Минимальды өңдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 00:07, реферат

Описание работы

Республиканың егістікке жарамды жерлерінің басым көпшілігі ашық далалық және құрғақ далалық аймақтарында орналасқан. Олар солтүстік облыстардың көпшілік жерлерін, орталық және батыс облыстарды алып жатыр. Аталған аймақтарда жауын- шашын мөлшері 250 мм-ден 360 – 400 мм-ге дейін ауытқиды, желі күшті. Осыған орай бұл өңірлерде топырақ өңдеу жүйесінің өз ерекшеліктері бар.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
а) Топырақ өңдеу және оның мақсаттары
ә) Топырақты минималды өңдеу
б) топырақты нөлдік өңдеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Минимальди ондеу.docx

— 26.22 Кб (Скачать)

 

    Жоспары :

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

а) Топырақ өңдеу және оның мақсаттары

ә) Топырақты минималды  өңдеу

б) топырақты нөлдік өңдеу

    1. Қорытынды
    2. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Кіріспе

 Республиканың егістікке  жарамды жерлерінің басым көпшілігі  ашық далалық және құрғақ далалық  аймақтарында орналасқан. Олар солтүстік  облыстардың көпшілік жерлерін, орталық және батыс облыстарды  алып жатыр. Аталған аймақтарда  жауын- шашын мөлшері 250 мм-ден  360 – 400 мм-ге дейін ауытқиды, желі  күшті. Осыған орай бұл өңірлерде  топырақ өңдеу жүйесінің өз ерекшеліктері бар.

 Топырақ өңдеу жүйесі  дегеніміз- ауыспалы егістігі  дақылдар мен парға оңтайлы  жағдайлар жасау үшін топырақ  өңдеудің негізгі мақсаттарының  туындайтын ғылыми тұрғыда дәлелденген  және өзара байланысты жүйелікпен  жүргізілетін тәсілдері мен әдістерінің  жиынтығы.

 Топырақ ауыл шарушылық  өндірісінің негізгі өндіріс  құралы болғандықтан, оның барлық  қасиеттерін, әсіресе құнарлығын, оның ішінде тиімді құнарлығын  жақсарту мақсатымен адамдар  әр түрлі агротехникалық шараларды  жүзеге асырады. Атап айтқанда, жерді өңдейді, органикалық (көң,  қорда, жасыл тыңайтқыш сабан, құстың саңғырығы жән басқалар) және минералдық (азотты, фосфорлы, калийлі, күрделі) тыңайтқыштарды қолданады, ауыспалы егістерді игереді, егінді суарады, ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары және зиянкес жәндіктермен күрес жүргізеді, арамшөптерді құртады және басқа агротехникалық шараларды жүзеге асырады.

Осылардың ішінде егіншіліктегі  маңыздылығы жағынан ерекше орын алатыны- топырақ өңдеу. Ғылыми және өндірістік тұрғыдан алып қарасақ, оны егіншіліктің іргетасы деуге  болады. Э.Расел топырақ өңдеудің маңыздылығы оның құнарлығын арттыру үшін қолдан берілетін тыңайтқыштардан да зор, өйткені тыңайтқыш беру арқылы біз топырақтың тек қоректену режимін жақсартсақ, ал топырақты өңдеу арқылы оны қопсытып ауа, ылғал және қоректік заттар режимдерін қолайлы жағдайға келтіреміз деген еді.

 Сонымен топырақ өңдеу  деп- ауыл шаруашылық дақылдарының  өсуіне қолайлы жағдай жасау  үшін топыраққа ауыл шаруашылық  машиналары мен құралдарының  жұмыс органдары арқылы механикалық  әсер етуді айтамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топырақ өңдеу, мақсаты.

Топырақты өңдеуге әр жылда  қыруар жанар- жағар майлар жұмсалады. Мысалы, бұрынғы Ленинград қазіргі  Санкт-Петербург қаласында орналасқан агрофизикалық институттың (П.У.Бахтин) зерттеулері бойынша ТМД елдерінде  тек жер жырту үшін ғана жылына 3,3 млн. тоннаға жуық жанар-жағар майлар жұмсалады. Міне, осы жоғарыда келтірілген аз ғана мысалдардың өздері жер жырту оңай емес екенін толығынан дәлелдейді. Дегенмен осындай ауырлығына, қиындығына және шығындығына қарамастан егіншілікте алдағы уақытта да топырақ өңдеудің механикалық тәсілі (соқа, культиватор, тырмалар, және басқа құралдар) арқылы жүзеге асырыла береді.

 Топырақ өңдеуге жұмсалған  еңбек пен қаржыны мүмкіндігінше  толық ақтап, ауыл шаруашылық  дақылдарынан тұрақты мол өнім  алу үшін оның алдына мына  төмендегідей мақсаттар қойылады:

  • танапты қопсытып, соның нәтижесінде атмосфера мен топырақ арасындағы газ алмасуын күшейту, яғни аэрацияны жақсарту;
  • танаптағы ылғал қорын молайту үшін күзгі жауын-шашынды, ерте көктемдегі қар суын және қолдан берілетін суды жерге жақсы сіңіруді, нәтижесінде мол ылғал қорын жинауды қамтамасыз ету;
  • топырақтағы ылғал буланып ұшып ысырып болмауы үшін оның беткі қабатын оңтайлы тығыздықта ұстау;
  • топырақтың құнарлығын арттыру және оны сақтау;
  • топырақты  жел және су эрозиясы құбылыстарынан қорғау;
  • өңделетін қабаттың құрылысын және құрылымын жақсарту нәтижесінде топырақта жүретін микробиологиялық процестерді күшейту арқылы өсімдіктерді олар оңай сіңіре алатын қоректік заттармен қамтамасыз ету;
  • ылғалы мөлшерден тым көп болатын жерлерде , әсіресе суармалы егіншілікте, таулы аймақтарда, су эрозиясын тудырмау мақсатында артық ылғалдан құтылу;
  • танапты арамшөптерден, олардың тұқымдары мен вегетативтік көбею мүшелерінен тазарту;
  • топырақтағы ауру қоздырғыштар мен зиянкес жәндіктерді жою;
  • топыраққа өсімдік қалдықтарын, органикалық, жасыл және минералдық тыңайтқыштарды толық сіңіруді қамтамасыз ету;
  • қажетті болған жағдайда танап бетінде аңыздарды сақтау;
  • мәдени өсімдіктердің тамырларының жақсы дамуы және топыраққа терең бойлап өсуі үшін қолайлы жағдай жасау;
  • себілетін дақылдардың тұқымдарын қолайлы тереңдікке сіңіру үшін жағдай жасау;
  • дақылдарды күтіп- баптауға және ысырапсыз жинап алуға қолайлы жағдай жасау;
  • танапты  көп жылдық шөптерден кейін өңдегенде олардың тамыр жүйелерінің тіршілік қабілетін жоюды қамтамасыз ету;
  • суармалы және су эрозиясы туындайтын жерлерде топырықтың су өткізгіштік қабілетін жғарылату.

 Осы келтірілген мақсаттар толық орындалғанда ғана топырақтың құнарлығы артып, өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі жоғарылайды, кері жағдайда жұмсалған қаржы мен энергия, еңбек нәтиже бермей зая болады.

 

Топырақты минималды  өңдеу.

 Топырақтың физикалық, химиялық, технологиялық қасиеттерін, танаптың фитосанитарлық жағдайын жақсарту мақсатында егіншілікте жерді бірнеше қайтара өңдеуге (негізгі өңдеу, егін себер алдында және егін сеуіп болғаннан кейін өңдеу) тура келеді. Бұлай топырақты бірнеше рет өңдеу оны уатып эрозияға ұшыратады, өзі аз ылғалдың топырақтан буланып ұшып кетуіне, еңбек пен қаржыны көп жұмсауға мәжбүр етеді. Атап айтқанда, топырақ өңдеуге егіншілікте жұмсалатын барлық шығынның 30-40пайызы кетеді. Сондықтан ғалымдар егіншілікте қолданылатын жердің әр гектарынана алынатын өңімді төмендетпейтін топырақ өңдеу жүйесін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы зерттеулердің нәтижесінде ауыл шаруашылық өндірісіне топырақты минималды өңдеу (аз) жүйесі енгізілді.

 Энергетикалық шығындарды  кеміту мақсатымен топырақты  өңдеудің саны мен тереңдігін  азайтуды, бір жұмыс процесінде  бірнеше топырақ өңдеу операциялары  мен тәсілдерін біріктіруді немесе  топырақтың үстіңгі өңдейтін  қабатының көлемін кішірейтуді  топырақты минималды өңдеу дейді.

 Агрономиялық тұрғыдан алып қарағанда топырақты минимиалды өңдеу оны ұсатылудан, сөйтіп эрозияға ұшыраудан сақтайтын, ал экономикалық жағынан алғанда еңбек пен қаржыны үнемдейтін тиімді агротехникалық шара.

 Осының бәрін тұжырымдап келегнде топырақты минималды өңдеу жұмыс уақытын үнемдейтін, агротехникалық шараларды қолайлы қысқа мерзімде жүргізетін, материалдық және қаржы шығындарын азайтатын, танапта жиналған ылғалды сақтайтын, топырақты   тыс тығыздамайтын, еңбек өнімділігі мен дақылдардың түсімін жоғарылататын тиімді агротехникалық шаралар жиынтығы.

Топырақты минималды өңдеу  мына бағыттарда жүргізіледі:

  1. топырақты өңдеудің санын азайту. Ол үшін бір жұмыс процесінде, яғни танапта бір жүріп өткенде бірнеше топырақ өңдеу тәсілдерін бір агрегатпен жүзеге асыратын машиналар мен агрегаттарды қолдану. Мысалы, СЗС-2,1А дән сепкішібір жүріп өткенде 4 операцияны жүзеге асырады. Атап айтқанда, топырақты культивациялап, арамшөптерді қырқады, тұқым себеді, топыраққа түйіршікті минералдық тыңайтқыштарды шашып сіңіреді, топырақты жеңіл тығыздайды. Қазіргі кезде бір жүріп өткенде 6-8 технологиялық операция жүргізетін шетел агрегаттары бар.
  2. Жер өңдеуге жұмыс алымы кең ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын қолдану агрегаттардың танап арқылы жүріп өту санын қысқартуға жәрдемдеседі. Мысалы, бұрынғы қолданылып жүрген КПП-2,2, КПШ-3,6 культиваторларының орнына КПШ-9 және КПШ-11, ОП-8, ОП-12 кең алымды жазықтабан сыдыратілгіш культиваторлар пайда болады, ал БИГ-3А инелі тырманың орнына ПДГ-15 , ЛДГ-20, БМШ-15 және БМШ-20 құралдарын қолданылады.
  3. Жер өңдеу тереңдігін азайту. Ол үшін топырақты жылда тереңге өңдей бермей, оны таяз өңдеумен алмастырып отыру. Терең өңдеу топырақты уатып, оның құрылымы мен құрылысын бұзады, танаптың төмеңгі ылғалды қабаты жер бетіне аударылғаннан кейін ылғалдың буланып ұшып кетуіне жол ашылады. А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтының ұсынысы бойынша қысқа айналымды егістік дәнді-парлы, 4 танапты ауыспалы егісте топырақты пар танабында жазықтабан сыдыратілгіш КПГ-250 культиваторларымен 25-27 см тереңдікке қопсытып, ал қалған 3 жылда жердің беткі қабатын кеңалымды жазықтабан КПШ-9, КПШ-11, ОП-8, ОП-12 культиваторымен 14-16 см тереңдікке өңдесе жеткілікті. Бұл жағдайда атпатамырлы көп жылдық арамшөптер гербицидтер арқылы жойылады.
  4. Пар танабында механикалық өңдеудің санын қысқартып, оның орнына гербицид қолдану тиімді. Мысалы, таза парды бір рет механикалық өңдеп, оған қосымша гербицид қолданса, парды 3-4 рет механикалық әдіспен өңдеуге тең екендігін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері толық дәлелдеді.

 Топырақты нөлдік өңдеу

 Кейінгі кездерде ауыл  шаруашылық өндірісінде топырақты  нөлдік өңдеу, немесе топырақты ешкандай өңдеусіз оған бірден егінді себу технологиясы пайда болды.

 Топырақты нөлдік өңдеу  дегеніміз- танапты өңдемей олардағы  арамшөптердігербицидтердің көмегімен  жою. Бұл деген топырақты негізгі  және егін себер алдындағы  өңдеулермен өткізбей-ақ СЗС-2,1А  дән сепкіштері  сияқты машиналармен  бірден егін себу.

 Нөлдік өңдеудің нәтижесінде  топырақ жел және су эрозиясына  ұшырамайды, сөйтіп топырақ танаптардан  желмен ұшып, немесе сумен шайылып  жоғалып кетпей сақталып қалады.

 Сондай-ақ нөлдік өңдеу топырақтың құрылымын, физикалық және басқа қасиеттерін , ылғалдылық режимін жақсартып дәнді  дақылдардың түсімін жоғарылататындығын А.И.Бараев Ғылыми-өндірістік астық шаруашылығы орталығының зерттеулері көрсетті.

1 кестеде көрсетілген  деректерден топырақты нөлдік  өңдеу басқа өңдеу тәсілдерімен  салыстырғанда жаздық бидай түсімін  әр гектардан орташа 4 жыл ішінде 0,24-0,38 тоннаға жоғарылатқан.

Топырақты нөлдік жанар-жағар  майларды, жұмыс күшін үнемдеуге  мүмкіндік туғызады. Америка ғалымдарының мәліметтері бойынша топырақты  нөлдік өңдегенде әр гектарға 8,5 литр, минималды өңдегенде – 23,0 литр, кәдімгі  қолданылып жүрген тәсілмен өңдегенде 50,3 литр жанар-жағар май жұмсалған.

 Сондай-ақ бір гектарға  жұмсалған жұмыс күші де азайған.  Дәлірек айтқанда топырақты нөлдік  өңдегенде 1 гектарға 1 сағат 48 минут, ал кәдімгі қолданылып жүрген тәсілді пайдаланғанда 4 сағат 58 минут уақыт жұмсалған.

  Әрине, нөлдік өңдеу  егіешілік мәдениеті жоғары, танаптың  фитосанитарлық  жағдайы жақсы  болғанда оңтайлы нәтижеге жеткізеді.

 Сөйтіп, жерді минималды  өңдеудің егін шаруашылығында  маңызы зор екенін ғылыми-зерттеулер  нәтижелері мен озық тәжірбие  толық дәлелдеді.

 

 

5 танапты ауыспалы егістіктегі  дақылдардың алмасуы мен топырақ  өңдеудің жаздық бидай түсіміне  әсері, т/га.

 

 

Күзгі топырақ өңдеу тәсілдері

 Пардан кейінгі жыл

Орташа 4 дақыл бойынша

Орташа аңыздан алынған  өнім

1

2

3

4

Тереңге қопсыту

1,56

1,08

1,18

1,30

1,28

1,19

Тереңге жырту

1,64

1,02

0,94

1,18

1,20

1,05

Жазықтабан сыдыражыртқышпен таяз өңдеу

1,63

1,05

1,21

1.22

1.28

1,16

Парды терең, аңызды таяз өңдеу

1,56

1,18

1,10

1,25

1,30

1,21

Алмасып отыратын терең қопсыту

1,54

1,23

1,20

1,38

1,34

1,27

Аңызды нөлдік өңдеу

1,55

1,29

1,51

1,50

1,46

1,43


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Қорытынды

Егін шаруашылығында жауапты  жұмыстардың бірі- топырақ өңдеу. Өйткені ол топыраққа жан- жақты  әсер етеді, ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуда атқаратын ісі  өте маңызды. Сондықтан ауыспалы егістерде топырақ өңдеу жүйесін  жасағанда ол топырақтың ерекшеліктеріне  сай, өнім алу барысында қоданылатын агротехникалық шаралармен (суару, тыңайтқыш беру т.б) үйлесімді, ауа райының нақтылы жағдайларына байланысты болып келуі керек. Суармалы аудандарда сүдігер аудармалы түрде жүргізілетіні тиімді болса, құрағақшылық, эрозия процестері туындаған аймақтарда ол жазықтілгішпен орындалғаны дұрыс.

 Топырақ өңдеу жүйесін  жасағанда оны минимализациялауды  пайдаланған жөн. Осы сияқты  топырақ өңдеудің нақтылы көрсеткіштері  көрсетіліп, бір жүйеге келтіріп, егіншілік жүйесінің буыны ретінде  беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Қолданылған әдебиеттер

 

  1. «Егіншілік», Ә.Ә.Әуезов, Т.А.Атақұлов, Н.Ш.Сүлейменова, Қ.Ш.Жаңабаев. Алматы 2005. 316 б
  2. А.Атақұлов, Н.Ш.Сүлейменова, Ә.Ә.Әуезов. Егіншілік анықтама-сөздігі. Алматы,2004.
  3. Ауыспалы егістер және топырақ өңдеу жүйесі, Алматы,1999.
  4. Облыстардың егіншілік жүйесі. Алматы,2001.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

                            ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН  ӨНДІРУ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Топырақты минималды және нөлдік өңдеу

 

 

    

 

 

                                              

 

 

                                              

                                                    Орындаған: Жақантаева А.

                              Тобы: АГ-403

                                                 Тексерген: Жоламанов К.

                                                             

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Алматы 2012 жыл

Информация о работе Минимальды өңдеу