Ауа ваннасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:16, реферат

Описание работы

Емшектегі баланы шынықтыру. Нәрестені алғашқы күннен бастап-ақ таза ауаға үйрету керек. Таза ауа тәбетін ашады, организмді шынықтырады, әр түрлі аурудай сақтайды. Емшектегі баланың денесі тез ысып, тез салқындайды. Сондықтан оның терісін температураның өзгеріс — құбылысына біртіндеп үйретеді. Баланы таза ауамен шынықтыруға өте мұқият қарау керек.

Работа содержит 1 файл

баларды шыныктыру.docx

— 31.51 Кб (Скачать)

Емшектегі баланы шынықтыру. Нәрестені алғашқы күннен бастап-ақ таза ауаға үйрету керек. Таза ауа тәбетін ашады, организмді шынықтырады, әр түрлі аурудай сақтайды. Емшектегі баланың денесі тез ысып, тез салқындайды. Сондықтан оның терісін температураның өзгеріс — құбылысына біртіндеп үйретеді. Баланы таза ауамен шынықтыруға өте мұқият қарау керек.

Ауа ваннасы

Сәбиді шынықтыруды үйдегі ауа ваннасынан бастайды, онда емшектегі  бала үшін оптималды температура 21—22С  болуы тиіс. Баланы жөргектегенде  көпшілік аналар тоңдырып аламыз деп, асығыстық жасайды, тіпті жаялықты алдын-ала радиаторға немесе пешке  қойып жылытып алады. Мұның тіптен қажеті жоқ. Жылытылған жаялық баланың  ауаға көндігуіне кедергі жасайды; суық көп тиеді. Бала бір-екі минут  жалаңаш жатуы үшін жаялықты асықпай алмастыру керек — мұның өзі ауа ваннасына біртіндеп көшудің бастамасы болып табылады. Ауа ваннасын дұрыс қолдана білу балаға өте пайдалы және оның денсаулығына зиян келтірмейді. Жылдың суық кезеңінде ауа ваннасын бөлмеле, ал жылы уақытта — сыртта жасау керек. Баланы күніне 2—3 рет, алдымен 1—2 минутқа, кейін 3—5 минутқа жалаңаш жатқызу қажет. Ауа ваннасын біртіндеп күніне жарты сағатқа дейін созады. Тиісті жаттықтырудан кейін ауа ваннасының температурасын 20—18С-ға дейін азайтуға болады. Әлсіз баланың денесін біртіндеп жалаңаштайды; алдымен қолы мен аяғын, одан кейін беліне дейін, ақырында мүлдем шешіндіріп, жалаңаш қалдырады.

Су процедурасы

Бір жасқа дейінгі баланы шынықтырудың ең тиімдісі — су процедурасы. 3—4 айдан кейін баланың денесін  дымқыл орамалмен ысқылауға болады. Оны қолданбас бұрын алдын-ала  баланың денесін үйретіп алу  керек. Ол үшін процедураны бастамастан 1,5—2 апта бұрын фланельмен немесе жүн матамен құрғақтай, баланың денесі аздап қызарғанша сүртеді. Сүрту процесін түкті матадан тігіліп, сулайғай биялаймен жасау керек. Алдымен қолын, одан кейін кеудесі мен ішін, арқасын, бөксесін және аяқтарын бақылайды. Денесінің суланған жерлерін түкті орамалмен ақырындап қызарғанша сүртеді. Денесінің сүртетін жерінен басқасын көрпемен жауып қою керек. Баланың денесін бақылауға арналған суға ас тұзын (1 стакан суға 1 ас қасық) немесе әтір (1 стакан суға 1 ас қасық) қосқан пайдалы. Алғашқы процедурада судың температурасы 35—36 0С, 5—7 күннен кейін 32—33СС, одан кейін әр ай сайын 10-қа төмендетіледі 30С-ға дейін жеткізеді. Денені ысқылау процедурасын бала таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейін 5—6 минут жасаған жөн. Шынықтыруда үзіліс болса, оны кейін қайта жалғастырады, бірақ үзіліс 3—5 күнге созылса, онда судың температурасы бастапқыдай, 2—30С жылырақ болуы тиіс. Үзіліс ұзаққа созылған жағдайда процедураны басынан қайта бастайды, тынықтыру процедурасы барлық балаларға, әсіресе әлсіз балаларға өте пайдалы. Оны әлсіз балаларға жасағанда шынықтырудың қандай түрін қолдану жөнінде дәрігермен кеңескен жөн. Шынықтыруды баланы қызықтыратындай, көңілді сезімге бөлейтіндей етіп жасау керек. Бала мазасызданып жыласа, онда процедураның дұрыс жасалмағаны. Егер бала сырқаттанып, салмақ қоспаса, процедура баланы қалыптан тыс мазасыздандырса, онда шынықтыруды тоқтатып, дәрігерден кеңес алған жөн.

Массаж және гимнастика

Массаж және гимнастика бала организмінің дұрыс өсіп-жетілуін қамтамасыз ететін маңызды факторлар болып табылады. Массаж бен гимнастиканы 1,5—2 айдан кейін бастауға болады. Жаттығу комплексі мен массаж жасау техникасы жөнінде емханадағы учаскелік дәрігерден немесе медсестрадан кеңес алып тұру керек. Массаж, гимнастика жасайтын бөлмелердің жақсылан желдетілуі, ауаның ондағы температурасы 20С-ден төмен болмауы тиіс. Жаз айларында барлық процедураны аулада, ал көлеңкелі жерде 20-22С температурада жасау керек. Массаж бен гимнастиканы биіктігі 70 см-ге жуық столға бірнеше қабат көрпе, клеенка және жаялық төсеп жасаған ыңғайлы. Жаттығуды тамақтандыруға 30 минут қалғанда немесе тамақтанған соң 1—1,5 сағаттан кейін белгілі бір мезгілде жасайды. Әр жаттығуды немесе массаж жасауды 2—6 рет қайталайды. Жаттығудың барлық уақыты 10—12 минуттай аспауы керек. Жаттығуды күніне 2 рет қайталауға болады. Емшектегі балаға үйде жасалатын массаждың негізгісі — денесін сылап-сипап, ысқылау. Массажды қолды батырмай, еппен жасау керек. Массаж жасағанда балалық қолы мен аяғын аздап бүгіл ұстайды. Емшектегі балаға гимнастика жасаумен шұғылданғанда қозғалыстардық дұрыстығына баса назар аудару керек.

  • 3—4 айлық баланың қол-аяғын көп керіп-созудық қажеті жоқ, өйткені бұлшық еттері созылып, буыны шығып кетуі мүмкін.
  • 1,5—3 айлық балаға шартсыз рефлекске негізделген жаттығулар жасайды, яғни баланың омыртқасын саусақпен сипағанда аяқ-қолдарының ұшы бүгіл жазылады, Сәбиді етпетінен жатқызса, ол басын көтеруге тырысады, ал табанына қол тигізсе, аяғымен тепкілейді. Үсті- басын сипап яки оған арнап жылы сөз айту арқылы баланың аяқ-қолын ербендететіндей көңілді қозғалыс комплексін туғызудың маңызы зор.
  • 3—6 айлық баланың аяқ-қолын айқастырып, бұлшық еттерін созғылап саусақтарын баяу қимылдататын жаттығу енгізеді. Осы кезеңнің аяғында еңбектеуді, қол-аяқ қозғалыстарын ынталандыратын жаттығуларды енгізеді, оны түрлі-түсті ойыншықтармен жасаған пайдалы. Баланы күніне бірнеше рет етпетінен жатқызуға болады.
  • 6—10 айлығында баланың еңбектегеніне назар аударған жөн, еңбектеу сәбидің денесінің көптеген бұлшық еттері мен қол-аяқтарының қатаюына ықпал жасайды. Осы кезеңде жаттығу жасағанда сәбимен мүмкіндігінше көп сөйлесу керек — ересектердің көрсетуі бойынша бала кейбір жаттығуларды өзі жасайды, сондай-ақ бұл бала тілінің шығуына көмектеседі. Жаттығу комплексіне шалқасынан етпетіне аунап түсу, қолдарын айналдырыл қозғалту, еңкею, отырып-тұру сияқты жаттығуларды кіргізеді. Сонымен бірге жаттығу үшін формасы әр түрлі, бірнеше түсті ойыншықтарды да пайдаланады.
  • 10—14 айлығында аяғын таяқшаға дейін көтеріп жеткізу, қолынан ұстап демегенде отыру, денесін қисайту және түзету, бір нәрсеге шығу және одан түсу т. б. жаттығуларын енгізуге болады.[1]

 

Шынығу деп организмнің  қоршаған орта факторларына, әсіресе, метеорологиялық факторларға (шынығудың  арнаулы әсері) қарсы тұру мүмкіндігін  арттыратын процедуралар жүйесін түсінеді. Сонымен қатар шынығу организмнің  қызмет қабілетін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға иммунобиологиялық  қарсы тұру (арнаулы емес әсері) дәрежесін  арттырады.

Жеке әсерлердің ұзақтығы мен күшінің жүйелі түрде қайталануына байланысты, шынығуды жаттығулардың  жеке түрі деп қарауға болады. Бұл  жағдай шынығудың негізгі принциптерін ( ақырындап, еппен бастау және жүйелігін  сақтау) анықтайды.

Балаларды ерте жастан метеорологиялық  факторларға шынықтырудың маңызы өте  зор. Дене температурасының тұрақтылығы  химиялық және физикалық болып бөлінетін  термореттеу процесі арқылы сақталады. Біріншісі- жылу бөлінуін (зат алмасу) реттеу, екіншісі- жылу беруді реттеу болып  табылады. Сыртқы ортаның температуралық факторлары, терінің терморецепторларына (жылулық, салқындық) әсер етеді. Бұл  рецепторлар дененің барлық аймақтарында біркелкі таралмаған. Оның ең көп бөлігі бет терісінде, ең аз бөлігі иық, қол  терілерінде орналасқан. Кейінгі  жылдары терідегі жүйке жүйесінің  еркін аяқталуы туралы - салқындаған  кезде терідегі жиі соға бастайтын  импульс яғни салқын сезгіш жіпшелер туралы айтыла бастады. Импульстер рецептордан  гипотала-мусқа (организмнің жылу реттеу орталығына) барады. Жылу реттеу реакциялары  өз кезегінде зат алмасу және қаңқа  бұлшық еттерінің моторлы ортасымен, яғни жылу өндіру орталығымен байланыста болады.

Дене температурасын реттеуде перифериялық қан айналысының жылдамдығы мен көлемі, тері бетінің жылу беру мөлшерін өзгертеді. Температуралық тітіркендіргіштер  әсер еткенде қан тамырларының кеңеюуі  немесе тарылуы, орталық жүйке-жүйесінің  қатысуымен реттеледі. Салқын әсер еткенде, рефлекторлық реакциялар жылу бөлінуді 15-30% кемітіп, қан тамырларының тарылуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге  жылу өндіруді ұлғайтатын, шартсыз  рефлекстер де іске қосылуы мүмкін.

Бала организмі туған  күнінен бастап, термореттеуші жүйемен  реттеледі, бірақ ол толық жетілмеген, әлсіз болып келеді. Балалардың терісі ересектердікіне қарағанда жұқалау  және капиллярларға бай келеді. Тері бетінің көлемі де салыстырмалы түрде  көбірек болады, зат алмасу процессі ересектерге қарағанда үдемелі  түрде жүретіндіктен, жылу берілуіне  қолайлы жағдай туады, сондықтан  олар салқын тигеннен пайда болатын  ауруларға бейім келеді.

Жылу реттеу жүйесінің  дұрыс жетілуі үшін, организм шынығуды қажет етеді және осы жүйелерге  кейбір жүктеме түсіру бала организміне  зиянды емес, керісінше, пайдалы болып  келеді. Сондықтан, организмнің шынығу процесі термореттеу аппаратының  жаттығуына негізделген.

Балалық шақта әсіресе, сәбилік  шақта және мектепке дейінгі кезеңдерде химиялық жылу реттеу орталығының өте  маңызды қорғаныш рөлін атқарады. Салқын тітіркендіргіштерге тері-тамыр  реакциясының жылдамдығы жас өскен  сайын арта түседі, бірақ аздаған  шынығу процедурасы болуы да мүмкін. Рецепторлық аппараттар мен қан-тамыры реакцияларына қайта-қайта жүктеме  түсіру, олардың қызметін жетілдіре  түседі және термореттеу жүйесінің  функционалдық мүмкіндіктерінің жетілуін жылдамдатады. Белгілі шартсыз рефлекстерден  басқа, солардың негізінде, балалар  организмінде температуралық әсерлерге  термореттеу жүйесін саналы түрде  іске қосатын шартты рефлекстер пайда  болады.

Шынығудың тиімділігі төменде  көрсетілген принциптердің сақталуына байланысты:

  1. Процедураларды қолданудың жүйелілігі;
  2. Тітіркендіргіштердің күшін ептеп ұлғайту;
  3. Жасына, денсаулығына және шынығу дәрежесіне байланысты шынығуды бастаған кезде, жеке бас ерекшеліктерін ескеру;
  4. Балалардың ең жақсы жылулық жағдайда болуы;
  5. Баланың көңіл-күйінің дұрыстығы.

Балаларды шынықтырудың құралдары  болып, негізінен табиғи факторлар  алынады: ауа, су, күн радиациясы. Оларды шынығуға пайдалану үшін, белгілі  гигиеналық талаптар қойылады. Ауа  мен су таза және белгілі температурада  болуы қажет. Сонымен қатар ауаның ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы да есепке алынады. Күн сәулесінің түсетін  бұрышы, әсер ету үстемдігі және ұзақтығы белгілі мөлшерде болуы  қажет.

Жалпы алғанда, денешынықтыру  тәрбиесінің салауаттандырудағы тиімділігі екі негізгі принципті сақтағанда ғана дұрыс болады: тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігіне гигиеналық нормаларға сәйкес түзетулер жүргізілуі және денешынықтыру  тәрбиесінің гигиеналық негізделген  жалпы моделінің болуы.

Қимыл-қозғалыс белсенділігінің  дұрыс жасалған нормасы негізгі  үш талаптың орындалуын: организмнің  барлық жүйелерінің үнемді қызмет етуін, олардың сенімділігін және қоршаған ортаның өзгеруіне реакцияның дұрыс  сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Жылдық динамикада баланың  жеке басының және ұжымның денсаулық  көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруі, жас кезеңдерінің гигиеналық нормасының критерийі болып саналады. Гигиеналық нормалардың диапозондары, өсіп келе жатқан организмнің жеке бас ерекшеліктеріне  байланысты қолдануға мүмкіндік  береді.

Дәрігерлік бақылаудың негізгі  формалары:

  1. Балалардың функционалдық мүмкіндіктерін анықтай отырып, денсаулық жағдайын тексеру;
  2. Денешынықтыру тәрбиесінің жүргізілуін жүйелі түрде бақылап отыру;
  3. Денешынықтыру тәрбиесі жүргізілетін орындарға санитарлық бақылау жүргізу;
  4. Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызмет-керлері мен балалардың ата-анасы арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.

Денешынықтыру тәрбиесін  дұрыс ұйымдастыру үшін міндетті түрде бала организмінің өсу және даму ерекшеліктері ескерілуі керек.

Әдебиеттер

  1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
  2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,
  3. Өз денесінің күтудегі қарапайым әдеттерге балаларды үйрету.
  4. Гигиеналық мәдениеттің адамға оқу, жазу,сөйлеумен бірдей қажет екенін білеміз.Өз өзіне қарау ,тазалықтың сезінуін қаматамасыз етеді.
  5. Кіші жастағы балаларды өзінің ағзасының барлық дене мүшелерінің тазалықта ұстауын керек екендігін түсіндіріп айту. Әжетханаға барғысы келгенде ағзасын күштеп тосып қалдырмауына үйрету.т.б.
  6. Баланы жеке дара гигиенаға баулу .Әрқайсысының жеке тарағы, түбек,қол орамалы,жататын орыны,орамал,тіс ысатын щеткасы болу керек.Оқытуды тек қана сабақта ғана емес,күнделікті өмірде қолдануы қажет.
  7. 3. Ағзаға ненің пайдалы, не зияндылығының түсініктерін қалыптастыру.
  8. «Балалардың өзін өізі ұстау ережелерін» альбом ретінде құрастыруға болады.Онда ағзаға жағымды,жағымсыз әсер ететін заттардың суреттерін, тақпақтарды енгізуге болады.Ас қабылдау, ұйқы,серуеннің ағзаға маңыздылығын негізгі шараларының бірі болғандықтан шынықтырудың жобалы жоспары берілген.
  9. Кіші жастағы балалардың сауықтыру,шынықтыру бойынша жобалы жоспар

Іс шаралар

   

1.

Екіжақтық желдету.Балаларсыз.

Күніне үш рет

 

2.

Массаж

Екі рет

 

3.

Желдетілген бөлмедегі таңғы гимнастика

   

4.

Салқын сумен шайыну

Таңертеңгі ұйқыдан соң

 

5

Сабақтың алдында топты желдету

Екі рет

 

6.

Таза ауада серуен

Екі рет

 

7.

Тыныс алу гимнастикасы

Екі рет

 

8.

Төсек орнындағы гимнастика

15-00

9.

Жалаң аяқ жүру «денсаулық жолында»

«паровоз» (асбұршақ,грек.жаңғақтары,таяқшалар,тығындар)

Ылғалды жол

«Жеміс жидектер» (грек.жаңғағы)

«Тастар»

«Гүлді көкжиек»

«Жыланша»

Арқада қапшықтармен төртаяқтап жүру

«Туннель»

Кедір бұдыр жол «Қолтырауын»

Аяққа доппен жасайтын массаж «Кірпілер»

Аяқтың іздері салынған кілемше

Кедергілерден аттау

Жіптен жасалған баспалдақпен жүру

 

10.

Бассейн

 

Информация о работе Ауа ваннасы