Мемлекеттік қызмет туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 05:15, доклад

Описание работы

Мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтінімдері немесе өтінімдерісіз орындалатын жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық тәуелді ұйымдарының және өзге заңды және жеке тұлғаларының іске асырушылық функцияларының бір түрі.

Работа содержит 1 файл

гос. служба.doc

— 58.00 Кб (Скачать)

Мемлекеттік қызмет туралы түсінік

      

            Мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтінімдері немесе өтінімдерісіз орындалатын жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық тәуелді ұйымдарының және өзге заңды және жеке тұлғаларының іске асырушылық функцияларының бір түрі.

1999 жылғы 23 шілдедегі  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік  қызмет туралы» Заңында: «Мемлекеттік  қызмет - мемлекеттік қызметшілердің  мемлекеттік органдардағы мемлекеттік  биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдылық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі», - деп көрсетілген.  

Мемлекеттік қызметші -  заңда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Мемлекеттік қызметші:

1. Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің өз алдына мемлекет болып өркендеп өсуі үшін бірқатар қажетті заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілер қабылдануда және олардың талаптары орындалу үстінде. Осы заңдарды іске асырылуын қамтамасыз ету және оған жауапты болу ең алдымен еліміздегі мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшілерге жүктелген.

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік қызметтің бір түрі - мемлекеттік әкімшілік қызмет болып  табылады. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңында көрсетілгендей мемлекеттік әкімшілік қызметші деп - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшіні атаймыз.

Сондай-ақ, мемлекеттік  әкімшілік қызметтің басқа мемлекеттік қызметтерден өзгешелігі мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін олардың атқаратын, лауазымдық өкілеттігінің көлемі мен сипатын көрсететін атқаратын лауазымына қарай санаттар белгіленген. Сонымен мемлекеттік әкімшілік қызметші болуға қандай талаптар қойылған. Аталмыш Заңның 12 бабында мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру құқықтары көзделген. Мемлекеттік қызмет туралы заңында көрсетілгендей мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымына орналасу тәртіптері көзделген.

 ҚР «Мемлекеттік  қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттік орган бос лауазым орнына конкурс жариялаған кезде жасы 18 төмен емес ҚР азаматтары аталмыш бос орынға үміткер ретінде конкурсқа қатыса алады. Конкурсқа қатысушының тапсырған құжаттары толық және өзінің біліктілік талаптарға сай болған жағдайда ол тест тапсыруға қатысады.

Тестке қатысушылар  Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»  Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережесін білуі тиіс. Тапсырған тесттің ұпайы түпкілікті мәннен төмен болмаса ол үміткер конкурс өткізуші органда әңгімелесуге қатысады. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар.

Мемлекеттік органның басшысы жарияланған лауазымға  конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушыны қабылдауға міндетті. Егер де конкурсқа қатысушылар конкурстық комиссияның оң қорытындысын алмаған болса олар уәкілетті орган құратын кадрлар резервіне тіркелуі мүмкін. Бұл жағдайда кадрлар резервіне тіркелген конкурсқа қатысушылар конкурс өткен кезден бастап бір жыл ішінде қосымша конкурстан өтпестен мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналаса алады.

Мемлекеттік әкімшілік  қызметке орналасудың тағы бір тәртібі  осы заңда көзделген. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 12 бабының 2 тармағында мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін делінген.

Мемлекеттік қызмет туралы заңына енгізілген бұл өзгерістерге сәйкес бұдан былай мемлекеттік  органның басшысы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның келісімімен сол органнан немесе басқа органнан бос тұрған лауазымға мемлекеттік әкімшілік қызметшіні тағайындауға құқығы бар.

Айта кететін  жәйт, ауысу тәртібіне сәйкес біліктілік талаптарға сай келетін мемлекеттік  әкімшілік қызметші ауысу кезінде  жоғары лауазымға және басқа санатқа, сондай-ақ басқа мемлекеттік органға бос тұрған лауазымға тағайындалуы мүмкін.

2. Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы) босатылуы және мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттiк Хатшысы

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасының  министрлерi, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары

Министрлiктердiң жауапты хатшылары

Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiлерi

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы және мүшелерi

Қазақстан Республикасының  Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары

Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен  мүшелерi

Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы және мүшелерi

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органдарының басшылары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары

Облыстардың, астананың  және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерi, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары

Облыстардың, астананың  және республикалық маңызы бар қаланың  әкiмдерi аппараттарының басшылары

Қазақстан Республикасының  Төтенше және Өкiлеттi елшiлерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, оның орынбасарлары

Жоғары Сот  Кеңесiнiң төрағасы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiлерi

Қазақстан Республикасының  Президентi Кеңсесiнiң бастығы, оның орынбасарлары 

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң бөлiм меңгерушiлерi және өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң жетекшiлерi, олардың бiрiншi орынбасарлары және орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi хатшылығының, Талдау бөлiмiнiң, Ахуалдық орталығының меңгерушiлерi, олардың орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнаулы өкiлдерi

Қазақстан Республикасының  Президентi Мұрағатының директоры, оның орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi Мұражайының директоры, оның орынбасарлары

"Назарбаев  орталығы" директоры, оның орынбасарлары

Қазақстан Республикасының  Парламентi Сенаты және Мәжiлiсi аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз ету департаментiнiң (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Президентiнiң Iс басқармасы, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi аппараттарының басшылары

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң мемлекеттiк инспекторлары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн агенттiктердiң жауапты хатшылары

Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медицина орталығының бастығы және оның орынбасарлары

Қалалардың, аудандардың, аудандардағы қалалардың және қалалардағы аудандардың, селолардың, селолық округтердiң, кенттердiң, ауылдың әкiмдерi

Облыстардың, астананың, республикалық  маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының  төрағасы және мүшелерi

       Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген

       Мемлекеттік қызмет көрсетуді алушы – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде олардың заңды құқықтары мен мүдделері қанағаттандыру мәні болатын жеке және заңды тұлға.

       Мемлекеттік қызмет көрсету субъектісі – олардың қызмет көрсетуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет қаржыландыратын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық тәуелді ұйымдары, өзге жеке және заңды тұлғалар.

       Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті – мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының сақталуына талаптар бекітетін және мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерінің қызмет тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт.

       Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы уәкілетті орган – саясатты қалыптастыруды және мемлекеттік қызмет көрсету саласының кешенді дамуын жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;


Информация о работе Мемлекеттік қызмет туралы түсінік