Дәнекер тін

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:57, реферат

Описание работы

Тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП) немесе а липопротеидтер гепатоциттерде түзіледі, және фосфолипидтердің (25-27%), холестеридтердің (17-20%),белоктың (45-49%) жоғары мөлшерімен сипатталады және бауырдан тканьдерге фосфолипидтері тасымалдаудың басты жүйесі болып табылады. Бөлщектерінің диаметрі өте кішкентай болғандықтан тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП) тамырдың клеткасының мебранасының арқылы тамыр қаьырғасына жеңіл өтеді де, оған лимфа ағыны арқылы әкетеді.

Работа содержит 1 файл

араай химия.pptx

— 803.89 Кб (Скачать)

 Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

 

 

КАФЕДРА: ӘЛЕУМЕТТАНУ-САЯСИ ПӘНДЕР

ФАКУЛЬТЕТ: ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА

 

                             СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

 

ТАҚЫРЫБЫ: Қанның тасымалдаушы липопротеидтердің құрамы, құрылысы және физиологиялық рөлі. Хиломикрондардың түзілуі және майлардың тасымалдануы. ӨТТЛП, ТТЛП және ЖТЛП түзілуі және қызметі.Гиперхолестеринемия, оның пайда болу себептері. Өт тасы ауруының даму механизмі, Атеросклероз биохимиясы, Гиперхолестер биохимиялық негіздері.

ОРЫНДАҒАН: ҚҰЛМАНОВА АРАЙЛЫМ МӘДЕНИЕТҚЫЗЫ

ТОБЫ: 216 А

 

 

 

                                                        Ақтөбе 2013жыл

 

                                    Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

 

Тасымалдаушы  липидтертер туралы түсінік және жіктелуі

 Гиперхолестеринемия  және гиперлипопротеинемия атеросклероз  ауруының пайда болуы

 

Қорытынды

 

Тасымалдаушы липидтер дегеніміз, белоктармен комплексте болатын және бір мүшеден  екіншісіне экстрацеллюлярлы сұйық орта (қан, лимфа) арқылы жеткізілетін липидтер болып табылады. Көбінесе оларды тасымалдаушы липопротеиндер (ЛП) деп атайды.  Барлық тасымалдаушы липопротеиндер құрылысы жағынан гидрофобы мицелла түрінде болады және қантұрады, ол қабат фосфолипедтердің, гликолипидтердің  дифильді молекуласынан және гидратты қабат түзетін белок молекулаларынан тұрады. Тасымалдаушы липопротеиндер мынадай түрге бөлінеді.

Хиломикрондар  (ХМ)

-    Тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП)

-     Тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП)

-     Тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП)

Хиломикрондар  (ХМ) ішектің қабырғасында түзіледі және басқа тасымалдаушы липопротеидтерден үшацилглицериндерден өте жөғары мөлшермен (85-95%), хоолестериннің, фосфолипидтердің және белоктың аз мөлшері (0,5 – 2,0%) ерекшелінеді. Хиломикрондар – бұл ішектің қабырғасында ресинтезделетін, экзогенді үшацилглицериндердің басты тасымалдаушы түрі болып табылады.

-     Тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП) немесе пре В липопротеидтер  бауырда және жартылай жіңішке эпителиальды клеткаларында түзіледі. Хиломикрондар сияқты  тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП) үшацилглицериндердің өте жоғары мөлшерімен (64-80%) ерекшеленеді, бірақ хиломикрондар өзекшелігі олардың құрамында фосфолипидтер (15-18%), холестериндер (8-15%) және белок (10-13%) көп болады. Тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП) синнтезделген эндогенді үшацилглицериндердің басты тасымалдаушы түрі болып табылады. Қанда тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП) концентрациясы 1,5- 2,0 г/л аралығында болады. Әртүрлі мүшелердің капиллярлар эндотелиінде липопротеинлипаза ферменті бар , ол капиллярлардың ішкі қабатының гликозамингликанымен байланыста болады және қанмен тікелей қосылады.

Тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) немесе В липопротеиндермен қанда тығыздығы өте төмен липопротеидтер (ТӨТЛП) түзіледі және бауырдан холестеринді басқа мүшелер мен тканьдерге  тасымалдаушы неізгі түрі болып табылады, ол  мүшелер мен тканьдердің  клеткаларының бетінде тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП)  өзгешелік рецепторлар болады, ол жерде холестерин клеткалық мембраналардың құрлысы үшін пайдаланады. Әсіресе  В липопротеиндермен қан тамырлары қабырғасының клеткаларына жеңіл өтеді де, оларға холестеринді жеткізіледі. Тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) холстериннің мөлшері 35-40%, фосфолипидтердің  мөлшері 21-25%, белоктың мөлшері 25% болады. Сау адамның қанында тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) концентрациясы  3,0 – 4,5 г/л.

 

 

 

 

Тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП) немесе а липопротеидтер гепатоциттерде түзіледі, және фосфолипидтердің (25-27%), холестеридтердің (17-20%),белоктың (45-49%) жоғары мөлшерімен сипатталады және бауырдан тканьдерге фосфолипидтері тасымалдаудың басты жүйесі болып табылады. Бөлщектерінің диаметрі өте кішкентай болғандықтан тығыздығы жоғары липопротеидтер (ТЖЛП) тамырдың клеткасының мебранасының арқылы тамыр қаьырғасына жеңіл өтеді де, оған лимфа ағыны арқылы әкетеді.

Ағзадағы холестериннің тұрақты, қалыпты деңгейде  холестериннің болуы осы процесстерге байланысты болады. Осы баланстың бұзылуы салдарының бірі – гиперхолестеринемия болып табылады. Ол өт тас ауруына , жүректің ишемия ауруына және атеросклероздың дамуына әкеледі. Өт тас ауруы кезінде тө қуысында немесе өт жолдарында өт қышқылдарының синтезі немесе экскрециясының төмендеуінен болады. Холестериннің тұнбаға түсуіне  өттің тұрып қалуы, өт қуысының қабыну процесстері де әсер етеді. Холестериннің кристалдануының орталығы ретінде белок конгломераттары болады.

Гиперхолестеринемия және гиперлипопротеинемия атеросклероз ауруының пайда болу қауіпін тудырады.  Әртүрлі деңгейдегі атеросклероз адамдардың барлығында болады, ал оның салдары өлімді тудырушы себептердің ішінде 1-ші орын алады. Қан тамырындағы атеросклеротикалық өзгерістер өте ерте, шамамен 3 жастан бастап белгі бере бастайды. Аортада, артериялардың ішкі қабатында липидтік таңбалар мен жолақтар пайда бола бастайды.  Уақыт өткен сайын олардың саны көбейеді, олар қан тамырларының басқа бөліктерінде декоронарлы артериялардың (15-20) және аяқтың артерияларында пайда бола бастайды.

Холестериннің артерияларда жинақталуы және қанның липопртидтердің арасында холистеринмен  екі жақты алмасу жүреді, бірақ  гиперхолестериндерінің кезінде холестериннің  артерия өабырғасына өтуі басым  болады. Атеросклероздың алдын алу  және емдеу әдістері холестериннің  кері ағынын күшейтуге бағытталған.Сол  үшін холестерині аз диета, холестериннің  экскрециясын арттыратын немесе оның синтезін ингибиторлайтын дәрігер  (мевалон қышқылы лактонының аналогы, компактин), гемодиффузия арқылы қаннан холестеринді тікелей әкету әдісі және т.б пайдаланады.

 Сонымен, атеросклероз дегеніміз холестерин синтезі катоболизмінің және шығарылуы процестерінің бұзылу нәтижесі, клеткаларда липопротеидтердің түзілу, жетілу, катаболизм және рецепциясының бұзылу нәтижесі, клеткалар мен липопротеидтер арасында компоненттермен алмасудың бұзылу нәтижесі болып табылады. Атеросклероз пайда болуына әкелетін зақымдалу бөліктердің көп болуы бұл аурудың кең таралуын молекулярлық негізігі және бұл аурудың кең таралуының молекулярлық негізі және бұл мәселенің өзекті болуының себебі болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

Интернет  желісі www.google.kz

Медициналық биохимия Тапбергенов  С. О 2009 жыл


Информация о работе Дәнекер тін