Тауарлы материалдық қорлардың түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 07:58, реферат

Описание работы

Курстық жұмыста тауарлы – материалдық есепке алу мәселелері қарастырылған . Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі.

Содержание

Кіріспе.
Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.
Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.
Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.
Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Тауарлы материалдық қорлардың түсінігі.doc

— 332.00 Кб (Скачать)

Жоспар

     Кіріспе. 

  1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы  және бағалануы.
    1. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу.
    1. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы – материалдық қордың шығуын құжаттық рәсімдеу.
    2. Материалдық жауапты тұлғаның есеп беруі.
    3. Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебі мен материалдардың қозғалысын есепке алу ведомосін толтыру тәртібі.
    4. Тауарлы – материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.
 

              Қорытынды. 

    Қолданылған әдебиеттер. 
     

                                                            
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе. 

     Курстық жұмыста тауарлы –  материалдық есепке алу мәселелері  қарастырылған . Тауарды өндіру  мен жеткізуде бір қалыптылық  жоқ жағдайда үзіліссіз қызметті  қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар  қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» атты №7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер.

      Тауарлы –материалдық қорлар  жөнінде мәліметті толық және  шынайы қалыптастыру бухгалтерлік  есептің маңызды мақсаты. Осыған  орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:

                   1.Тауарлы –материалдық қордың  ұғымы және бағалау тәртібін  қарастыру.

                   2.Тауарлы –материалдық қордың  қозғалысын құжаттық рәсімдеу  және есепке алу сұрақтарын  зерттеу.

                   3.Тауарлы –материалдық қор есебін жетілдіру жолдарын анықтау.

Курстық жұмыста «Энергия плюс» ЖШС практикалық  материалдары қолданылған.

«Энергия  плюс» ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды  облысының Басқару юстициясында тіркелген. Серіктестік қызметінің мақсаты тауарлар нарығын кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру.  Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады:

      • коммерциялық қызмет;
      • жанаржағар май сатып алу, сақтау, көтерме және бөлшек саудалау, сату;
      • күрделі құрылыс жұмыстары, жөңдеу, монтаждау жұмыстары;
      • көлікпен қамтамасыз ету;
      • қоғамдық тамақтандару пунктері мен азаматтардың демалыс орындарын ашып, олардың жұмысын ұйымдастыру;
      • ҚР заңында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

Өз қызметінің барысында «Энергия плюс» ЖШС -ң  қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – жоғарыда келтірілген міндеттерді және «Энергия плюс» ЖШС тауарлы –материалдық қор есебін ұйымдастыру мен  оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыста Қазақстан Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін  реттейтін нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың  жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.

  1. Тауарлы –материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.

Тауарларды  өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы  қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар  қорлары болуы қажет.

13.11.96 жылғы  № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі  Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар – бұл:

  1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;
  2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;
  3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.

Соған сәйкес тауарлы – материалдық  қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:

    1. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)
    2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.
    3. Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.
    4. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.
    5. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.
    6. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.
    7. Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.
    8. Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.

Материалдардың  бір ғана түрінің алу бағасы есептік  кезең барысында әртүрлі болуы  мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау  үшін, №7 БЕС қарастырылған 4 әдістің бірін қолданамыз:

      • арнайы (идентификациялау) әдісі
      • орташа өлшемді әдіс – қорларды бастпқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Фифо)
      • қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Лифо)

  Мысалға, тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құнын бағалаудың әдістерін  қарастырылып отырған «Энергия плюс» ЖШС 2003 ж 1 қаңтарында қалған материалдар саны:

      • цемент – 200 тонна 60000 теңге шамасына;
      • бензин – А-95 – 100 литр 45000 теңге шамасына.
 
Күні Цемент Бензин  А-95
Кіріс шығыс кіріс шығыс
Саны  тонна 1 литрдің бағасы  тенге Саны тонна Саны литр 1 литрдің бағасы тенге Сомасы, теңге   Саны, литр
Ай  басына қалдық 20 3000 60000   100 45 4500  
Кіріс/шығыс                
02.01.03 10 3100 31000 15       50
05.01.03 2 3200 6400   300 46 13800  
11.01.03       10       150
20.01.03 17 3400 57800   500 45 22500  
25.01.03       12       300
27.01.03 19 3400 64600         100
28.01.03               100
29.01.03         200 47 9400 100
Кіріс/шығыс 48 - 159800 37 1000 - 45700 800
Барлық  қалдық пен кіріс 68 - 219800 * 1100 - 50200 *
Ай  соңындағы қалдық 31   *   300   *  
                 

 

Есептен шығарылған материалдардың құны және екі ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.

Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының  құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылған формуланы пайдалану мүмкін:

Есептік кезең соңында есептік кезеңнің қалған материалдардың = бастапқы қалдық + қалдықтарының құны + кіріс болған материалдар – шығыс болған материалдар.

Орташа  өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс негізінде  материалдық қорлардың құны –  ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелетін орташа бағасы түсіндірілген.

Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:

Орташа  құны = ∑ м.қ + ∑алын / К м.қ + К алын

Мұндағы:

∑ м.қ. – есептік кезеңнің басындағы  қалған материалдардың қалдық құны;

К м.қ.-есептік  кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;

∑алын – алынған материалдардың құны;

К алын – алынған материалдардың саны.

Біздің  мысалда цементтің орташа өлшемдік құны мынаны құрады:

60000 + 31000 + 6400 + 57800 + 64600/ 20 + 10 + 2 + 17 + 19 = 219800/68 ≈ 3232,35 теңге

Орташа  өлшем құнын, жұмсалған материалдардың санына көбейтсек [3232,35*(15+10+12) = 119996,95 теңге], ол да біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз. Цементтің ай соңына қалған қалдық құны – 100203,05 теңге құраған (31 тонна * 3232,35 теңге немесе 600000 +159800 – 119596,95). Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз.

4500 + 13800 + 22500 + 9400 /100 + 300 + 500 + 200 = 50200/1100 ≈ 45,63 теңге

Жұмсалған бензиннің құны 45,63 теңге *  (50 + 150 + 300 + 100 + 100) = 36504 теңге.

Қалдық  құны 300 300 * 45,63 теңге немесе 4500 + 45700 – 36504 = 13696 теңге.

Цемент 

Б.қ.: 20 тонна * 3000 бағасы = 60000 теңге

Кіріс

10 т * 3100 теңге = 31000 теңге      15 т * 3000 теңге = 45000 теңге

2 т * 3200 = 6400 теңге                   10 т * 5 т (20-15) * 3000 теңге = 15000  теңге

                                                            5 т * 3100 = 15500 теңге

 

                                                            Жиыны – 30500 теңге  

Информация о работе Тауарлы материалдық қорлардың түсінігі