Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 10:46, реферат
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол қалқымызды әртүрлі тағамдармен,жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады.
Елбасы Жолдауында Нерудің “Табыс кім батыл қимылдаса, соның үлесіне жиі түседі” деген сөзін келтірді. Біз ауыр да күрделі жұмыс бастап отырмыз. Ол еліміздің мал шаруашылығы саласындағы жағдайды қысқа мерзімде түбірімен өзгертуі тиіс. Бұдан басқа жол жоқ, сондықтан біз бұл жолда жетістікке жететінімізге сенімдіміз.