Сауданы басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:09, реферат

Описание работы

Қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасы мемлекетпен, тауар өндірушілер сатып алушылармен бірлесе қамтамасыз етілген күрделі шаруашылық кешен. Ада Смиттің айтуы бойынша, нарық күшінің «көрінбейтін қолын», адамдардың құқықтары, бұйрықтары және пайдалы экономикалық шешімдерді іздеуі сияқты әрекеттерімен басөарылады.

Работа содержит 1 файл

Копия Сауданы басқару7.doc

— 71.00 Кб (Скачать)

Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Орталық Азия Университеті

Заң факультеті

2 курс 
 
 
 
 
 

       

Тақырыбы: Сауданы басқару 
 

Орындаған: Тұңғатар Г.А.

юр-2

Тексерген: Бегимбаев С.А. 
 
 
 

Алматы 2011

Сауданы басқару

     Қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасы мемлекетпен, тауар өндірушілер сатып алушылармен бірлесе қамтамасыз етілген күрделі шаруашылық кешен. Ада Смиттің айтуы бойынша, нарық күшінің «көрінбейтін қолын», адамдардың құқықтары, бұйрықтары және пайдалы экономикалық шешімдерді іздеуі сияқты әрекеттерімен басөарылады. Кез келген экономикалық жүйе – өз қызметінде үнемі негізгі 3 мәселені шешеді, олар:

    1. Не өндіру керек және қандай мөлшерде;

    2. Қалай өндіру керек және қандай шығындармен өндіру керек;

    3. Кім үшін өндіру керек және өндірілген өнімді қалай бөлу керек.

Егер бір орталықтандырылған, жоспарлы экономика болса , оның орталық  атқарй органдарының қызметіне аталған  барлық міндеттер кіреді, ал нарықтық экономикада мемлекет шектеулі түрде  қатысады.

Кеңестер Одағы  кезеңіндегі бір орталықтандырылған жоспарлы сауданы былай топтастыруға болады:

    1. Ішкі және сыртқы сауда;

    2. Сипаты және меншік нысаны жағынан – мемлекеттік, кооперативтік, колхоздық болып бөлінеді. (мемлекеттік сауда барлық көлемі жағынан 2/3, кооперативтік 1/3, колхоздық 2% құрады)

    3. Көтерме сауда және жекелеп сату саудасы болды.

    Сауданың қазіргі  жағдайы – мелекет аумағында  сауданы азайтумен сипатталалды. Бұл бір жағынан белгілі біртұтынушылық нарыққа және қызмет етудің сапасының  артуына әкелді, бірақ екінші жағынан  сапалы, әрі арзан тауарлар жоғалды. Сондықтан, нарықтық қатынастың дамуына қарамай, мемлекеттің сауданы басқарудағы ролі қасқарады және бір мезетте қиындай түседі. Меншіктің әр түрлі насынының дамуына ставка белгілей отырып, мемлекетқұқықтық ықпал етумен ғана шектелмейді. Ертеректе  екі  ұғым боды: сауда және сату. Сауда қарағанда сату дегеніміз сатушының өзінің тауары, сол себептімемлекет сатушыға жеңілдік жасады. Мысалы: сатуға ешқандай салық салынған жоқ.

    Мемлекет сауда  саласына өз ықпалын сақтай отырып, энергетика, индустрия және сауда министрлігі, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, сауданы ұйымдастырудың құқықтық негізін, сонымен қатар көтерме және фирмалық саудын белгілейді. Органдар алдында тұрған мемлекеттік сауда басқармасы және оның есептерін толық түсіну үшін мынадай байланыс ұқсастықтарды түсіну керек: «сауда айналымы» және «азаматтық айналым». Сауда айналымы деп – өндірушілер мен тұтынушылар делдалдық іс-әркетінің бағыттарының жүзеге асырылуын және заңды іс-әрекеттернің жиынтығын құрайды. Сауда айналымы экономикалық айналымының бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өндірушілермен тұтынушылар арасындағы айырбас негізгі бір мақсатқа бағытталған болса, ол сауда айналымына кірмейді, өйткені ол делдалдық қасиетінен айырылған. Экономикалық айналым азаматтық айналымның түсінігінің бір бөлігі, азаматтық қоғам мүшелерінің барлық жалпы заңдылық іс-әрекеті жиынтығын құрайды.

    Мемлекет нарықтық құқық негізінің жаңғыруын сауда  айналымына көп көңіл бөлу әрекеті  арқылы сақтайдыү заң актілері сатушылар  мен сатап алушылар мүдделерін қорғайды., тауар өндірушілер мен сатушылардың міндеттерін және сапасыз тауарға деген жауапкершілігінің түрлі мемлекеттік нысандарын қоғамдық бақылауын қамтамсаыз етеді. Қазіргі уақытта органдардың негізгі көзқарасы, мемлекеті сауда орталығының құрылуы, жандануы, кейбір тексеру ұйымының жүйесі, Қазақстан Республикасындағы және оның шет елдердегі негізгі нарықтық тауардың бағасы мен болжамы, сол сияқты тауарлық нарықтың көркеюі.

    Тұтынушы нарықтық белгілері бойынша банкілердің  ұйымдастырылуы мұндай жадайлардың шешуіне әрекет етеді, таурадың нарықтық коньюктураның баалау және оның республикадағы дамуын, сұраныстың қысқа, орташа, ұзақ мерзімде көлемнің болжауын және сұраныстың құрылымының, сонымен бірге жекелеген тауар айрбастауын, тауарлардың дәлме-дәл түрлеріне нарықтағы игіліктердің анықталуы, тұтынатын тауарлардың нарықтық бағалануы.

    Қазақстан Республиксында сауданы, сауда аралық қатынастарды реттейтін орталық орган ол – Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда Министрлігі. Оның негізгі функциялары:

    -Республикадағы нарыққы басшылық жасау және сауданың дамуына болжам жасайды;

    -Халыққа, яғни тұтынушыларғы тауарды көтерме саудаға өткізу үшін жәрмеңке ұйымдастырады;

    -Сауда құрылымдарын Қазақстан Республикасының «тұтынушылардың құқығын қорғау» туралы заңымен реттейді және бақлайды;

    -Отандық және шетелдік сауда әдістерін, сауда жарнамаларын, оның нысандарын сауда саласында дамыту;

    -Экономика және сауда саласын дамытудағы күрделі мәселелерді басқа министрліктермен бірге ақылдаса отырып шешу;

    -Сауда-эконоимка саласын дамыту үшін Қазақстан Республиксы шет елдермен ақпарат-насихат жұмыстарын өткізу.

    Осы функцияларды орындау үшін Министрлік келесі құқықтарға ие:

    -Өндіріс мекемелері мен ұйымдарға олардың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыру үшін оларға әдістемелік және жкономикалық көмек көрсету;

    -Өндіріс пен сауда саласын тиімді басқару;

    -Тұтынушы нарығына мемлекеттік қолдау керек;

    -Министрлік өзіне керекті ақпараттарды өндіріс және сауда салаларына сұрай алады.

    Бұл Министрлік барлық сауда салаларына нарықты басқаруға олардың ережелерді дұрыс орындау үшін – бұйрықтар жіне инструкциялар шығарады. Министрліктің құрылымдық бөлімдері департаменттер мен басқармалар болып табылады.

    Сауда мекемелерінің жағдайы – жалпы  ммемлекеттік және жергілікті деңгейде мемлекеттік бақылауды талап етеді. Үкімет мемлекеттік саясаттың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізіг бағдарламаларын қалыптастырады, ал жергілікті мемлекеттік басқару органдары – территориялардың дамуына қатысты экономиклық және әлеуметтік бағдарламалар қалыптастырып, олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

    Мемлекет  – салықтық, кедендік, санитарлық –  эпидемиологиялық, әкімшліік бақылауды  қамтамасыз етеді. Осы ұйымдық –  құқықтық бақылау нысандары материалдық, мамндық, құқықтық ресурстармен қамтамасыз етліген және тек істің жағдайына араласып қана қоймай, саудадағы ережелердің бұзілғаын үшін әкмшілік тергеу шараларын да қолданады.

    Саудада кәсіпкерлік, делдалдық қызметтің  жандануы нәтижесінде көтерме және жекелеп сату саудасы дамиды, сонымен  қатар ол жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың бақылауында болады. Тауарды өндірушілерден тұтынушыларға жеткізу процесінде делдалдардың қатысуы және осыған жергілікті басқару органдары мен өзін - өзі басқару органдарының бірлесе қатысуы арқылы қамтамасыз етілген, осы орайда тауар қозғалысынң ұйымдық – құқықтық және материалдық жақтары бар екенін айта кеткен жөн. Тауар қозғалысы процесінің ұйымдық – құқықтық жақтары келесілерді білдіреді: тауарларды жеткізу шарттарын бекіту, келісім – шарттық тәртіпті бақылау, жеткізілген тауарлардың мөлшерін және сапасын тексерк және т.б. тауар қозғалысы процесінің материалдық негізі - өндіріс саласына байланысыты өндірістік және технологиялық процестерді құрайды. Сонымен қатар, осыларға қатысты операциялар: тауарды таысмалдау (транспорттау), тиеу – түсіру операциялары, тауарларды сақтау, сұраптай, тауарды сатуға дайындау және т.б.

    Сауда мекемелерін және сауда жұмыстарын қамтамасыз етудегі барлық ауыртпалықтарды  жергілікті мемлекеттік басқару  органдары атқарады.

    Қазақстан Республикасында жүргізілген реформаларға байланысты осы сала бойынша индустрия және сауда министрі айналысады. 2003 жылы Президент Жарлығымен қабылданған Қазақстан Республикасының  Индустрилық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясын атап өтсе болады. Стратегияны жүзеге асыру негізінен 3 кезеңнен тұрады. Таратып айтатын болсақ, бірінші кезеңде (2003-2005 жылдар) қосымша құн тізбесінде бәсекелестік басымдықтары бар өндірістері айқындалатын болады. Осы аралықта экономиканың негізгі салаларын дамыту жеке сектордың бастамаларымен күшейтілмек. Бұл кезеңде Стратегияны жүзеге асыру құралдарының бірі – даму инститтуттары құрылады. Сондай – ақ, қажетті инновациялық орталықтар мен технопарктер құру да осы кезеңнің үлгісінде. Яғни, бірінші кезең негізінен дайындық кезеңі болмақ.

    Екінші  кезеңде (2006 – 2010 жылдар) стратегияның іс – шаралары экономиканың барлық салаларында белсенді түрде іске асуы тиіс. Ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде экономиканың қуаттылығын арттытрудың мәселелері кешенді түрде шешілетін болады. Ғылыми – инновациялық инфрақұрылым құрылып, өнеркәсіпті жаңғырту мен экономика құрылымдарын әртараптандыруға бағытталған көптеген жобалар іске асырыла бастайды.

    Үшінші кезең (2011 – 2015 жылдар). Стартегияны іске асыруда ең өнімді кезең болады жеп жоспарланып отыр. Себебі, нақ осы кезеңдң енгізілген ғылыми – техникалық қуаттарды игеру жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде алынған шикізат өз елімізде өңделіп, кез келген салаларға қажетті өнісдер мен бұйымдарды жасау толықтай іске асырыла бастайды. Сондай – ақ экономика салаларының құрылымдарын түпкілікті әртараптандыру да осы кезеңде жүзеге асырылады деп есептелініп отыр.

Бүгінде Үкімет Стратегияның бастапқы кезеңін іске асырудың негізі бағыттарын айықандап берді. Олар – бәсекелестікке қабілетті айқындау мақсатында экономика салаларында коньюнктуралық, маркетингтік зерттеулер жүргізу, кадрладрыд даярлау, қайта даярлау және менеджерлердің жаңа буынын қалыптастыру, құрылған даму институттарының жүйелі жұмысын қамтамасыз ету, экономиканың негізгі салаларының айналасында тиісді инновациялық инырақұрылымдарды құру және ғылыми - өндірістік жүйені дамыту болып табылады.

      Осы орайда барлық үкіметтік емес ұйымдар  мен қауымдастықтар өздерінің бұрынғы ұстанымдарын қайта қараулары керек. Ең бастысы, Қазақстанның тиісті инфрақұрылымдары бар индустриялық дамыған мемлекет ретінде қалыптасуына әркім үлес қосуы тиіс.

Қажетті ресурстар   және қаржыландыру  көздері                     Инвестициялық сипаттағы шығындарды  қоспағанда, Стратегияны іске асыруға тікелей шығындардың болжамды көлемдері 2015 жылды қоса алғанда 10 млрд. АҚШ  долларына (1226 млрд. теңге) тең соманы құрайды. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі тиісті жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. Стратегияның іс-шараларын қаржыландыру үшін даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялардың қаражаттары тартылатын болады. Бұған қоса, жаңа технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістер құруға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған неғұрлым басымды және тиімді жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдар мен донор елдердің көмегін тарту көзделеді. Негізгі қаржы жүктемесін жеке сектор көтеруі тиіс. Алдын ала бағалау бойынша мемлекеттік және жеке капиталдың қатысуы бірдің екіге арақатынасын құрауы тиіс

   Күтілетін нәтижелер

Стратегияны белсенді іске асыру 2015 жылға қарай мынадай нәтижелер алуды қамтамасыз етеді:2008-2015 жылдары ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуін 6,8 % деңгейінде қамтамасыз ету; 2015 жылға қарай ЖІӨ-нің құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 43 %-ке дейін ұлғайту; өнеркәсіптік өндірісте шағын және орта кәсіпкерліктің қатысу үлесін 20 %-ке дейін жеткізу; ЖІӨ-нің өсуінің 6,8 % орташа жылдық қарқынын ескере отырып, ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістердің үлесін 1,3 %-ке дейін ұлғайту; өткізудің әлемдік нарықтарына сапалы қол жеткізуді және ішкі ықпалдасуды қамтамасыз ету үшін көлік-логистикалық инфрақұрылымының тиімді жүйесін құру; Қазақстанның аумағы арқылы транзит көлемін: 114,6 млн. тонна жүктен (2006 жылғы) 320,2 млн. тонна жүкке дейін (2015 жылы) ұлғайту; ЖІӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің қызмет көрсетуі үлес салмағын 2005 жылғы 0,5 %-тен 2015 жылға қарай 1,7 %-ке дейін арттыру; ЖІӨ құрылымындағы тауарлар өндірудің үлес салмағы 46,8 %-ті құрайды (Стратегияны іске асыру ескерілмесе тауарлар өндірісінің үлесі 45,9 %-ті құраған болар еді); ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі шамамен 13 %-ті құрайды (Стратегияны іске асыру ескерілмесе өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 11,9 %-ті құраған болар еді); өңдеуші өнеркәсіптегі өсу қарқынын 2015 жылға қарай 8 %-ке дейін жеткізу;қазіргі шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуі және географиясының 
ұлғаюы; негізгі капиталға инвестициялардың жыл сайынғы көлемі 8-10 трлн. Теңгеге дейін үш-төрт есе ұлғаяды, одан өңдеуші өнеркәсіптің, көлік-коммуникациялық және энергетикалық салалардың негізгі капиталына инвестициялар кемінде 50 %-ті құрайтын болады; 2000 жылға қарағанда еңбек өнімділігінің кемінде 3 есеге ұлғаюы; 2000 жылға қарағанда энергия қажетсінудің 2 есеге төмендеуі; мемлекеттік стандарттардың халықаралық талаптармен үйлесімділігінің деңгейін 65 %-ке дейін арттыруды қамтамасыз ету
 

Информация о работе Сауданы басқару