Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 13:50, доклад
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітап- сирек
кездесетін түрлердің санының қазіргі
жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және
жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне
енгізілген жабайы омыртқалылардың 87
түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің
қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы
туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің
16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи
қорығының аумағында тіркелген. Алайда
Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері
б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде
сирек, осалдау және жойылып бара жатқан
түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер
мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді
және де өзінің жан- жақты тіршілігінде
жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы
қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен
бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген
түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер
етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің
әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың
кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың
қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті
құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты
пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар
көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан
табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт
қажет болатынын ойламастан, оған қалай
болса солай қарайды. Сыңсыған орманның
орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен
тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер,
ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер.
Осының бәрі сирек кездесетін көптеген
бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына
әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші
бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан
да оның жойылуы- орны қайта толмайтын
нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың
бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-
теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан
да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі
дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл
мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік
мәселе ретінде қаралады.
Шығыс Қазақстан
облысындағы Қазақстан
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына
енгізілген жануарлардың түрлері мен
түршелерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы
21 тамыздағы № 1152 Қаулысы
СҮТҚОРЕКТІЛЕР
1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары
2. Жалман 8. Шұбар күзен
3. Роборовский атжалманы 9. Түркістан сілеусіні
4. Сары алақоржын 10. Қазақстан арқары
5. Қызыл қасқыр 11. Алтай арқары
6. Сабаншы
ҚҰСТАР
1. Қызғылт бірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы
2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы
құс 37. Ителгі
4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы
құс 38. Лашын
5. Қоқиқаз 22. Қарабас өгіз шағала 39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала
40. Үкі
7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық
8. Қутұмсық қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс
9. Қызыл жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын
10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт
11. Дөңтұмсық тұрпан 28. Бақалтақ қыран
12. Ақбас үйрек 29. Дала қыраны
13. Алтай ұлары 30. Қарақұс
14. Ақ тырна 31. Бүркіт
15. Ақбас тырна 32. Ақиық субүркіт
16. Дуадақ 33. Аққұйрық субүркіт
17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
1. Шұбар батбат кесіртке 4. Шұбар кесіртке
2. Зайсан батбат кесірткесі 5. Жолақты
әбжылан
3. Үлкен көз кесіртке
ҚОС МЕКЕНДІЛЕР
1.Даната құрбақасы
БАЛЫҚТАР
1.Таймен 2. Сылан
Шығыс Қазақстан
облысының Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген сирек кездесетін, бағалы,
жергілікті және
құрып кету бар өсімдік түрлерінің тізімі
(Қазақ ССР-дің Қызыл кітабы, Алматы, 1981ж.)
1. Верещагин сазшөбі
– сирек, жергілікті түр
2. Қыртысты жуа – сирек, аз жергілікті
түр, құрып кету қаупі бар
2. Ұсақ торлы жуа – сирек түр
3. Көп тамырлы жуа – сирек түр
4. Ақшыл секпілгүл – сирек, жергілікті
түр
5. Ала күлтелі қызғалдақ – сирек түр
6. Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу
аймағы азайып бара жатқан түр
7. Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті
түр
8. Ірі гүлді шолпанкебіс — сирек, таралу
аймағы азайып бара жатқан түр
9. Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы
азайып бара жатқан түр
10. Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу
аймағы азайып бара жатқан түр
11. Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан
сирек түр
12. Алтай рауғашы – таралу аймағы азайып
бара жатқан сирек түр
13. Ақ тұңғиық, аққугүл – сирек түр
14. Дала шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы
азайып бара жатқан жергілікті түр
15. Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті
түр
16. Көктем жанаргүлі– сирек түр
17. Алтай гимноспермиумы – көп жерлерде
азайып бара жатқан сирек түр
18. Қар дәуаяғы – сирек түр, көне түр
19. Сабақсыз ашықжеміс – сирек, жергілікті
түр
20. Жебе жапырақты ергеш – өте сирек, жергілікті
көне түр
21. Қызғылт семізот, алтын тамыр – саны
қатты азайып бара жатқан бағалы түр
22. Алтай суық шөбі – саны азайып бара
жатқан сирек түр
23. Сиверс алмасы – саны қатты азайып бара
жатқан түр
24. Павлов итмұрыны – сирек, жергілікті
түр
25. Ледебур бадамы – сирек, жергілікті
түр
26. Ховен майқарағаны– сирек, жергілікті,
көне түр
27. Ақ түкті таспа – Зайсан ойпатының жергілікті
түрі
28. Тәтті жапырақты таспа – сирек, көне
түр
29. Жіңішке сабақты таспа – сирек, жергілікті
түр
30. Инелі кекек – өте сирек, жергілікті
түр
31. Шыбықша тиынтағы– өте сирек түр
32. Ледебур қоянбұршағы – сирек, жергілікті
түр
33. Алтай қасқыржидегі– сирек, жергілікті,
көне түр
34. Тарбағатай таушешегі – сирек, жергілікті
түр
35. Су жаңғақ — сирек, таралу аймағы азайып
бара жатқан көне түр
36. Еуропа орманоты — сирек, көне түр
37. Қылтанды дәлен– өте сирек, көне түр
38. Желбезекше ледебуриелла – сирек, жергілікті
түр
39. Мейр шоқгүлі – саны аз сирек түр
40. Саз қазанақ – сирек түр
41. Кәдімгі аюжидек, аюбүлдірген – сирек
түр
42. Ұсақ жемісті мүкжидек – сирек түр
43. Тарбағатай кемпіршөбі – сирек, аз таралған
жергілікті түр
44. Резниченко кермегі – сирек, көне, жергілікті
түр
45. Попов дембеті – сирек, жергілікті түр
46. Тарбагатай дембеті– өте сирек, аз жергілікті
түр
47. Кірпі қаратұқым – сирек, аз жергілікті
түр
48. Тарбағатай қандыгүлі– сирек, аз жергілікті
түр
49. Резниченко рияны – сирек, аз жергілікті
түр
50. Дауыр бақаауызы– сирек түр
51. Келлер кесте жусаны– сирек, аз жергілікті
түр, көне түр
52. Зайсан лаксасы – сирек, аз жергілікті
түр
53. Сафлор тәрізді аюдәрі (марал тамыры)
– саны қатты азайып бара жатқан түр
54. Таңдамалы сушырмауық – өте сирек түр
55. Тамыр сүйгіш полипорус – сирек түр
56. Кладина, бұғы мүгі– қынаның сирек түрі
Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа еңгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.
Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемілекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.
Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғаліп кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ереке қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді )2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).
№ |
Өсімдіктердің Атаулары |
Өсімдіктердің ғылыми атаулары |
Тұқымдасы |
1 |
Қалқан асаймұса |
Abelia corymbosa |
Ұшқаттар тұқымдасы |
2 |
Кәдімгі өрік |
Armeniaca vulgaris |
Раушангүлдер тұқымдасы |
3 |
Шолпаншаш сүмбілі |
Adiantum capillus-veneris |
Сүмбілдер тұқымдасы |
4 |
Көктем жанаргүлі |
Adonis vernalis |
Сарғалдақтар тұқымдасы |
5 |
Линчевский кемпіршөбі |
Acantholimon linczevskii |
Кермек тұқымдасы |
6 |
Ірі жапырақты алкор |
Mediasia macrophylla |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
7 |
Аққаңбақтүсті аллохруза |
Allochrusa gypsophiloides |
Қалампырлар тұқымдасы |
8 |
Жұмыр бозтүк |
Anaphalis racemifera |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
9 |
Корольков шаяноты |
Arum korolkowii |
Шаяноттар тұқымдасы |
10 |
Мияжапырақ таспа |
Astragalus glycyphyllos |
Бұршақтар тұқымдасы |
11 |
Шегіршінжапырақ тасжаңғақ |
Aflatunia ulmifolia |
Раушангүлдер тұқымдасы |
12 |
Іле бөріқарақаты |
Berberis iliensis |
Бөріқарақаттар тұқымдасы |
13 |
Ірігүл шолпанкебіс |
Cypripedium macranthon |
Сүйсіндер тұқымдасы |
14 |
Секпіл шолпанкебіс |
Cypripedium gauttatum |
Сүйсіндер тұқымдасы |
15 |
Сары лапыз |
Colchicum luteum |
Мелантия тұқымдасы |
16 |
Кессельринг лапызы |
Colchicum kesselringii |
Мелантия тұқымдасы |
17 |
Коопман өгейбұтасы |
Euonymus koopmannii |
Өгейбұталар тұқымдасы |
18 |
Қызыл қайың |
Betula kirghisorum |
Қайыңдар тұқымдасы |
19 |
Талас қайыңы |
Betula talassica |
Қайыңдар тұқымдасы |
20 |
Ярмоленко қайыңы |
Betula jarmolenkoana |
Қайыңдар тұқымдасы |
21 |
Талас бәрпісі |
Aconitum talassicum |
Сарғалдақтар тұқымдасы |
22 |
Қаршыл шүйгіншөп |
Valeriana chionophila |
Шүйгіншөптер тұқымдасы |
23 |
Түркістан гүлкекіресі |
Centaurea turkestanica |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
24 |
Кәдімгі жүзім |
Vitis vinifera |
Жүзімдер тұқымдасы |
25 |
Виталий шөмішгүлі |
Aquilegia vitalii |
Сарғалдақтар тұқымдасы |
26 |
Шылым |
Trapa natans |
Рогульник тұқымдасы |
27 |
Алтай қасқыржидегі |
Daphne altaica |
Тимелеялар тұқымдасы |
28 |
Алтай торсылдағы |
Gymnospermium altaicum |
Бөріқарақаттар тұқымдасы |
29 |
Қабықты жалынгүл |
Coronaria coriacea |
Қалампырлар тұқымдасы |
30 |
Попов қазжуасы |
Gagea neo-popovii |
Лалагүлдер тұқымдасы |
31 |
Альпі дифазиструмы |
Diphasiastrum alpinum |
Шоқпарбастар тұқымдасы |
32 |
Қар дәуаяғы |
Macropodium nivale |
Айқышгүлдер тұқымдасы |
33 |
Батпақ жылантамыры |
Epipactis palustris |
Сүйсіндер тұқымдасы |
34 |
Кәдімгі емен |
Quercus robur |
Шамшатыр тұқымдасы |
35 |
Сарғылт сарыбасшөп |
Erysimum croceum |
Айқышгүлділер тұқымдасы |
36 |
Іле үшқаты |
Lonicera iliensis |
Үшқаттар тұқымдасы |
37 |
Қаратау үшқаты |
Lonicera karataviensis |
Үшқаттар тұқымдасы |
38 |
Қаратау жыланбасы |
Dracocephalum karataviense |
Ерінгүлділер тұқымдасы |
39 |
Кауфман ирекжапырағы |
Ikonnikowia kaufmanniana |
Кермек тұқымдасы |
40 |
Колпаковский иридодиктиумы |
Iridodictyum kolpakowskianum |
Құртқашаштар тұқымдасы |
41 |
Сібір қандығы |
Erythronium sibircum |
Лалагүлдер тұқымдасы |
42 |
Крашенников сартүтігі |
Cancriniella kraschennikovii |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
43 |
Кавказ таутағаны |
Celtis caucasica |
Таутағандар тұқымдасы |
44 |
Альберт Құртқашашы |
Iris alberti |
Құртқашаштар тұқымдасы |
45 |
Бұғы мүгі немесе Ягель |
Cladina rangiferina |
Кладина тұқымдасы |
46 |
Қауырсынды қау |
Stipa pennata |
Астық тұқымдасы |
47 |
Сарғыш сарана |
Hemerocallis lilo-asphodelus |
Лалагүлдер тұқымдасы |
48 |
Ақ тұңғиық |
Nymphaea alba |
Тұңғиықтар тұқымдасы |
49 |
Іріжапырақ көбенқұйрық |
Cousinia grandifolia |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
50 |
Мыңжылқы көбенқұйрығы |
Cousina mindschelkensis |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
51 |
Мүшкетов түйесіңірі |
Atraphaxis muschketowii |
Тарандар тұқымдасы |
51 |
Мамыр қыңжыгүлі |
Convallaria majalis |
Лалагүлдер тұқымдасы |
52 |
Тамаша ассүттіген |
Prenanthes mira |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
53 |
Қаратау сетені |
Lepidolopha karatavica |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
54 |
Шаттауық немесе Кәдімгі орманжаңғақ |
Corylus avellana |
Қайындар тұқымдасы |
55 |
Северцов жалғаншөлмасағы |
Pseuderemostachys sewerzowii |
Ерінгүлдер тұқымдасы |
56 |
Бұйра лалагүл |
Lilium martagon |
Лалагүлдер тұқымдасы |
57 |
Қаратау жалғынбозкілемі |
Pseudosedum karatavicum |
Жасаңшөптер тұқымдасы |
58 |
Жаңғақты лотос |
nelumbo nucifera |
Лотос тұқымдасы |
59 |
Афлатун жуасы |
Allium aflatunens |
Жуалар тұқымдасы |
60 |
Түпті жуа |
Allium caespitosum |
Жуалар тұқымдасы |
61 |
Ұсақторлы жуа |
Allium microdictyon |
Жуалар тұқымдасы |
62 |
Тамырлы жуа |
Allium polyrhizum |
Жуалар тұқымдасы |
63 |
Піскем жуасы |
Allium pskemense |
Жуалар тұқымдасы |
64 |
Суворов жуасы |
Allium suworowii |
Жуалар тұқымдасы |
65 |
Ақсары жоңышқа |
Medicago ochroleuca |
Бұршақтар тұқымдасы |
66 |
Мақсыр маралтамыры |
Rhaponticum carthamoides |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
67 |
Аласа дестегүл |
Merendera robusta |
Мелантия тұқымдасы |
68 |
Попов дембеті |
Mertensia popovii |
Айлаулықтар тұқымдасы |
69 |
Ледебур бадамы |
Amygdalus lebedouriana |
Раушангүлдер тұқымдасы |
70 |
Зеравшан аршасы |
Juniperus seravschanica |
Сауырағаш тұқымдасы |
71 |
Ярослав сүттігені |
Euphorbia yaroslavii |
Сүттігендер тұқымдасы |
72 |
Зайсан лақсасы |
Echinops saissanicus |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
73 |
Қоқан салпысы |
Morina kokanica |
Салпыстар тұқымдасы |
74 |
Кәдімгі жұмсақжеміс |
Malacocarpus crithmifolius |
Адыраспан тұқымдасы |
75 |
Ірі кекребас |
Jurinea robusta |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
76 |
Жапырақсыз епипогон |
Epipogium aphyllum |
Сүйсіндер тұқымдасы |
77 |
Жетісу күреңкөкгүлі немесе Қызыл адырасан |
Niedzwedzkia semiretschenskia |
Бигнония тұқымдасы |
78 |
Жабысқақ қандағаш |
Alnus glutinosa |
Қайыңдар тұқымдасы |
79 |
Көрікті ойраш |
Ostrowskia magnifica |
Қоңыраугүлдер тұқымдасы |
80 |
Алматы кекіресі |
Oxytropis almaatensis |
Бұршақтар тұқымдасы |
81 |
Талас кекіресі |
Oxytropis talassica |
Бұршақтар тұқымдасы |
82 |
Фокса саусақтамыры |
Dactylorhiza fuchsii |
Сүйсіндер тұқымдасы |
83 |
Минквиц наурызшешегі |
Primula minkwiziae |
Наурызшешек тұқымдасы |
84 |
Фальконер бауыршөбі |
Hepatica falconeri |
Сарғалдақтар тұқымдасы |
85 |
Сәлдегүл таушымылдығы |
Paeonia hybrida |
Таушымылдықтар тұқымдасы |
86 |
Кәдімгі таушымылдық |
Paeonia anomala |
Таушымылдықтар тұқымдасы |
87 |
Келлер кестежусаны |
Pyrethrum kellerii |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
88 |
Таңдамалы шоқпарбас |
Huperzia selago |
Шоқпарбастар тұқымдасы |
89 |
Дәрмене |
Artemisia cina |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
90 |
Сарғылт құндызшөп |
Pulsatilla flavescens |
Сарғалдақтар тұқымдасы |
91 |
Ашық құңдызшөп |
Pulsatilla patens |
Сарғалдақтар тұқымдасы |
92 |
Регел тарбақайы |
Rhaphidophyton regelii |
Алабұталар тұқымдасы |
93 |
Алтай рауғашы |
Rheum altaicum |
Тарандар тұқымдасы |
94 |
Виттрок рауғашы |
Rheum wittrockii |
Тарандар тұқымдасы |
95 |
Қызғылт семізот |
Rhodiola rosea |
Жасаңшөптер тұқымдасы |
96 |
Маймұр немесе Ақшыл секпілгүл |
Fritillaria pallidiflora |
Лалагүлдер тұқымдасы |
97 |
Алтай таутобылғысы |
Sibiraea altaiensis |
Раушангүлдер тұқымдасы |
98 |
Янчевский қарақаты |
Ribes janczewskii |
Қарлығандар тұқымдасы |
99 |
Қатпарлы шұбаршөп |
Saussurea involucrata |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
100 |
Шренк тобылғытүсі |
Spiraeanthus schrenkianus |
Раушангүлдер тұқымдасы |
101 |
Пятаева сертебесі |
tanacetopsis pjataevae |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
102 |
Берікқара терегі |
Populus berkarensis |
Талдар тұқымдасы |
103 |
Тораңғыл |
Populus pruinosa |
Талдар тұқымдасы |
104 |
Алберт қызғалдағы |
Tulipa alberti |
Лалагүлдер тұқымдасы |
105 |
Жауқазын немесе Бәйшешек |
Tulipa biebersteiniana |
Лалаагүлдер тұқымдасы |
106 |
Борщов қызғалдағы |
Tulipa borszczowii |
Лалагүлдер тұқымдасы |
107 |
Грейг қызғалдағы |
Tulipa greigii |
Лалагүлдер тұқымдасы |
108 |
Зинайда қызғалдағы |
Tulipa zenaidae |
Лалагүлдер тұқымдасы |
109 |
Кауфман қызғалдағы |
Tulipa kaufmanniana |
Лалагүлдер тұқымдасы |
110 |
Колпаковский қызғалдағы |
Tulipa kolpakowskiana |
Лалагүлдер тұқымдасы |
111 |
Қысқа аталық қызғалдағы |
Tulipa brachystemon |
Лалагүлдер тұқымдасы |
112 |
Леман қызғалдағы |
Tulipa lehmanniana |
Лалагүлдер тұқымдасы |
113 |
Дарагүлдер қызғалдағы |
Tulipa uniflora |
Лалагүлдер тұқымдасы |
114 |
Островский қызғалдағы |
Tulipa ostrowskiana |
Лалагүлдер тұқымдасы |
115 |
Кеш қызғалдақ |
Tulipa tarda |
Лалагүлдер тұқымдасы |
116 |
Жатаған қызғалдақ |
Tulipa patens |
Лалагүлдер тұқымдасы |
117 |
Алакүлте қызғалдағы |
Tulipa heteropetala |
Лалагүлдер тұқымдасы |
118 |
Регель қызғалдағы |
Tulipa regelii |
Лалагүлдер тұқымдасы |
119 |
Күмәнді қызғалдағы |
Tulipa dubia |
Лалагүлдер тұқымдасы |
120 |
Шымған қызғалдағы |
Tulipa tschimganica |
Лалагүлдер тұқымдасы |
121 |
Шренк қызғалдағы |
Tulipa schrenkii |
Лалагүлдер тұқымдасы |
122 |
Северцов қарақабағы |
Ungernia sewerzowii |
Амариллистер тұқымдасы |
123 |
Кәдімгі пыста |
Pistacia vera |
Сумахтар тұқымдасы |
124 |
Ақжолақ сасыр |
Ferula leucographa |
Шатыршагүлдер тұқымдасы |
125 |
Семенов айдаршөбі |
Corydalis semenovii |
Көгілдір тұқымдасы |
126 |
Жауқазын немесе Алатау бәйшешегі |
Crocus alataevixus |
Құртқашаштар тұқымдасы |
127 |
Корольков бәйшешегі |
Crocus korolkowii |
Құртқашаштар тұқымдасы |
128 |
Түбірлі томағашөп |
Scutellaria subcaespitosa |
Ерінгүлдер тұқымдасы |
129 |
Тауқалуен |
Schmalhausenia nidulans |
Күрделігүлдер тұқымдасы |
130 |
Культиасов батаны |
Schrenkia kultiassovii |
Шатыршагүлдер тұқымдасы |
131 |
Иткүшала |
Eminium lehmannii |
Аройниктер тұқымдасы |
132 |
Илария шырышы |
Eremurus hilariae |
Асфодел тұқымдасы |
133 |
Алматы шиқылдағы |
Juno almaatensis |
Құртқашаштар тұқымдасы |
134 |
Көкшіл шиқылдақ |
Juno coerulea |
Құртқашаштар тұқымдасы |
135 |
Кушакевич шиқылдағы |
Juno kuschakewiczii |
Құртқашаштар тұқымдасы |
136 |
Сүйсін шиқылдағы |
Juno orchioides |
Құртқашаштар тұқымдасы |
137 |
Недзвеция алмасы |
Malus niedzwetzkyana |
Раушангүлдер тұқымдасы |
138 |
Сиверс алмасы |
Malus sieversii |
Раушангүлдер тұқымдасы |