Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 10:17, реферат

Описание работы

Мәселен, XIX ғасырда адамдар жұмыстың 10% ғана қолмен орындаса, қалған 90% рөлін техника атқарады. Оның өзінде, сол 10%-дық қол жұмысы дегеніміз - отырып немесе тұрып техниканың жұмыс істеп тұрған тетігін басқару мен реттеу ғана болады. Осының салдарынан адам баласының күнделікті тіршіліктегі денсаулығын толық қамтамасыз ететін қозғалысы азаяды. Бұл дегеніңіз адам ағзасының жұмысы бұзылып, денсаулығының төмендеуі, нақтырақ айтқанда ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу.docx

— 29.66 Кб (Скачать)

Сонымен, ғалымдар адамның салмағы бойына сәйкес болса, ол кісі семіз адамнан әлдеқайда көп өмір сүреді деген қорытындыға келген. Күні кешегі Кеңес заманында дәрігер Кончаловскийдің есебі бойынша толық адамдардың 69 жасқа 60%-ы жетеді екен, ал, арық адамның 90 % -ы 70 жасқажетеді екен. Егер, адамның салмағы 10-12 кг артық болса, 35-40 жас мөлшерінде жүрек, қан тамырлар жүйесі бұзылып, ауруға шалдығады.

Дүние жүзінде көп тамақ ішудің салдарынан адамдардың 50%-ы семіздікке душар болады. Ауру адамдардың 99% -ның науқасы ас қорыту процесінің салдарынан, тек бір жерде отырып артық тамақ ішуге байланысты болады екен. Семіз адамдардың тек қана денесі толып қана қоймай, жүрек, қан тамырлары да семіреді. Мұның аяғы стенокардия, инфаркке әкеп соғады.

Гиппократ пен  Гален: толық адамдарға мүмкіндігі болғанша қозғалыста болғаны жөн деген өсиет қалдырады. Аса бір тарихи оқиға, кезінде Рим қаласында тұратын толық адамдарды жазда түгелдей ауылшаруашылығы жұмыстарына жіберіп тұрған. Әсіресе, толық адамдардың арықтауының негізгі көзі - таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын үзбей орындағанда ғана денсаулығын түзетеді. Тағы бір көзі - қыс кезінде шаңғы тебу. Жалпы толық адамдар табиғатында үнемі қозғалыста болуды көп жақтыра бермейді. Сондықтан адам өзін-өзі міндеттеп көбірек қозғалыста болып, тіпті жұмысқа жаяу барып қайтса одан зиян шекпейтінін білуі керек.

Демек, биология ғылымының заңдылығына сүйенсек, дені сау, ағзасы дұрыс қалыптасу үшін бала 5 жасқа дейін тәулігіне 6-8 сағат қозғалыста болуы керек. Одан ары 10 жасқа дейін 4-6 сағат бойы, 10 жастан 16 жасқа дейін 2-4 сағат бойы қозғалыста болуы керек. Ал ересек адам қай жаста болса да орта есеппен күніне 2 сағат қозғалыста болуы керек екен.

Сөз соңы  

Бүгінгі таңда, әсіресе, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайында әркім өз басының денсаулығын ойлайтын болса, ең алдымен осы ұсынып отырған қағидаға үңілуіне болады.

Ұсынып отырған тұжырымдаманың негізгі қағидалары бүгінгі өмір салтынан туындайды. Адам баласының салауатты өмір сүруі оның қоршаған орта мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ деген халықтың қанында бар тазалық жүйесін сақтай білуіміз қажет. Салауатты өмір сүрудің негізгі шарттары бұдан гөрі кеңірек. Әр адамның өз денсаулығын ойлап, дұрыс тамақтанып, күйбең тіршілікте ауруға шалдықпауына бақылау жасап отырса, нұр үстіне нұр! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер   

С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. - Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.

Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.

Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. - Алматы: Мектеп, 1988.

Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 1994.

Бутин И.М. Лыжный спорт. - Москва: Академия, 2002.

Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: Рауан, 1991.

Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. - Алматы: Рауан, 1991. ,

Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000

Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. - Москва: Военное издательство, 1987. 

Решетников  Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. - Москва, 2000.

Информация о работе Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу