Ес және оның балалық кезенде дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2013 в 15:00, реферат

Описание работы

Ес және оның балалық кезенде дамуы. Қазіргі психологияның кез келген тарауын алып қарасақ идеалистік және материалистік теориялардың ес процесіне қатысты талас-тартысын, көзқарастардың әрқилы жағдайларьш жиі кездестіреміз.
Сондықтан психологиянық бұл тарауын бірнеше ондаған жылдар бойы келе жатқан шиеленісті пікірталастардың ара-жігін ажыратып зерттеу ес процесіне қатысты мәселелердің мән-жайын кеңінен ашып көрсетуге көмектеседі.
Сіздер мүмкін психологияны өзара тәуелеіз екі бөлімнен тұратын жеке ғылымдар ретінде іздестіру керек деп санаған бағыттарды да білетін боларсыздар. Оның бір бөлігік түсіндіруші, екіншісін зерттеуші деп қарастыру қажет дейтіндер,

Работа содержит 1 файл

Ес және оның балалық кезенде дамуы.docx

— 107.25 Кб (Скачать)

П.Я.Гальперин негізін  салған «ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу» концепциясы, практикалық іс-әрекет адам ойлауының барлық жоғары формаларының даму процесіндегі алғашқы баспалдақ (саты) деген түсінікке құрылған. Бірінші кезеңде бала мәселені шешу үшін сыртқы материалдық әрекеттерді қолданады. Екіншіде – бұл әрекеттер тек елесететіледі де, бала оларды сөзбен айтады (басында дауыстап, сонан соң іштей). Тек соңғы, үшінші кезеңде сыртқы заттық әрекет жинақталып, ішкі жоспарға енеді. Кең құлашты материалдық әрекеттің жинақы ақыл-ойлық моделге айналуының әрбір кезеңі үшін берілген мысалдың шарттар мен мазмұнындағы оқушыға бағыт-бағдардың белгілі бір түрі тән. Жоғары деңгейдегі мұндай бағдарға мәселелердің берілген түрі үшін өте маңызды жалпылама сипаттағы тану белгілері жатады (олар заңдар мен ұғымдарда көрсетілген) ала ойлауының келесі, дамудың жоғарырақ сатысына өтуіне байланысты оның бастапқы формалары, соның ішінде практикалық ойлау жойылмайды, өзгертілмейді, бірақ олардың ойлау процесіндегі қызметтері қайта құрылады. Осылайша ең жоғарғы сөздік логикалық ойлау қалыптасады.Бала ойлауының жарқын бейнелілігі, сонымен бірге нақтылығы ең алдымен, баланың өмір тәжірибесінің аздығымен түсіндіріледі. Ол әр сөзге байланысты ересек адам тәрізді өзі қолданатын жалпылама түсінік ұғымдарға еңгізіп отыратын заттар тобын емес, өзі бұрын кездестірген нақты бір затты ғана елестете алады. Бала әлі ештеңені жалпылай алмайды. Ол көрнекі бірегей бейнені, онымен біртектес барша заттарға тән белгілермен ала отырып, өзі бұрын қабылдаған, нақты осы затқа (өзенге, сұңқарға, батырға) тән жеке ерекшеліктерді де пайдаланады.

Әр түрлі құбылыстардың барлығын байқау үшін, болып жатқан өзгерістерді анықтау үшін мақсатты, жоспарлы түрде ұйымдастырылған қабылдауды бақылау деп атайды. Адамның дүниені қабылдауы селқос, жай үңілу, айнадағы суреттей жансыз, мелшию емес, өмір құбылысын белсенді бақылап, дүние тұрқын анықтай ұғынуы. Бақылау - белсенді процесс. Бұл белсенділік адамның ойлау әрекетін бақылау процесіне катыстыруына байланысты. Ойлау әрекеті нәрселерді салыстыру арқылы пайда болады, салыстыру арқылы заттардың ұқсастығын, айырмашылығын, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін байқаймыз (№ 1 суретте көрсетілгендей). Әр зат өзінің ұқсастық  фонында басқалардан бөлектеніп, айқынырақ көрінеді. Бір объектіні екінші объектімен салыстыра отырып, заттардың тегін категориялық заңдылығын түсіне білуге жеңілдік жасаймыз.

 

Бақылау процесінде екінші сигналдың жүйе адамның қабылдауына сөз аркылы бағыт беріп отырады. Егер адам қабылдау нәтижесі туралы есеп беретінін біле, толықтай дәл бақылауға ынталанады, жоспарлы және мақсатты қабылдауды іске асырады.

Бақылау нәтижелі болу үшін алдын-ала даярлық жасалуы керек: қабылданатын объект туралы алдымен мағлұмат жинау, оның ерекшеліктерімен күні бұрын танысу, нәрсенің орналасқан жерін білу, ондай бақылаудың не үшін керек екендігін анықтау, т.б. Қабылдау процесінде бақылауға жәрдемші ретінде қимыл-қозғалыс әрекетінің ролі күшті. Бақылауға алынып отырған объектінің моделін жасау, сызбасын сызу, суретін салу, нәрсені қолмен ұстау, онымен жұмыс істеу қабылдауды тұрақтандыра түседі де, бақылауды нәтижелі етеді.Мәселен, жай қарап отырып географиялық картаны меңгергеннен гөрі сол картаны қағазға шәкірт өзі аударып, оған өзен, көлдерді түсіріп, мемлекет шекараларын өз қолымен сызып отырса, әрине, ондай материал баланың басында ұзақ уақыт жүйелі түрде сақталатыны сөзсіз.

Қабылдау ісінде ескерілетін мәселе - бақылау жүйелі жүргізіліп, ретке келтірілуі керек. 8-9 жасар бала бөлмедегі өзі көрген нәрселерді санамалап айтып беру үшін, заттардың орналасу тәртібін сақтамай, есіне түскенін қалай болса солай айта бастайды. Бұл жүйесіз, орын тәртібіне зер салмай қабылдаудың салдарынан туады. Ал, есейген адам, алдымен желісін құрып, бірізді етіп айтуға тырысады. Есейген адам есіктен бастап ең алдымен, қа-бырғадағы нәрселерді тізіп айтады немесе әуелі ірі нәрселерді (үстел, шкаф, диван), одан кейін осылардың үстіндегі нәрселерді, ең ақырында, қабырғада ілулі тұрған нәрселерді ретімен айтып береді. Бұдан нәрсені рет-ретімен, орын тәртібін байыптай жүйелеп қабылдағаны көрініп тұр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Жарықбаев Қ.Б. Психология. - Алматы, 1997.

.Бап - Баба С.Жантану  негіздері.-    Алматы, 2003.

3.Алдамұратов Ә. Рахымбеков Қ. Жалпы психология. - А.,1996.

4.Тәжібаев Т.    Жалпы психология.- А.,1993

5.Жарықбаев Қ.  Психология .- А.,1993.

6.Аймауытұлы Ж. Психология А.,1995.

7.Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы.Алматы.1996.

8.Гамезо М.В., Домашенко  И.А. Атлас по психологии М,1986.

9.Шәкәрім Құдайбердиев.  Шығармалары. А., 1988

 

 

 

 

 

БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР ТОПТАМАСЫ

                                                                                              «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді»

 

                                                                                                                          Халық даналығы

XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің  шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде  ойын әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.

Ойынның маңызы:

Тәрбиеленуші  үшін

1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы,     артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

2. Тәрбиеші  үшін:

    Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын  арттыруда, сабақты  қызықты өткізуге, мұғалім үшін тиімді.

3. Ата-ана үшін

  Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді

Мен  мектептегі шағын орталықтың меңгерушісі болып жұмыс атқарамын. Тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін,қиялын,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған  көмек құралы ретінде төмендегі ойындар топтамасын ұсынып отырмын.

 

  1. Есте  сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Төрт құбылыс

  Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

Көңілді шеңбер

  Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

Орныңды тап

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады.

Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Сөзді есіңде сақта

Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

 көктем – жаңбыр

 жаз – күн шықты

аспан – бұлт

жер – шөп

2)      Қиялды дамытуға арналған ойындар

Менің көңіл-күйім қандай

  Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді – көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

 

 

Жаңа ертегі

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.

Сиқырлы дөңгелектер

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығы мен мұртын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығы мен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

Қиял жалғасы

Мұғалім ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (Толқын, сынық сызық, ирек т.б.) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларын толық сурет салып береді екен деп өз алдарындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды

3)  Ойлауды дамытуға арналған ойындар

Матадағы менің орным  

Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек.

Ойлан да аяқта

 лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)

- егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық...

- екі, бірден көп, ал бір...

-пышақ та, әйнек те...(өткір)

  Ойлан да аяқта

-       Ат шабады, ал қарлығаш...

       Ит үреді, ал қарға...

-       Жылан  жорғалайды, балық...

Қарама-қарсы сөзді ата

Балалар шеңберге тұрады.  Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады.  Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс.

 

 Қара –

 Күн –

 Аласа –  

4)   Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

Ине мен жіп  Жүргізуші: Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.

Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.

Бұл қашан болады?

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.

Кесте, құрал-жабдықтармен жұмыс.

Айлардың аттарын ата

Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата

Әр мезгілде неше ай бар?

Бір айда неше апта бар?

Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

Не үлкен

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

Сиқырлы қапшық

 Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б. Балалар қолымен заттарды сипап, бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

5)   Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар

 Мен жеңімпазбын Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, «мен жеңімпазбын» деп айтуы керек.

 

Құлақ-мұрын

 Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды.

 

Өз орныңды тап

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.

Дайын бол

 Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с.

Зейінді бол

 Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.

6) Шапшаңдық дамытуға арналған ойындар

Көпір .

Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынға көз байлайтын екі орамал керек. Ойын басқарушының нұсқауымен көпір жасайтын екі баланың көздері байланады. Олар біріне бірі қарама-қарсы тұрып, қолдарын созып «көпір» жасайды. Олар көпір жасағанда тек саусақтарының ұштарына тигізіп қана тұрады, қолдарымен ұстаспайды.

Информация о работе Ес және оның балалық кезенде дамуы