Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2011 в 09:25, реферат

Описание работы

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Содержание

Кіріспе


Негізгі бөлім

2.1 Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары..............................................4

2.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi .................7

2.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар........9

2.4 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен

құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық...................................13

2.5 Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың

қауіпсіздігіне кепілдік................................................................................11


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

сыбайлас.doc

— 94.00 Кб (Скачать)

      11) жоғары тұрған ресми адамдардың  лауазымдық өкiлеттiктерiн пайдалана  отырып мүлiктiк пайда, игiлiктер  не артықшылықтар алу үшiн аталған  адамдарға сыйлықтар тарту және  қызметтен тыс қызмет көрсету;

      12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;

      13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк  реттеу, сондай-ақ оған бақылау  жасау өкiлеттiгiн сондай қызметтi  жүзеге асырушы жеке немесе  заңды тұлғаларға беру;

      13-1) мемлекеттiк бақылау мен қадағалау мiндеттерiн мемлекеттiк орган мәртебесi жоқ ұйымдарға беру;

      14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен  жоғары немесе төмен тұрған  не өздерiмен өзге де түрде  тәуелдi лауазымды адамдармен ақша  немесе өзге де мүлiк салынатын  сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.

      2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға  уәкiлеттiк берiлген адамдардың  немесе оларға теңестiрiлген адамдардың  осы баптың 1-тармағында аталған  қандай да болсын құқық бұзушылықтарды  жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын  әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.

      Алғашқы құқық бұзушылық үшiн  тәртiптiк жаза қолданылғаннан  кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң  депутаттары  немесе заңда аталған адамдар аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.  

Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі  қағидаларына келесі жатады:

1. Баршаның  заң және сот алдында теңдігі.

     Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру  сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте  маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.

     Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.

2. Мемлекеттік  органдар қызметінің нақты құқықтық  тәртібін, заңдылығын және осындай  қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік  және қоғамдық бақылауды қамтамасыз  ету.

     Бағдарламада  ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын  сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.

     Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа  қарсы сараптаудың пәрменді тетігін  енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын  қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.

3.Жеке  және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.

     Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің  өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру , сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.

     Заңға сәйкес аталған қағидалар:

-мемлекеттік  функцияларды орындауға өкілетті;

-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;

-жеке  және заңды тұлғалардың бұзылған  құқықтары мен заңды мүдделерін  қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық  құқық бұзушылықтың

     Зиянды салдарын жою және алдын алу:

-сыбайлас-жемқорлық  құқық бұзушылықпен күреске ықпал  жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;

-кәсіпкерлік  қызметке бақылау жасайтын жеке  және заңды тұлғаларға мемлекеттік  реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.

     Сыбайлас-жемқорлық  бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық  алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында  басты кедергі болып табылады.Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.

     Сыбайлас-жемқорлық  әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді  және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді. 

Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік

     Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін  беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайды айтуға болады: кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция бастығына жүгінді. Криминалды топтардан (және полиция қызметкерлерінен, бұл енді тіпті қызық) қорғайтыны үшін бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге талап еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын айтқан. Кәсіпкер оның ұсынысымен келеді. Соңынан парақор жәбірленушіден талап етілген соманың бөлшегін қалалық криминалдық “бедел” болып келген жалған адам арқылы алған. Кәсіпкер Бас басқарма бастығының орынбасарына криминал полициясы бастығының заңсыз іс-әрекетінен қорғауын өтінеді. Орынбасар оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің дүкенінен “Мерседес” автомашинасы үшін 58 мың теңге тұратын төрт доңғалақ дискілерін алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына 200 мың теңгелік демеушілік көмек көрсетуді сұрайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері криминалды адамдармен бірге пара талап етіп отырғанын көріп, кәсіпкер ҰҚД өтініш береді, бұл органның қызметкерлері ішкі істер қызметкерлерін 200 мың теңге және 500 доллар алып жатқан жерінде ұстайды.

     Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел-іздестіру қызметтің міндеттерін  орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін, қоғамның , мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін және оның экономикалық және қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті.

     “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 7 бабында  сыбайлас-жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды қорғауға келесі кепілдік бекітілген:

-сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша бір тәсілмен сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам мемлекет қорғауында болады;

-сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, , ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгілеген тәртібі бойынша беріледі.

     Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген жауапкершілікке әкеліп соғады:

-қажет  болған жағдайда сыбайлас-жемқорлықпен  күресетін органдар сыбайлас-жемқорлықпен  күресуге ықпал етіп жүрген  адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз  етеді.

     Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде құқық бұзушылық  туралы, мемлекет мемлекет бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты қаржы  бөледі.Оның үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес  жөніндегі Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық  туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер қажет болған жағдайда, мұндай адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру, тұратын орнын, аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге дейін. Қорғау жалған ақпарат берген адамдарға жатпайды. 

Мемлекеттік функцияларды орындауға  өкілетті және оларға теңелген адамдардың қандай іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық  үшін жағдай жасайды  деп табылады?

     “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға  өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады:

-заңсыз  басқа мемлекеттік органдардың,  ұйымдардың қызметіне араласуы;

-өз  қызмет өкілеттігін аталған адамдардың  немесе олардың жақын туыстарының  және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;

-мемлекеттік  және соған теңелген қызметке  түскен және жылжыған кезде  заң қарастырмаған басымдық беру;

-шешімді  дайындаған және қабылдаған кезде  заңды және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық беру;

-кім  болса да кіріс алумен байланысты  кәсіпкерлік және басқа қызметпен  айналысуды жүзеге асыруға кез-келген  заңнамамен қарастырылмаған ықпал  ету;

-мемлекеттік  міндетті орындау кезінде алынған  ақпаратты жеке немесе топ  мүддесінде пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;

-жеке  және заңды тұлғаларға заңнамамен  беруге қарастырылған ақпаратты  негіссіз бермеу, оны кешіктіру,  жалған немесе толық емес ақпарат  беру;

-жеке  және заңды тұлғалардан заңнамамен  қарастырылмаған ақпаратты талап ету;

-мемлекеттік және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына беру;

-жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құзыретіне енетін басқа сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін бұзу;

-жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету жасау, егер ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;

-жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға ашықтан-ашық кедергі жасау;

-жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге құзыретін беру;

-мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін беру;

-жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен немесе олардан басқаша тәуелділермен ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға қатысу;

     Мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген адамдар өз мемлекеттік  міндетін орындағаны үшін ақшалай, қызмет көрсету және басқа формада ұйымдардан, жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық болып табылады, егер басқаша ештеңе заңмен қарастырылған болмаса. 

Сыбайлас-жемқорлық  қылмыстың салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданылуы мүмкін?

     Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттер орындауға  өкілетті адамдар немесе соларға  теңелген адамдар заңсыз байыған  барлық жағдайда, сыбайлас-жемқорлық  құқық бұзушылық нәтижесінде  алынған мүлік қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет көрсету  құны—мемлекет кірісіне қайтарылады.

     Заңсыз  алынған мүлікті өз еркімен қайтарудан немесе мемлекетке оның құнын төлеуден бас тартқан жағдайда қайтарып алу  сот шешімі бойынша прокурор, салық  қызметі немесе басқа мемлекеттік  органдар және лауазымды адамдардың талабы бойынша жасалады.

Информация о работе Сыбайлас жемқорлықпен күресу қағидалары