Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 09:11, лекция
Қаңқа–sceleton-грекше кептірілген скелет. Қаңқа қимыл аппаратының енжар бөлімі. Қаңқа сүйектерден тұрады. Қаңқаның қызметі тіректік, қорғаныстық және қозғалысты іске асыру.
Сүйек – мүше. Лат. ossis. Органикалық заты сүйектің 1/3 құрайды. Бейорганикалық заты 2/3 құрайды. Кальций тұздары әсіресе фосфор қышқылды ізбес - 51,04%. Органикалық заты негізінен - оссеин.
ЛЕКЦИЯ
Тақырып: Сүйектер туралы ілім
Қаңқа–sceleton-грекше кептірілген скелет. Қаңқа қимыл аппаратының енжар бөлімі. Қаңқа сүйектерден тұрады. Қаңқаның қызметі тіректік, қорғаныстық және қозғалысты іске асыру.
Сүйек – мүше. Лат. ossis. Органикалық заты сүйектің 1/3 құрайды. Бейорганикалық заты 2/3 құрайды. Кальций тұздары әсіресе фосфор қышқылды ізбес - 51,04%. Органикалық заты негізінен - оссеин.
Сүйектің құрылымдық бірлігі – остеон. Сүйек тығыз және кеуек заттардан тұрады. Сүйек ұяшықтарында жілік майында қан жасалады. Жілік майы екі түрлі болады: қызыл және сары.
Сүйек қабығы – сүйекті сыртынан қоршаған қызғылт түсті дәнекер тінді жұқа қабыршақ. Сүйектің буын беттерін буын шеміршектері жауып жатады. Сөйтіп, мүше ретіндегі сүйек ұғымына сүйектің негізгі массасын құрайтын сүйек тіні, жілік майы, сүйек қабығы, буын шеміршегі және көптеген жүйкелер мен қан тамырлар жатады.
Сүйектердің жіктелуі. Қаңқада мынадай бөліктерді ажыратады: тұлға қаңқасы (омыртқалар, қабырғалар, төс), бас қаңқасы (бассүйек пен бет сүйектері), қол-аяқ сүйектері - иық белдеуі (жауырын, бұғана) және жамбас белдеуі (жамбас астауы) және қол сүйектері (тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік және қол ұшы), аяқ сүйектері (ортан жілік, сирақ сүйектері және аяқ ұшы).
Ересек адамның қаңқасына кіретін сүйектердің жекелеген саны 200-ден асады. Сыртқы пішіні жағынан сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ және аралас болады. Сүйектерді анатомиялық жіктеуді үш принцип негізінде жүргізеді: пішіні (құрылысы), қызметі және дамуы. Осы тұрғыдан сүйектердің мынадай жіктеуін белгілеуге болады:
1.Жілік сүйектер
2.Кемік сүйектер
3 Жалпақ сүйектер
4. Аралас сүйектер
Омыртқа бағанасы – омыртқалардан тұрады. Омыртқа бағанасының қалпы мен пішіні адамның тік тұруына байланысты болады. Омыртқада мынадай бөлімдері бар: денесі, тесігі, доғасы, өсінділері.
Омыртқалардың жеке түрлері :
1. Мойын омыртқасы
2. Кеуде омыртқасы
3. Бел омыртқасы
4. Сегізкөз омыртқасы
5. Құймышақ омыртқасы
Кеуде торы. Қабырғалар артқы жағынан кеуде омыртқаларымен, ал алдыңғы жағынан тақ сүйек–төспен қосылып, кеуде торын түзеді.
Қол сүйектерінің белдеуі екі жұп сүйектен тұрады: бұғана және жауырын. Ол иық буынын кеуде торынан тиісті қашықтыққа ығыстырады, сөйтіп, қолдың барынша еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Жауырын 2-7 қабырғалар аралығында, кеуде торының артқы бетіне жанасып жатқан жалпақ үш бұрышты сүйек.
Қолдың еркін бөлігінің қаңқасы тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік ұзын қозғалыс рычагы болып табылады және нағыз ұзын жілік сүйек түрінде дамиды.
Шынтақ жілік – ulna. Кәрі жілік – radius. Алақан сүйектері - meta carpus - (олар 5 сүйек). Саусақ сүйектері - ossa digitorum manus.
Аяқ сүйектерінің қаңқасы. Аяқ сүйектерінің белдеуі екі жұп жамбас сүйектен тұрады. Жамбас сүйек- os coxае - жалпақ сүйек. Ол жекелеген үш сүйектен тұрады – мықын, қасаға, шонданай. Аяқтың еркін бөлігінің қаңқасы - ортан жілік -os femoris. Cирақ сүйектері – асықты жілік, үлкен жіліншік –tibia. Асықты жілік шыбығы, кіші жіліншік - fibula.
Аяқ ұшы сүйектері:
Асық топай сүйек, talus
Өкше сүйек, calcaneus
Қайық тәрізді сүйек, os naviculare
4 -5 - 6 үш сына тәрізді сүйек
7 - текше сүйек - os culoideum
Табан сүйектері – metatarsus (олар 5 сүйек). Бақайшақтар, аяқ ұшы бақайларының сүйектері - phalanges digitorum pedis.
СҮЙЕКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ӨСУІ. Сүйек ұлпасының құрамы. Сүйек өте берік болады. Адамның тігінен қойылғвн асықты жілігі 1500 кг жүкті көтере алады. Сүйектердің аса берік болуы оның құрамына байланысты. Олар органикалық және анорганикалық қосылыстадан құралады. Бұл заттардың маңызын қарапайым тәжірбиелер жасай отырып, опоңай анықтауға болады. Егер сүйекті ұзақ уақыт отқа қатты қыздырса, ондағы органикалық қосылыстар жанып кетеді де, су буланып шығады. Мұны абайлап істесе, сүйектің пішіні сақталып қалады, бірақ оның морт келетіні соншама, тиіп кетсе болғаны анорганикалық заттардан тұратын өте ұсақ қатты бөлшектерге бөлінеді.
Сүйектен анорганикалық
Анорганикалық қосылыстардың
қаттылығы мен органикалық
Сүйектің құрылысы. Сүйектің беріктігі оның құрамына ғана емес, құрылысына да байланысты. Ұзын сүйектердің, мысалы, қол қары, білек, сан, балтыр сүйектерінің іші қуыс болады. Бұлар түтік тәрізді сүйектер. Олардың екі ұшы қуыс емес, жуандау бастары болады. Ұзын сүйектердің құрылысы түтік тәрізді болғандықтан, берік және жеңіл болып келеді. Оларды жілік дейді. Пластмассадан немесе металдан жасалған іші қуыс түтіктердің беріктігінен кем түспейтіні белгілі ғой. Сондықтан да техникада берік те жеңіл құрылыстарды түтіктерден дайындайды. Жіліктер қуысында майы көп дәнекер ұлпасы – сары жілік майы болады.
Жіліктің басы бірімен-бірі айқасып жатқан өте көп сүйекті пластинкалардан құралған кеуекті кемік заттан түзіледі. Олар сүйектің көбірек созылатын немесе сығылатын бағытына қарай орналасқан. Құрылысы осындай болғандықтан, сүйек жеңіл де берік. Мысалы, осыған ұқсас, көпірлерді, радио мачталарын айқасып жатқан металл арқалықтарынан жасайды.
Қысқа сүйектер, мысалы, білезік және шыбық сүйектері мен омыртқалар да негізінен кеміктен құралған. Жалпақ сүйектердің, мысалы, жауырынның, қабырғаның, бастағы қақпақ сүйек пен жамбас сүйектерінің құрылысы да осындай.
Сүйек кемігіндегі қуыстары дәнекер ұлпадан тұратын кемік майына толып тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабығы болады. Бұл – жұқа, бірақ сүйекпен бірігіп өскен дәнекер ұлпадан тұратын тығыз қабат. Қан тарататын тамырлар мен жүйкелер сүйек қабығы арқылы өтеді. Ұзын сүйектердің шеміршекпен қапталған бастарында сүйек қабығы болмайды.
Сүйектердің өсуі. Ұрықтың дамуы кезінде бірте-бірте, адамда скелет қалыптасады. Алғашында ол борпылдақ дәнекер ұдпасынан тұрады, ал кейін шеміршекке алмасады. Жаңа туған нәрестенің шеміршек ұлпасының көпшілігі сүйек ұлпасына алмасып үлгіреді, бірақ толық алмасу тек 22-25 жасқа келгенде ғана аяқталады. Скелет сүйекке айналарда кейбір сүйектердегі борпылдақ дәнекер ұлпасы шеміршекке айналуынсыз, бірден сүйек ұлпасына айналады. Баланың және жасөспірімдік шақта адамның сүйегі ұзынынан да, көлденеңінен де өседі. Ересек адамдарда сүйек заттары үнемі жаңарып отырады.
Сүйектердің өсуі мен сүйек заттарының жаңарып отыруын зерттеу үшін, жануарларға тәжірибе жасалған. Бұзауға берілетін жемге уы жоқ бояу қосылады. Мұндай азықты үзіліспен: он күн бояу қосып, келесі он күнде бояусыз жемдеп, тәжірибені бірнеше рет қайталаған. Ішекке түскен бояу қан арқылы бұзаудың барлық мүшелеріне таралады. Өгізшені сойып, оның бір жілігін арамен көлденеңінен кескен. Арамен кескен жерден сақина тәрізді центрлес сүйектердің боялған және боялмаған ақ қабаттармен кезектесіп орналасқаны байқалған. Бұдан сүйектің жуандап өсіп, оның сыртынан жаңа қабаттар пайда болатыны белгілі болды. Мұның шындығында да дәл осылай болатыны басқа тәжірибемен дәлелденеді. Жас иттің сан терісін тіліп, бұлшық еттерін екі жаққа ысырып, ортан жілігін сыммен шығыршықтап байлаған. Жылдар жылжып өте берген. Ит өліп, оны сойған. Ортан жіліктің сыртынан байланған сым жоқ болып шыққан. Оны жіліктің ішкі қуысынан тапқан.
Сүйектің жуандап өсетінін қалай түсіндіруге болады? Сүйек қабығының ішкі бетіндегі клеткалар жедел бөлінеді де, сүйек клеткаларының жаңа қабаттары сүйектің бетіне жинақтала береді. Осы клеткалардың айналасында клетка аралық заттар пайда болады.
Ересек адамдардың сүйектері ұзармайды да, жуандамайды да. Алайда сүйек заттары өмір бойы жаңарып отырады. Бұл қалай болды? Сүйекте ескі сүйек заттарын жойып отыратын ерекше клеткалар /остеокластар/ болатыны анықталды. Иттің ортан жілігіне байлаған сымның жілік қуысына қалай түскені енді түсінікті болады. Ескі сүйек заты ішінен жойылып, сыртына жаңа қабаттар түзіліп отырады.