Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 08:41, реферат
Егіншілік саласында еңбек етіп жүрген әрбір маман топырақ құнарлылығын арттыруға басты назар аударғаны жөн. Ол үшін топырақтың физикалық, химиялық, биологиялық және агрохимиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін жете білу қажет. Сонда ғана топырақтың құнарлылығын арттырудың басты факторларының бірі – тыңайтқыштарды ғылыми негізде пайдалануға болады.
Топырақты агрохимиялық талдау.
Топырақ белгілі бір климат жағдайында қалыптасады, оның дамуы ауа-райына, өсімдіктер сипатына, топырақ қабатында өтетін түрлі биологиялық құбылыстарға байланысты.
Егіншілік саласында еңбек етіп жүрген әрбір маман топырақ құнарлылығын арттыруға басты назар аударғаны жөн. Ол үшін топырақтың физикалық, химиялық, биологиялық және агрохимиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін жете білу қажет. Сонда ғана топырақтың құнарлылығын арттырудың басты факторларының бірі – тыңайтқыштарды ғылыми негізде пайдалануға болады.
Ал
топырақты талдау үшін оның агрохимиялық
көрсеткіштерін анықтау, әдістерін
игеру керек.
Топырақ үлгісін агрохимиялық талдауға әзірлеу
Топырақ үлгісін агрохимиялық талдау үшін дайындық жұмыстарын белгілі бір ретпен жүргізіледі. Ең алдымен топырақ үлгілерін алады. Содан кейін осы үлгілерді агрохимиялық лабораторияға жеткізеді. Егістен дымқыл күйінде әкелінген үлгілерді дереу кептіреді. Ол үшін әрбір үлгіні бөлек қағазға жұқалап (1-2см) жаяды (этикетка топырақ астында болуы керек). Егер топырақтың ірі кесектері кездессе, оларды қолмен үгітіп, ұсақ түйіршіктерді, тастарды және басқа қоспаларды теріп алады. Топырақты жақсы желдетілетін бөлмеде үш-төрт күнге қалдырады. Мұнда үлгілерге күн сәулесі тікелей түспеуі керек.
Кептірілген
топырақтың үштен бірін бөлек алады, ал
қалғанын диірменде немесе фарфор келіде
мұқият ұнтап, тесігі 2 мм електен өткізеді.
Осыдан кейін құрғақ үлгіні картон қорапқа
немесе қағаз пакетке салып, этикеткасын
қораптың (пакеттің) ішіне салады. Қорапқа
тек үлгінің нөмірін ғана жазады. Үлгінің
бастапқы үштен бір бөлігінен орташа сынама
алып, одан қара шірік пен жалпы азотты
анықтайды. Ол үшін топырақты таза қағазға
төгіп, жұқалап жаяды да, 5-10 жерінен шөкімдеп
алады. Оның массасы 25-50г болуы тиіс. Қара
шірік пен жалпы азотты анықтауға арналған
топырақ үлгісінен пинцетпен көзге көрінетін
түйіршіктер мен басқа да органикалық
қоспаларды түгел теріп алады. Содан кейін
топырақты фарфор келіде келсаппен түйіп,
тесігінің диаметрі 0,25 мм електен өткізеді.
Еленген топырақты қағаз пакетке төгіп,
оған үлгі нөмерін жазады. Топырақ үлгісін
жылытылатын немесе жылытылмайтын сарайда
(қойма) сақтауға болады. Топырақ үлгісін
агрохимиялық лабораторияда сақтауға
болмайды, өйткені онда аммиактың, сірке
және тұз қышқылдарының буы кездеседі.
Осы заттардың буы топыраққа тез сіңіп,
оның өзіндік қасиетін өзгертеді.
Топырақ құрамындағы қара шірікті анықтау.
Гумус немесе қара шірік – топырақ құнарлылығын анықтайтын басты агрохимиялық көрсеткіштің бірі. Қара шірік негізінен өсімдіктердің және топырақты мекендейтін микроорганизмдер мен жәндіктердің қалдықтарының қопасынан тұрады. Гумустың түзілуіне жергілікті жерлердің климат ерекшеліктері, топырақ микроорганизмдері, адамдар әрекеті әсер етеді.
Түрлі топырақта қара шірік мөлшері түрліше болады. Кейбір топырақта оның мөлшері топырақ массасының жүзден бір бөлігіндей болса, екінші біреулерінде оннан бір бөлігіндей болады. Мысалы, шөлді аймақ топырағында гумус 0,5-1 пайыз, шалғынды – далалы қара топырақты аймақта оның мөлшері 10 пайызға дейін жетеді.
Топырақ қара шірігінің қоректік маңызы зор. Ол негізінен көміртек, сутек, лигнин, белокты заттар, май және смоладан тұрады. Сонымен қатар оның құрамында өсімдіктерге қажет негізгі қоректік элементтер азот, фосфор, күкіт және басқалары бар. Топырақтағы микробиологиялықпроцестердің нәтижесінде гумус құрамындағы бұл элементтер босайды да, онымен өсімдіктер қоректенеді.
Қара
шірік топырақтың физикалық қасиетін
де жақсартады. Топырақтағы қара шіріктің
көбеюіне органикалық тыңайтқыштарды
қолдану, көпжылдық шөптер егу шешуші
рөл атқарады. Топырақ құрамындағы қара
шірік мөлшерін білу тыңайтқыштарды тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді.
Топырақтың тыныс алу белсенділігін анықтау.
Өсімдіктің
өсуі мен топырақта жүретін