Отбасы құқығы ұғымы, негіздері мен принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 18:51, реферат

Описание работы

Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатыныстар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құрайды. Бірақ, аталған қатыныстардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынсатарды реттеу болып табылады.

Содержание

Отбасы құқығы ұғымы
Отбасы құқығының қайнар көздері
Отбасы заңдарының принциптері
Ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Работа содержит 1 файл

26 сабак.docx

— 17.42 Кб (Скачать)

                                                       Алматы медицина колледжі 

                   Пән: «Құқық негіздері»           Алматы медицина колледжі
                           Кредиттер - 2                        Жалпы білім
№ 26 сабақ. Тақырыбы: «Отбасы құқығы ұғымы, негіздері мен принциптері»                         1,2 – курс

                       1 - семестр

Оқытушы: Айдарбеков Б.А             2010 – 2011 оқу жылы
 

Қысқаша мазмұндама:

                                                  Жоспар

  1. Отбасы құқығы ұғымы
  2. Отбасы құқығының қайнар көздері
  3. Отбасы заңдарының принциптері
  4. Ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
 
 

   Отбасы  құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.

   Отбасы  құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатыныстар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құрайды. Бірақ, аталған қатыныстардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынсатарды реттеу болып табылады. Ол әзіндік қатыныстарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасы өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осыда жатыр.

   Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы  жөнінде сез қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы  бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор  О.С.Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды  тұрғыдан номалдаудың обьективтік  мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқына шығып кетеді.

   Отбасы  кұқығын зерттеуші белгілі кеңес  ғалымы Е.М.Ворожейкин: «Өзіндік сенімге  ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп  жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек», деп жазды.

   Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғары Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.

   «Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213- баптан тұрады.

   Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері  белгіленеді.

   «Неке»  деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.

   «Отбасы»  деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен  балалардың құқықтары мен міндеттерінің  негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың  балаларға байланысты құқықтары  мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп  тану жөніндегі баптардан тұрады.

   Отбасы  құқығы бойынша неке - бұл «ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын  құру мақсатымен заңдарда белгіленген  тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқы одақ»

   Некені  заңды түрде рәсімдеу дегеніміз  оны азаматтық хал актілерін  жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген  некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже 

   «Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зауыптылардың жеке құқықтарына  мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықтары, тұрғылықты жерді таңдау

   Ерлі-зайыптылардың  әрқайсысы некені тоқтатқан сәтте  де, сондай-ақ некеде тұрған кезінде  де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді талап етуге құқылы. Ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлкін бөліске салғанда олардың  үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасының жалпы  табысына ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже  бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге  жекелеген жағдайларда сотқа  кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің  мүдделерін ескере отырып ерлі-зайыптылардың  үлестерінің теңдігі негізін  ескермеу құқығы берілген. 

Ескерту: Отбасы құқығының ұғымын, принциптерін толық түсіну керек.

Тапсырма: Карточка құрастыру

Глоссарий

Қазақ тілінде Орыс  тілінде
Неке  
Отбасы  
Қағида  
Шарт  
 

Бақылау сұрақтар:

  1. Отбасы құқығы ұғымы
  2. Отбасы құқығының қайнар көзі
  3. Ерлі – зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
 

СӨЖ тапсырма:

  1. ҚР неке және отбасы заңын қарастыру
 

Әдебиеттер:

  1. Қ.И. Оспанов Құқық негіздері. Учебное пособие. А: Жеті жарғы, 2007
  2. Ғ.С. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. 3 басылым – А : Атамұра, 2003
  3. С.Д. Баққұлов құқық негіздері А: Дауір 2009 ж
 
 

                                        Активті үлестірмелі  материал 

                   Пән: «Құқық негіздері»           Алматы медицина колледжі
                           Кредиттер - 2                        Жалпы білім
№ 26 сабақ. Тақырыбы: «Отбасы құқығы ұғымы, негіздері мен принциптері»                         1,2 – курс

                       1 - семестр

Оқытушы: Айдарбеков Б.А             2010 – 2011 оқу жылы
 

Дәріс мақсаты: Отбасы құқығының ұғымын, принциптерін түсіндіру. 

Сөзжұмбақ 

Үй  тапсырмасы:

  «Отбасы құқығы ұғымы, негіздері мен принциптері» тақырыбын оқып келу 

Әдебиеттер:

  1. Қ.И. Оспанов Құқық негіздері. Учебное пособие. А: Жеті жарғы, 2007
  2. Ғ.С. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. 3 басылым – А : Атамұра, 2003
  3. С.Д. Баққұлов құқық негіздері А: Дауір 2009 ж

Информация о работе Отбасы құқығы ұғымы, негіздері мен принциптері