Топырақ өңдейтін машиналар

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 21:19, реферат

Описание работы

Топырақ өңдеудің негізгі мақсаты - мәдени өсімдіктерден мол өнім алу, ол үшін өсімдіктерге ең қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Топырақты өңдеу кезінде арамшөптер мен зиянды жәндіктер жойылады, өсімдік қалдықтары топырақтың терең қабатына көміледі, органикалық тыңайтқыштар мен минералдық тыңайтқыштар топырақпен араласады және топырақта ылғал жинауға жағдай жасалады. Механикалық өңдеудің осындай артықшылығы болғандықтан, мәдени өсімдіктер өсірілетін топырақ міндетті түрде өңделеді.

Работа содержит 1 файл

Топырақ өңдейтін машиналар.doc

— 109.50 Кб (Скачать)

Топырақ    өңдейтін машиналар.

Топырақты  механикалық  өңдеу  әдістері.

Топырақ  өңдеудің  негізгі  мақсаты -  мәдени  өсімдіктерден  мол өнім алу, ол  үшін  өсімдіктерге  ең  қолайлы  жағдай  туғызу  болып  табылады.  Топырақты  өңдеу  кезінде  арамшөптер  мен зиянды  жәндіктер жойылады,  өсімдік   қалдықтары  топырақтың  терең   қабатына   көміледі,  органикалық тыңайтқыштар  мен минералдық   тыңайтқыштар   топырақпен   араласады және  топырақта   ылғал   жинауға   жағдай   жасалады.  Механикалық өңдеудің  осындай   артықшылығы  болғандықтан,  мәдени  өсімдіктер   өсірілетін   топырақ  міндетті   түрде   өңделеді.  

     Топырақты  механикалық  өңдеу   тәсілдерін   бірнеше   түрге   бөлуге   болады:  негізгі   өңдеу,   арнайы   өңдеу,   қыртысты   өңдеу   және  эрозияға   қарсы   өңдеу.

     Негізгі  өңдеуді   20-30  см  тереңдікте,  топырақ қабатын қабатын аударып, жерді   жырту   арқылы  плугтар   атқарады. Бұл кезде   топырақтың   бет жағындағы   арамшөп   тұқымдары   мен   өсімдік   қалдықтары   аударылып   тереңге   түседі  де  астыңғы   қабаты   үгітіліп  жер  бетіне   шығады.

     Арнайы   өңдеуге  тың   және   балшықты   жерлерді   игеру,  плантациялық   және   ярусты  (текшелеп)   жыртулар,   терең   қопсыту,  фрезерлеу,  ағаш  отырғызатын шұңқырларды   қазу  жатады.  Топырақты мұндай   өңдеуден   өткізу  үшін   арнаулы машиналар мен құрал - саймандар   қолданылады.

     Қыртысты   өңдеудің  мынандай   түрлері  бар:  тырмалау,  сыдыра   жырту,  шлейфтеу (тегістеу),  культивациялау, таптау,  түптеу,  жал жасау, жалды тегістеу.  Мұндай  өңдеулер  топырақтың   беткі,  тайыз қабатында жүргізіледі.  Бұл кезде арамшөптер  жойылады,  топырақ кесектері   уатылады  және  топырақтың   беткі қабаты  қопсытылады,  оның  капилляр  түтіктері   бұзылып,  ылғал буланып  ұшпайды.  Қыртысты  өңдеулер  тұқым  себу  алдында   немесе  тұқым   себілгеннен  кейін  өсімдік  қатар  аралығын баптау  үшін  қолданылады.

     Эрозияға  қарсы  өңдеуді  жел немесе  су  әсерінен  эрозияға  ұшыраған  топырақтарды  жақсарту  үшін  жүргізеді.  Топырақ  эрозиясы  кезінде,  оның  агрегаттық  құрамында  шаң – тозандар  тәрізді,  өте  ұсақ  түйіршіктері  көбейіп  кетеді. Мұндай  шаң – тозандар  желдің  әсерімен  ұшыпнемесе  сумен  шайылып  ағып  кетеді. Мұндай  өңдеуді  жазық  кескіш  культиваторлармен немесе  аңызға  арналған  сеялкалармен  жүргізіледі.

     Топырақ  қыртысын  өңдеуге  арналған  машиналар

     Культиваторлар

       Культиваторларды  жіктеу.  Өздерінің  атқаратын  жұмысына  қарай  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Оларды  негізінен  мынандай  екі түрге бөлуге  болады:  біріншісі – жерді себуге  дайындайтын машиналар, екіншісі -  себуден кейінгі өңдеу жұмыстарын  жүргізетін  машиналар.  Жерді себу  алдында өңдейтін машиналарға тырмаларды,  тұтас өңдейтін  культиваторларды,  лущильниктерді, себуден кейінгі өңдейтін  машиналарға қатар аралық  өңдейтін  культиваторларды, катоктарды  жатқызуға болады. Кейбір дақылдарды егіп – өсіру ерекшеліктеріне  қарай  өнеркәсіп  арнаулы  (бақ, орман т.б.) культиваторларды да  шығаруда. Тракторға  тіркеу  әдістеріне  қарай культиваторлар аспалы  және  тіркемелі деп бөлінеді. Осы  көрсетілген  машиналардың  барлығы  да  топырақтағы  ылғалды  сақтау  үшін  және  арам шөптерді  жою  үшін  қолданылады. 

     Культиваторлар  топырақтың  беткі  қыртысын  өңдейтін  машиналар  тобына  жатады  және олар арамшөптерді  отайтын,  топырақты  қопсытатын  пышақтармен  жабдықталады.

     Біржақты  жебелі  кескіш (1. в-сурет)  арамшөптерді кесуге,  мәдени  өсімдіктердің  қатарын  сиретуге  және  топырақты  6 см  тереңдікке  дейін  қопсытуға  арналған.  Олар  оң  жақты  және  сол  жақты  болып  бөлінеді.  Жүздерінің  өткірлігін  0,5 мм  етіп 8 – 10 градус  жасап  қайрайды. Алым кеңдігі  85, 120,  150,  165,  250 мм.  

     

1-сурет  .  Культиваторлардың   жұмысшы мүшелері.

а – екі  жақты  әмбебап  табан, б – жебелі  екі  жақты  табан,  в – біржақты жебелі  пышақ, г – қопсытқыш  тіс,  д - екі  жақты  әмбебап  пышақ,   

      Екі  жақты  жебелі  табан (1. б - сурет ) арамшөптерді  жоюға,  тереңдігін  6 см  етіп  топырақты қопсытуға арналған. Жүздерінің  топырақ бетімен жасайтын  бұрышы  18˚,  оның  қалыңдығын  0,3 мм  етіп  8 – 12 градус  бұрыш жасап жоғарыдан төмен қайрайды.  Алым  кеңдігі 145,  150,  260 мм.

      Екі  жақты  әмбебап  табан (1, а - сурет)  арамшөптерді   жояды,  топырақты  10  см  тереңдікте   қопсытып   ұсақтайды.  Жүздерінің   жер  бетімен  жасайтын  бұрышы  28 градус  пышақтарды  тұтас  өңдейтін  культиваторларда  қолданылады, ал 30 градус  болатын  пышақтармен  14  см  тереңдікке  дейін  қопсытады. Жүздерін  0,3 – 0,5  мм  етіп  13 – 17  градус  бұрыш  жасап жоғарыдан  төмен  қайрайды.  Алым  кеңдіктері  220,  205,  330,  380  мм.

      Қопсытқыш  тістер (1, г - сурет )  тығыз, байланысқан  топырақтарды  15 см  тереңдікте  өңдеу  үшін  қолданылады. Бұл  тістің   ерекшелігі  төменгі  ылғалды  топырақ  қабатын  үстіне  шығармайды.  Ол  үшін  оны  иілген  тұмсық  тәрізді  етіп  жасаған.  Алым  кеңдігі  20 мм.

      Екі  жақты  қопсытқыш  пышақ  (1, д - сурет)  қатты  тереңдікке  бекітілгенде  тереңдігін 22 – 25  см,  ал  серіппелі  тірекке  бекітілгенде  10 – 12  см  етіп  қопсытуға  және  арамшөп  тамырларын сыдырып  жұлуға  арналған.

     Культиваторлардың  жұмысшы   мүшелеріне  штангалы,  инелі  дискілі,  түптегіш  корпусты,  арық  қазғышты  да  жатқызуға  болады.

Информация о работе Топырақ өңдейтін машиналар