Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 21:10, реферат
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші ( негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім
Қазақстан Республикасының
педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курстарының үшінші ( негізгі)
деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай
оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде
еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды
жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни
пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық
технологияларда құзырлық танытатын
оқушы ретінде қалыптасуын
Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру курстарының үшінші
(негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың
қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде
еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды
жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни
пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық
технологияларда құзырлық танытатын оқушы
ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы
мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі
негізгі тұлға – мұғалім. Орта білім беру
жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол
жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері
арасында сындарлы «конструктивті» теориялық
оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының
пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,
алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде,
кез келген жағдайда тиімді пайдалана
білуін қамтамасыз ету.
Бұл бағдарлама жеті модульге сараланған.
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Оның бірі – диалог. Диалог негізінде
оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы
және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың
шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелі
дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.
«Қалай оқу керектігін үйрену» оқушыларға
оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім
жинау жауапкершілігін түсінуге және
оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге
болатынын көрсетеді.
1-слайд «Көбелек»
2. Сыни тұрғыдан ойлау бұл оқушылардың
сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің
сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Балалардың
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін табуды
қажет ететін негізгі ерекшеліктер: ұтқырлық
ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу,
сұрақтар қою, дәлелдерді талап ету, белсенді.
Сыни тұрғыдан ойлаудың көптеген құралдары
бар.
«Алты қалпақ», «Миға шабуыл», «Кубизм»,
«Екі түрлі күнделік», «БҮБ» тб стратегиялық
әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асыруға
болады. Егер де мұғалім өзі сыни ойлай
алса, оның шәкіртіде сыни тұрғыдан ойлай
алады.
2- слайд
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін
тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы
барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты.
Балалар өздерінің түсініктерін құра
алатын белсенді оқушылар болатын болса,
онда мұғалімдер үшін де осы түсініктің
мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға
қадам басуға және оған қолдау көрсету
үшін керек. Бағалаудың екі түрі бар. Ол
формативті яғни қалыптастырушы, суматифті
ол қорытынды баға болып табылады. Оқушыларды
мадақтап, үнемі ынталандырып отыру керек.
Бағалау техникасының түрлері «Өзін -
өзі бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек»,
«Жұптық бағалау»
3 - слайд
4. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану
АКТ - ол мұғалімнің көмекші құралы. Оқушыларда
сандық технологияларда құзырлық таныта
білулері қажет. АКТ оқушыларға ғылыми
ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,
түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың
таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту
барысында дамыту аса маңызды. Қазіргі
таңда білім беру саласында жоғары жетістіктерді
анықтайтын және ынталандыратын бірқатар
өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар
мен бағдарламалар жүргізіледі. Талант
ол туа біткен қасиет, ал дарын барлық
балаларда бірдей бола бермейді. Талантты
және дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар
және деңгейлік тапсырмалар беріліп отырады.
Қазіргі таңда инклюзивті мектептер ашылып
тәжірибе жасалып жатыр. Оқуда сау балалармен
қатар мүмкіндігі шектеулі балаларда
бірге оқылады.
4 - слайд
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес
оқыту.
Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды
шешу қабілеті. Танымдық даму оқуға деген
қабілеттілік, сондай – ақ зейін, сөз сөйлеу
дағдылары, ойлау, негіздеу, және шығармашылық
зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға
және тұрақтандыруға қатысты. Аталған
зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің
сипаты және жасына қарай олардың өзгеру
ықтималдығы туралы маңызды ақпараты
бар танымдық даму теориясы негізінде
сипатталады.
5 - слайд
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Мұғалімнің
ұстанымының көзқарастарын қалыптастыру
барысына зор ықпал етеді, ол көзқарасы
белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен
сыныптағы іс - әрекеттерді түсіндіру
көзі болып табылады. Сондықтан кез келген
мұғалімнің оқыту құралдар оның өз болжамдарының,
білімі мен ұстанымының, көзқарастарының
жиынтығынан тұруға тиіс. Құзырлы мұғалімнің
алдында оқушының жан дүниесін жақсы түсіне
білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.
Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің
оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен
меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып
табылады. Осылайша оқушы да өзінің оқуы
үшін жауапты бола алады. Оқушы мұндай
жауапкершілікті көбінесе сабақ беру
барысында мұғалім қалыптастыратын ортада
сезініп, қабылдайды. Мұғалімнің үш көмекші
құралы бар. Ол бас, қол, жүрек.
Бас - тұғырлы теориялық білімге негізделген
және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті
білім болуын талап етеді.
Қол - жұмыс жүргізу, түзету мен оқытуды
бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды
түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік
дағдыларымен тәсілдерін білуді талап
етеді.
Жүрек - ұстаз мамандығының этикалық және
моральдық құндылықтарын ұстанады, шыншыл,
батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім
және құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
6 - слайд
Мұғалім сұрақ қоюдың өзін жете білу керек.
«бастама – жауап - кейінгі әрекет» мұндай
жағдайда сыныптағы оқушылардың білім
алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат
құруға мүмкіндік берілмейді. Оқушының
білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың
түрті болу, сынақтан өткізу және қайта
бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға
болады.
Түрткі болу; түрткі болуға арналған сұрақтар
бірінші жауап алу үшін және оқушының
жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.
Сынақтан өткізу анағұрлым толық жауап
беруге, өз ойларын анық білдірген, өз
идеяларын дамытуға көмектесетіндей құрылуы
қажет. «Сіз мысал келтіре аласыз ба?»
Қайта бағыттау сұрақты басқа оқушыларға
қайта бағыттау « Көмектесе алатындар
бар ма?» Диалогтік тәсіл арқылы оқушылар
сындарлы сөйлеуге, оқушылардың шынайы
қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды,
білімге құштарлықты дамытады, зерттеуге
ынталандырады, оқушыларға сыни тұрғыдан
ойлауға көмектеседі.
Информация о работе Сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыру