Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 19:36, реферат
мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық
экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа
(1995), Шанхай ынтымақтастық ұйымына
(2001), Еуроазия экономикалық одағына (2002),
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына (2004)
мүше болды. Қазақстанның және осы одақтар
құрамына енетін басқа да мемлекеттердің
алға қойған негізгі мақсаты — алыс-жақын
көрші елдермен арадағы эконамикалық
қарым-қатынасты нығайту, сыртқы сауда-саттықты
дамыту, аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті,
өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз
ету, ішкі реформалардың іске асырылуына
қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны
қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен
қатар келешектегі күрделі мәселелерді
де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық
Азия аймағында мұнай мен газды, электр
қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану,
экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу,
ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке,
есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу,
тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық
ұйымының алдына қойылып отырған ортақ
күрделі міндеттер болып табылады.
Мемлекет иелігіне
алу
Мемлекет иелігіне
алу — шаруашылық жүргізуші субъектілерді
тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен
жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара
немесе толық (соның ішінде жекешелендіру
жолымен де) беру. Әкімшілдік-әміршілдік
экономикадан нарықтық экономикаға көшудің,
тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың,
рынокты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың,
тауарлардың сапасын арттырудың, мемлекет
кәсіпорындардың монополизмін жоюдың
маңызды бағыты ретінде қаралады. Жалпы
ел экономикасының тиімділігін арттыруға
және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін
көтеруге бағытталады. Қолданыстағы заңдарға
және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік айыптаушы
Мемлекеттік айыптаушы
— қызметі қылмыстық іс бойынша
айыпталушының кінәсін
Мемлекеттік алтын
және асыл металдар музейі, 1992 жылы құрылған.
Қазақстандық қолөнер шеберлерінің
туындыларын және көне замандардан
жеткен зергерлік бұйымдарды жинап, сақтап
және зерттеп, насихаттауды көздейді.
Мемлекеттік алтын және асыл металдар
музейін құрудағы мақсат: республика көлеміндегі
көптеген музейлерде сақталған, археологиялық
қазбалардан табылған әр ғасыр қолөнер
шеберлерінің бұйымдарын бір жерге шоғырландыру;
тәуелсіздікке дейін жақын және алыс шетелдерге
шығарылған тарихи-мәдени құндылығы зор
асыл заттарды Қазақстанға қайтарып, жинақтауға
ықпал ету. Зергерлік өнер туындыларын
осылайша бір музейге шоғырландыру ерте
замандардан бері сабақтастығын үзбей
келе жатқан өнердің көркемдік, технологиялық
әдіс-тәсілдерін, композиция стилдерін
салыстырмалы түрде, әр қырынан зерттеуге
мүмкіндік береді. Мемлекеттік алтын және
асыл металдар музейі 2000 жылы Астана қаласына
көшірілді.
Реферат
Тақырыбы: Мемлекеттік басқару.
Қарағанда- 2011 ж.