Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 09:27, реферат
Анализаторлар туралы жалпы түсінік. Сыртқы және ішкі орталардың әсерлерін қабылдап, талдап, талқылайтын, олардың жағдайлары туралы сезім тудыратын мүшелер жүйесін анализаторлар немесе анализаторлар дейді.
Организмде жеті түрлі анализаторлар бар: көру, есту, иіс, тері, қозғалыс, дәм және висцеральды (лат. висцералис - ішкі мүшелерге қатысты), яғни ішкі мүшелерге байланысты жүйе.
Барлық анализаторлар 3 бөлімнен тұрады : 1) сезгіш немесе перифериялық бөлім, шеткі немесе рецепторлық бөлім деп те атайды; 2) өткізгіш бөлім, сезгіш нерв деп те аталады; 3) орталық, немесе қыртыс бөлімі, яғни ми қыртысындағы сезім орталықтары, сезім аймақтары деп те аталады.
Рецепторлық бөлім сезім және ішкі мүшелерде орналасқан сезгіш рецепторлардан тұрады . Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады (рефлекторлы доғаның сезгіш немесе перифериялық бөлімін есіңізге түсіріңіз).