Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 16:02, курсовая работа
Өлім пайда болуының жылдамдығына байланысты тез, кенеттен, агониясыз болған және баяу өлу, яғни бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылған агонияның болуымен дамыған өлім болып екіге бөлінеді.
Өлім белгілерін, күмәнді және нақты өлім белгілері деп бөлеміз.Өлімнің күмәнді белгілері өлім пайда болған бойда анықталатын белгілер және оған жатады:
а)пассивті, қозғалыссыз дене,
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Өлім түрлері
Өлімнің ықшамдарын анықтау (Танатогенез)
Өлгеннен кейінгі өзгерістер
{
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Өлім,Оның ықшамдары. Танатогенез.
Өлгеннен кейінгі өзгерістер
Тексерген:Апбасова С.А
Семей 2013 ж
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
ЖОСПАР:
Өлім пайда болуының жылдамдығына байланысты тез, кенеттен, агониясыз болған және баяу өлу, яғни бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылған агонияның болуымен дамыған өлім болып екіге бөлінеді.
Өлім белгілерін, күмәнді және нақты өлім белгілері деп бөлеміз.Өлімнің күмәнді белгілері өлім пайда болған бойда анықталатын белгілер және оған жатады:
а)пассивті, қозғалыссыз дене,
б) тері жамылғысының бозаруы
в) сана сезімнің (есінің) болмауы
г) тыныстың, пульстің, жүрек соғысының болмауы
д) термиялық, химиялық және т.б. тітіркендіргіштерге кез келген реакциялардың болмауы;
е) көз қарашықтарының жарыққа реакциясының болмауы
ж) дененің салқындауы.
Өлу процесінің сатыслары:
Агония алды жағдай, ткандік гипоксия мен ацидоз дамуына әкелетін қан айналысының және тыныс алудың айқын бұзылыстарымен сипаталатын жағдай. Бұл кезде адамда есінен тану, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясы әлсіз, рефлекстері әлсіреген, тыныс алуы және жүрек соғысы әлсіз, жиі және беткей, артериалық қан қысымы төмендеген. Бұл кезде организм негізгі өмірлік функцияларды қалпына келтіру және бір қалыпта ұстап тұруға бағытталған компенсаторлық механизмдерін қосады агония алды жағдай бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Терминалды үзіліс сатысы – кенеттен тыныстың тоқтауы және жүрек қызметінің тежелуімен сипаталатын бірнеше секундтан 3-4 минутқа созылатын жағдай. Адам толықтай есінен танады, рефлекстер жойылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі ми қыртысының терең тежелуіне қарамастан, ондағы бульварлы орталықтар қызметінің сақталған, соның нәтижесінде организм дезорганизациялық сипатта болады.
{
Агония (күресу) – организмнің өмір үшін
күресуі. Агония қысқа уақытқа тыныстың
тоқтауымен сипатталады, кейін жүрек қызметі
баяулап, әртүрлі мүшелердің функциялық
бұзылыстары пайда болады. Бұл кезде өлу
клиникасы зат аалмасудың терең бұзылыстары
мен ткандік гипоксияның дамуымен сипатталады.
Қан айналсының және тыныстың төмендеуінің
нәтижесінде дамыған гипоксия, орталық
нерв жүйесінің қызметінің бұзылуына
әкеледі, адам есінен танады. Тоникалық
құрысулар пайда болады. Сфинктерлер босап,
рефлекстер жойылып, көз қарашықтары ұлғайып,
тыныс алу және жүрек қызметтері баяулайды.
Артериялық қан қысымы төмендеп, толы,ымен
жойылады. Жүрек қызметтері баяулауы өкпенің
ісінуіне әкеледі. Өлім пайда болу кезінде
алдымен тыныс, кейін қанайналу тоқтайды
да адамның сыртқы келбеті өзгереді, яғни
тері жамылғысының түсі бозарып, көз алмасы
түседі, төменгі жақ (отвисает). Агонияның
ұзақтығы өлімнің түрі мен механизміне
байланысты әртүрлі болады. Ұзақтығына
байланысты агонияны төртке бөледі: а)
дене тұтастығының тез бұзылуына байланысты
агонияның болмауы; б) әртүрлі сипаттағы
жедел өлім кезіндегі 4-5 минуттық өте қысқа
агония; в) бірнеше сағатқа немесе күнге
созылатын агония; г) реанимациямен ұзартылған
агония.
Клиникалық өлім – тыныс пен қан айналсының тоқтауынан кейін дамитын орташа есеппен 5-6 минутқа созылатын кезең. Клиникалық өлім кезінде организмде дамитын бұзылыстар толығымен қалпына келуі мүмкін. Жалпы медицина үшін клиникалық өлім кезіндегі процестердің қайтымды болуының маңызы зор, себебіол реаниматологияның дамуына әкелді.
Биологиялық өлім - қайта қалпыны келмейтін жағдай, яғни бұл кезеңде адам организмінің маңызды функцияларын қайта қалына келтіру мүмкін емес. Ең алдымен қалпыны келмейтін бұзылыстар ми қыртысында пайда болады, бұл дегеніміз мидың өлімі болып табылады.
{
Танатология адам организмінің өлу процесін және өлгеннен кейінгі мәйіттік құбылыстардың пайда болуын зерттейтін ғылым.
Танатология жалпы және жеке танатология болып екіге бөлінеді. Жалпы танатология өлімнің статикалық және динамикалық сұрақтарын, өлім белгілерін мәйіттің сыртқы орта факторларымен әсерін, өлім себебін анықтау үшін мәйіттерді зерттеу ерекшеліктерін оқытады. Жеке танатология әртүрлі өлім түрлерін зерттейді.
Мәйіттің салқындау дәрежесін алдымен дененің ашық аймақтарын, кейін киіммен жабылған аймақтарын пальпаторлы зерттеу арқылы анықтаймыз. Мәйіт денесінің салқындау температурасын жылы, жылырақ немесе салқын деп ажыратамыз. Дене температурасының салқындауы жөніндегі нақты мәліметті термометрия көмегімен анықтау қажет. Бұл үшін әйнек лабораториялық ртутный, электрондық және портативті электрондық термометрлер пайдаланылады. Термометрдің көмегімен мәйітте қолтықасты аймақтың, ауыз қуысының, тік ішек, өңеш арқылы кеуде қуысы ішілік және бауыр температурасын өлшейміз. Дененің салқындауы әр мүшелер мен тканьдерде біркелкі емес. Қолтық асты аймақтың темпертатурасы 16 сағаттан кейін, тік ішек температурасы 19 сағаттан және бауыр температурасы 25 сағаттан кейін қоршаған ауа температурасымен теңеседі.
{
Дене темпертаурасының салқындауын анықтау үшін белгілі бір уақыт ішінде бірнеше рет тексеру қажет.
Дене қызуының өзгеруі бойынша өлім пайда болған уақытты анықтау үшін келесі Бурман формуласын қолдануға болады:
t = 36,9-T/0,889
t- өлім пайда болған уақыттан бастап өткен уақыт, Т – дене қызуы
мысал: t = 36,9- 33,5/0,889=3,8 сағ.
немесе тік ішек қызуын өлшеу арқылы келесі Т.Фиддес және Т.Паттен формуласын қолдану арқылы анықтауғада болады:
t = 36,9-T/0,889
Тт – тік ішек температурасы;
және Н.П.Марченко және В.И.Кононенко формуласын қолданып кеуде қуысы ішілік қызуды өлшеу арқылы анықтауға болады:
t = Tж-Тт/Тч
Тж – тірі адамның қалыпты дене қызуы (36,6 C), Тт – кеуде қуысы ішілік дене қызуы, Тч-кеуде қуысы ішілік дене қызуы төмендеуінің орташа мәні.
Шіру – аэробты және анаэробты микробтардың әсерінен белоктардың шоғырлануы. Шірудің пайда болуына әсер ететін факторлар: температура және оттегінімен қамтамасыз етілуі және ылғалдылық.
Шіру түрлері:
А) құрғақ, денеде сұйықтық аз болғанда (кахексия, қан кету кезінде)
Б) ылғалды, сүйықтық көп болған жағдайда (әртүрлі ісіктер кезінде)
В) газды, микробтар көп болған жағдайда (сепсис, суға бату)
Шірудің белгілері: а)мәйіттік көгеру (трупная зелень), бастапқы кезде мықын аймақтарында, кейін, уақыт өтуіне байланысты дененің барлық аймақтарында пайда болады. Оның негізінде тамырлардағы қан шіріп, гемоглабиннен күкіртті темір түзілуі жатады;
б) шіру көпіршіктері
в) мәйіттік эмфизема (ісіну).
Майлану (жировоск) пайда болуының негізінде ауа алмасуының (аэрация) жеткіліксіздігі немесе толықтай болмауы жатады, бұл дегеніміз мәйіттің бұзылуының баяулауына немесе толықтай тоқтауына әкеледі. Майланудың пайда болу мерзімі әртүрлі, мыс. ылғалды жерлерде немесе судың астында алты айдан кейін пайда болуы мүмкін.