардың жүйке жүйесінің дамуын анықтайды. Шартсыз рефлекстер туа пайда болып, өздерінің орындалуы үшін ешқандай қосымша жағдайларды қажет етпейді: тітіркендіргіш әсер етісімен шартсыз жауап пайда болады. Олар тұқым қуалайды, сондықтан организмнің әр түріне тән оздерінің шартсыз рефлекстері болады. Бұл рефлекстердің рефлекторлы доғасы жүйке жүйесінің томенгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері аркылы қалыптасады да, ми сыңарларының қыртыстары қатыспай-ақ іске аса береді. Шартсыз рефлекстер негізінен ұрықтық кезенде де, бала туганнан кейін де қалыптаса береді. Айталық, қорғаныс рефлекстері туғаннан-ақ болады, ал жыныс рефлекстері жыныстық жетілу мерзімінде пайда болады. Олардың рефлекторлы доғасы өзгермейді. 
Шартты рефлекстер тұқым қуаламайды, тек өмір тәжірибесінің негізінде, сыртқы ортамен байланыстың арқасында пайда болып отырады. Әркімнің өзінің тұрмыс жағдайына қарай әртүрлі шартты рефлекстері болады. Олардың рефлекторлы доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады. Сондықтан ми сыңарларының қыртысы болмаса, шартты рефлекстердің кейбіреуі пайда болғанымен, олардың тіршілікке маңызы онша емес. 
Шартты рефлекстер организмді сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдейді. Балалардың шартты рефлекстерін бақылау арқылы олардың миының даму дәрежесін, ақыл-ойының дамуын бақылауға болады. Барлық балаларда шамамен бір мезгілде пайда болатын шартты рефлекстерді (тұрақты шартты рефлекстерді) бақылай отырып, бала дәрігерлері оның жоғары жүйке әрекетінің дамуын біледі. 
Барлық шартты рефлекстердің қалыптасуы үшін сыртқы ортаның қосымша белгілі бір жағдайларын тудыру керек: 
- әсер етуші шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің болуы; 
- шартты тітіркендіргіштердің әсері шартсыз тітіркендіргіштің әсерінен сәл бұрынырақ басталып (15-20 сек), олар біраз уақыт бірге әсер етуі тиіс; 
- тітіркендіргіштердің тұракты ретпен әсер етуі; аталган жағдайлардың ұзақ уақыт көп қайталануы; шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргіштен өлсіздеу болуы; 
- жүйке жүйесінің маңызды болімі — ми қыртысының қызмет қабілетінің дұрыс қалыпта болуы. 
Шартты рефлексті тудыру тәжірибесінде сыртқы ортаның белгілі бір жағдайын шартты тітіркендіргіш ретінде пайдалана береді. Ал шартсыз тітіркендіргіш организм үшін маңызды әсер болуы керек. Ол шартты тітіркеңдіргіштің әсерін бекітетін болғандықтан кобінесе тамақты немесе ауру сезімін тудыратын әсер ді пайдаланады. 
Балаларда шартты рефлекстерді тудыру үшін 3 жасқа дейін шартты әсер ретінде баланың ұнататын тамағын немесе ойыншықты қолданады. Мысалы, баланы жүргізіп үйреткенде шақырушы кісі кәмпитті (егер бұрын кәмпит жеп жүрген бала болса) немесе жаңа ойыншықты көрсетіп шақырады да бала тәй-тәй басып келсе, кәмпитті/ ойыншықты бере қояды. Кейіннен кәмпитті алуға ұмтылған бала аяғын тезірек басуға мәжбүр болады (кәмпит үстаған адам бала алға басқан сайын шегініп, ара қашықтығын ұзартады), сөйтіп баланың жүруін тездетеді. 
Бала өсе келе оның екінші сигнал жүйесі дамыған сайын, шартты тітіркендіргіш ретінде сөздің әсері пайдаланылады. Сөз әсеріне шартты рефлексті тудыру үшін 3 жасқа дейінгі балаларда негізінен үш жағдайды алғаш кезде сақтау керек. Сонда бала тез, уақытында сөйлеп үйренеді: 
1. Үйретіліп отырған сөздің магынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, «әке» деген сөзді үйрету үшін «әке» деп айтып отырып, әкесін көрсету керек. 
2. Сөзді айтушының болу керек және алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола түра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін. 
3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс тұруы керек, яғни баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет.

Шартты рефлекстердін тежелуі  және жас ерекшеліктері. Мидағы қозу мен тежелу бір-бірімен байланысты өтеді. Табиғатта организмнің қызметін тудыратын мидағы нерв клеткаларының  қызметін ақырындатып немесе тоқтату  қажеттілігі жиі кездеседі. Мұнд айда мидағы тежелудің маңызы алға шығады. Қалыпты жағдайда мидағы қозу мен тежелу дәл қажетті сотте  организмнің қызметін не үдетіп, не баяулатып отырады. Тежелу 2 түрлі  болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.

1-сурет. Шартты рефлекстердің  пайда болуыпың нсйрофизиологиялық  механизмі: 
1 — ми қыртысындағы көру орталығы, 2 — ми қыртысындағы ас қорыту орталығы, 3 — сопақша мидағы сілексй шығару орталығы, 4 — сілекей безі, 5 — сілекей 
С ы р т қ ы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе үзақ әсер ететін басқа бір тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мұндай жағдайда ми қыртысында жаңа күшті қозу ошағы пайда болып, индукциялы түрде бұрынғы шартты жауапты тудырған козу ошағын тежейді де ол жауап тоқтап қалады. Шартсыз тежелудің бір түрі — ш е к т е н т ы с тежелу немесе қорғаныс тежелу. Бұл организмді сыртқы ортаның үзақ әсерінен қорғайды. 
Ш а р т т ы немесе і ш к і тежелу пайда болған шартты рефлекстің жағдайлары езгергенде туады, яғни шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпегенде біртіндеп шартты жауап жойыла бастайды да, біраздан соң мүлде тоқтайды. 
Оқыту, тәрбиелеу барысында балалардың ішкі және сыртқы тежелуінің пайда болу ерекшеліктерін жақсы білген жөн. Сыртқы тежелу 3-4 жаста жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың ойын жағымды әсермен оп-оңай боліп жіберуге болады. Мысалы, жылап тұрған балаға қызық ойыншықты көрсете қойса, ол жылауын тоқтатады. Яғни сыртқы тежелу сөбилерді тәрбиелеуде өте маңызды орын алады. 
6-7 жастың арасында ішкі тежелудің маңызы арта түседі. Бұл кезде баланы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа үйрету үшін оның ішкі тежелуін пайдаланса, дұрыс тәрбиеленеді. Тәрбиенің бұл әдісін пайдаланып, балаларды өлеуметтік жағдайларға жақсы бейімдеуге, тәртіпке үйретуге болады. Баланы тек қана өзінің тілегінің жетегінде болмай, басқалардың жағдайымен санасатындай етіп тәрбиелеген жөн. 
Шартты рефлекстердің пайда болуы мен тежелуінін жас ерекшеліктері. Жаңа туған сәбидің біраз ғана шартсыз рефлекстері болады. Олардың көбі қорғаныс және тамақтану рефлекстері. Баланың алғашқы апталық өмірінен бастап оның шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Ғалымдардың зерттеуінше, 5-10-шы күндері тамақтануға байланысты шартты рефлекстері қалыптасады: ең алдымен тамақтану негізінде баланың денесінің кеңістікте дұрыс орын алу шартты рефлекстері байқалады. Баланың бұл рефлекстері күрделі тері рецепторлары, проприорецепторлары (лат. проприус — әзіне меншікті + рецептор) мен вестибулярлық қүрылымдарын тітіркендіруге байланысты пайда болады. Алғашқы шартты рефлекстер өте баяу туады, олардың нервтік байланыстары тұрақсыз, оңай жайылады. 
Баланың дамуында бағдарлау рефлекстерінің маңызы зор. Соның негізінде балада сыртқы орта жайында алғашқы танымдар пайда болады. 3-4 айда оның бағдарлау рефлекстері қалыптасып, әрі қарай жасы өскен сайын жеңілденеді. 
3-5 жас арасында шартты оң рефлекстердің бекуі қиындау, себебі бұл мерзімде балалардың қорғану рефлекстері және шартты қорғаныс тежелуі жақсы болады. Қорғаныс тежелу ми қыртысында тез жойылады да, шартты оң рефлекстердің пайда болуына кедергі жасайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың комплекстік шартты рефлекстерінің пайда болуы қиындай түседі: негізінен олар комплексті тітіркендіргіштің жеке әсеріне ғана туады. Сыртқы ортаның әсер леріне байланысты пайда болған шартты рефлекстер балаларда түрақсыз, тез жайылады, шартты тежелуі байқалады. Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың қозуы мен тежелуінің әлсіз екенін көрсетеді. 
5-7 жас арасында қозу мен тежелу күшейе түседі. Сондықтан бұл кезде, әсіресе 6 жаста, ішкі тежелуі жақсарады, ми қыртысының жұмысы артады. Бала 16-20 минуттей бір нәрсеге зейінін тоқтата алады. Сыртқы тежедудің маңызы төмендейді. Сондықтан 15-20 минуттей баланы оқытуға мүмкіндік пайда болады. 
Бастауыш сынып оқушыларында шартты рефлекстердің тууы жеңілденеді, ішкі тежелудің маңызы артады, сөзге байланысты төртінші, бесінші дәрежелі шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Бұл кездегі нервтік байланыстар анағүрлым берік болады, баяу тежеледі. Сөзге байланысты шартты рефлекстерінің қасиеті өзгереді: ересек адамның сөздік шартты рефлекстеріне ұқсас келеді. Шартты оң рефлекстердің пайда болуы жеңілденеді. Баланың орталық жүйке жүйесіндегі қозуы мен тежелуі күшейіп, ми қыртысындағы қозуының маңызы артады. 
Жоғары жүйке әрекетінің топтары. Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғары жүйке әрекетінің және жеке басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне байланысты. Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетінің т о п т а р ы деп жинақтайды. 
И. П. Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа боледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі

Қозу мен тежелудің  к ү ш і деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады. Негізінен алғанда, ол ми қыртысындағы нерв клеткаларының қызмет қабілеті. Кейбір адамдардың миындағы нейрондарының  жұмыс қабілеті жоғары болып, кейбіреулерде  темен және нашар болады. Соған  байланысты қозу мен тежелудің күшін  И. П. Павлов к ү ш т і және ә л с і з деп екіге  бөлген. 
Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы т е ң д і г і деп олардың бір-біріне қатынасы мен даму дәрежесін айтады. Кей адамда олар бірдей дамыған, ал енді біреулерде не қозуы, не тежелуі басымырақ болады. Сондықтан қозу мен тежелудің тендігін т е ң және тең емес деп екіге бөлген. Егер қозуы басым болса — қозғыш, тежелуі басымырақ болса — тежелгіш болуы мүмкін. 
Қозу мен тежелудің а л м а с у ы деп олардың бір-біріне ауысу жылдамдығын, яғни қозудың тежелуге және, керісінше, тежелудің қозуға ауысу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ж ы л д а м (ш и р а қ) немесе б а я у (и н е р т т і) болуы мүмкін. 
Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И. П. Павлов жануарларда жоғары жүйке эрекетінің 4 түрлі топтарын атаған: 
1. Күшті үстамсыз, қозуы тежелуден басым топ. 
2. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ. 
3. Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ. 
4. Әлсіз топ. Ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті томен, қозуы нашар дамыған, тежелуі басым. 
И. П. Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекетінің жануардағы топтары дөрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4 темпераментіне сәйкес деп есептеген. Гиппократ денедегі 4 түрлі сүйықтардың өзара қатынасына байланысты адамның мінез темпераментін 4 топқа бөлген. Олар холерик (грек. холе — сары от), сангвиник (сангвине -қан), флегматик (флегма — кілегей шырын) және меланхолик (мелайне холе — қара өт). Күшті, ұстамсыз топ Гиппократтың холерик темпераментіне, күшті тең жылдам — сангвиник, күшті тең баяу -: флегматик, әлсіз тежелгіш топ — меланхолик темпераментіне сәйкес. 
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі. Әсіресе, осіп дами келе, баланың жасы үлғайған сайын ержеткенде аралас топтар кобірек орын алады. 
Сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1-ші сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін «сигналдың сигналы» деп атады. Еңбектің және өлеуметтік дамудың нөтижесінде адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған, оны екінші сигнал жүйесі деп атайды. 
Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласында барлық түсініктер, керіністер, құбылыстар мен сезімдер сөз бен белгіленеді. Бұл 1-ші сигнал жүйесінің қозуы 2-ші сигнал жүйесіне ауысатынын білдіреді. Баланың өміріндегі оқыту мен үйретудің және оның өзінің творчествалық әрекеттері 2-ші сигнал жүйесінің дамуымен кемелденуіне байланысты. Ол өзінің ең жоғары дәрежесіне табиғат пен қоғамды тану арқылы жетеді. Бала нақтылы сезім арқылы абстрактылы жалпылама ойлау дәрежесіне өтеді. 
Адамдағы жоғары нерв әрекетінің арнайы топтары. 2-ші сигнал жүйесінің дамуына байланысты тек қана адамға тән, басқа ешбір организмнің түрінде болмайтын жоғары жүйке әрекетінің топтық ерекшеліктерін ескере отырып, И. П. Павлов адамның жоғары жүйке әрекетінің арнайы топтарын үсынды: ойлы (саналы), керкем суретті және аралас (орташа) топтар. 
Адамның жекеленген топтар жүйесінің негізі етіп, И. П. Павлов екі сигналдық жүйенің күш қатынасын алған. Мысалы, сигналдық мәліметтер болғандығын негізге алсақ, екі сигнал жүйесі арасындағы мәліметтің берілу тәртібіне байланысты адамның топтарын төртке болуге болады: 
Тіл. Бала тілінің дамуы. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды. 
5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ Бұл кезде, әсіресе жарты жарқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан создің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала создің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса создің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды. 
1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі. 
Баланың тілінің дамуына 3 пен 4 жастың арасының маңызы ерекше. Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы үлкен. 
7 жасқа дейінгі балалардың белтілібір жағдайға, иақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталады. Бұл кездегі баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштің әсерінен дамиды. 
Бастауыш сынып оқушыларында жазбаша тілді дамытуда ауызша тіл маңызды орын алады. Баланы жауап беруге үйретуден бастап, оның «ішінен» сөйлеу қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке басының санасының, ақыл-ойының дамуына байланысты. Мұнд а баланы дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде мүғалімнің, тәрбиешінің, орыны ерекше. Сондықтан оқушы тек кітаптағы сөздерді жаттап айтуды ғана машықтамай, оның ойлау қабілетін, дарынын дамыту керек. Жастардың ойы ішкі тіл байлығына байланысты, сондықтан мүғалім талапшыл болса, онда оқушылардың тілі дұрыс жаттығып, жақсы дамиды. 
Баланың жасы ұлғая келе абстрактылы ойлау жақсы дами бастайды, сөйтіп баланың сана сезімінің артуы күшейген сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі, бірінші сигнал жүйесінен басымырақ болады. 
Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып, сөйлеу қабілеті, санасы арта түседі. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс үйымдастыру арқылы оның жоғары жүйке әрекетін жақсы дамытуға болады. Бұл кезде тәрбие жұмысын мүғалімдер мен ата-аналардың бір-бірімен келісіп, жөнге қойғаны аса маңызды болады. 
Ес. Бала есінің дамуы. Ес, есте сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық түрғыдан қарағанда 3 бөліктен түрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл — үшеуін еске сақтаудың 3 кезеңі. Олар бір-бірімен тығыз байланысты қызметтер. Естің физиологиялық негізіне келсек, ол өте күрделі қызметтің бірі. 
Мәліметтердің келу жолына байланысты ақпаратты қабылдау белсенді қызметтің күрделі түрі. Мәліметтерді қабылдап, талдасымен қажеттісін еске сақтау басталады. Бұл кезеңді ғалымдар консолидация (лат. консолидация — бітелу, бекіту, нығайту, нықтау) кезеңі деп атайды. Онсыз ақпарат тұрақты ес іздеріне айналмайды. 
Еске сақтау әдістеріне қарай, ес: механикалық және саналы, ерікті және еріксіз деп бөлінеді. 
Мәліметтің жиналуына байланысты, ес — жеке бастың, түқым қуалаған қасиеттердің нәтижесі деп те айтуға болады. 
Қысқа мерзімдік ес жүйке импульстерінің нейрондар тізбегі бойымен өтіп, біраз уақыттан кейін Ұзақ мерзімдік еске айналады, яғни молімет сақталып, нығаяды. 
Ұзақ мерзімдік ес нуклеотидтерде синтезделіп, нуклеин қышқылдарында (РНК мен ДНК) программаланады. 
Ал абстрактылы, түсініктеме ес тілдің дамуына негізделген. 
Бастауыш сынып оқушыларында көрнекті бейнелі ес, яғни абстрактылы ойлау дамымаған, оларда сөздерді жаттап алуға байланысты ес бірінші орында болады. Баланың жасы үлғая келе, абстрактылы ес, яғни түсініктер мен үғымдардың пайда болуы орын алады. 
Қысқа мерзімдік ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы үлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады: 2 жаста — бірнеше айға, 4 жаста — бір жылдан аса, 5 жаста — өмір бойына еске сақтай алады. 
7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Оның дамуында жыныстық айырмашылық байқалады: ер балалардың есі 10 жастан бастап жақсы дами бастайды, ал қыз балаларда 11-14 жастар арасында жоғары болады. 14 жастан әрі қарай еске сақтау қабілеті ер балалар мен қыз балаларда бірдей дәрежеде қалыптасады. 
Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып, дамиды. Оның дұрыс дамуы үшін жаттықтырудың маңызы зор. Бұл осы мезгілдегі естің дамуына байланысты аса маңызды жағдай: жаттықтырған сайын ес жақсарады, қабілеті артып, одан әрі дами береді! Мидағы ес іздері немесе энгра м м а (гр. Эн — ішкі + грамма — жазба таңба, сызық) пайдаланған сайын нығайып, күшейеді. Сондықтан неғүрлым көп оқып, естіп білуге ынталанған жастардың еске сақтау қабілеті соғүрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал еріншектікке салынған жастардың ісіне лайық ақыл-ойының дамуы да нашар болады. 
Эмоция, оның түрлері, физиологиялык негізі. Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере — қобалжу, қозу деген мағынада тараған термин. Бұл жоғары жүйкенің күрделі, қиын зерттелетін қызметінің бір түрі. Сондықтан осы күнге дейін эмоция туралы нақтылы анықтама жоқ. Дегенмен көптеген ғалымдардың қағидаларын қорыта келе, адамның ішкі сезімін білдіретін сыртқы ортадан алған сезімдерінің негізінде қалыптасқан көңіл-күйінің көріністерін эмоция деп ата адамның сыртқы ортаның жағдайына деген сезімін білдіріп, белтілібір тітіркендіргіштің әсеріне көрсететін организмнің жауабы. Эмоция адамның бетінің әлпетін, денесінің қалпын, мимикасын, сөз интонациясын, дауыс ырғағын қан тамырларының жағдайын өзгертуі арқылы көрінеді. Олар адамның ішкі сезімін анық жеткізеді. Былайша айтқанда, эмоциялық реакциялар вегетативтік реакциялармен сипатталады. Неғүрлым вегетативтік өзгеріс күшті болса, соғүрлым эмоцияның дәрежесі жоғары болады. 
Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы (бала жылар алдында зорланып, беті қызарады) арқылы білінеді. Кейіннен оның эмоциясының сипаты өзгереді. Баланың әрекеттерінің бәрі оның көңіл-күйінің белтілібір қалпы арқылы көрінеді. Алғашқы жылғы өмірінен бастап оң эмоциялары қалыптасады. 2-4 жас арасында жағымсыз эмоция белгілері туады. Мысалы, заттардың белгісін, түсін айыра бастап, эмоциялық өзгерістерімен оның жағымды-жағымсызын білдіре алады. Жағымды эмоциялар 3 жасқа дейінгі балаларда өздерін шексіз сұйетін анасымен тікелей қарым-қатынастың негізінде қалыптасады. Сондықтан бұл кезде балаларда сұйіспеншілікке сұйіспеншілікпен жауап беруге байланысты жағымды эмоцияларды қалыптастыру аса маңызды. 
Балалардың эмоциясы түрақсыз келеді. Әсіресе, мектепке дейінгі жастағы балалар бір қалыптан екінші қалыпқа тез ауысады. 
7-11 жастағы балалар психикалық эмоцияның барлық түрлерінің белгілерін көрсете бастайды. Әсіресе қуаныш, ренжу, қарсыласу іспетті эмоцияның түрлері дамиды. Бастауыш сынып оқушыларын байсалдылыққа үйрету арқылы жағымсыз эмоцияларын азайтып, жағымды эмоцияларын дамыту мүмкіндігі мол. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарында мұны ескеру қажет. Баланың еңбектегі және оқудағы жетістіктерін жөнімен пайдалана отырып, дұрыс тәрбиелеу арқылы болашақ азаматты өзін-өзі ұстай алуға үйрету, теріс эмоциясын тежеп, көңіл-күйінің жетегінде кетуден сақтауға болады. 
12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады. Бұл жастағы жеткіншектердің ми қыртысындағы қозуының басым болуына байланысты теріс эмоциясы көбірек көзге түседі және себебі түсініксіз жағдайы — теріс эмоцияға бейім келеді. Бұл саладағы зерттеулерді жалғастыру аса маңызды. Әрине, өмірдің, түрмыстың, мектептегі балалардың ықпалымен эмоцияның кейбір түрлері күшейіп, өзгеруі мүмкін. 
Тәжірибелі мүғалім оқушының есте сақтау қабілетін дамыту үшін жағымды эмоцияның әсерін пайдаланды. Оқушының берген жақсы жауабын мақтап, басқаларға үлгі етіп жариялайды. Сонда ол оқушы сабақты бүрынғысынан да жақсы оқуға талаптанады.

Ұйқы, оның физиологиялық негіздері  мен жас ерекшелігі. Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. 
Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бүлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене түлғасының бүлшық еттері босайды. Тыныс жиілігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқы дағы адамның миындағы нерв клеткаларының өзара байланыстары жөнге келтіріліп, талданып, талқыланады, қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметтердің іздері нығайып, күшейеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы қандай да болмасын организмге өте қажет. 
Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді, денсаулығы бүзылады. Тіпті ұзақ мерзім ұйқысы қанбаса адамның психикасында өзгерістер пайда болып, психоз, невроз ауруларының, шаршау, қалжырау белгілері орын алады. 
И. П. Павлов пен оның шәкіртгерінің зерттеулері негізінде ұйқы мен ішкі тежелудің табиғаты бір екені анықталды. Ояу жүргенде ішкі тежелу нерв клеткаларының жеке топтарында ғана байқалады. Ал үйықтағанда күллі ми қыртыстары мен қыртысасты құры-лымдарына тарайды. И. П. Павловтың айтуынша, ұйқы -мидың жоғарғы бөлімдеріне жайылған қорғаныс те ж е л у і. 
Қазіргі мәліметтер бойынша ми бағанасында ұйқы мен сергектікке әсер етуші нерв клеткаларының шоғырланған топтары болады. Ұйқы ның пайда болуына таламус, гипоталамус пен торлы құрылымның маңызы бар екені анықталды. Таламус пен гипоталамуста арнайы ұйқы орталықтары бар, ал торлы құрылымда сергектік орталық бар деп есептейді. 
Ұйқыдағы организмнің ЭЭГ-сын зерттегенде әрбір 80-90 минөт сайын баяу ырғақтар ояу кездегіге үқсас жылдам ырғаққа ауысатынын бақылаған. Ондай кезде көз алмасы жылдам-жылдам қозғалып, пульс пен тыныс жиілігі артады. Бұл мезгілді ұйқы ның парадоксты кезеңі, яғни жылдам ұйқы деп белгілеген. Бұл кезеңде электр белсенділігі сергек кездегідей болғанымен организмнің сыртқы ортамен байланысы болмайды, оның сигналдарын қабылдау тежелген. Кезекті күнделікті ұйқы кезіндегі ЭЭГ-ның белсенділік ырғақтары нейрохимиялық жүйенің белтілібір жұмыстарына байланысты деп есептеледі. Ұйқы дағы адам осы кезде түс көреді. Жылдам ұйқы адам организміне аса қажетті. Егер үйықтағанда ол пайда Полмаса, бір түннің ішінде адамның жүйке жүйесінің козгыштығы күшейіп, күндіз ашуланшақ болады, ал Ұзақ мерзімге созылса, адам науқастанады. Жылдам ұйқы кезінде іідам оянбайды. 
Ұйқының баяу толқындары байқалатын кезендерін б а я у ұйқы немесе ортодоксты ұйқы деп атайды. Кезекті түндегі бір ұйқы бірнеше циклдан түрады. Әр циклда жылдам және баяу ұйқы кезендері бар. Таңға жақын оянар кезде жылдам ұйқы байқалады, сондықтан оянған адамда түс көру сезімі туады. Түс көру сезімі түс көріп жатқанда оянса ғана пайда болады, оянбаса ондай сезім тумайды. 
Кезекті күнделікті ұйқы 5 кезеңнен құралады: бір белсенді жылдам ұйқы кезеңі жөне 4 баяу кезендер. Олардың биологиялық ырғақтары шамамен 1 сағат 30 минөт сайын қайталанып отырады. 
Баланың өсіп дамуы барысында ұйқы мен сергек жүру мерзімдерінің мөлшері өзгереді. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай үйықтайды. Біртіндеп оның ұйқы сы азайып, сергек мерзімі үзарады. 1 жасқа жақындаған баланың ұйқы сының үзақтығы 14 сағат, 4 жаста — 12, 10 жаста — 10-11, ересек адамда 7-8 сағат. 
Баланың өмірінде 5-6 жастың маңызы ерекше: Бұл кезде күндізгі ұйқы тоқталып, 1 тәулік екі кезеңге ғана бөлінеді: ояу жүру немесе сергектік және үйықтау кезеңдері. Сондықтан баланың түнгі ұйқысы бұзылғанда оның организмі әлсіреп, тез шаршау белгілері туады. Бала күн кестесіндегі еңбек уақыты мен ұйқы уақытын дұрыс сақтамаса, оның организмінде қалжырау пайда болады. Ондай баланың еңбегінің нәтижесі төмендеп кетеді. 
Бала мезгілінде дұрыс үйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты ұйықтардан бүрын кемінде 2-3 сағат бүрын қабылдап, жатарда жеңіл-желпі аз мөлшерде ішу керек (айталық, 1 кесе айран не сұт, немесе жеміс шырыны). Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22° С болғанда ұйқы сы дұрыс болады. Сондықтан бала үйықтағанда: жазда терезесінің сәл ашық болып, қыста жатар алдында жарты сағаттай желдендіріп алу маңызды. Баланың ұйықтайтын бөлмесі сырттан айқай-шу келмейтіндей, пәтердің тыныш жағында орналасқаны дұрыс. Баланы жатар алдында жылы сумен аяқ-қолдарын жуындырып, денесіне шақ, қыспайтын, жүмсақ, мақта-матадан тігілген жатын киімін киіндіру қажет. Ұйықтардан 1-2 сағат бүрын баланың жүйке жүйесін қоздыратын ойындарды, әңгімелер айтуды немесе оқуды тоқтатып, оның қозуын басатын, тыныштандыратын әңгімені ақырын баяу біркелкі ырғақты дауыспен айтқан жөн.


Информация о работе Тірек