Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:35, курс лекций
§ 43. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі.
§40. Ас қорытудың маңызы. Тістің құрылысы
ОҚО, Сайрам ауданы, №78 негізгі орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Айтқұлова Маржан Төлегенқызы
АШЫҚ САБАҚ
(8-сынып)
Сабақтың тақырыбы: § 43. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тағамның маңызын, құрамын, қызметін, адам өміріндегі ұлттық тағамдарды пайдаланудың денсаулықты нығайтудағы рөлін, ұлттық мақал-мәтелдердің денсаулықты, салауатты өмір салтын қалыптастыруды дұрыс жолға қоюдағы маңызын айтып түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу туралы түсінік беру, дені сау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кітап көрмесі, кестелер, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Саралап деңгейлеп оқыту.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын сұрайтын деңгейлік сұрақтар магнит тақтасына 3 түрлі түсті қағазға жазылып ілінеді. Сол тапсырмаларға оқушылар, сұрақты оқи отырып, қолдарын көтеріп жауап береді.
А. деңгей
1. Тынысалу деген не
және тынысалу мүшелер
2. Қанайналым деген не және қанайналым жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.
3. Лимфа жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар, лимфа тамырларының қантамырларынан қандай айырмашылықтары бар?
В. деңгей
1. Жүректің құрылысы қандай?
2. Өкпенің құрылысы қандай?
3. Жүректің жұмысы қанша жолмен реттеледі?
С. деңгей
1. Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі қандай?
2. Лимфа түйіндері қандай қызмет атқарады?
3. Жүрек-қантамырлар жүйесінің
аурулары мен тынысалу
Үй тапсырмасын сұрап, өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, қорытындылаймын.
Жаңа сабақтың жоспары.
Қоректену - барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі.
Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі, дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады. Ағзаға қажетті тағамды заттар күнделікті пайдаланатын тағамнан алынады. Ағза қабылдаған тағам алдымен түрлі өзгерістерге ұшырап, күрделі өңдеуден өтеді.
Өңделген тағамдық заттар қан және лимфа арқылы жасушаларға, ұлпаларға таралып, қалдық заттар сыртқа шығарылады. Тағамның құрамындағы органикалық заттар ыдыраған кезде энергия бөлінеді. Бұл энергия жеке мүшелердің және жалпы ағзаның қызметі үшін жұмсалады. Тағам-ағза үшін энергия көзі және құрылыс материалы.
2.Тағамның құрамы.
Тағамның құрамы
Органикалық заттар
Нәруыз Май Көмірсу Витаминдер Минералды Су
Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Нәруыз адам ағзасына өздігінен түзілмейді,тек тағаммен бірге қабылданады. Нәруыз еттің, балықтың, жұмыртқаның, бұршақтың, жаңғақтың құрамында мол болады.
Майлар адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттардың бірі. Май сүт өнімдерінің, жұмыртқаның құрамында мол болады. Май жануарлардың іш майында және майлы өсімдіктердің құрамында көп болады. Май ыдыраған кезде энергия екі есе көп бөлінеді. Адам өсімдік майын көбірек пайдалану қажет.
Көмірсулар өсімдіктекті тағамдардың құрамында көп, нәруыздар аз болады. Жануартекті тамақта нәруыздар көп, көмірсулар аз болады. Адам күнделікті пайдаланылатын көмірсулар негізінен крахмал және қант. Крахмал түрлі жармалардың, ұнның, картоптың құрамында көп болады. Қант, қант қызылшасында, сәбізде мол болады. Адам ағзасы үшін жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы, өйткені ол тез сіңеді. Қант балдың, жеміс-жидектердің құрамында көп кездеседі. Адам ағзасында жиналған артық көмірсулар бауырда, бұлшық еттерде қор ретінде жиналады.
Витаминдер тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат. Ағзаның өсуі,дамуы тіршілігі үшін дәрумендер аз мөлшерде болса да өте қажет. Дәрумендерді адам ағзасы тағамның құрамынан алады. Дәрумендердің адам ағзасында жетіспеушілігі түрлі аурулар пайда етеді.
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен су арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады.
Су - адам ағзасы үшін өте қажет. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес. Адам денесіндегі физиологиялық процестердің бәрі де, судың қатысуымен жүреді. Суды дұрыс пайдалана білу керек. Суды шектен тыс пайдалану бүйрек қызметіне күш түсіріп, зиянды әсер етеді.
Органикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері |
Бейорганикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері | ||
1.Нәруыз |
100-120 г |
1.Минералды тұздар |
5-6 г ас тұзы |
2.Көмірсу |
500 г |
2.Су |
1,5-2,5 л |
3.Май |
70-100 г |
||
4.Витаминдер |
Аз мөлшерде |
3.Тағамдық заттардың қызметі. Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады. 2-түрлі қызметін ерекше атап өту керек. 1-ден тағамдық заттар адам ағзасында тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады. 2-ден тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден бір көзі болып табылады.
Тағамдық заттардың қызметі
Қазақ халқының ұлттық тағамдары | |
Сүт өнімдері |
Айран, қатық, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, сүзбе, құрткөже, малта, уыз көже, шалап, наурыз көже. |
Ет |
Ет, қазы-қарта, жал-жая, қуырдақ, шұжық, құйрық-бауыр, т.б. |
Тағам құрамындағы күрделі
органикалық қосылыстардың
Жаңа сабақты жалпы қорытындылап болғаннан соң, оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды таратып беремін.
А-деңгей
1. Тынысалу деген не және тынысалу мүшелер жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.
2. Өкпенің тіршілік
сыйымдылығы дегенді қалай
3. Тынысалудың гуморальдық реттелуі ненің әсерінен болады?
В-деңгей
1. Өкпенің тіршілік
сыйымдылығының өзгеруі
2. Тынысалу мүшелері
ауруларының қандай түрін
3. Жасанды тынысалу жолдарынан не білесіңдер?
С-деңгей
1. Тынысалудың жүйелік реттелуін түсіндіріңдер.
2. Тұмауды неліктен қауіпті ауру дейді?
3. Темекі ағзаға қала әсер етеді?
4. Туберкулез қандай ауру, одан сақтанудың жолдарын атаңдар.
Сабақтың тақырыбы: Асқорытудың маңызы. Тістің құрылысы.
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Асқорытудың маңызы. Презентация
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға асқорыту мүшелерінің, тістің құрылысы, мүшелерде астың қорытылуы, ішек-қарын аурулары, олардан сақтану, ұлттық тағамдардың денсаулыққа пайдалы әсерін оқытып-үйрету
Оқушының жан дүниесі сиқырлы дүние, ал оның қабілетін танып, талантының ашуына қамқорлық көрсету, ең алдымен ұстаз парызы. Мұғалім оқытудың табысты өтуіне жағдай жасайды, қойылған талаптарға сәйкес мазмұн таңдайды, оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлерін пайдаланады. Әрбір мұғалім өз сабақтарының қызықты, тартымды, есте қаларлықтай болғанын қалайды. Сондықтан ең алдымен оқушылардың ынталылығын, қызығуын арттыратын әдістерді сабақта кеңірек қолдануға көңіл бөлінуі керек. Осы мақсатпен биология сабақтарында топтық жұмыстарды, ойын элементтерін қолданып келемін.
Дамытушылық: Оқушылардың
сабаққа белсенділігін арттыру,
қосымша материалдарды
Тәрбиелік: Тісті күту, тіс, ішек-қарын ауруларының алдын алу және тамақтану шегі, реті туралы гигиеналық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, тест, тірек-сызба, практикалық тапсырма, т.б
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, тіс моделі, тіс пастасы, көрнекті суреттер.
Пән аралық байланыс: Медицина, валеология, химия, өсімдіктану, әдеп, халық педагогикасы.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Тыныс алу жүйесі» тарауы бойынша тест.
1.Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?
а) екі бөлікке
б) үш бөлікке
с) төрт бөлікке
2.Кеңірдектің жалғасы:
а) аңқа мен жұтқыншақ
б) көмей
с) бронхылар
3.Кеңірдек қалай бөлінеді?
а) екі бронхыға
б) үш бронхыға
с) бронхиолаға
4.Тыныштық күйде тыныс алу көлемі қандай?
а) 500мл
б) 1500мл
с) 3500мл
5. Тыныс қозғалыстарына не қатысады?
а) көкет
б) қарын бұлшық еттері
с) қабырға аралық бұлшық еттер
6. Тыныштық күйдегі
тыныс алу қозғалыстарының
а) 10-12
б) 16-18
с) 20-22
Кілті:
1.а, 2.с, 3.а, 4.а, 5.с, 6,б.
2-тапсырма. Тыныс алу жүйесі
2-тапсырма. Тыныс алу
мүшелерінің құрылысы мен
Бөлімнің аты Құрылысы Қызметі
кеңсірік
жұтқыншақ-таңдай тесігі
көмекей
кеңірдек
ауа тамырлары
өкпе
3. Жаңа сабақ
§40. Ас қорытудың маңызы. Тістің құрылысы
1.Азық-түлік пен тағамдық заттар. Қоректік заттардың маңызы.
Адам организміндегі
клеткалар мен ұлпалар
Қоректік заттар – клеткалардың өсіп өнуі, дамуы үшін және организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі.
Ағза – ұлпа – жасуша
Кенеулі заттар
Ақуыз Көмірсу Май
100-120 гр 400гр крахмал 1-1,25 гр Дәрумен
100гр қант
Мин.заттар
Су, NaCl . Тұз.
2-2,5л.10гр
Тағам – энергия, құрылыс материялы.
Ас адамның арқауы
2. Ас қорытудың маңызы.
Ас – адам организмінің
құрылыс материалы, энергия
Асқорыту деп – қоректік заттардың күрделі түріне жай, суда еритін қанның құрамына жеңіл өте алатын күйіне айналуын айтады.
3. Асқорыту мүшелері.
Асқорыту жолы Ауыз қуысы : тіл, тіс.
Жұтқыншақ ұзындығы 11-13см
Өңеш ұзындығы 25см, бұлшық ет
Қарын алмұрт пішінді, сыйымд. 2-3л
Ұлтабар ұзындығы 25 см ұйқы безі, бауыр.
ұлтабар
Аш ішек
5-7м аш ішек
мықын ішек
Соқыр ішек
Тоқ ішек – ұзындығы 1,5-2 м жиек ішек
тік ішек
Тік ішек
4. Тістің құрылысы. 6-9 ай
Тістің эволюциясы 2 жаста- 20 сүт тіс
6-7 жаста тұрақты тіс
18-19 жаста ақыл тіс
Тіс сауыты Кіреуке
Тіс мойыны Тіс Дентин
Тіс түбірі Қуыс, борпылдақ ұлпа
Жүйке, қантамыр
32
Күрек Ит тіс Азу тіс
Үлкен кіші
4 2
4 6
2 және 3 түбірлі
Тіс формуласы
8765432112345678
8765432112345678
Шайнау –тағамдағы механикалық өңдеу.
Ауыз қуысында ас
механикалық өңделіп қана
1) Кіреуке – эмаль организмдегі ең берік ұлпа. 98% бейорганикалық заттар.