Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 09:46, реферат
Адамның еңбекке қабілеттілігі төмендеуіне , мүмкіндігіне және өліміне жиі әкелетін дерттердің бірі болып бүйрек аурулары есептеледі. Бүйрек организімінің ішкі тұрақтылығының сақтауға бағытталған көптеген қызмет атқарылады.
Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы.
Бүйрек патофизиологиясы
Адамның еңбекке қабілеттілігі төмендеуіне , мүмкіндігіне және өліміне жиі әкелетін дерттердің бірі болып бүйрек аурулары есептеледі. Бүйрек организімінің ішкі тұрақтылығының сақтауға бағытталған көптеген қызмет атқарылады.
Бүйрек қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы.
Реналдық себептер бүйрек тініне тікелей бүліндіруші әсер етеді. Олар инфекциялық және бейинфекциялық ықпалдар болып бөлінеді. Бүйрек пен несеп өту жолдарына вирустар, стрептококктар, туберкулез таяқшалары, гонококктар ж.б. микробтар тікелей бүліндіруші әсер етеді. Бейинфекциялар реналдық себептерге химиялық улы өнімдер, ауыр металдар (қорғасын, сынап , уран ж.б.), дәрі –дәрмектер (антибиотиктер , сульфаниламидтер, зәр шығарғыштар ж.б.)аутоиммундық үрдістер (иммундық кешендер, бүйрекке қарсы аутонтиденелер,жендет лимфоциттер, макофагтар), бүйрек қан тамырларында қан қатпарлары мен эмбол тұрып қалуы, бүйректе өспе өсуі, бүйректің беріштенуі т.т. жатады.
Постереналдық себептерге зәр жүретін жолдарының таспен , қуық асты безінің өспесімен т.т. таралып , бітеліп қалуы жатады.
Бүйрек қызметінің жекіліксіздігі несеп өндірілуі мен оның сыртқа шығарылуының бұзылыстарымен көрінеді. Несіп өндірілуі үш түрлі процестердің қатысуымен болады. Біріншісі, нефрон шумактарында қан қылтамырлары арқылы зәрдің сүзілуі (ультрафильтрациясы), екіншісі, бүйрек өзекшелерінде алғашқы зәрден кейбір бөлшектерінің қанға кері сіңірілуі (реабсорбциясы) және үшіншісі, бүйрек өзекшелерінің эпителий жасушалары арқылы кейбір заттардың соңғы зәрге шығарылуы (секрециясы) (32-сурет).
Сол себептен бүйрек қызметінің бұзылысары нейрон шумақтарының , нефрон өзекшелерінің қызметтері бұзылыстарымен , жиі олардың біріккен бұзылыстарымен байқалады.
Диурездің бұзылыстары.
Несіптің сыртқы шығарылуы диурез делінеді . Тәулігіне ересек адам 1500мл-дей, 1 жастағы бала 500 мл. 8 жастағы бала 1 л. зәр шығарады. Оны тәуліктік диурез деп атайды. Тәуліктік диурездің өзгерістері:
полиурия (несіп шығарылуының 2-1 литрге дейін азаюы),
олигурия(зәр шығарушыларының 500-600мл-ге дейін азаюы ),
анурия(несіп шығарылуының болуы немесе 50-100мл-ге дейн тым қатты азаюы),
поллакиурия (грек. pollakis- жиі, несіптің жиі шығарылуы),
олакизурия (грек ollakis-сирек , несіптің сирек шығарылуы),
никтурия (грек.nyctos-түн , несіптің түнде көп шығарылуы)деп ажыратылады.
Бүйректің қызметінің толық немесе жартылай тоқтауы – бүйрек жетіспеушілігі деп аталады.
Себептері:
Түтікшелер реабсорбциясының бұзылыстары.
Диурез және несеп құрамының бұзылыстары.
Полиурия – зәр мөлшерінің қалыпты жағдайдан көп болуы. АДТ мөлшері азайғанда, қант диабетінде, қалқанша безінің гиперфункциясында байқалады.
Олугия, анурия – несептің азаюы, тоқтауы АДТ көбейгенде, қалқанша безі гипофункциясында рефлекторлы болуы мүмкін.
Гиперстенурия несептің тығыздығының жоғарлауы (қ.ж. 1,010-1,028). Жедел диффузды гломерулонефриттерде.
Гипостенурия несептің тығыздығының төмендеуі түтікше аппараты зақымдануында дамиды (созылмалы гломерулонефрит).
Изостенурия тығыздықтың тәулік бойы тұрақты төмен болуы түтікше эпителийлерінің деструкциясы кезінде дамиды (бүйрек қызметінің ауыр түрде жетіспеушілігі).
Бүйрек ауруларындағы
несепте пайда болатын