Белсенділік

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 12:42, реферат

Описание работы

Белсенділік[1] - белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс пен іс-әрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне байланысты. Белсенділік, элементарлық белсенділік , биологиялық белсенділік , әлеуметтік белсенділік болып жіктеледі. Белсенділіктің бұл түрлерін өзінің қамтылу аясына қарай әр ғылым өз әдісіне сай зерттейді.

Работа содержит 1 файл

Белсенділік.doc

— 48.00 Кб (Скачать)

Белсенділік

Белсенділік[1] - белсенділіктің қозғаушы күші - қажеттілік пен құштарлық. Тіршіліктің негізі - қозғалыс пен іс-әрекет болса, оның не қарқынды, не баяу жүруі қажеттілік пен құштарлық шегіне байланысты. Белсенділік, элементарлық белсенділік , биологиялық белсенділік , әлеуметтік белсенділік болып жіктеледі. Белсенділіктің бұл түрлерін өзінің қамтылу аясына қарай әр ғылым өз әдісіне сай зерттейді. Әлеуметтанудағы белсенділік адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттайтын негізгі белгілердің бірі. Мұны саяси белсенділік, әлеуметтік белсенділік және психикалық белсенділік деп бөледі: Саяси белсенділік - жеке түлғаның не әлеуметтік топтың саяси процеске араласу деңгейін білдіретін ұғым. Бұл белсенділік әлеуметтік топтың өзі көздеген мақсаттарына сай саяси жүйеге ыкпал етіп, оны өзгертуге ұмтылуынан байқалады. Әлеуметтік белсенділік - белгілі бір тарихи кезенде әлеуметтік топтың, қауымның қоғам алдына қойылған міндетті саналы түрде шешуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы. Әлеуметтік белсенділік қоғам өмірін әртүрлі аясында (саяси-қоғамдық істерде, еңбек, мәдениет және тұрмыс саласында) көрініс береді. Психикалық белсенділік - субъектінің ұстанған бағдарын жүзеге асыру барысыңдағы іс-әрекетінің жігерліліп. Ол жеке түлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай әсерленуіне, мінез-кұлқына, шешім қабылдау қабілетіне байланысты. Психологиядағы белсенділік - адамның сыртқы ортамен 93 қарым-қатынас жасауының сипаты. Бұл орайда белсенділік іс-әрекетпен байланысты бағаланады. Психологияда белсенділікті тұлға белсенділігі, ситуацияға үстем белсенділік , іздену белсенділігі, шектен асқан белсенділік деп бөледі. Тұлға белсенділігі - адамның шығармашылықтағы, іс-әрекеттегі, қоғамдағы, қарым-катынастағы тегеуріңділігі. Бұл адамның әлеуметтік өзгерістерге араласуынан байқататын қасиет. Тұлға белсенділігі оның идеялық принциптіліп мен өз көзқарасынан таймауынан, сөзі мен ісінің бірліпнен көрінетін адамның белсенді өмірлік позициясы ретіңде сипатталады; ситуацияға үстем белсенділік - субъектінің ситуациялық алаптардьін деңгейінен биік болу қабілеті. Ситуацияға үстем белсенділік арқылы субъект іс-әрекеттің ішкі және сыртқы кедергілерін (мысалы, енжарлық самарқаулық селқостық, т.б.) жеңеді белсенділік тің бұл түрі шығармашылық жағдайларда, танымдық белсенділікте риясыз бас тігуде және шекген аскан белсенділікте көрінеді; іздену белсенділігі болашағы беймәлім ситуацияны өзгертуге бағытталатын мінез. іздену белсенділігі - міңез-құлықтың көп типтерінің бірі болып табылады Оның психикалық көріністері - жоспарлау, киялдау, т.б.; шектен асқан белсенділік нәтижелі іс-әрекетті сипаттайтын, істің жоғары нәтижелігінің маңызды көрсеткіштерінін бірі.

     Жеке  тұлға дегеніміз - әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

     Жеке  тұлғаның басты белгісі - оның әлеуметтік мәнініең болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.

     Жеке  тұлғаның ең маңызды  белгелері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір – қасиеті , даралығы. 
Жеке тұлға - қоғамдық сананы алып бжүретін адам, қоғамдық тірі жан.  
Жеке адам деп - лнақты адамды, қоғамның белсенді, саналы, мүшесін, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастар бар, қарым - қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері, өзге адамдардан жан иесін айтамыз.

     Жеке  адам көп саналы құрылымға ие.

     2. Жеке тұлғаның  белсенділігі.

     Белсенділік деп адамның іс - әрекеті үстіндегі  жағдайын айтады. Тіршілік және іс - әрекеттері барысында адамның қарым –  қатынас жасау, таным және өзін –  өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. 
3. Жеке тұлғаның бағыттылығы

     Жеке  адамның бағыттылығы дегеніміз – сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүиесі.

     4. Жеке тұлға типологиясы 

     Физикалық типологияға немімс ғалымы Э.Керчмер, ағылшын ғалымы Шельдон бұл екеуі  де адамдардың физикалық даму ерекшеліктерін зерттей келе оларды 3 типке бөлген:

1. Астениктер 
2. Пикниктер 
3. Атлетиктер 
Астеник - бойы ұзыцн, жіңішке арық денелі адамдар. 
Тұйық, адамдармен араласлуы үнемі де, қиынға соғады. Кейде бұларға эгоизм тән.  
Реалды өмір көріністерін, дәл және де дұрыс бағалай алмайды. 
Пикникалық тип - бұл адамдар керісінше толық, денесі ауыр адамдар. Бұлардың эмоциясы басым көпшіл, және де ақжарқын, ақкөңіл болып келеді. 
Атлетикалық тип - шымыр денелі, жауырынды, ауыр мінезді болып келеді.  
Бірақ ашулалнса қатты ашуланады. 
5. Жеке тұлға теориялары. 
Теориялар көп. Бірақ оларды әдетте 3 топқа бөледі. 
1. Психодинамикалық тлеориялар – жеке адам дамуымен қалыптасуы, ішкі субъективті психологиялық факторларға байланысты В = F (р) 
2. Социодинамикалық теориялар – жеке адамның дамуы мен қал ыптасуы сыртқы әлеуметтік ортаға тәуелді В = F(Е) 
3. Интеракциялық теориялар - адамның жеке адам болып қалыптасуы өздері жоғарыда айтылған 2 факторға да тәуелді В = F (Р,Е) болады. 
6. Жеке тұлғаның қалыптасуы. 
Жеке тұлған,ың дамуы және қалыптасуы жайюында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар әдебиеттерде орын алып келеді.  
Даму – индивидтің тұқым қуалау арқылы берілген және өмір барысында қалыптасқан қасиеттерінің сандық және сапалық өзгерістерге ұшырау процесі

Информация о работе Белсенділік