Менің Отаным –Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 21:34, курсовая работа

Описание работы

Топырақтану – топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым.

Работа содержит 1 файл

Менің Отаным.docx

— 30.90 Кб (Скачать)

Менің Отаным –Қазақстан! 

Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа имандылыққа және адамгершілікке баулу.Отанды сүюге ,еліміздің рәміздерін қастерлеуге ,атамекеніне ,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, өз елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту,дүниеге,қоғамға  деген көзқарастарын қалыптастыру. 

Көрнекілігі:   1. Қазақстан картасы.

                        3.Табиғат көріністерінің суреттері

                        Слайд 

Әдісі:                Сұрақ,жауап,әңгімелесу,пікірлесу әдісі. 

Түрі:                  Ұжымдық 

  

 Сабақ  барысы:Ұйымдастыру

Ой қозғау.

( Қазақстан жайлы не білеміз? оқушылар ойын тыңдау)

Қазіргі кездегі Қазақстан

Ғасырлар  тоғысындағы Қазақстан

Сандар  мен деректер

Сөз астары - ақиқат

Қорытынды 

                  Қазіргі кездегі  Қазақстан

     Отан деген не? «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен бірге тұратын ата-мекені.Қазақстанда тұрақты тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. 

    Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ ,қуатты ел.Жер қойнауында да,жер бетінде де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Онда 120 ұлт өкілдерінен 15 млн халық тұрады.Әкімшілік –аумақтық  жағынан Қазақстан 14 облысқа,160 ауданға бөлінеді.Конституция бойынша мемлекет басшысы және ең жоғары  лауазым иесі –Президент.Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Парламент екі палатадан тұрады.Жоғарғы палата –Сенат, төменгі палата Мәжіліс деп аталады. Атқару қызметін Үкімет орындайды. 

  Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын  өз рәміздері –Елтаңба, Туы және Әнұраны бар. Қазақстан Республикасы заңында былай делінген: «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік жалауы көк түсті, ортасында күн шапағына бөленген дала қырыны - бүркіт. Сол жағынан қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген. Жалаудың көк түсі бірлесу идеясына берілгендікті бейнелеп қана қоймай, бейбітшіліктің, тыныштықтың, тоқшылықтың белгісі іспеттес. Көк түс көңіл ақтығы, адамдық үміт сияқты адамгершілік қасиеттерге сай келеді, өз сәулесіне шомылған күн қыраны қазақ халқының жомарттығы мен қырағылығын, арман ойларының биіктігін бейнелейді. Дәстүрлі ою-өрнек көп ұлтты Қазақстан халқының этникалық тұтастығын көрсетеді. 

    Елтаңбадағы киіз үйдің шаңырағы ата-баб а үйінің ал кеңірек мағынада аспан әлемінің бейнесі. Ертедегі аңыздардағы аттар бейнесі тарихи дәстүрлер менәуендерге ишара жасайды.Алтын жұлдыз асқақ мақсат  пен биік арман белгісі. 

   Алғашқы әнұран 1992 жылы жолтоқсанның 15-де республика сарайында өткен Қазақстан тәуелсіздігінің 1 жылдығына  салтанатты жиналыста орындалды. 

    2006 жылы 11 қаңтарда ел Президентінің инаугурациасы кезінде Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні еліміздің жаңа Әнұраны болып қабылданып, орындалды. 

          Ғасырлар тоғысындағы  Қазақстан 

          Қазақстан халқының сан ғасырлар  бойы армандап келген мақсаттарына  қолы жетті. Қазқстан тәуелсіздік алып жеке мемлекет болды. Бірақ  тәуелсіздік оп-оңай келген жоқ. Өткен тарихымызға көз жіберсек, тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп, азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз. 

    «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалғаны енді есін жиып келе жатқанда кіші төңкерістің  қасіретіне ұшырады.  Одан кейін аштықтан қаншама миллион адам қырылды. Қалғандарын «қалық жауы», «ұлтшыл», деген жаламен  атқанын атып, қалғанын ит жеккенде азаптап өлтірді. 

   Отыз мыңнан астам асыл ерлер күнәсіз атылды, мыңдаған жандар кеңестік лагерьдің тозағынан өтті. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып ,жерімізді қоршаған ер азаматтардан айырылдық. Әлемнің төрт бұрышына кеткеніміз қаншама? 

   Жері полигонға,  лагерге толды, топырағы тозды. Еліміз киелі Аралынан айрылды. Өз еліне қазақ жат болып,  азшылыққа айналды.. 

Міне, осындай сәтте 1986 жылы желтоқсан оқиғасы өрбіді . Ол  Кеңес империясының уысында қалған халықты орыстандыруға,  полигондарға,  лагерьлерге қарсы туған наразылықтан болатын. 

   
 

Сандар  мен деректер»  кестесі

1991 жыл.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін  жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.

                                                             Шықты тарап ой данадан,

                                                              Бері қарады жұлдыз беті.

                                                              Өзі қалап сайлап алған,

                                                              Елімнің бар Президенті.

                                                              Шырақ етіп өмір нұрын,

                                                              Алыс жатты алдағы жол.

                                                              Ел намысын, елдің жүгін,

                                                              Арқалаған ардағым - ол. 

Н. Ә.Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.

Таяуда  ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас  ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29- тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.

1991 жылы қазан  айында тұңғыш қазақ ғарышкері  Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 жыл.

  Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.

  Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.

  Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов

                                                            Рәмізім-елдігімнің белгісі,

                                                            Білу керек бала дағы ең  кіші.

                                                            Рәміздерім - әнұран, ту, елтаңба,

                                                            Рәміздерді жатқа білген жөн  кісі.

Қазақстан Туы

                                                            Көк аспандай көкпеңбек

                                                            Қазақстан жалауы.

                                                            Көк емес ол тектен-тек-

                                                            Елдің ашық қабығы.

                                                            Ақ ниеті – алтын күн,

                                                            Асқақ арман - қыраны.

                                                            Жалауы бұл - халқымның,

                                                            Мәртебесі, мақтаны.

Елтаңбасы елімнің

                                                            Елтаңбасы елімнің

                                                            Неткен әйбәт, әдемі!

                                                            Тұнығындай көңілдің 

                                                            Ортада-аспан әлемі.

                                                            Құт, береке, шаңырақ,

                                                            Орын алған ол төрден.

                                                            Қанатты қос арғымақ.

                                                            Екі жақтан көмкеркен.

                                                            Тәуелсіздік жолында

                                                            Талай- талай тер тамған...

                                                            Билігім өз қолымда,

                                                            Еркіндігім - Елтаңбам.

Әнұран

                                                            Әнұраным - жанұраным,

                                                           Айтар әнім - сөйлер сөзім.

                                                           Туған жерім - сағынарым -

                                                           Мың қайталап айтам мұны.

  1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.                                Әнұраным-жанұраным,

                                                           Айтар әнім-сөйлер сөзім. 

                                                           Туған жерім-сағынарым -

                                                           Мың қайталап айтам мұны

Мәтінін жазғандар — Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар  — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).

  1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.

1993 жыл.

  1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.

  Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді

  1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. Төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.

  1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.

1994 жыл.

  1994 жылы 30 - маусымда қазақ халқының екінші қыраны - ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанды.

  1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.

1995 жыл.

Информация о работе Менің Отаным –Қазақстан